Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.

Работа содержит 1 файл

диплом «Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі» .doc

— 622.50 Кб (Скачать)

- уақыттың календарлық  қоры – жабдықтардың максималды  жұмыс істеуі мүмкін уақыт  (есеп беру кезеңіндегі календарлық күндер санын 24 сағатқа және орнатылған жабдықтар бірлігінің санына көбейтіндісі);

- уақыттың режимдік (номиналдық) қоры (орнатылған жабдықтар бірлігінің  санын есеп беру кезеңіндегі  жұмыс күні санына және ауысымдық  коэффициентін есепке алғандағы  әрбір күндегі жұмыс сағаты санына көбейтіндісі);

- жоспарлық қор –  жоспар бойынша жабдықтардың  жұмыс істеу уақыты, жоспарлық  жөндеу және модернизациялауда  жабдықтардың орналасуымен  режимдік  уақыттан ерекшеленеді;

- жұмыс істеген нақты  уақыт қоры.

Жабдықтардың жұмыс уақытын пайдалануын сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:

- календарлық уақыт  қорын пайдалану коэффициенті  Ккуқ = Тнақ / Ткал =

= 2930 / 240*24*276000 = 0,0000018;

- режимдік уақыт қорын  пайдалану коэффициенті Круқ = Тнақ / Треж = 2930/  

/ 276000*240*1,7 = 0,000026;

- жоспарлы уақыт қорын  пайдалану коэффициенті Кжуқ = Тнақ / Тжо = 2930/

/ 3610 = 0,81.

Жабдықтарды интенсивті жүктеу – бұл орташа бір машинада уақыт бірлігінде өнім шығару. Жабдықтардың интенсивті жұмыс істеу көрсеткіші интенсивті жүктеу коэффициенті болып табылады:

Ки.ж = СағӨнақ / СағӨжос= 2335,26 / 3939,85 = 0,59;

Жабдықтарды пайдалануды  кешендік сипаттаушы жалпылаушы көрсеткіш  – интегралды жүктеу коэффициенті болып табылады – ол өзіне экстенсивті  және интенсивті жүктеу коэффициенттерін қамтиды.

КІ = Кжуқ  * Ки.ж = 0,81 * 0,59 = 0,48;

Талдау барысында бұл  көрсеткіштердің жоспарды орындауы және өзгеруі себептерін сипаттайтын  динамикасы анықталады.

Біртекті жабдықтарды  топтары бойынша өнім өндіру көлемі оның саны, экстенсивтілігі мен интенсивтілігін пайдалану есебінен өзгерісі есептелінеді:

ЖӨі = nі * кі * Каусі * Жі * СағӨі ,                                                                  (13)

мұндағы і – іші жабдық;

Бұл факторлардың әсері  есебі нақты факторлық талдау әдістерінің бірімен жүріледі.

Есеп әдістемесі тізбекті алмастыру әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

ЖӨ0 = n0 * к0 * Каус0 * Ж0 * СағӨ0 = 51*250*1,8*8,02*2335,26 =

= 429825620,34тг.

ЖӨшарт1 = n1 * к0 * Каус0 * Ж0 * СағӨ0 = 59*250*1,8*8,02*2335,26 =

= 497249247,06тг.

ЖӨшарт2 = n1 * к1 * Каус0 * Ж0 * СағӨ0 = 59*240*1,8*8,02*2335,26 =

= 477359277,17тг.

ЖӨшарт3 = n1 * к1 * Каус1 * Ж0 * СағӨ0 = 59*240*1,7*8,02*2335,26 =

= 450839317,33тг.

ЖӨшарт4 = n1 * к1 * Каус1 * Ж1 * СағӨ0 = 59*240*1,7*7,18*2335,26 =

= 403619239,20тг.

ЖӨ1 = n1 * к1 * Каус1 * Ж1 * СағӨ1 = 59*240*1,7*7,18*3939,85 =

= 680951696,85тг.

Өнім шығарудың келесілер  есебінен өзгерісі:

а) әрекет етуші жабдықтар  саны ∆ЖӨn = ЖӨшарт1 - ЖӨ0 = 497249247,06-

-429825620,34 = +67423626,72тг.

ә) жабдықтар бірлігінің жұмыс істеген күндерінің орташа саны ∆ЖӨк =

= ЖӨшарт2 - ЖӨшарт1 = 477359277,17-497249247,06 =-19889969,89тг.

б) жабдықтар жұмысының  ауысымдық коэффициенті ∆ЖӨКаус = ЖӨшарт3 -

-ЖӨшарт2 =450839317,33-477359277,17= -26519959,84тг.

в) ауысымның орташа жалғасымдылығы ∆ЖӨЖ = ЖӨшарт4 - ЖӨшарт3 =

=403619239,209-450839317,33= - 47220078,13тг.

г) орташа сағаттық өнім шығару ∆ЖӨСағӨ = ЖӨ1 - ЖӨшарт4 =

=680951696,85-403619239,20= +277332457,64тг.

Бұл факторлық талдау нәтижесінде өнім шығарылымы жабдықтар санының және 1машино-сағаттағы өнім шығарудың артуы есебінен өскенін көрсетті. Жабдықтардың мақсатты күндік және ішкі ауысымдық тұрып қалуының артуы және ауысымдық коэффициенттің төмендеуі өнім шығарылымын 93630007,86тг-ге (19889969,89+26519959,84+47220078,13) немесе 27,78%-ға азайтты.Олай болса бұл кәсіпорын жабдықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен өнім шығаруды арттыруға толық мүмкіндігі бар деп айтуға болады.

Негізгі қорларды есептеу  көрсеткіштері ішіндегі ең маңызды  көрсеткіш амортизациялық аударымдар көрсеткіші болып табылады.

Амортизацияның жылдық сомасының негізгі қорлар құнына қатынасының пайыздық туындысы амортизация  мөлшері деп аталады.

Пайыздық түрде есептелген амортизация мөлшері еңбек құралдарының пайдаланылуымен өндірілген өнімге жыл сайынға өзінің баланстық құнының үлесін аударатындығын көрсетеді.

Белгіленген мөлшері  бойынша амортизациялық аударымдар дайын өнімнің өзіндік құнына енеді [20,91].

Амортизация мөлшері  есебі келесі формула бойынша  есептелінеді:

МА = (Қбқ – Қжою / Қбққ) *100%,                                                               (14)

мұндағы МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері;

                Қбқ – негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны;

                Қжою – жою құны;

               Мқ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

«Әділ» ЖШС-нің барлық негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуде тура сызықтық әдісті қолданады. «Әділ» ЖШС-нің №6 «Негізгі құралдар есебі» Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес негізгі құралдардың кейбір түрлеріне жеделдетілген амортизация әдісін қолданады (көбінесе активті бөлігіне).

Қазақстан Президентінің  «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» 24 сәуір 1995 жылғы Жарлығы бойынша амортизацияға  түсетін негізгі қорлардың амортизация нормаларын топтап көрсетуіне байланысты «Әділ» АҚ-ның негізгі қорларының амортизациясының пайыз бойынша шекті нормасы 20%. Немесе оны жоғарыдағы формула бойынша келесідей есептеуге болады.   

МА = (582569644 - 0 / 582569644*5)*100% = 20%

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық пайызы болып есептелінеді.

Негізгі қорларды толық  қалпына келтірудегі амортизациялық аударымдар сомасы келесі формуламен есептеледі:

 

Ақ = МА * Қоқ                                                                                                  (15)

 

Мұндағаы Ақ – амортизациялық аударымдар сомасы, тг.;

                 Қоқ – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тг.

 

 Ақ(2007ж.) = 20% * 152121043/100% = 30424208,60 тг.

 Ақ(2008ж.) = 20% * 582569645/100% = 116513929,00 тг.

 Ақ(2009ж.) = 20% * 603338204/100% = 120667640,80 тг.

 

Яғни, 2008ж. 21,6% құраса, 2009ж. 2008ж. салыстырғанда амортизация нормасы 82,96%-ға өскен болса, 2009ж. 2008ж. салыстырғанда 86,4%-ға өскен.

Тағы бір айта кететін жайт, кәсіпорындарда кәсіпорын экономикасының жоғары технологиялық салаларын дамытуға жағдай жасау және неғұрлым тиімді машина мен құрал-жабдықтарды енгізу үшін негізгі өндіріс қорларының активті бөлігінің жеделдетілген амортизация механизмі қолданылады.

Қалдықты азайту әдісі  бойынша амортизациялық аударымдар сомасы негізгі қорлар бастапқы құны мен амортизация мөлшері көбейтіндісі және жеделдету коэффициенті негізінде  есептелінеді (нәтижесінде амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы екі еселенеді). Яғни амортизация мөлшері 2-ге тең болатын жеделдету коэффициентімен еселенеді: 20%*2=40%. Олай болса «Әділ» ЖШС-нің негізгі қорларының активті бөлігінің амортизациялық аударымдарының жылдық сомасы:

2007 жыл бойынша: (138677170*20% / 100% ) * 2 = 55470868 тг.

немесе 138677170*40% / 100% = 55470868 тг. 

2008 жыл бойынша: 561950425*40%/100% = 224780170 тг.

2009 жыл бойынша: 567852789*40%/100% = 227141115,6 тг.

Яғни, амортизациялық аударымдар нормасын 20%-дың екі еселенген  мөлшері 40% деп алатын болсақ, онда 2007ж.  «Әділ» ЖШС-нің жеделдетілген амортизациялық аударымдары 27,2%-ды құраса, 2008ж. 2007ж. салыстырғанда негізгі қорлардың активті бөлігінің жылдық амортизациялық аударымдары 95%-ға өскен, ал 2009ж. 2008ж. салыстырғанда 96%-ға өскен деп анықталды. Бұл көрсеткіштерді келесідей диаграмма түрінде көрсетуге болады.

6 сурет - «Әділ 2006 НС» ЖШС-нің негізгі қорларының жылдық амортизациялық аударымдарының пайыздық өсу деңгейі

 

«Әділ 2006 НС» ЖШС-нің кәсіпорынының амортизациялық аударымдар көрсеткіштері талдауын қорытындылап айтсақ, жалпы амортизациялық аударымдар сомасы яғни, 2007ж. 27,2%-ды құраса, 2008ж. 2007ж. салыстырғанда негізгі қорлардың активті бөлігінің жылдық амортизациялық аударымдары 95%-ға өскен, ал 2009ж. 2008ж. салыстырғанда 96%-ға өскен. 2007ж. салыстырғанда кейінгі жылдардағы көрсеткіштердің күрт өсу себебі осы жылдары жоғары дәрежеде техникалық жарақтандыруға тікелей байланысты.

 

3 Кәсіпорындағы негізгі қорларды талдау және басқару тиімділігін арттыру жолдары

 

 

3.1 Кәсіпорынның  негізгі қорларын басқарудың мәселелері мен болашағы

 

 

Кәсіпорынның негізгі  қорларын басқаруға байланысты мәселелер  басым және маңызды деп айтуға болады. Мысалы, пайдалану үдерісінде негізгі өндірістік қорлар табиғи және сапалық жағынан тозады, сөйтіп кәсіпорынды едәуір шығынға ұшыратады. Осы негізде «Әділ» ЖШС-нің көп мәселелері шешілген, айтарлықтай маңызды мәселесі жоқ, қарқынды дамып келе жатқан, болашағы бар кәсіпорын болса да оның негізгі қорларына талдау жасау нәтижесінде келесідей кішігірім мәселелер туындады. Олар: тозу және жарамдылық коэффициенттерінің төмендеуі, мақсатты күндік және ішкі ауысымдық бос тұрып қалу, ауысымдық коэффициенттің төмендеуі т.с.с. Бұл мәселелерді шешу үшін және негізгі қорлардың тозу шығынын азайту үшін оларды тиімді пайдалану негізінде қор қайтарымдылығы, ауысымдылық коэффициент, жабдықтау жүктемесінің коэффициентін арттыру жолымен қол жеткізуге болады, яғни кәсіпорын құрал-жабдықтарын тиімді басқару жолымен. Алайда моральдық және сапалық жағынан тозған негізгі өндіріс қорларының мәселесін шешудің және кәсіпорынның жаңа талапқа сай сапалы өнім шығаруының, осының негізінде кәсіпорын табыстылығын арттыру, кәсіпорынды жаңа нарыққа сай дамытудың, жетілдірудің бірден-бір жолы жаңа талапқа сай құрал-жабдықтар, техника және технологияны игеру болып табылады. Ол үшін кәсіпорынға инвестиция тарту негізінде қол жеткізуге болады [21,162].

Кәсіпорын табысын жоғарлатудың басты бағыттырының бірі болып жаңа капиталды қалыптастыруға ұмтылу немесе инвестицияларды жүзеге асыру табылады. Кәсіпорын жағынан инвестициялық сұранымы қарыз қаражаттарына сұранымның жалғыз негізгі шекті факторлары ғана болып табылмайды. Инвестициялық сұраным немен анықталады? Капиталды құратын әрбір фирманың алдында пайда табудың мақсаты болады. Экономикалық теорияның болжамы бойынша фирманың басты мақсаты болып табысты максимлизациялау. Ал бұл мақсатқа жету үшін кәсіпорын өндірістің әртүрлі факторларын қолдануға ұмтылады.

Инвестицияны құру немесе жаңа капиталды құру ұмтылысы салынған қаражаттар алғашқы шығындарды жабуына және қосымша табыс алуға мүмкін болғанда пайда болады. Сонымен, кәсіпорын табысын өсірудің негізгі факторларына өнімнің өзіндік құнын төмендету, өндіріс көлемінің өсімі, өнімнің сапасы және өндірісте қолданатын құрал-жабдықтардың деңгейіне, қосымша табыс алуға бағытталған инвестиция салымдары елеулі түрде әсерін тигізеді.

Инвестициялар - өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салаларының кәсіпорындарына  капитал салымдары түрінде іске асырылатын шығындардың жиынтығы. Кәсіпорындар үшін шетелден инвестиция тарту кез-келген мәселені шешуде өте маңызды рөл атқарады [22,85].

Талдау жасалып отырған «Әділ» ЖШС-нің тікелей «Терра» ЖШС-нің 25%-дан артық акциясын  және «К-Аско» АҚ 26,89% акциясын иеленеді және елеулі әсері бар, яғни инвестиция салған субъектінің қаржылық және басқа саясаты бойынша шешімдер қабылдауда  қатысу құқығы бар.

Инвестициялар сатып  алу сәтінде сатып алу құны бойынша есептеледі [23,1].

«Әділ» ЖШС-нің 2009 жылға өндіріс көлемін арттыру үшін бағытталған  инвестиция тарту бойынша келесідей жабдықтарды игерілді:

  1. Қарабастағы «Sandvik SRP AB» компания өндірісінің №2 ұсақтау-сұрыптаушы фабрикасының өнімділігін арттыру үшін бірнеше  жабдықтардан тұратын кешенді қамту.

Оның құны 3 172 861 АҚШ долларын құрайды. Бұл конустық ұсақтауыш өнімділікті – бір сағатта 260 тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Осы бірінші позиция бойынша Қарабас өндірісіндегі №2 ұсақтау-сұрыптаушы фабриканың өнімділігін арттыру үшін бөлінген  жабдықтардың жалпы саны 9 бірлік. 1 позиция бойынша барлық жабдықтардың есебі: 260тонна (өнімділігі) * 21сағат / 2 (жылдық өнімнің шығуы 50%) * 20 күн * 9 ай = 491 400 тонна жылдық өнім (бір жылдағы жалпы өндірілімнің өсу көлемі). Дайын өнімнің 1 тоннасына 831 теңге * 491 400 тонна дайын өнім = 408 353 400 тенге = (АҚШ долларының 1 курсы – 130 теңге) 3 141 180 АҚШ доллары (дайын өнімді өткізу).

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі