Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа
Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.
Амортизациялық аударымдар әдісін таңдаған кезде мына факторлардың әсерін ескеру керек:
Табыстар мен шығындардың сәйкестік факторы мынада: егер негізгі құралдарды пайдалану нәтижесінде алынған табыстар оларды ұтымды пайдалану мерзімі ішінде тұрақты қалпында қалса, онда амортизация есептеудің бірқалыпты (желілі) әдісі қолданылады [14,136].
Егер мұндай табыстар активті ұтымды пайдалану мерзімінің басында көп болса, онда амортизация есептеудің жеделдетілген әдістерінің біреуін пайдаланады.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қалатын орны өз алдына ерекше. Нарықтық экономикаға көшу барысында елде көптеген өзгерістер болғаны бәрімізге мәлім. Яғни экономиканың дамуына жаңадан жасалынып жатқан үлгілер, жаңалықтар өз әсерін тигізуде. Айта кететін болсақ техникамен технологияның қолданысқа екеуінің өзі көп нәрсені өзгертті. Яғни өндірістік саланың тез дамуына себеп болды.Ал осы техника мен технологиялар өз бетінше емес ғылым арқылы дамыды. Ол үшін адам баласы көп оқуы, білуі және келіп жатқан жаңалықтарды жете меңгеруі қажет. Бір кәсіпорын шеңберінде қарастыратын болсақ, кәсіпорынның мақсаты пайда табу. Ол пайданы табу үшін, өнім өндірумен айналысады және де ол өнімді өндіру үшін көптеген шығындар шығындалады, яғни, кәсіпорын өз алдына байланысты мәселелер туындайды.
Ал елдің экономикасының өзі осындай кәсіпорындардан құралады. Яғни осындай кәсіпорындар мемлекетке салықтар төлейді, оның экономикалық өсімін көтереді. Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегіорны және бұл қатынастың тиімділігі.
Жоғары көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Әр кәсіпорын тауарды қанша және қалай өндіру, қалай және қайда тарату, сондай-ақ түскен кірісті қалай бөлу жөнінде өз бетінше шешім қабылдайды. Кәсіпорын жыл сайын өндіріп отырған өнімнен 40% пайда көру үшін шығындалады. Екі квартал сайын шығын 8% төмендесе, өнім көлемі жоғары сапа береді. Сол сияқты өнімнің бағасы 2,2% өседі, ал еңбекақы 6% өсіп, жұмысшылар саны өз қалпында жүреді. Жалпы кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары мына жағдайларда қарастырылады:шығындарды азайту және материалдарға бағаны төмендету, еңбек өнімділігін жоғарлату, өнімдер көлемін ұлғайту және шығындарды азайту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.
Есептеу бөлімінде кәсіпорын тиімділігін арттырып кәсіпорынға түскен пайданы есептедік. Бұл жерде кәсіпорын жоғары дәрежеде пайда түсіре білді. Себебі кәсіпорынның өнімді сатқаннан пайдасы үлкен көлемде болды.
Қорыта айтқанда негізгі қордың тиімділігін көтеру үшін: олардың жүктелу деңгейін, қорларды жаңарту, қазіргі заманғы техникалық жабдықтарды пайдалану және де мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануды арттыру қажет.
Негізгі құралдардың едәуір бөлігі оларды пайдаланудың бастапқы кезеңінде неғұрлым мәнді табыстар алуды қамтамасыз етеді, өйткені негізгі құралдарды пайдаланудың бастапқы жылдарында олардың өнімділігі барынша көп, ал жөндеуге жұмсалатын шығындар көп емес. Келесі жылдары өнімділік төмендейді де, жөндеуге шығатын шығындар ұлғаяды, бұл кәсіпорын табыстылығының кемуіне әкеліп тірейді.
Жеделдетілген амортизацияны кәсіпорын аяғынан берік нық тұрған, ал өнім шығаруға шыққан шығындар бәсекелестерге қарағанда едәуір төмен болған кезде жүргізген дұрыс. Ал егер кәсіпорын ауыр қаржы жағдайында болса, ондай ретте жеделдетілген амортизацияны қолданудан бас тартқан жөн [11,14].
Кәсіпорында кейде амортизациялық аударым сомаларын қайта қарау қажеттілігі де туады. Егер негізгі құралдар объектісінің табиға және моральдық тозуы жылдық амортизациялық аударымдар сомасынан асып түссе немесе қалыс қалса, қайта есептелуге тиісті жылдық амортизация сомасын өзгерту керек. Негізгі құралдар объектісінің пайдалы қызмет көрсету мерзімі және негізгі құралдарға қолданылатын амортизация әдістері жиі қайта қаралып отыруға тиіс және осы активтерден экономикалық пайда алудың болжамды схемалары елеулі түрде өзгерген ретте, осы өзгерістерді көрсету үшін әдіс өзгертілуге тиіс.
Кәсіпорындағы негізгі қорларды басқарудың қызметтерінің бірі жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жөндеу нәтижесінде белгілі бір мерзім аралығында сынған негізгі қорлар немесе олардың тетіктері қалпына келтіріліп қайта жұмысқа қосылады. Жөндеудің барлық түрлері негізгі қорлардың ұдайы өндірістегі рөлі және оны жаңартуға байланысты капиталды және ағымдық деп бөлінеді.
Капиталды жөндеу кезінде негізгі қорлар объектісі толық қаралып, тозған немесе сынған элементтері ауыстырылып орнатылады. Ағымдық жөндеуде негізгі қорлардың ақау түскен жерлеріне жеңіл жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқарту, олардың сапасын арттыру және шығындарын төмендетуге жөндеу жұмыстарын индустриализациялау арқылы қол жеткізуге болады. Капиталды жөндеу жүргізу көбінесе негізгі қорларды жаңғыртумен байланысты. Нәтижесінде екінші реткі толығымен немесе жекелей моральды тозудың алдын-алуға болады. Сонымен қатар өндірісті тиімді кешенді жаңғырту үшін механизация және автоматизация шаралар кешені жүзеге асырылады. Және де негізгі қорлардың тозуына, жөндеуге жіберуге жол бермеу үшін де алдын-ала шаралар қолданған жөн. Ол үшін мамандануды кеңейту, әрбір ауысым жұмысшыларына жауапкершілік жүктеу, ауысым коэффициентін арттыру, уақытын өткізбей жеңіл жөндеу жұмыстарын шоғырландыру жұмыстарын жүргізу қажет.
2 Кәсіпорындағы негізгі қорларды пайдаланудың қозғалыс және тиімділік көрсеткіштерін талдау
2.1 «Әділ 2006 - НС Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің» шаруашылық қызметіне қысқаша сипаттама
«Әділ 2006-НС» ЖШС Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырдағы №415 – ІІ «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актлеріне сәйкес құрылған және солардың негізінде әрекет етеді. Мемлекеттік лицензиясы 26.06.2001 жылдан №005390 [15].
Қоғамның заңды мекен-жайы: 470060, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 61 үй, тел/факс: (7112) 415192.
Қоғам қызметінің мақсаты табыс алу және акционерлер мүдделерін жүзеге асыру.
Қоғам қызметінің түрлері:
Қоғамның жарғылық капиталы 115 000 000 (жүз он бес миллион) теңгені құрайды.
«Әділ 2006-НС» ЖШС ұсақталған тас алу үшін құрылыс тастарын қазу, қайта өңдеу бойынша және әртүрлі құрылыс материалдары мен асфальттық бетон қоспасын өндіру бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Сонымен қатар «Әділ» ЖШС теміржолдық және автомобиль жолдары құрылыстарымен айналысады, тұрғын үй және басқа да негіздегі объектілерді жөндеу, қалпына келтіру, салу жұмыстарын жүргізеді, технологиялық жабдықтау монтажын жүзеге асырады. «Әділ» ЖШС құрылыс кірпіштерін өндіру бойынша шикізат алу үшін саз, балшықтың ашық кеніштерін иелік етеді.
Негізгі тұтынушылары: «Стройконструкция» АҚ, «Элитстрой» ЖШС, «Промсервиссоюз» ЖШС, «Артем» ЖШС, «Агродор-Астана» ЖШС, «Жаңа жол» ЖШС, «Алсим Аларко Сан.Тес. Ве Тидж» ЖШС т.б.
Кәсіпорынға қызмет көрсетуші мердігерлері: кәсіпорынның жарылыс жасау жұмыстарын жүргізуші – «Карагандавзрывстройсервис» ЖШС, қазбаларды және дайын өнімдерді тасымалдау жұмыстарын жүргізуші – «Фаэтон» ЖШС.
«Әділ» ЖШС тарихы 1946 жылдан басталады;
1946ж – Қарабас ашық кенішінің ашылуы;
1948ж – 1 Май ашық кенішінің ашылуы;
1956ж – ашық кеніштердің «
1992ж – жекешелендірудің
1998ж – толық
2003ж – техникалық қайта
Осылайша «Әділ» ЖШС Қазақстан нарығында 59 жыл жұмыс істеп келеді.
«Әділ» ЖШС тас өндіру құқығы елдегі күрделі экономикалық жағдай кезеңінде және Қарағанды облысын толығымен қамтыған өндірістердің құлдырауы кезінде бекітілген болатын. Капиталдық құрылыстар және үй құрылыс комбинаттары (ДСК) тоқтатылып, жаңадан құрылыс ұйымдары, трестлер қайта ұйымдастырылумен бірге құлап жатты. Құрылыс материалдарына, атап айтқанда ұсақталған тастарға тұтынымдық сұранымдар шұғыл төмендеді, сондықтан құрылыс тастарын өз орнында қайта өңдеу негізінен жергілікті құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қамтамасыз етуге бағытталды. Осындай ауыр жағдайларда Акционерлік қоғам жетекшілері өндірісті тұрақтандыру жұмыстары бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды әзірлеумен айналысты. Дүниежүзілік стандартқа сай өнім алу мақсатында, жоғары дәрежеде тозған жабдықтарды, өндірудің ескірген технологиясын қалпына келтіру, жөндеу, құрылыс материалдарын қайта өңдеу үдерістерін модернизациялау, транспорттық инфрақұрылымдарды жетілдіруге байланысты ауқымды техникалық қайта жабдықтау жұмыстары тұрды.
Өзара шарт алғаш жүзеге асырыла бастағанда кәсіпорынға 50 миллион теңгеге жуық инвестиция қамтылды. Тұтыну нарығын талдауда, серіктестермен шаруашылық байланыстарды қалыптастыруда біраз қиындықтар болды. Осылай әрбір қадамнан кейін тұрып қалған кәсіпорын қалпына келтірілді, облыстың ішкі нарығында сонымен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінде өндірілген және қайта өңделген тастарды өткізуді жүзеге асыру қайта қалпына келтіріле бастады. Дегенмен алғашқы жылдары өндірілген өнім көлемі төменірек болды. Алғашқы жылдары Майқұдық ашық кенішінен Астана құрылысына ұсақталған тасты жеткізу темір жолдың болмауына байланысты қиындап, өнім автокөліктермен жеткізілді. Кейін он бір миллион теңге салынып теміржол базаларын игеруге байланысты ұсақталған тастар базаға дейін автотранспортпен, ары қарай теміржол жартылай вагондармен жеткізілді. Осының нәтижесінде өнім солтүстік астана құрылысына оңтайлы уақытта жеткізілетін болды.
«Әділ» ЖШС кез келген кәсіпорын сияқты өзінің ұйымдық құрылымы бар. Ол оның қызмет түрімен, мөлшерімен, мақсаттарымен және міндеттерімен шартталған. Құрылым шегінде басқару процесі жүреді, оның қатысушылары арасында басқарудың қызметтері мен міндеттері бөлінген. Қоғамды басқаратын ұйымдар:
1)Директорлар Кеңесі – басқару органы болып табылады, оған басшылар сияқты, басқа да мамандар, сарапшылар кіреді, олардың саны бестен сегіз адамға дейін.
3)Басқарма – атқарушы
ұйым, ол корпорацияны жалпы
«Әділ» ЖШС құрамындағы құрылыс тасын қазып алу және тасшақпаны өндірумен айналысатын Қарабас және Майқұдық карьерлерін бөліп көрсетуге болады. Карьерлердің өндірістік қуаты 800 мың м3 тасшақпа құрайды.
Қарабас карьері 1946 жылы іске қосылды. Қарабас карьерінен «Әділ» ЖШС Астана және Қарағанды қалаларының кәсіпорындарын 3-8 мм., 8-15 мм., 15-25 мм., 5-20 мм. және 20-40 мм. фракцияларындағы фракцияланған тасшақпамен қамтамасыз етеді. Жақын жердегі халық қоныстанған жерлер болып: Қарабас ауыл-стансасы және Абай қаласы табылады. Карьерге оны Қарабас стансасымен байланыстыратын теміржол желісі өткізілген. 2002-2003 жылдары «Әділ» ЖШС Қарабас тас карьерінде құрылыс тасын өндіру үшін жаңа уатушы-іріктеуші фабриканы сатып алды және құрды.
Майқұдық кенорны Қарағанды
қаласының түрлі кенрудалық кәсіпорындарымен
1948 жылдан бері пайдаланылады. Кенорын
«Карагандашахтострой»
Жоспарлы экономикалық бөлім (ЖЭБ) «Әділ» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей кәсіпорын Президентіне бағынады. ЖЭБ кәсіпорын Президентінің бұйрығымен құрылады. ЖЭБ-ң басқарушысы болып экономика бойынша Вице-президент табылады. Экономика бойынша Вице-президент берілген лауазымға кәсіпорын Президентінің бұйрығымен тағайындалады және орнынан босатылады.
ЖЭБ өзінің жұмысында келесілерді басшылыққа алады: «Әділ» ЖШС Жарғысын; «Әділ» ЖШС сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын; «Әділ» ЖШС сапа бойынша Басшылығын; ««Әділ» ЖШС сапа менеджменті жүйесінің талаптарын; Қазақстан Республикасының әрекет етіп жатқан заң талаптарын; Жоспарлы бөлім қызметінде қолданылатын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен стандарттарын; кәсіпорынның ішкі процедуралары, бұйрықтары және өкімдерін; еңбек тәртібінің ережелерін; қызметтік нұсқауларды; кәсіпорынның ұйымдық құрылымын; экономика, қаржы, еңбек құқығы, салық салу бойынша нұсқаулық және әдістемелік құжаттар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын; еңбекті қорғау, төтенше жағдай, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстан Республикасының Заң талаптарын.