Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.

Работа содержит 1 файл

диплом «Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі» .doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның негізгі  қорларының қозғалыс және техникалық жағдайын талдау үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі:

1) Негізгі өндіріс  қорларының жаңару коэффициенті (Кж);

2) Негізгі өндіріс қорларының шығу коэффициенті (Кш). Алайда «Әділ» ЖШС-нің осы кезең аралығында келіп түскен негізгі қорлар болмағандақтан жаңару коэффициенті анықталмайды (Кж=0);

3) Негізгі өндіріс  қорларының тозу коэффициенті (Ктозу);

4) Қорлардың техникалық  жарамдылық коэффициенті  (Кжар);

5) Негізгі өндіріс  қорларының тұрақтылық коэффициенті (Ктұр).

6) Негізгі өндіріс қорларының жаңару коэффициенті (Кж);

Бұл жоғарыдағы көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның негізгі  өндірістік қорларының қозғалыс көрсеткіштерін келесі кестеде есептеп көрсетуге болады.

 

3-кесте

«Әділ 2006-НС» ЖШС-ның 2007-2009жж. негізгі қорларының қозғалысы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер

 

Көрсеткіштер

2007ж.

2008ж.

Өзгерісі

2007-2006ж.

(+,-)

2009ж.

Өзгерісі

2009-2007ж.

(+,-)

1

2

3

4

5

6

Жаңару деңгейі, %

28%

66%

+38%

1%

-65%

Тозу коэффициенті

0,51

4,22

+3,71

0,23

-3,99

Жарамдылық коэффициенті

0,77

3,41

+2,64

0,80

-2,61

Тұрақтылық коэффициенті

1

1

0

1

0


Дерек көзі: бухгалтерлік баланс негізінде жасалған [17]

 

 

Жоғарыдағы кесте бойынша 2008 жылмен 2007 жылды салыстырғанда кәсіпорынның негізгі қорларының техникалық жағдайы оларды осы жылы неғұрлым интенсивті жаңартуы есебінен 38%-ға артқанын көрсетті. Ал, 2009ж. 2008ж. салыстырғанда жаңару деңгейі осы жылы негізгі құралдардың аз қамтылуына байланысты 65%-ға төмендеген. Тозу коэффициенті 2008ж. 2007ж. көрсеткішпен салыстырғанда 3,71 бірлікке артқан болса, 2009ж. 2008ж. тозу коэффициентімен салыстырғанда 3,99 бірлікке төмендеген. Жарамдылық коэффициенті 2008ж. 2007ж. салыстырғанда 2,64 бірлікке артқан болса, 2009ж. 2008 ж. салыстырғанда 2,61 бірлікке төмендеген. 

Сонымен қатар кәсіпорындағы  өндірістің қаржылық-экономикалық тиімділігін  және еңбек өнімділігінің өсуін  арттыратын маңызды факторлары негізгі  қорлармен оның ішінде техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі  қормен жарақтандырылуы (Қжар) негізгі қорлардың орташа жылдық құнының жұмысшылардың орташа жылдық санына қатынасымен есептелінеді.

Ал кәсіпорынның техникалық жарақтанылуы (Тжарақ ) негізгі қорлардың активті бөлігінің орташа жылдық құнының жұмысшылардың орташа жылдық санына қатынасымен анықталады [18, б.153]. Олай болса:

Қжар(2005ж)= 152121043/ 305 = 498757,5тг.

Қжар(2006ж)= 582569645/ 310 = 1879256,9тг.

Қжар(2007ж)= 603338204/ 423 = 1426331,4тг.

Тжар(2005ж) = 138677170/ 305 = 454679,2тг.

Тжар(2006ж) = 561950425/310 = 1812743,3тг.

Тжар(2007ж) = 567852789/ 423 = 1342441,6тг.

 

Яғни 2007ж. көрсеткіш бойынша бір жұмысшының қормен жарақтандырылуы 498757,5 теңге құраса, 2008ж. 1879256,9 теңге, яғни 1380499,4 теңгеге өскен. 2009ж. қормен жарақтандыру 2008ж. салыстырғанда 1426331,4 теңге құрап, 452925,5 теңгеге төмендеген.   Ал кәсіпорынның әрбір жұмысшысының техникалық жарақтандырылуы 2008 жылы 2007ж. қарағанда 1358064,1 теңгеге артқан. 2009ж. техникалық жарақтандыру 2008ж. салыстырғанда 470301,7 теңгеге төмендеді. «Әділ» ЖШС-нің негізгі қорларының қозғалыс көрсеткіштерін талдауын қорыта келе кәсіпорынның негізгі өндірісі тасшақпа өндіру болғандықтан негізгі қорлар құрылымының ауданды бөлігін (90%-ын) машиналар мен жабдықтар иеленетіні анықталды. Кәсіпорынды жаппай техникалық жарақтандыруға байланысты 2009 жылы барлық көрсеткіштер, оның ішінде: жарамдылық коэффициенті 2,64 бірлікке, жұмысшыларды 1 жылдық қормен жарақтандыру 1380499,4 теңгеге, ал техникалық жарақтандыру 1358064,1 теңгеге  өскен. Нәтижесінде жаңару деңгейі 38%-ға артқан.

 

 

2.3 «Әділ 2006-НС» негізгі қорларының тиімділік көрсеткіштерін талдау

 

Негізгі өндіріс қорларды пайдаланудың тиімділігін және интенсивтілігін  анықтау үшін келесідей көрсеткіштерді қолданады:

- қор қайтарымдылығы (ҚҚ) өндірілген өнім құнының негізгі  өндірістік қорлардың орташа  жылдық құнына қатынасы;

- қор сыйымдылығы (ҚС) негізгі өндірістік қорлардың  орташа жылдық құнының өткен  жылдағы өндірілген өнім құнына  қатынасы;

- негізгі қорлардың  активті бөлігінің қор қайтарымдылығы (ҚҚак.б.) өндірілген өнім құнының негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігінің орташа жылдық құнына қатынасы;

- негізгі қорлардың  ішіндегі әрекет етуші жабдықтардың  қор қайтарымдылығы (ҚҚә) өндірілген өнім құнының негізгі өндірістік қорлардың ішіндегі әрекет етуші жабдықтардың орташа жылдық құнына қатынасы;

- қор рентабельділігі  (Rнөқ) табыстың негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы.

Талдау барысында жоғарыдағы негізгі қорларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштернің динамикасы анықталады. Олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуына шаруашылықаралық салыстыру жүргізуге болады. Осы негізде «Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі қорларының қор рентабельділігі мен қор қайтарымдылығы көрсеткіштерінің талдау есебін келесідей көрсетілген.

4-кесте

 

«Әділ 2006-НС» ЖШС-нің 2007-2009жж. қор рентабельділігі мен қор қайтарымдылығы көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2007ж.

2008ж.

Өзге-рісі,%

2009ж.

Өзге-

рісі, %

1

2

3

4

5

6

Қор рентабельділігі

(Rнөқ), %

 

30,2

 

32,2

 

+2

 

94,5

 

+62,3

Өнім рентабельділігі 

(Rшө), %

 

10,2

 

25,1

 

+14,9

 

63,6

 

+38,5

Қор қайтарымдылығы

(ҚҚ), %

 

29,5

 

5,87

 

-23,63

 

18,8

 

+12,93

 Активті бөлігінің  ҚҚа, %

32,4

9,75

-22,65

26,2

+16,45

Әрекет етуші 

жабдықтар ҚҚә, %

 

40,1

 

16,9

 

-23,2

 

34,1

 

+17,2


Дерек көзі: бухгалтерлік баланс негізінде жасалған [17]

 

Талдау нәтижесінде 2008ж. 2007ж. салыстырғанда қор рентабельділігі көп өзгеріссіз, 2%-ға ғана өскен болса, 2009ж. қор рентабельділігі 94,5%-ды құрап, алдынғы 2008ж. салыстырғанда едәуір 62,3%-ға өскен. Сәйкесінше өнім рентабельділігі де 2008ж. 2007ж. салыстырғанда 14,9%-ға артқан болса, 2009ж. 2008ж. салыстырғанда 38,5%-ға өскен. Қор қайтарымдылығы 2008ж. 2007ж. салыстырғанда 23,63%-ға төмендеген болса, 2009ж. бұл көрсеткіш кәсіпорынды 2008ж. жаңадан техника-экономикалық жабдықтауға байланысты 12,93%-ға, ал осыған сәйкес 2009ж. активті бөлігінің қор қайтарымдылығы 16,45%-ға, әрекет етуші жабдықтар қор қайтарымдылығы 17,2%-ға өскен. Осы көрсеткіштер нәтижесін келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады (сурет 4).

Өндіріс процесі кезінде  кәсіпорындар пайдаланылатын өндіріс  құрал-жабдықтары мен ақша қаржылары  өндірәістік қорлар қоғамдық ұлттық байлықтың  басты көздері. Ол негізінен өндірістік қорлар мен айналым қорынан тұрады. Қорлар өндірістің  құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны екі топқа бөледі: өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек құрал-жабдықтары. Өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен ақша қаржылары өндірәістік қорлар қоғамдық ұлттық байлықтың  басты көздері. Ол негізінен өндірістік қорлар мен айналым қорынан тұрады. Қорлар өндірістің  құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны екі топқа бөледі: өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек құрал-жабдықтары.

Кәсіпорыннның еңбек  құралы мен өндіріс құрал жабдықтары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады. Сондықтан олар негізгі қорға жатады және өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді. Негізгі қорлар өндіріс процесінде пайдалану кезінде тозуға ұшырайды. Ол тозу: моральдық және табиғи тозу деп 2-ге бөлінеді

 

 

4 - сурет - «Әділ 2006-НС» ЖШС-нің 2007-2009жж. қор рентабельділігі мен қор қайтарымдылығы көрсеткіштері

 

Суретте көрініп тұрғандай  2007ж. және 2008жж. «Әділ» ЖШС-нің негізгі өндірістік қорларының қор рентабельділігі мен қор қайтарымдылығының көрсеткіштерінің төмен болуы осы жылдары кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының жеткілікті дәрежеде тозғанын және оларды жаңарту қажеттігі туғанын дәлелдейді.

Алайда 2008ж. бастап Еуропалық одақтың өнеркәсіп салаларындағы жетекші компанияларының бірі – «Sandvik SRP AB» компаниясынан жаңа ұсақтау-сұрыптаушы фабрика тарту негізінде   кәсіпорынды жаппай техника-экономикалық жарақтандыруға байланысты 2009ж. қор рентабельділігі 94,5%-ға, өнім рентабельділігі 63,6%-ға, қор қайтарымдылығы 18,8%-ға, активті бөлігінің қор қайтарымдылығы 26,2%-ға, әрекет етуші жабдықтар 34,1%-ға өсті. Осының байланысты 2007ж. бастап жаңа жабдықтардың толық жұмысқа қосылуы  нәтижесінде кәсіпорынның табысы 2008ж. 2007ж. салыстырғанда 68,61%-ға, 2009ж. 2008ж. салыстырғанда 51,48%-ға өсіп, шамамен 1 млрд. теңгеге жеткен.  

Бұдан кейін қор рентабельділігі  мен қор қайтарымдылығы шамасының  өзгеруінің факторлары анықталады (5 сурет).

Негізгі қорларды пайдалану  тиімділігінің неғұрлым жалпылама  қорытындылаушы көрсеткіші қор рентабельділігі болып табылады. Оның деңгейі тек қор қайтарымдылығына ғана емес сонымен қатар өнім рентабельділігіне де байланысты. Бұл көрсеткіштердің арабайланысы келесідей түрде көрсетіледі:

Rнөқ= ҚҚнөқ * Rжө                                                                                                      (6)

мұндағы, Rнөқ – қор рентабельділігі;

                 ҚҚнөқ – негізгі өндіріс қорларының қор қайтарымдылығы;

                 Rжө - өнім рентабельділігі.

Қор рентабельділігі  негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы мен өнім рентабельділігі факторларынан өзгерсе, негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы олардың активті бөлігі, активті бөлігіндегі әрекет етуші жабдықтар үлесі, әрекет етуші жабдықтардың қор қайтарымдылығы факторлары әсерінен өзгереді (Сурет 5). Сонымен қатар мақсатты күндік бос тұрып қалу және ішкі ауысымдық бос тұрып қалу, ауысымдық коэффициент факторлары да елеулі түрде әсер етеді. Бұл аталған факторлардың әсер етуші көрсеткіштерін артыру үшін жаңа жабдықтарды игеру, модернизациялау, жұмысшылар мамандығын жетілдіру, өндіріс технологиясын жақсарту факторлары да маңызды рөл атқарады [18,157]. Олай болса қор рентабельділігіне қор қайтарымдылығы мен өнім рентабельділігі факторларының әсерін келесідей сызбадан көруге болады. 

Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі(қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз. Бірақ оларда сапалы өнімдерін уақытында өткізіп пайда алу үшін, оларды тұтынушыға қолайлы бағаға сатуға тура келеді. Содан-соң тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйтіп ел экономикасының өсімі жоғары болады.

Негізгі қор бұл нақты  өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде  пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі  қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің  экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

 Негізгі қорға 2 жақты мінездеме беруге болады:

  1. Материалдық заттық жағынан;
  2. әлеуметтік экономикалық жағынан.

 

  Материалдық заттық жағынан негізгі қорға еңбек құралдары жатады. Еңбек құралдарына еңбек заттары жатады. Нгеізгі қордың әлеуметтік-экономикалық жағы өндірістік қозғалыстық қатынаста болады. Адамдар еңбек процесінде белгілі өндірістік экономикалық қатынасқа түседі.

Негізгі қорға тәуелді өндірісті кеңейтілген түрде өндірістік және өндірістік емес негізгі қор деп 2 процеске бөлеміз.

Өндірістік негізгі қор- өндірісте жұмыс істеп тұрған материалдық сферадан, өндірілген өнім құнын тасымалдайды. Толық өнім кәсіпорынға жұмсалады.

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі