Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа
Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.
Басқа салалардың өндірістік
негізгі құралдарына
Өндірістік емес негізгі құралдар – бұл халыққа медициналық, тұрғын үй-коммуналдық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің құралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі құралдары жатады.
Игілігіне байланысты негізгі құралдар: өзіндік, жалданған болып бөлінеді.
Өзіндік негізгі құралдар – сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.
Жалданған негізгі құралдар – бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып, басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланып жүрген негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс есепте ескеріледі.
Пайдалану сипаты бойынша негізгі құралдар: қолданылып жүрген, босалқы, жұмыс істемей тұрғандар болып бөлінеді.
Қолданылып жүргендерге кәсіпорын өнім өндіруге немесе жұмыстар орындау және қызмет көрсету үшін пайдаланып жүрген негізгі құралдар жатады.
Жабдықтарды ауыстыру және т.б үшін қолданылатын, күрделі жөндеуге, тозуына байланысты шығарылған негізгі құралдар босалқы құралдарға жатады.
Кәсіпорында толық жинақталмауына немесе артық болуына байланысты пайдаланылмайтын, сондай-ақ сақтауда тұрған негізгі құралдар жұмыс істемей тұрғандарға жатады.
Негізгі қорлардың мәнін анықтауда негізгі қорлар тұтынушылық құн және құн иелене отырып, тауар қасиетін сақтап, тауар бола алатындығы байқалады. Негізгі қорлар тауар ретінде экономикалық айналымға қосылады. Заттың сыртқы формасы да, оны жасаған материал да өз бетінше негізгі қорлардың құрылымдық элементіндегі затқа айнала алмайды. Негізгі қорлардың негізгі артықшылық ерекшеліктері: біріншіден, негізгі қорлардың еңбек құралдары ретінде жұмыс істеуі, өндіріс және айналыс циклдары қатарында көп дүркін пайдаланылуы; екіншіден, дайындалған өнімдерге олардың құнын ауыстырудың ерекше сипаты; үшіншіден, негізгі қорлардың заттық формада өндіріс және тауар айналысы үдерісін жүзеге асыруға тікелей қатысуы болып табылады. Негізгі қорларсыз нарықта тауар айналысы үдерісінің жүрілуі К.Маркстің сөзімен айтқанда, «...немесе мүлдем мүмкін емес, немесе тек жетілдірілмеген түрде жүрілуі мүмкін» деп айтуға болады [5,215].
Олардың тауарға ауыстырылған құн бөлігі тауармен бірге өткізіледі және тауар айналысына қосылады. Негізгі қорлар құн айналысында тек олардың құрамына қатысатын ерекше еңбек құралдарын қамтиды. Негізгі қорлардың құн айналысы, яғни оның ақшалай формаға ауысуы біртіндеп оларға ұдайы өндірістік үдерістердің көп дүркіндік қызмет көрсету үдерісі негізінде және құнды дайын өнімдерге бөлшектеп ауыстыру (амортизациялық аударымдар нормасы бойынша) негізінде жүріледі.
Негізгі қорлардың ерекшеліктерін зерттеу бізге негізгі қорлар түсінігін анықтап білуге және оларға төмендегідей анықтама беруге мүмкіндік берді.
Кәсіпорынның негізгі қорлары – бұл ұзақ уақыт бойы өзінің заттық формасын сақтай отырып, үнемі тозу негізінде өз құнын амортизациялық қатынастар түрінде дайын өнімге бөлшектеп ауыстыратын еңбек құралдары ретінде қоғамдық ұдайы өндіріс саласына қатысатын қоғамдық еңбекпен құрылған материалдық-заттық құндылықтардың жиынтығы [6,210].
Негізгі қорлардың шығындалған құн бөлігі амортизациялық аударымдар мөлшерінде тауарға өндіріс және айналыс шығындары арқылы ауысады. Бұл жоғарыдағы келтірілген анықтамадан негізгі қорларды – экономикалық категория деп түсінуге болады.
1.2 Негізгі қорларды бағалау және талдау көрсеткіштері
Жоғарыда айтылған негізгі құралдардың ерекшелігіне байланысты негізгі құралдардың құны тұрақты түрде ішінара өндіріс пен айналым шығындарына енгізіледі. Негізгі құралдар бухгалтерлік есеп пен есеп беруде «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес түскен сәтінен бастап баланстан шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі. Бастапқы құн – бұл негізгі құралдарды сатып алу немесе сату бойынша нақты жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар, сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстың күйіне келтіруге байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, іске қосу шығындары және кез-келген өзге де шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады:
Негізгі құралдардың бастапқы құны мына жағдайларда өзгеруі мүмкін:
Белгілі күнге қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша негізгі құралдардың құны ағымдағы құны деп аталады. Негізгі құралдардың ағымдағы құны бұдан әрі құрылыс пен өндірістің құны өзгеруі негізінде, еңбек өнімділігінің артуына байланысты инфляцияға және басқа факторларға байланысты бағаның өзгеруі негізінде белгіленуі мүмкін.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында және бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесінде кәсіпорындар активтерді нақты бағалауға ұмтылады, сондықтан негізгі құралдарды қайта бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу нарықтық конъюктура өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі. Ол негізгі құралдарды дұрыс бағалау және олардың тозуының негізделген нормасын анықтау, сондай-ақ тауардың қызметтер мен жұмыстардың өзіндік құнын анықтау үшін өте маңызды.
Пайдалану үдерісінде негізгі
құралдар тозады. Олардың жинақталған
амортизация сомасын
Заңды және жеке тұлғалардың сыйлығы немесе үкімет субсидиясы түрінде қайтарымсыз берілген негізгі құралдар кәсіби бағалаушылардың қатысуымен тәуелсіз комиссия арқылы бағаланады. Комиссия объектінің ағымдағы құны мен оның беру сәтіндегі тозуын белгілейді.
Дайын өнім дегеніміз - ол толық техникалық өндірістен, сапасы бағалаудан өткен және буылып қоймаға тпсырылған өнім. Өндіріс процесі тоқтаусыз жүретін болғандықтан дайындықтың әртүрлі деңгейінде кездесетін өндрсте айналым қорларының анықталған бөлігі нақты қызмет етеді. Жалпы айналым қорларын келесі топтарға бөлуге болады:
Айналым қорының осы топтағы байланысы оның жалпы құнының құрылымын көрсетеді. Айналым құралдары ақша қаражатының үзіліссіз айналуын қамтамасыз ететін айналым қоры және өндірістік айналым қорын құру үшін, авансталған ақша құралдарының жиынтығы. Сонымен қатар айналым құралдары шаруашылыққа келіп түсетін кіріс пен шығыстардан айналымға кететін құралдарды айтамыз. Мысалы: жанар, жағар май, тыңайтқыш, кассадағы ақша және тағы басқалар.
Сонымен қатар, негізгі құралдардың сату және жою құны болады.
Сату құны – бұл жақсы құлақтанған және мәміле жасауға дайын тәуелсіз тараптар арасындағы негізгі құралдардың айырбастау мүмкіндігінің бағасы.
Жою құны – бұл негізгі құралдарды пайдалы қызметінің соңында пайда болатын босалқы бөлшектердің, тетіктердің, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шығарып тасталады.
Негізгі құралдарды осы заманғы құны бойынша бірегей бағалау мақсатында олар тұрақты түрде қайта бағаланады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1997 жылғы 24 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылады деп тану туралы» қаулысына сәйкес негізгі құралдарды индексациялау мәселелері бойынша бұрын қабылданған барлық қаулылардың күші жойылған деп танылады, ал шаруашылық субъектлеріне негізгі қорларды (құралдарды) индексациялаудың тәртібі мен ережелері туралы шешімді заңға сәйкес дербес қабылдауы ұсынылады. Нәтижесінде, олардың баланстық құнын сол мезеттегі қолданылатын индексацияға, бағалар мен оларды қалпына келтіру шарттарына сәйкестендіру, яғни ағымдағы құнына қайта есептеу жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар ағымдағы құны бойынша есептер мен есеп берулерде ескеріледі [7,140].
Кәсіпорынның негізгі қорларын талдауда келесідей көрсеткіштер қолданылады: негізгі қорлардың қозғалыс және техникалық жағдайын талдау көрсеткіштері; негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру көрсеткіштері; амортизация нормасы және т.б.
Негізгі қорлардың қозғалыс көрсеткіштерін талдауда алдымен кәсіпорынның негізгі қорларға салған капиталының көлемін, динамикасын, құрылымын бағалау қажет. Берілген тенденциялардың динамикалық өзгерісі өндірістік қорлардың озық деңгейін көрсетеді. Осы мақсатта негізгі қорлардың жыл соңындағы жағдайы бойынша құрылымына талдау жасалады.
Кәсіпорынның негізгі
1) Негізгі өндіріс қорларының жаңару коэффициенті келесі формуламен анықталады [8,33]:
Кж= Ғк.т / Ғж.с,
мұндағы Кж - жаңару коэффициенті;
Ғк.т - келіп түскен негізгі қорлар құны;
Ғж.с - жыл соңындағы негізгі қорлар құны.
2) Негізгі өндіріс қорларының шығу коэффициенті келесі формуламен анықталады:
Кш= Ғш / Ғж.б,
мұндағы Кш - негізгі өндіріс қорларының шығу коэффициенті;
Ғш - шығарылған өндіріс қорлары;
Ғж.б - жыл басындағы негізгі қорлар құны.
3) Негізгі өндіріс қорларының тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады:
Ктозу= Ғтозу / Ғб.қ,
мұндағы Ктозу - тозу коэффициенті;
Ғтозу - негізгі қорлардың тозу сомасы;
Ғб.қ - негізгі қорлардың бастапқы құны.
4) Негізгі өндірістік
қорлардың техникалық
Кжар= Ғқал / Ғалғ,
мұндағы Кжар - жарамдылық коэффициенті;
Ғқал - негізгі қорлардың қалдық құны;
Ғалғ - негізгі қорлардың алғашқы сомасы.
5) Негізгі өндіріс қорларының
тұрақтылық коэффициенті
Ктұр= Ғж.б – Ғш / Ғж.б,
мұндағы Ктұр - тұрақтылық коэффициенті;
Ғж.б - жыл басындағы негізгі өндірістік қорлар құны;
Ғш - шығарылған негізгі өндірістік қорлар құны;
Ғж.б - жыл басындағы негізгі қорлар құны.
Негізгі өндіріс қорларды пайдаланудың тиімділігін анықтау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:
- қор қайтарымдылығы
(Ққ) (өндірілген өнім құнының
негізгі өндірістік қорлардың
орташа жылдық құнына қатынасы)
- қор сыйымдылығы (Қс) (негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының өткен жылдағы өндірілген өнім құнына қатынасы);
- негізгі қорлардың
активті бөлігінің қор