Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа
Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.
Негізгі кәсіпорынның айналымы 3 фазадан тұрады:
а) физикалық және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.
Физикалық тозу мына жағдайда болады:
Негізгі қордың бірдей элементтері физикалық тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу -үшін қорға жаңадан тарату немесе айыр бастау ( негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу -жолдық ремонттарды өтеу.
1.3 Негізгі қорлардың жағдайын жетілдірудегі басқарудың ролі
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез-келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп өз жұмысын тоқтатады. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе олардың активтік бөлігінен қайталап ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатын – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі олардың жеке және сапалық тозуның деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады [9,20].
Жабдықтардың табиғи және моральдық (сапалық) жағынан тозуға душар болу нәтижесінде - әбден ескіріп біткен кезде өндірісті әрқилы жаңартуға болады. Тозғандарын есептен шығарып, жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға болады. Қосымша станоктар сатып алып, жаңа учаскілерге иеленуге болады. Жұмыс істеп тұрған жабдықты жақсартуға болады. Ал, егер ұйымға тиесілі негізгі құралдар моральдық жағынан немесе табиғи тозуы салдарынан не басқа себептер бойынша жарамсыз болып қалса, ұйымның басшысы немесе оның бұйрығы бойынша құрылған тарату комиссиясы оларды есептен шығару туралы шешім қабылдайды [10,37].
Негізгі құралдарды баланс
бойынша есептен шығару дұрыс
ресімделген құжаттардың
Негізгі құралдар: тарату, өткізу, айырбастау, өтеусіз беру нәтижесінде баланстық есептен шығарылады.
Егер моральдық жағынан тозған жабдықты сатуға, айырбастауға немесе кімге де болса сыйға тартуға мүмкіндік болмаса, онда қалған нұсқаны – таратуды, яғни моральдық жағынан тозған жабдықты таратуды қарастыру керек. Комиссия құзретті мүшелері тиісті акт жасап, есептеп шығарылатын жабдықтың жай-күйін бағалайды, онда жабдықтың моральдық жағынан тозғаны және оны тарату қажеттілігі туралы қорытынды беріледі. Есептен шығару актісінде жабдықтың жекелеген бөлшектері мен босалқы бөлшектерін одан әрі пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) ескеріледі және тарату әдісі туралы қорытынды беріледі. Жабдықты тарату нәтижесінде алынған, одан әрі пайдалануға жарайтын барлық бөлшектер, босалқы бөлшектер мен материалдар тиісті материалдық шоттарда оларды ықтимал пайдалану бағасы бойынша көрсетіліп, кіріске жатқызылуға тиіс.
Негізгі құралды тарату және есептен шығару кезінде алынған бөлшектер, босалқы бөлшектер, материалдар түріндегі табыс. Салық кодексінің 80-бабының ережелеріне сәйкес салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізіледі [11,11].
Егер комиссия барлық бөлшектер, босалқы бөлшектер және материалдар одан әрі пайдалануға жарамсыз деген қорытындыға келсе, онда жабдықты есептен шығару бухгалтерлік корреспонденцияда ғана жүргізіледі.
Әдетте, кәсіпорында негізгі құралдарды қабылдау, беру және есептен шығару жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Мұндай комиссияның құрамына, әдетте, кәсіпорынның техникалық мамандары, иелігінде негізгі құралдар болатын материалды-жауапты адамдар, бас бухгалтер немесе бухгалтер кіреді. Егер ондай комиссия болмаса, онда кәсіпорын бойынша арнайы бұйрықпен оны құру ұсынылады. Мұндай комиссияның болуы негізгі құралдар бойынша операцияларды сауатты әрі негізді түрде жүргізуге мүмкіндік береді және бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетеді. Негізгі құралдар объектілерін баланстық есептен шығарған кезде қосылған құн салығы туралы ұмытуға болмайды. Негізгі құралдарды таратқан кезде Салық кодексіне сәйкес өткізу жөніндегі айналым болмайды, тиісінше тарату құны салық салынатын айналымға қосылмайды. Алайда негізгі құралдар пайдалы қызмет мерзімі аяқталғанға дейін тартылған болса, онда Салық кодексінің ережелеріне сәйкес бұрын есепке жатқызылған ҚҚС оның қалдық құнына келетін бөлігінде есептен шығаруға жататынын білдіреді.
Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозуы олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортизация – бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады. Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан кәсіпорынның бәсеке қаблеттілігі төмендеп, нарықтағы иеленетін орны қысқарады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық пайызы болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына пайыз есебіндегі қатынасы [12,103].
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады. Осыған байланысты амортизацияның мөлшері негізгі қорлардың бастапқы құны мен жойылу құнының айырмасының, негізгі қорлардың бастапқы құны мен негізгі қорлардың қызмет мерзімінің көбейтіндісінің қатынасының жүз пайызға көбейтіндісіне тең.
Амортизация мөлшері
негізгі қорлардың құнын
- жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөніндегі пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Кәсіпорынның қаржылық есебінде амортизациялық аударымдар маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты кәсіпорында дамыту стратегиясына сәйкес арнайы амортизациялық саясатты әзірлеуге де болады. Мұндағы негізгі мақсат амортизациялық аударымдардың мүмкіндіктерін талдау, негізгі өндірістік қорларды жаңарту үдерісіне олардың әсер етуі болып табылады.
Амортизациялық саясат – кәсіпорынның есеп саясатының құрамдас бөлігі, оның негізгі мақсаты өз инвестицияларының маңызды көздерінің бірі – амортизациялық қордың мөлшерлерін басқару болады. Амортизациялық қорды жобалау кәсіпорынның даму және салық салу стратегиясын әзірлеумен, оның қаржы-экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Кәсіпорындағы амортизациялық саясатты өндіріске енгізілген қаржыларды өзіне өзі қайтару тетігі деп атауға болады, өйткені амортизациялық мүлік құнының бір бөлігі ай сайын өнім өндіру жөніндегі шығындарға аударылады. Жұмсалған капиталды неғұрлым тезірек қалпына келтіруге әрбір кәсіпорын мүдделі. Бірақ бұл ұмтылыс нақты нарықтық жағдайларға тап келеді, өйткені үлкен амортизациялық аударымдар өнім бағасының артуына әкеп соқтырады және оны бәсекелестікке қаблетсіз етуі мүмкін.
Негізгі құралдардың амортизациялық әдіснамасы екі құралмен жасалған:
Амортизация нормалары кәсіпорын объектіні актив деп таныған кезде (балансқа есепке алған кезде) белгілейтін ұтымды пайдалану мерзіміне сүйеніп анықталады.
Негізгі қорларды
пайдалы қолдану (пайдалану)
а) кәсіпорынның объектіні оның қуатын немесе өнімділігін ескере отырып алдағы кезде пайдалануы;
ә) өндірістік факторларға байланысты (ауысым саны, басқыншылық орта, жөндеу және қызмет көрсету бағдарламасы, сақтау жағдайлары, ауа райы жағдайлары және т.б.) болжамды табиғи тозу;
б)өндірістік үдерістің өзгеруі немесе жетілдірілуі нәтижесінде болған моральдық тозу;
в) пайдалану мерзімдеріне қатысты құқықтық немесе басқа да шектеулер (жалдау мерзімдері, салықтық шектеулер және т.б.).
Пайдалы қызмет мерзімін анықтаған кезде техникалық паспортта көрсетілген техникалық жағдайларға немесе дайындаушы-зауыттық ұсынымдарына бағдар жасауға болады. Бірақ оның тек ұсыным екенін есте сақтау керек, ал кәсіпорындағы объектіні пайдаланудың техникалық шарттары ұсынылғанан елеулі түрде өзгеше болуы мүмкін. Оның үстіне дайындаушы қызмет көрсету мерзіміне ешқашан кепілдік бермейді, ал оның кепілдігі барынша айқын дайындау ақаулары анықталатын пайдаланудың басында ғана қолданылады [13,12].
Пайдалы қызмет көрсетудің түпкілікті мерзімін кәсіпорынның техникалық қызметкерлері (бас инженер, басқа қызметкерлер) немесе тәуелсіз техникалық сараптама анықтайды.
Енді амортизацияны есептеу әдістері жайында айтатын болсақ, амортизацияны есептеу үшін мынандай әдістер қолданылуы мүмкін:
1)ұнды біркелкі тікелей есептен шығару әдісі, оған сәйкес амортизацияның жылдық сомасы құнды бөлумен анықталады, ол негізгі құралдар объектісін пайдалану уақытының күтілетін кезеңіне бөлу арқылы анықталады.
Бұл әдіс қолдануда қарапайым және активті пайдалану барлық пайдалану мерзімі ішінде мүмкіндігінше біркелкі жүзеге асырылатын кезде шығыстар мен кірістердің тиісінше сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Бұл әдісті барлық кәсіпорындардың шамамен 70% пайдаланады.
2) Өндірістік әдіс, бұл жағдайда амортизацияның айлық сомасы өнімнің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) нақты айлық көлемін және амортизацияның өндірістік мөлшерлемесін өндіру ретінде анықталады.
Бұл әдісті пайдаланған кезде негізгі күрделілік көбінесе күтілетін өнім көлемін есептеуге байланысты болады. Активтің өнімділігі әртүрлі кезеңдерде елеулі түрде өзгеріп отырса, бұл әдіс шығыстар мен кірістердің сәйкестігін барынша жақсы қамтамасыз етеді.
3) Қалдық құнының кемуі, бұл
жағдайда амортизацияның
4) Кумулятивтік бұл жағдайда амортизацияның жылдық сомасы амортизацияланатын құн және кумулятивтік коэффициент жасау ретінде анықталады. Бұл ғылыми техникалық прогреске байланысты (компьютерлер, байланыс және телекоммуникация құралдары және т.б.) моральдық тұрғыдан тез ескіруді сипаттайтын активтер үшін неғұрлым қолайлы әдіс.
Негізгі құралдардың әр түріне түрлі әдістерді қолдануға болады. Әдіс экономикалық пайда алудың болжамды схемасы негізінде таңдалады және егер активті пайдаланудан экономикалық пайда алудың бұл болжамды сызбасы өзгермейтін болса, кезеңнен кезеңге жүйелі түрде қолданылады.