Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.

Работа содержит 1 файл

диплом «Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі» .doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектің техникамен қаруландыру деңгейіне байланысты болады.

Бұл негізде «Әділ» ЖШС кәсіпорынының негізгі қорларына талдау жасалды.

«Әділ» ЖШС-нің негізгі қорларына дайын өнімді өндіруге немесе жеткізуге пайдаланылатын, басқа ұйымдарға немесе әкімшілік мақсатта белгілі бір кезеңге (бір жылдан жоғары) арендаға беруге қолданылатын материалдық активтер жатады.

«Әділ» ЖШС-нің мақсатты бағытталған және орындайтын қызметіне байланысты негізгі қорлары келесі топтарға бөлінеді: жер; ғимараттар менқұрылыстар; машиналар мен жабдықтар, табыстау қондырғылары; транспорт құралдары; басқа да негізгі құралдар; аяқталмаған құрылыс;

Негізгі қорлардың қозғалыс көрсеткіштерін талдау мақсатында негізгі  қорлардың жыл соңындағы жағдайы  бойынша құрылымына талдау жасау  нәтижесінде «Әділ» ЖШС-нің негізгі қорларының ішінде басым бөлігін машиналар мен жабдықтар иеленді. Бұл машиналар мен жабдықтар «Әділ» ЖШС-нің тасшақпа өндірісінің басты негізгі құралдары болып табылады дегенді білдіреді. Машиналар мен жабдықтар 2008 жыл бойынша «Әділ» ЖШС-нің негізгі қорлары құрылымының 91%-ын құрап, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 17%-ға өскен болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 2%-ға төмендеді. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда кәсіпорынның негізгі қорларының техникалық жағдайы оларды осы жылы неғұрлым интенсивті жаңартуы есебінен 38%-ға артқанын көрсетті. Ал, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда жаңару деңгейі осы жылы негізгі құралдардың аз қамтылуына байланысты 65%-ға төмендеген.

Талдау нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда қор рентабельділігі көп өзгеріссіз, 2%-ға ғана өскен болса, 2009 жылы қор рентабельділігі 94,5% құрап, алдынғы 2008 жылмен салыстырғанда едәуір 62,3%-ға өскен.

Бұл есептің негізінде  НӨҚ рентабельділік деңгейін арттырудың пайдаланылмаған резервтерін белгілеуге болады. Қорлардың активті бөлігінің үлесін арттыру, оның мақсатты күндік және ішкі ауысымдық бос тұрып қалуын қысқарту, ауысымдық коэффициентті базалық деңгейге дейін көтеру кәсіпорынның негізгі қорларының рентабельділігін 136,29% (8,3+27,35+64,50+36,14) арттыруға мүмкіндігі бар.

Бұл жоғарыдағы есептелген көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама экономикалық тиімділік  көрсеткіштері болып табылады.

Келесі топ көрсеткіштері  негізгі қорларды пайдаланудың жеке технико-эксплуатациялық (аналитикалық) тиімділік көрсеткіштері деп аталады.

Өндіріс қуаттылығы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда едәуір артқанына байланысты өндіріс қуаттылығын пайдалану коэффициенті де 0,39тг-ге артты.

Жабдықтардың интенсивтілігі мен экстенсивтілігін талдау нәтижесінде  өнім шығарылымы жабдықтар санының және 1машино-сағаттағы өнім шығарудың артуы есебінен өскенін көрсетті. Жабдықтардың мақсатты күндік және ішкі ауысымдық тұрып қалуының артуы және ауысымдық коэффициенттің төмендеуі өнім шығарылымын 93630007,86тг-ге (19889969,89+26519959,84+47220078,13) немесе 27,78%-ға азайтты.Олай болса бұл кәсіпорын жабдықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен өнім шығаруды арттыруға толық мүмкіндігі бар деп айтуға болады.

Амортизациялық аударымдарды сомасын талдау нәтижесінде амортизациялық аударымдар мөлшері 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 82,96%-ға өскен болса, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 86,4%-ға өскен.

«Әділ» ЖШС-нің көп мәселелері шешілген, айтарлықтай маңызды мәселесі жоқ, қарқынды дамып келе жатқан, болашағы бар кәсіпорын болса да оның негізгі қорларына талдау жасау нәтижесінде келесідей кішігірім мәселелер туындады. Олар: тозу және жарамдылық коэффициенттерінің төмендеуі, мақсатты күндік және ішкі ауысымдық бос тұрып қалу, ауысымдық коэффициенттің төмендеуі т.с.с. Бұл мәселелерді шешу үшін және негізгі қорлардың тозу шығынын азайту үшін оларды тиімді пайдалану негізінде қор қайтарымдылығы, ауысымдылық коэффициент, жабдықтау жүктемесінің коэффициентін арттыру жолымен қол жеткізуге болады, яғни кәсіпорын құрал-жабдықтарын тиімді басқару жолымен. Алайда моральдық және сапалық жағынан тозған негізгі өндіріс қорларының мәселесін шешудің және кәсіпорынның жаңа талапқа сай сапалы өнім шығаруының, осының негізінде кәсіпорын табыстылығын арттыру, кәсіпорынды жаңа нарыққа сай дамытудың, жетілдірудің бірден-бір жолы жаңа талапқа сай құрал-жабдықтар, техника және технологияны игеру болып табылады. Ол үшін кәсіпорынға инвестиция тарту негізінде қол жеткізуге болады.

Осы мақсатта 2009 жыл бойынша тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 4 037 856 АҚШ долларын құрады. Одан амортизациялық аударымдарды есепке алғандағы күтілетін жалпы жылдық табыс 1 206 766,25 АҚШ долларын құрайды деп жоспарланып отыр. Кәсіпорында жүзеге асырылып жатқан қорларды тиімді пайдалану мәселелерін шешу және  жетілдіруге бағытталған жолдарға қоса «Әділ» ЖШС-нің негізгі қорларын тиімді басқаруға бағытталған тағы келесідей жолдарды ұсынуға болады:

- экономикалық мақсатты  бағытталған жағдайда кәсіпорын  жұмысының ауысымдылық коэффициентін  арттыру;

- өндіріс процесіне  жіберілетін шикізаттар мен материалдардың дайындалу сапасын арттыру;

- өндірісті механизациялау  және аутоматтандыру деңгейін  арттыру;

- қажет жерлерге экономикалық  мақсатты бағытталған жөндеу  жұмыстарын шоғырландырумен қамтамасыз  ету;

- өндірістің концентрация, мамандандыру және құрамдастыру деңгейін арттыру;

- аз қалдықты және  қалдықсыз, энергия және жылу  үнемдеуші жаңа техника мен  прогрессивті технологияны енгізу;

- жұмыс уақытын жоғалту  және машиналар мен жабдықтар  жұмысының тұрып қалуын қысқарту  мақсатында өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру;

- негізгі өндіріс қорларын  ғылыми-техникалық жетілдіру шараларын  қарастыру.

«Әділ» ЖШС Орталық Қазақстандағы құрылыс материалдар нарығында басым жағдайды иеленуші тұрақты, орнықты кәсіпорын болып табылады. Қоғамның ерекше сипаттары кәсіпорынның жоғары маманданған персоналдары, маманданған маркетингтік саясаты, халықаралық стандарт талаптарына сай жоғары сапалы өнімдері, жоғары технологиялық жабдықтары, Қазақстан Республикасының жетекші банктерімен ынтымақтастығы болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1.     Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Білім баспасы 1998 ж.
  2. Мейрбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә Кәсіпорын экономикасы. – Алматы, 2003 ж
  3. Зауре Болатханова Әлеуметтік-экономикалық статистика. – Алматы, 2003
  4. Толпаков Ж.С Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі. – Қарағанды, 1999ж.
  5. Маркс К. Капитал. - М: 1967г.
  6. Вахрин П.И Финансовый анализ в коммерческих и некоммерческих организациях: Учеб. Пособие для студентов вузов. - М: 2001г.
  7. Прыкина Л.В Экономический анализ предприятия. - М: 2002г.
  8. Сивкова А.И Практикум по анализу финансово-хозяйственной деятельность. - Феникс: 2001г.
  9. Романенко И.В Экономика предприятия. - М: 2002г.
  10. Паламарчук А.С Экономика предприятия. - М: 2001г.
  11. Бюлетень бухгалтера 2004 мамыр №20, 2004 маусым №25
  12. Экономика предприятия Учебник под ред. Сафранов Н.А - М:2000г.
  13. Бюлетень бухгалтера 2004 тамыз №35
  14. Экономика предприятия Учебник под ред. Пелих А.С - Феникс 2002г.
  15. «Әділ» ЖШС-нің жарғысы.
  16. «Әділ» ЖШС-нің өндірістік бағдарламасы.
  17. «Әділ» ЖШС-нің 2006 – 2009 жылдар аралығындағы бухгалтерлік балансы.
  18. Савицкая Г.В Анализ хозяйственной деятельность предприятия: Учеб. Пособие для студентов вузов. - М: 2004г.
  19. Макий М.С Экономика предприятия: Учебник. - М: 2002г.
  20. Экономика предприятия: Учебник под ред. Волкова О.И. - М: 2002г.
  21. Каренов Р.С. Қазақстан экономикасының дамуының нарыққа көшу мәселелері. - Қарағанды 2004ж.
  22. Набиев Е. Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Астана, 2001ж.
  23. «Шетелдік инвестициялар туралы» ҚР Заңы, 27 желтоқсан 1994.
  24. Оганесян А Экономика предприятия: комплект лекций. - М: 2001г.
  25. Экономика, организация и планирование промышленного производства: под ред. Н.А Лисицына. - Минск 2000г.
  26. Интернет ақпарат құралдары мәліметтері.


 


Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі