Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.

Работа содержит 1 файл

диплом «Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі» .doc

— 622.50 Кб (Скачать)

3 141 180 АҚШ доллары (дайын өнімді өткізу) * 14% (пайдалылық) = 439 765,2 АҚШ доллары (таза жылдық табыс).

439 765,2 АҚШ доллары + 475 929,15 АҚШ доллары (15% амортизация) = 915 694,35 АҚШ доллары.

Ендеше күтілетін таза жылдық табыс – 915 694,35 АҚШ долларын құрайды. Өтелімділік мерзімі (жабдыққа кеткен шығындардың) – 4 жыл.

2) «Әділ» ЖШС-нің Қарабастық өндірісінің дайын өнімінің көлемін арттыру, жаңа өнім шығару үшін сұрыптауыш қамтуда.

Оның жалпы сомасы - 164 760 АҚШ долларын құрайды.

Сұрыптауыштың өнімділікті  – сағатына 40 тонна жеткізуге  мүмкіндік береді. Өнім келесідей  фракцияда өндірілетін болады: 0-0.16, 0, 16-1, 1-3.

Оның қаншалықты табыс  әкелетінін есептесек: 40 тонна (өнімділігі) * 16 сағат * 24 күн * 6 ай = 92 160 тонна (жылына шығарылатын дайын өнім).

150 теңге (дайын өнімнің  1 тоннасына) * 92 160 тонна = 13 824 000 теңге = (АҚШ долларының 1 курсы – 130 теңге) 106 338,5 АҚШ доллары (жылдық өткізілім).

50 теңге (дайын өнімнің  1 тоннасына шығындар) * 92 160 тонна (жылына шығарылатын дайын өнім) = 4 608 000 теңге = (АҚШ долларының 1 курсы – 130 теңге) 35 446,2 АҚШ доллары (1 жылға шығын).

106 338,5 АҚШ доллары (жылдық өткізілім) – 35 446,2 АҚШ доллары (жылдық шығын) = 70 892,3 АҚШ доллары (амортизацияны есептегендегі жылдық табыс). Яғни, күтілетін таза жылдық табыс – 70 892,3 АҚШ долларын құрайды. Өтелімділік мерзімі – 2,5 жыл.

3) Қарабас өндірісіне  бұрғылаушы станоктар қамту. 

Оның жалпы сомасы: 700 235 АҚШ доллар құрайды. Бұл жабдық Қарабас өндірісіндегі тау массасы көлемін арттырады. Жарылыстар санын, жоспарлы және жоспарлы емес жөндеулерді, техникалық дайындықты есепке алғанда жұмыс уақыты балансы 200 күнге төмендететін болады.

Қаншалықты табыс әкелетінін есептейтін болсақ: Ауысымына 40 п.м * 3 ауысым * 200 күн = 24 000 п.м жылына (өнімділігі).

24 000 п. м * 42 м3 / п.м = 1 008 000м3 (тау массасының жылдық өнімділігі).  1 008 000 м3 * 99 теңге (1 м3 –қа төлем) = 99 792 000 теңге (бұрғылау жұмысына төлем) = (АҚШ долларының 1 курсы – 130теңге) 767 630,8 АҚШ доллары. 767 630,8 АҚШ доллары * 15% (пайдалылық) = 115 144,6 АҚШ доллары (таза жылдық табыс).

115 144,6 АҚШ доллары (бір жылға табыс) + 105 035 АҚШ доллары (15% амортизация) = 220 179,6 АҚШ доллары (таза жылдық табыс).  Ендеше күтілетін таза жылдық табыс: 220 179,6 АҚШ долларын құрайды. Өтелімділік мерзімі – 3,5 жыл.

Жалпы қорытындылап айтқанда кәсіпорында туындаған негізгі  қорлар мәселелерін шешу және кәсіпорынның табысын арттыру үшін өндіріс көлемін арттыру мақсатында 2009 жыл бойынша тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 4 037 856 АҚШ долларын құрайды. Одан амортизациялық аударымдарды есепке алғандағы күтілетін жалпы жылдық табыс 1 206 766,25 АҚШ долларын құрайды. Өтелімділіктің жалпы мерзімі 5 жыл. Яғни осы инвестицияны тарту нәтижесінде кәсіпорынның табысы едәуір артады және оның негізінде жаңа жабдықтарды игеру кәсіпорын үшін өте маңызды және өте пайдалы деп айтуға болады.

 

 

3.2 Негізгі  қорларды басқаруды жетілдіру  кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыру элементі ретінде

 

 

 Қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорын үшін негізгі қорларды басқаруды жетілдіру өте маңызды. Өйткені кәсіпорындағы негізгі қорларды оңтайлы түрде басқару негізінде кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайдалану жолдарын жетілдірмейінше, көп мөлшерде сапалы өнім алуға және оның негізінде кәсіпорын табысын арттырып, ары қарай болашақ дамуға қол жеткізу мүмкін емес деп айтуға болады.

Сонымен қатар кәсіпорындағы  негізгі қорларды басқарудың тиімділігін  арттыру төмендегідей кәсіпорынның тиімділігін арттырудың маңызды факторларымен де тығыз байланысты:

1) Ғылыми-техникалық прогресс. Ғылыми-техникалық прогресстің маңызды  факторлары:

- прогрессивті технологияны  жете игеру;

- өндірісті аутоматтандыру;

- жаңа ресурстар мен  материалдардың түрлерін құру және пайдалану.  ҒТП ;

- бұл өндіруші күштердің  материалдық – заттық элементтерінің  үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін  ғылыми білімнің жиналуының объективті  процестері, өндірісті ұйымдастыру  және оның тиімділігін арттыру  формалары мен әдістерінің ғылыми, білімдік объективті процестері.

ҒТП маңызды бағыттары (елдің эко-қ болашақ дамуын анықтайтын): Элекронды - есептеуіш және ақпарат  құралдарын еңгізу; Икемді автоматтандырылған өндірісті қосқанда, кешенді автоматтандыру; ресуртың және энерго сақтаушы технологияға көшу; жаңа конструкторлық материалдар және энергия көздерін енгізу; биотехнология бойынша б.т. Бұл берілген бағыттар өнеркәсіп өндірісін электрификация механизация және автомотозация, химизация арқылы жүзеге асырылады.

Интенсификациялау маңызды материалдық алдын-ала жолдауы құрал-жабдықтарды модернизациялау б.т. Құрал-жабдықтарды модернизациялау - әрекет етуші құрал-жабдықтар конструкциясына оның технико –эко-қ сипаттамасын жақсартуға мүмкіндік беретін өзгеріс еңгізу б.т.

Технологиялық процестерді дамытудың негізгі бағыттары: электрофизикалық және электрохимилық процестерді, гидро газдың және еңбек шикізат, жылу және қоршаған ортаны қорғауды үнемдеуді қамтамасыз ететін келешекті аз операциялық технологияны дамыту б.т.

2) Экономика құрылымын дамыту. Бұл яғни кәсіпорынды ғылыми-техникалық прогресспен қамтамасыз ету, әлеуметтік міндеттемелерді табысты орындау, инвестиция саясатын жетілдіру т.б.

3) Басқарушылық ұйымдық-экономикалық  факторлар. Мұнда басқарудың, жоспарлаудың  өз формалары мен әдістерін дамыту, барлық шаруашылық механизмдерді экономикалық ынталандыру қажет.

Басқаша айтқанда өндірістегі  басқаруға әсер ететін кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттырудың бағыттары мен маңызды факторлары ғылыми-техникалық прогресс, үнемдеу ережелері, негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату, экономика құрылымдарын дамыту, жетілдіру, икемді экономикалық саясат құру және т.б болып табылады.

Осының негізінде кәсіпорындағы  негізгі құралдарды тиімді пайдалануды  жетілдіруге келесідей жолдармен қол жеткізуге болады:

- кәсіпорынды артық  құрал-жабдықтардан, машиналардан және  басқа да негізгі құралдардан  немесе арендаға беруден босату; Осы негізде «Әділ» ЖШС-нің бос тұрған ауданы 200х200 квадрат метр жерге қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында құрылыс материалдарын тұтыну жоғарлауына байланысты жылына 20 млн. керпіш өндіруші зауыт тұрғызуды жоспарлап отыр. 

- өз уақытында яғни  уақытын өткізбей және сапалы  түрде жоспарлы-алдын ала ескертушілік  және капиталдық жөндеу жұмыстарын жүргізу;  «Әділ» ЖШС-нің бұл мәселені шешу үшін үнемі маманды мердігерлер қызметкерлерін шақыру негізінде негізгі құралдарға жыл сайын капиталдық және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады. - жоғары сапалы негізгі құралдарды игеру; Бұл мақсатта соңғы екі жыл «Әділ» ЖШС-нің мамандармен бірге мердігерлер тарту негізінде қайта құру және ұсақтау-сұрыптаушы құрылғыны тұрғызу бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Беларус пен Ресейден тасшақпа өндірісінің сапасын жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік беретін, сағатына 250 тонна өнім өндіретін жаңа технологияға сай екі ұсақтауыш құрылғы игерілді.

- қызмет етуші персоналдардың  мамандану деңгейін арттыру; Бұл  үшін «Әділ» ЖШС-нің кәсіпорынында қызметкерлерді жұмысқа дайындауға байланысты курстарға жібереді және кәсіпорынның мамандары Ресей, Түркия, Австралия, Швеция, Дания елдеріндегі осындай сала өндірістерінде болып, біздің елдің тасшақпа өндірісі дамыстан көп қалып қойғанын көріп, сол жақтан жинап келген тәжрибелерін осы кәсіпорынды модернизациялауға, жабдықтарды жаңартуға, олардың негізінде өнім сапасын жақсартуға бағыттауда.

- шамадан тыс моральдық  және физикалық тозуға жол  бермеу мақсатында негізгі құралдарды (әсіресе активті бөлігін) өз  уақытында жаңартып отыру; Бұған  байланысты «Әділ» ЖШС-нің 2011 жылға   өнім көлемін арттыру мақсатында негізгі өндіріс қорларының активті бөлігі болып табылатын ұсақтау-сұрыптауыш қондырғының бөлшектерін жаңартуға және жаңа жабдықтар игеруге бағытталған инвестиция тартуда.

Осы жоғарыдағы аталған  негізгі қорларды тиімді пайдалануды жетілдіруге бағытталған жолдарға қоса «Әділ» АҚ-ның негізгі қорларын тиімді басқаруға бағытталған тағы келесідей жолдарды ұсынуға болады:

- экономикалық мақсатты  бағытталған жағдайда кәсіпорын  жұмысының ауысымдылық коэффициентін  арттыру;

- өндіріс процесіне жіберілетін шикізаттар мен материалдардың дайындалу сапасын арттыру;

- өндірісті механизациялау  және аутоматтандыру деңгейін  арттыру; Техника (машиналар, механизмдер, өндірісті басқарудағы автоматтандырылған жүйелер) өндірісті автоматтандыруға және механикаландыруға мүмкіндік береді. Механизациялау мен автоматизациялаудың 2 түрі белгілі: кешенді және жеке.

Жеке механикаландыру  – жеке өндіріс үдерістеріндігі  ең алдымен негізгі қол еңбегін  машиналарға ауыстырумен сипатталатын механизациялаудың бастапқы формасы. Өндірісті кешенді механизациялау кезінде қол еңбегі болмайды. Жекелей автоматтандыру кезінде операциялар мен өндіріс үдерістері  автоматты машиналармен, механизмдермен, жабдықтармен адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады. Бұл еңбек құралдары автоматтандырылмаған машиналар арасында өзара байланысты құрмай-ақ жұмыс істейді.

- қажет жерлерге экономикалық  мақсатты бағытталған жөндеу  жұмыстарын шоғырландырумен қамтамасыз  ету;

- өндірістің концентрация, мамандандыру және құрамдастыру  деңгейін арттыру; Концентрация – бұл өнім көлемін өсіру немесе кәсіпорында қызмет көрсетуге бағытталған процесс. Ол әртүрлі формалардың негізінде дамуы мүмкін:

- біртектес өнім көлемінің  өсуі ( мамандандырылған кәсіпорындар)

- әртекті өнім көлемінің  өсуі ( әмбебаб кәсіпорындар ).

- өндірістің диверсификациясы  негізінде концентрациясының дамуы  ( ең күрделі форма, себебі концентрация  жоғарыда айтылған форма негізінде  және де кәсіпорынның кең ауқымды  қызметінің есебінен болуы мүмкін).

Концентрацияға жету жолдары:

- машина және жабдықтар санының өсуі.

- қуаттылығы жоғары  машиналарды пайдалану.

- бір - бірімен байланысты  өндірістердің комбинациялануының  дамуы.

 Өндірісті ұйымдастыру  – жалпы кәсіпкерлік қызмет пен өндірістік үдерістерді тиімді қолдану мақсатында, еңбек құралдарын уақыт және кеңістік бойынша қолданылуы мен қосылуын қамтамасыз ететін тәсілдердің жиынтығы. Өндірістің сипаты мен құрылымы шығарылатын өнімнің ерекшелігінен, өндіріс типінен, қолданылатын еңбек құралдарына және технологиялық үдерістерге байланысты болады. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс келесі негізгі принциптерден тұрады: мамандану, пропорционалдық, параллельдік, үзіліссіздік, ритмділік және дәлділік.

Өндірістің мамандануы – сұранысы жоғары өнімнің технологиялық  және конструктивті шығарылуына  шоғырлану. Конструктивті және технологиялық сәйкестік унификациялау арқылы құрылады.

Пропорционалдық - өндірістің барлық бөлімінің өндірістік қуаттарының байланысы. Ол өнімді қажет мөлшерде, номенклатурада, ассортиментте және белгіленген мерзім кешенінде шығаруға мүмкіндік береді.

Параллельділік - өндірістік үдерістің бір уақытта операциялармен стадиялардың орындалуы. Бұл принцип  соңғы өнімді дайындау бойынша кең  жұмысты құруға мүмкіндік береді.

Үзіліссіздік – операциялар  мен ішкі операциялар, кезектер мен  ішкі кезектер арасында бір операциядан кейін екінші операция үзіліссіз уақыт бойынша ұйымдастырылған өндіріс.

Дәлділік - өндірістік үдерісінде өнімді тиімді орындауды ұйымдастыру. Ол бұйымның бір кезеңнен екінші қысқа  қозғалыс жолын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылған принциптерді орындау негізінде құрылған өндірістік үдеріс тиімді болып саналады. Еркін бәсекелестік жағдайда кәсіпорынмен өндірілген өнім кәсіпорындармен автоматты түрде реттеледі. Оған нарықтық баға қалыптасу заңдары әсер етеді. Ал кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табыс алу болып табылады.

- аз қалдықты және  қалдықсыз, энергия және жылу  үнемдеуші жаңа техника мен  прогрессивті технологияны енгізу;

- жұмыс уақытын жоғалту  және машиналар мен жабдықтар  жұмысының тұрып қалуын қысқарту  мақсатында өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру;

- негізгі өндіріс қорларын  ғылыми-техникалық жетілдіру шараларын  қарастыру.

Негізінен жоғарыдағы аталған  негізгі қорларды тиімді басқару  жолдарын жүзеге асруы нәтижесінде  қазіргі уақытта «Әділ» ЖШС Орталық Қазақстандағы құрылыс материалдар нарығында басым жағдайды иеленуші тұрақты, орнықты кәсіпорын болып табылады. Қоғамның ерекше сипаттары кәсіпорынның жоғары маманданған персоналдары, маманданған маркетингтік саясаты, халықаралық стандарт талаптарына сай жоғары сапалы өнімдері, жоғары технологиялық жабдықтары, Қазақстан Республикасының жетекші банктерімен ынтымақтастығы болып табылады. Қазіргі кәсіпорынның басты мақсаты өнім сапасын дүние жүзілік талапқа жеткізу негізінде халықаралық нарыққа шығу және өсіп келе жатқан тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бұл кәсіпорынның болашағына толық кепілдік берілген деп қорытындылауға болады.

 

Қорытынды

 

 

Дипломдық жұмыстың қорыта келе келесідей маңызды жерлеріне  тоқтала кету қажет. Кәсіпорынның негізгі  қорларының заттық мазмұны – еңбек құралдары. Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі