Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа
Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.
ЖЭБ бөлімі келесі міндеттерді шешеді: «Әділ» ЖШС сапа саласындағы мақсаттары мен саясатын жүзеге асыру; кәсіпорынның барлық қызмет түрлерін қаржылық-экономикалық талдау; кәсіпорын жұмысының негізгі көрсеткіштерінің динамикасын талдау; қаржылық, материалдық, еңбектік ресурстарды қоса алғанда, кәсіпорын қызметін ресурстармен қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу; кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету және рентабельділікті өсіру бойынша шараларды әзірлеу; кәсіпорын қызметін жоспарлау; «Әділ» ЖШС қызметін жақсарту бойынша жоспарларды іске асыруда қатысу.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің ішінен техникалық бөлімді бөліп көрсетуге болады.
Техникалық бөлімнің міндеттері мынадай: іргелі құрылыс және жөндеу жұмыстарына тапсырыс берушілермен келісімді дайындау, ресімдеу және жасасу; тендерлік құжатты дайындау, ресімдеу және беру; тендерларда қатысу; тендерлік комиссия мен субмердігерлермен бірігіп, жұмыс құнын есептеуді талдау және түзету; тапсырыс берушілер мен субмердігерлер тарапынан келісім міндеттерін орындауды бақылау; жобалық-сметалық құжаттарды талдау және бағалау, толықтық және әрекет етіп жатқан нормалар талаптарына сәйкестігіне қарап, олардың сапасы бойынша қорытынды жасау; мердігерлер үшін жаңа өндіріс құрылысының өндірістік жоспарын нақтылау; жоспарлы міндеттерді орындау бөлігінде (мерзімі, сапасы, ресурстары бойынша) және есеп беруді уақытында тапсыру бөлігінде мердігерлердің жұмысын бақылау; жұмыстың аяқталуы туралы анықтама және жобаны жүзеге асыру бойынша бағаны тапсырыс берушіден алу.
Кәсіпорынның негізгі өндірісі тасшақпа өндіру болып табылады. Тасшақпаны өндірісін басқару мақсатында «Әділ» ЖШС төмендегідей тәртіп (процедура) әзірленген. Бұл тәртіптегі талаптар «Әділ» ЖШС өндірістік бөлімшелерде қолданылады. Осы тәртіп бойынша барлық жұмыстарды ауысым басшысы бақылайды [16].
Бұл тәртіп төмендегідей нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып әзірленген: ХС (халықаралық стандарт), ИСО (стандартизация бойынша халықаралық ұйым) 9000:2000 – Сапа менеджмент жүйесі.
Жоспарлау. Тасшақпа өндірісі үшін негізгі жоспарлық құжаттар болып бір жыл мерзімге әзірленетін «Тасшақпаны өткізу бойынша жоспар» болып табылады. Бұл жоспарды жасауға Өндіріс бөлімі жауап береді. Тасшақпаны өткізу жоспарын әзірлеуде келесілер есепке алынады: «Әділ» ЖШС өнімдеріне сұраныс, Ұсақтау-сұрыптаушы фабрика (ҰСФ) және басқа да қолданылатын жабдықтар, фракциялық құрамы, Ұсақтау-сұрыптаушы фабрика өндірісінің технологиясы, бас тартуы мүмкін жабдықтар мен олардың тозу деңгейі, ауысымдар саны.
Өткізу көлемі айлық және жарты жылдық бойынша бөлініп жоспарланады. Тасшақпаны өткізу бойынша жоспарлар әрбір өндірістік бөлімшелерде (карьерлерде) жеке-жеке әзірленген болуы тиіс. Тасшақпаны өткізу бойынша жасалған жоспарлар алдын-ала Бас инженермен және экономика бойынша Вице-президентпен келісіледі. Бұл келісілген жоспарды кәсіпорын Президенті бекітеді. Бекітілгеннен кейін жоспар еселеніп барлық қажетті бөлімдерге атап айтқанда өндірістік бөлімшелерге таратылып беріледі.
Жарылған тау массасын Ұсақтау-сұрыптаушы фабрикаға тасымалдау. Жарылған тау массасын тасымалдаудан бұрын зерттеу жасалады және жолдарды дайындау жұмыстары жүріледі. Бульдозердің көмегімен тау жыныстарының қалдықтары тазаланып, тегістеледі. Жолды дайындау жұмыстарына байланысты жауапкершілік ауысым (смена) басшысына жүктеледі.
Жарылған массаларды жарған жерден ҰСФ-ға тасымалдау үшін осындай жұмыс түріне мамандандырылған субмердігерлер тартылады. Субмердігерлерді таңдап алу КАРНЕРУД процедурасына сәйкес келесідей критерилер негізінде жүзеге асады:
- жұмысқа сай автотранспорттың
болуы (жүк көтеру мүмкіндігі
және техникалық жағдайы
- осы жұмыс бойынша алдын-ала тәжрибесінің болуы;
Автомашиналар сынып қалған кездерде немесе фабрика тоқтап қалған кездерде тиелген жарылған массалар алдын-ала дайындалып қойған жерлерге тасымалданады. Бұндай жерлер жарылған тау массасын қайталап тиеуге мүмкіндік береді.
ҰСФ-дағы жұмыс. Әрбір ауысым басталар алдында ҰСФ-ң қызмет көрсетуіне байланысты шаралар жүріледі. Қызмет көрсету кезінде жөндеушілер бригадасы:
- ҰСФ-ның барлық тораптары
мен агрегаттарына тексеру
- кейбір сай келмеушіліктерді
өз күштерімен қалпына
- ҰСФ-ның жұмысқа дайындылығын анықтайды.
ҰСФ-ның қызмет көрсетуіне байланысты жалпы жетекшілікті механиктер мен энергетиктер атқарады. Ауысым басшысы қажетті ресурстармен қанымдайды, атап айтқанда: жарылған массаларды тасымалдау үшін автотранспорттарды және ҰСФ персоналдарын дайындайды.
Ауысым басшысы ҰСФ-ны жұмысқа қосуға шешім қабылдаған кезде өнім сапасына әсер ететін болғандықтан ауа райын да ескеруге тиіс.Барлық зерттеулер нәтижесі қолайлы болған жағдайда ауысым басшысы ҰСФ-ны жұмысқа қосуға шешім қабылдайды.
ҰСФ-да тасшақпа өндірісінің технологиясы бойынша тау массасы келесідей этаптардан өтеді:
- щектік ұсақтауыштан ірі ұсақтау;
- конустық ұсақтауыштан майда ұсақтау;
- «грохоттар» арқылы фракцияларға бөлу;
- ірі фракцияларды қайта ұсақтауға беру;
- сыртқа тепкіш ұсақтауышпен
(центробежной дробилкадан)
Ұсақтау агрегаттары мен фракцияға бөлу аралығында материалдар ленталық транспортерлер арқылы беріледі.
Фракцияға бөлінген дайын тасшақпа ашық қоймаға жиналады.
Егер тұтынушыларға
жеткізбес бұрын өнімнің
Егер тұтынушы өнімді алғаннан кейін одан бас тартса, онда ол өзінің кінарат-талабын (претенциясын) жазбаша түрде беруі тиіс. Бұл кінарат-талап «Әділ 2006-НС» процедурасына сай қаралады. Бас тартылған өнімге төмендегідей шешімдер қабылдауы мүмкін:
- өнімді басқа тұтынушыға өткізу;
- бағасын төмендету;
- жеткізу бойынша кінарат-
ҰСФ құрылысы және қайта құру. ҰСФ-ның құрылысы немесе оны қайта құру қажеттілігі төмендегі жағдайларда болады:
- ҰСФ жабдықтарының
моральды және физикалық тозуы;
- Кәсіпорын қызметін кеңейту;
- тасшақпа өндірісі технологиясын жақсарту;
ҰСФ-ны салу немесе қайта құру туралы ұсыныс өндіріс бөлімі және өндіріс бөлімшелерінен келіп түседі.
Кәсіпорын жетекшісі ҰСФ-ны салу және қайта құру қажеттілігі және мүмкіндіктеріне талдау жасауды өндірістік бөлімге тапсырады:
- жаңа жобаның технологияны
қосқанда негізгі
- құрылыс жұмысын жүргізетін бөлімшені таңдау;
- қажет жағдайда карьерлердің
орналасқан орнына геологиялық
және радиациялық зерттеулер
жүргізу, сонымен қатар тау
жыныстарындағы қорды (
- жаңа жобаның құқықтық аспектлерін зерттеу;
- ҰСФ-ны құрылысы немесе қайта құрудың сметалық құнын алдын-ала есептеу.
Соның нәтижесінде кәсіпорын жетекшілері ҰСФ-ны салуға немесе қайта құруға шешім қабылдайды. Жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін ҰСФ-ны іске қосу арнайы комиссия мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
«Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі өндіретін өнімі тасшақпа болып табылады. Тасшақпаға жыл сайын сұраныс артқан сайын оны өндіру көлемі де жыл сайын артып келеді. Осының негізінде жыл сайын кәсіпорынның да табысы көңіл толтырар деңгейде артып келеді. Оны төмендегі тасшақпа өндіріс көлемі көрсетілген кестеден байқауға болады (кесте 1).
1-кесте
«Әділ 2006-НС» ЖШС-нің 2007-2009 жж. өндіріс көлемі
Өнім атауы |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. |
Өндірілген тасшақпа, м3 |
615,2 |
844,2 |
981,2 |
Өткізілген тасшақпа, м3 |
572,2 |
801,6 |
958,2 |
Өткізілген тасшақпа, тг |
418048371,0 |
717207813,0 |
918200000,0 |
2008ж. өткізілген тасшақпа көлемі 2007ж. салыстырғанда 21,6%-ға, 2009ж. 2008ж. салыстырғанда 16,4%-ға дейін артқан.
«Әділ» ЖШС Орталық Қазақстандағы құрылыс материалдар нарығында басым жағдайды иеленуші тұрақты, орнықты кәсіпорын болып табылады. Қоғамның ерекше сипаттары кәсіпорынның жоғары маманданған персоналдары, маманданған маркетингтік саясаты, халықаралық стандарт талаптарына сай жоғары сапалы өнімдері, жоғары технологиялық жабдықтары, Қазақстан Республикасының жетекші банктерімен ынтымақтастығы болып табылады.
2.2 «Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі қорларының қозғалыс көрсеткіштерін талдау
«Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі қорларына дайын өнімді өндіруге немесе жеткізуге пайдаланылатын, басқа ұйымдарға немесе әкімшілік мақсатта белгілі бір кезеңге (бір жылдан жоғары) жалға беруге қолданылатын материалдық активтер жатады.
«Әділ 2006-НС» ЖШС мақсатты бағытталған және орындайтын қызметіне байланысты негізгі қорлары келесі топтарға бөлінеді: жер; ғимараттар мен құрылыстар; машиналар мен жабдықтар, табыстау қондырғылары; көлік құралдары; басқа да негізгі құралдар; аяқталмаған құрылыс. «Әділ» ЖШС негізгі қорларының қозғалыс және тиімділік көрсеткіштерін анықтауға қажетті мәліміттер төмендегі кестеде көрсетілген [17,1].
Негізгі қорлардың қозғалыс көрсеткіштерін талдауда алдымен кәсіпорынның негізгі қорларға салған капиталының көлемін, динамикасын, құрылымын бағалау қажет. Берілген тенденциялардың динамикалық өзгерісі өндірістік қорлардың озық деңгейін көрсетеді. Мұның негізінде «Әділ» ЖШС негізгі қорларының құрылымына жан-жақты талдау жасалып, үлесі анықталады. Сонымен қатар кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады және олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейін білдіреді.
Осы мақсатта негізгі қорлардың жыл соңындағы жағдайы бойынша құрылымына талдау жасалады (кесте 2).
2-кесте
2007 – 2009 жылдарға «Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі қорларының құрылымы
(мың.теңге)
Көрсеткіш-тер |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. | |||
сомасы |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
% | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Жер |
1513254 |
1,0 |
1788648 |
0,3 |
1788648 |
3 |
Ғимараттар мен құрылыстар |
25962834 |
7,1 |
34351612 |
5,9 |
33220964 |
5,5 |
Машиналар мен жабдықтар |
112114336 |
73,6 |
527598813 |
90,6 |
534631822 |
88,6 |
Көліктік құралдар |
- |
- |
7798417 |
1,3 |
7042980 |
1,2 |
Басқа да негізгі қорлар |
6343045 |
4,2 |
4457333 |
0,8 |
7948871 |
1,3 |
Аяқталма-ған өндіріс |
6187574 |
4,1 |
6574822 |
1,1 |
18704919 |
3,1 |
Барлығы |
152121043 |
100 |
582569645 |
100 |
603338204 |
100 |
Кестеде көрініп тұрғандай «Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі қорларының ішінде басым бөлігін машиналар мен жабдықтар иеленеді. Яғни олар 2009 жылы 534631822 соманы құрасы, 2008 жылы ол 527598813 құраған, ал 2007 жылы бұл көрсеткіштің 112114336 құрағанын көруге болады. Сонымен ең жоғарғы көрсеткіш 2008 жылы болғанын да байқауға болады, яғни ол 90,6 көлемінде. Екінші орынға ЖШСтің ғимараттарын қоюға болады, оның көлемі 2007 жылы 7,1 болса 2008 жылы 5,9, 2009 жылы 5,5 болғанын байқауға болады. Яғни кесте көрсеткіштерінен біз ғимараттар бойынша ең жоғары көрсеткіш 2007 жылы 7,1 көрсеткіш көлемінде болғанын байқаймыз. Бұл машиналар мен жабдықтар «Әділ» ЖШС тасшақпа өндірісінің басты негізгі құралдары болып табылады дегенді білдіреді. Осы кесте негізінде «Әділ» ЖШС соңғы үш жылғы көрсеткіштері бойынша негізгі қорларының құрылымы келесідей диаграммалар түрінде көрсетіледі.
1- сурет - «Әділ 2006-НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2009жылға негізгі қорларының құрлымы
2009 жыл бойынша «Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі қорларының ішінде машиналар мен жабдықтар едәуір бөлігін яғни, 74%-ды құраса, ғимараттар мен құрылыстар 17%-ды, ал қалғандары аз ғана үлесті 9%-ды ғана құрады.
Жұмысшыларды негізгі қорлармен қамтамасыз етудің сипаттамасы үшін қормен жарақтандырылуы мен техникалық жарақтандырылуы көрсеткіштері есептелінеді.
2 - сурет - «Әділ 2006-НС» ЖШС-нің 2009ж. негізгі қорларының құрлымы
2009 жыл бойынша «Әділ 2006-НС» ЖШС негізгі қорлары құрылымының 91%-ын машиналар мен жабдықтар құрап, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 17%-ға өскен болса, ал ғимараттар мен құрылыстар 6%-ды құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Қалған негізгі қорлар да 2008 жылмен салыстырғанда 6%-ға төмендеген.
3 - сурет «Әділ 2006-НС» ЖШС 2008жылға негізгі қорларының құрылымы
2008жылы «Әділ 2006-НС» ЖШС-нің негізгі қорлары өткен 2008 жылмен салыстырғанда көп өзгеріссіз, машиналар мен жабдықтар 2%-ға төмендесе, аяқталмаған өндіріс 2%-ға өскен.
«Әділ 2006-НС» ЖШС көп мәселелері шешілген, айтарлықтай маңызды мәселесі жоқ, қарқынды дамып келе жатқан, болашағы бар кәсіпорын болса да оның негізгі қорларына талдау жасау нәтижесінде келесідей кішігірім мәселелер туындады. Олар: тозу және жарамдылық коэффициенттерінің төмендеуі, мақсатты күндік және ішкі ауысымдық бос тұрып қалу, ауысымдық коэффициенттің төмендеуі т.с.с.
Бұл мәселелерді шешу
үшін және негізгі қорлардың тозу
шығынын азайту үшін оларды тиімді
пайдалану негізінде қор