Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 11:46, дипломная работа
Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.
Кіріспе
Ел Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына «Қазақстан-
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру және ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет. Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы мен оның мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.
Ал жастардың экономикалық білім негіздерін меңгеруі мыналардың мән-мағынасын түсінуге жәрдемдеседі:
-нарықты экономикада тұтынушы, онымен бірге өндіруші, жұмысшыларды жалдаушы және сол жұмысқа жалданушы қандай міндеттер атқарады.
- нарықты экономикада тұтынушы, сонымен бірге өндіруші, не өндіру керек, қалай өндіру керек, өндіргенді кім пайдаланатыны туралы кім және қандай шешім қабылдайды.
- экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі орны және бұл қатынастың тиімділігі.
- жұмыссыздықтардың пайда болуы мен түрлері, олардың инфляциямен байланысы, экономикалық өрлеудің проблемалары.
Экономикалық
білім негіздері- бұл адам өзі
үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп
жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты
экономика деп- экономикалық шешімді
орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің
шешімі қабылдайтын экономиканы айтады
Экономикалық білім негіздерін игеру нарықтық экономикадағы адамды қорғайтын құқықтарды біліп, оны игеру, сонымен бірге адам құқықтарының тиімді кепілдемесі, ал бұл өз кезегінде жекеменшік болып табылады. Адам абстракты түрде мүддесін қорғамай нақты адам тұтынушының мүддесін қорғау нарықты экономиканың объективті заңы болып табылады. Сондықтан жастардың экономикалық білімін игеруіне бұл жалпы халықтық бағдарлама, демократия мемлекет құқығы және игеру болып есептеледі.
Өндірістің экономикалық қатынастары 2 түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады.
Экономиканың тиімділігін
арттыру мемлекеттің осы
Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруда маңызды және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын кәсіпорынның негізгі қорларын талдау мен басқару атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды талап етеді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуының қатаң талдауы мен басқарудың объективті қажеттілігі туындайды. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы маңызды болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның негізгі қорларына жан-жақты талдау жасау және оларды тиімді пайдалануды басқару жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның негізгі
қорларын талдау және
- кәсіпорынның қызметіне қарай негізгі қорларының қозғалыс және тиімділік көрсеткіштеріне, сонымен қатар амортизациялық аударымдар көрсеткіштеріне талдау жасау;
- кәсіпорындағы негізгі
қорларды басқару мәселелерін
анықтау, оларды шешу жолдарын
қарастыру және негізгі
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Әділ 2006-НС» Акционерлік қоғамы, ал зерттеу пәні кәсіпорынның негізгі қорлары және оларды басқару жолдары.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 6 суреттен, 6 кестеден, 61 беттен және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел авторларының оқулықтары, оқу құралдары мен монографиялары, «Әділ 2006-НС» Акционерлік қоғамның бухгалтерлік балансы мен қаржылық-шаруашылық нәтижесі туралы есеп беру құжаттары қолданылды.
1 Кәсіпорының негізгі қорларының экономикалық маңызы мен мәні
1.1 Негізгі қорлардың түсінігі, олардың жіктелуі
Негізгі қорлар еңбек үдерісінде үлкен рөлді атқарады, сонымен бірге олар бірігіп өндірістік-техникалық базаны құрайды және кәсіпорынның өндірістік қуатын анықтайды.
Ұзақ кезең барысында негізгі қорлар еңбек құралдары ретінде қолданылады, пайдалану нәтижесінде тозып ескіреді, олардың физикалық сапасын қайта қалпына келтіру негізінде жөндеуден өткізіледі. Өндірістік үдерісте ары қарай қолдануға, мақсатқа сай келмейтін немесе тозығы жеткен құралдар кәсіпорыннан шығарылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларды игеруге, пайдалануға және иеленуге құқығы бар.
Теоретикалық сұрақтарды талдай отырып, негізгі қорлардың мәні әр әдебиеттерде әртүрлі түсіндірілетіні байқалды. Мұның негізінде негізгі қорларды құруға көмектесетін адам еңбегін назарға алсақ, бұдан «негізгі қорлар» мен «еңбек құралы» ұқсас түсініктер деп байқауға болады. Алайда негізгі қорлар және еңбек құралы – ұқсас емес түсініктер. Еңбек құралдары түсінігі негізгі қорлар түсінігіне қарағанда кеңірек. Негізгі қорлар құрамында адам еңбегімен жасалған заттар қамтылады және олардың өзіндік құны бар. Еңбек құралына сонымен бірге адам еңбегімен жасалмаған объектілер де кіреді. К.Маркс «Өндірістің барлық құралдарында адамның әсерінсіз, яғни табиғаттан берілген заттар да бар. Оларға: жер, жел және кен орындарындағы қазба байлықтарды, ормандағы жас ағаштарды т.с.с айтуға болады» - деп дұрыс айтқан [2,64].
Кәсіпорынның негізгі қорлары құрамында ұзақ уақыт бойы материалдық өндіріс аумағы, сонымен бірге өндірістік емес аумақта еңбек құралдары ретінде пайдаланылатын материалды-заттық құндылықтардың жиынтығын қамтиды. Айналым ұзақтығын бағалау өлшемі негізінде материалдық өндірістің жалғасу үрдісі бір жылға тең деп қабылданды. Осы өлшем негізінде теорияда және тәжрибеде бір жылдан жоғары айналатын еңбек құралдары - негізгі қорларға, бір жылға дейін айналатын еңбек құралдары -айналым құралдарына жатады деп анықталды.
Негізгі қорлар – бұл материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ мерзім (бір жылдан астам) бойы әрекет ететін материалдық активтер. Олар өзінің натуральдық-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады.
Негізгі қорларды ажыратуда түрі, өндірістік процестердегі ролі, құрылымдық ерекшеліктері, тегі және басқа белгілері орын алады. Негізгі қорлардың түрлері, олардың жұмыс істеу ұзақтығы және көпшіліктің қолданылуы орталықтан бекітілген бүтіндей натуралдық-заттық жіктеуді қажет етеді. Негізгі қорлардың жіктеу бірлігі болып, белгілі бір қызметтерді атқаруға арналған, құрылымдық ерекшеленген заты ретінде түсіндірілетін инвентарлық объект, немесе жекеленген заттардың белгілі бір жұмысты орындайтын ерекшеленген жиынтығы табылады.
Қазіргі кезеңдегі негізгі қорлардың типтік жіктелуі:
- жер - өндірістің материалдық жағдайының бірі бола отырып, негізгі қорлар құрамына кіретін жер учаскелеріне салынатын капиталдық салымдар;
- ғимараттар – еңбек
етуге, тұруға, тұрғындарға әлеуметтік
мәдени қызмет көрсетуге,
Негізгі қорлар топтастыру
әдістемесі көмегімен кешенді экономикалық
категория ретінде жан-жақты си
Негізгі қорлардың өндіріс процесіндегі қызметін сипаттау процесінде оларды активтік және пассивтік деп бөлудің маңызы жоғары. Активтік қорларға жұмысшы және күш беретін машиналар, жабдықтар және өндіріс процесін бақылаушы, еңбек құралына әсер етуші кез-келген еңбек құралы - өлшеуіш және түзетуші құрылғылар мен приборлар, өндіріс құрал-жабдықтары, транспорттық құралдар, құрылыстың бөлек түрлері (мысалы, элеваторлар, туризмде қонақ үйлер) жатады.
Өндірістің экономикалық қатынастары екі түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады. Олар шаруашылық салалары: өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, машина жасау т.б. Өндірістің әдепкі буыны кәсіпорын, ол әрбір қоғамның өсу әдістеріне сай келетін кәсіпорын болып табылады. Оны ұйымдастырған өндіріс факторлары мен қамтамасыз ету халық шаруашылығының құрамдас бөлігі. Қоғамдық өндіргіш күштермен экономикалық қатынастардың бірлігімен бейнелетін әлеуметтік экономикалық категория. Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық, құқылық, формалары бар:
Еңбек етуге жағдай жасайтын, бірақ оның нәтижесіне белсенді әсер етпейтін негізгі қорлар пассивтік бөлікке жатады (ғимараттар, құрылыстар т.б.).
Негізгі қорлардың активтік
бөлігі үлесінің жалпы көлемде ұлғаюы
өндіріс потенциялының
Түрлі министрліктердің, әкімшіліктердің және тұтас халық шаруашылығы бойынша есепке алу мен есеп беруде негізгі құралдардың (негізгі қорлардың) бірегей топтарының негізгі шарты оларды ғылыми негізделген жіктеу болып табылады.
Осыған байланысты негізгі құралдар тағы мынадай белгілері бойынша жіктеледі: халық шаруашылығының салалары; функционалдық қажеттілігі; қайда жататындығы; пайдалану бойынша.
Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар он тоғыз топқа бөлінеді: өнеркәсіп; ауылшаруашылығы; құрылыс; көлік; сауда; орман шаруашылығы және т.б. [4,5].
Функционалдық қажеттілігі бойынша негізгі құралдар: өнеркәсіптік өндірістік; басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары; өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар өзінің атынан көрініп тұрғанындай өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.