Комерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59

Қорытынды....................................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

Комерциялық Банктердің несиелік операциялары.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

             01.01.2010     01.02.2010     01.03.2010     01.04.2010

Несие портфеліне қатысты займдар бойынша қалыптасқан провизиялар

Жұмыс істейтін займдардың несие портфеліне қатыснасы

Жұмыс істемейтін займдардың жиынтығы активтерге қатынасы

90 күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар займдардың несие портфеліне қатынасы

үмітсіз займдардың несие портфеліне қатынасы

10-Сурет. Несие портфелі сапасы индексінің коэффициенттері

Дерек көзі: ҚҚА есептік көрсеткіші

 

Несиелік тəуекел индексі 04.2010ж. жағдай бойынша өзгеріссіз деңгейде сақталып, 3,0 болды. Жалпы алғанда, осы индекс 01.2010ж. бастап бұрынғы деңгейде қалып отырғанын атап өтуге болады.

Сонымен бірге, 01.01.2010ж. салыстырғанда несиетік тəуекелдің мынадай көрсеткіштерінің өзгерісін атап өтуге болады:

- резидент еместерге берілген займдардың несие портфеліне қатынасы резидент еместерге займдардың 24,0%-ға немесе 369,3 млрд.теңгеге ұлғаюының есебінен 16,6%-дан 18,6%-ға дейін көбейді («БТА Банкі» АҚ бойынша ұлғаю 262,5 млрд.теңге болды).

- жылжымайтын мүлік кепіліне берілген займдардың несие портфеліне қатынасы жылжымайтын мүлік кепілі бойынша займдардың 388,5 млрд.теңгеге немесе 11,3%-ға ұлғаюының есебінен 37,2%-дан 37,4%-ға дейін аздап көбейді. Бұл ретте, 2008 жылғы қараша айынан бастап жылжымайтын мүлік кепіліне берілген займдар «АТФ Банкі» АҚ «БТА Банкі» АҚ есебінен 628,1 млрд.теңгеге немесе 19,6%-ға ұлғайды.

- осы кезеңде экономикаға берілген займдар өсімінің (14,0%) құрылыс секторына берілген займдар(11,4%) өсімінен озып кеткендіктен, құрылыс секторына берілген займдардың экономиканың жиынтық займдарына қатынасы 28,2%-дан 27,6%-ға дейін азайды [22]. 

 

            01.01.2010    01.02.2010      01.03.2010   01.04.2010

11-Сурет. Несиелік тәуекелдер коэффициенттерінің динамикасы

Дерек көзі: ҚҚА есептік көрсеткіші

 

Несиелер бойынша ставкалар қандай болатыны әлі белгісіз. Бір жағынан жоғары несиелік тәуекелдер мен төмен экономикалық белсенділік банктерді қатаң несиелік саясатты сақтауға мәжбүрлейді. Соның ішінде несиелер бойынша жоғары ставкалардың сақталуы есебінен де.

 

12-сурет.Несиелер бойынша ставкасы

Дерек көзі: Ұлттық банк деректері бойынша Business Resource-тің сараптау қызметі

 

Қорыта келе, экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына және уақытты өтып кеткен берешектерді орның толтыру болып келеді.

Өнеркәсіптердің және халықтың банк жүйесі алдындағы мерзімі өткен берешегі 1,2 трлн. теңгені құрады, соның ішінде заңды тұлғалардың берешегі – 951 млрд. теңге, ал жеке тұлғалар – 240,5млрд. тенгені құрады. Мәселе уақыт өте келе өзі шешілмейді, керісінше, өсіп, жүйелік мемлекеттік шешілімді талап етеді. Қазіргі таңда Үкімет субсидия беру жайлы жоба дайындалып отыр. Бұл жоба несие нарығындағы ахуалын бірнешеге жақсартатың еді.

 

 

  2.2. «АТФ Банк»  АҚ несие беру тәртібі

 

1995 жылы құрылған «АТФ Банк» АҚ қазіргі уақытта активі, несие қоржыны  және пайда мөлшері бойынша ірі жеке меншік қаржы институты болып табылады.

АТФ Банк тарихы ҚазКСР заңнамасына сәйкес, 1995 жылы 12 шілдеде құрылған Медеу банкінен басталады. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін, банк «АТФ Банк» ААҚ болып қайта тіркелді және банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің 1995 жылғы 21 қарашадағы №48 лицензиясын алды. Бұл күн АТФ Банктің ресми туылған күні болып есептеледі.1996 жылдың 15 қарашасында қазақстан өзінің ұлттық валютасына ауысты. Айырбастау басталған бірінші күннен бастап теңге заңды төлем құралы болады деп белгіленді. Рубльді Қазақстандық теңгеге ауыстыру

1993 жылдың 15 қарашасында таңертеңгі сағат 8 – де басталды. Айналыстан 950,6 миллиард рубль сомасында 1961 – 1992 жылдардың рубльдік банкнот үлгілері алып тасталды. Ұлттық валютаны енгізгеннен кейін, экономиканы қолма – қол ақшамен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен алып тасталды.Экономика жандана бастады. Көбі елдегі ақша айналымы қалай қамтамасыз етілетініне байланысты болды. Ал, АТФ Банк 1997 жылдың сәуірінде өзінің жеке даму стратегиясы мен өсіп жатқан жеке кәсіпкерлік мұқтаждықтарына жауап бере отырып, «Астана Холдинг» коммерциялық банкімен бірігіп, жаңа деңгейге шықты. Осы уақыттан бастап АТФ Банк, бүгінде 22 бөлімше, 51 кассалық – есеп айырысу орталығы мен 12 дербес қызмет көрсету орталығын кіргізетін, өзінің филиалдық торабы елдің негізі іскерлік және тұрғындар орталығына қатысу да. Осы жылдан бастап банк Ұлттық банк пен елдің Қаржы министрлігі, сондай – ақ қаржылық институттар – Бүкіләлемдік банк, Еуропа жаңғыру және даму банкі, Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur wiederaufbau және Азия даму банкі дайындаған және демеушілік ететін бір қатар арнайы бағдарламаларға қатысты [23].

Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін, сондай – ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттаына қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып табылады. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2006 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі  бір жарым есеге өсіп, 303,4 млрд. теңгеге (2,3 млрд. $) жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн. доллардан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2006 жылдың өзінде ғана 65,06 мыңнан 73 мыңға дейін артты.

2005 жыл банк тарихындағы тамаша жылдың бірі болды. ҚКБ отандық нарықтағы өзінің көшбасшылығын нығайтты. The Banker журналы құрастырған бірінші деңгейдегі меншік капиталынің мөлшері бойынша әлемнің 1000 ірі банкі тізімінде АТФ Банк 2004 жылғы 718 орыннан 626 – шы орынға көтерілді. 2006 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есеп – қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,4 триллион теңгеге (2444 млрд. теңге немесе $19,2 млрд.) теңесті. Ал, осы көлемнің 60% - ын (5,4 млрд.$) қарыз «қоржыны» алады. 2006 жылы банк 20,563 млрд. теңге мөлшерінде (154,7 млн.$) пайда тапты. Бұл бір акцияға есептелгенде 51,17 теңгені құрайды. Ал, банктің меншік капиталы 2006 жылы 87,4 млрд. теңгеге дейін (652,1 млн.$) артты. 2006 жылғы 31 желтоқсандағы жай – күйі бойынша банкте ипотеканы қосқанда, 67 мың тұтынушылық несиесіне қызмет көрсетілді. Тұтынушылық несиенің жалпы көлемі 641 млн. долларды құрады.

Банк VISA және Europay/MasterCard (Cirrus/Maestro карточкаларын қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай – ақ, қысқа мерзімді несилеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай – ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұиымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

АТФ Банк жеке тұлғалар үшін тұтынушылық несиенің:жедел несиелеу, кезек күттірмейтін мұқтаждарды несиелеу, автомобиль сатып алуға несие беру, ипотекалық несиелеу бағдарламаларын ұсынады.

Ипотекалық несиелек саласында жаңалық ойлап табу қиынырақ. Алайда АТФ Банк «Ипотека – тиімді айырбас» атты мүлде жаңа бірегей бағдарлама ұсынып отыр.

Бұл бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үй жағдайын жақсратудың нақты тәсілі бола алады. Өзінің пәтерін жаңа үйдегі тұрғын үйге ауыстырғысы келгендер осыуақытқа дейін көптеген проблемаларға тап болды. Егер салынып жатқан үйден пәтер салып алып, үнемдегісі келсе, әуелі ескі пәтерді сатып, дан соң барып қана құрылыстың аяқталуын күтіп бір жерден пәтер жалдауы тиіс болды. Ал, егер пәтерін сатпаса, банкте қажетті несие сомасын береді дегенге кім кепілдік береді. Көпшілігіне несиені төлеу ауыртпалығына төтеп беру қиынға түседі емес пе . Азаматтардың осындай категорияларына арналған АТФ Банктің «Ипотека - тиімді айырбас атты» жаңа бағдарламасы шын мәнінде қиын жағдайдан жол тауып шығуға мүмкіндік береді.

Бірншіден, енді ескі пәтерді бірден сатпай – ақ, құрылыстың аяқталуын күтуге болады. Екіншіден, несиені төлеудің ыңғайлы схемасы арқасында оны төлеуге шамасы әбден келеді.

Бағдарлманың мәні мынада, екі несие аласыз – біреуі бар пәтерді кепілге қойып, екіншісі – салынып жатқан үйді кепілге қойып. Әрі ескі пәтер кепілзат болатын бірінші несиені төлеуде салынып жатқан үйді пайдалануға тапсырғанға дейін жеңілдетілген кезең ұсынылады. Жаңа тұрғын үй салынып біткен соң, сонда көшіп, ескі пәтерді сатып, неисені жабасыз.

Жылжымайтын мүлік бағасының үнемі артуын ескере отырып, өз тұрғын үйіңізді бір жылдан соң анағұрлым қымбатқа сатып, банк төлемі мен пәтердің нақты бағасы арамындағы айырмашылықты жаңа тұрғын үйді жайластыруға не болмаса екінші несиені мерзімінен бұрын өтеуге нақты мүмкіншілік болады .

«Ипотека - тиімді айырбас»атты бағдарлама бойынша жаңа тұрғын үйді бағдарлама серіктестері  - құрылыс компаниялары ұсынады. Барлық болуы мүмкін тәуекелдерден тұтынушыны қорғайтын қосымша фактор осы, өйткені банк ынтымақтастықты бастамас бұрын компанияның өзіне, сондай – ақ оның салып жатқан нысандарына сараптама жасайды. Мұндай серіктемскомпаниялар АТФ Банкте көп, сондықтан таңдау мол.  

2007 жылдың 1 сәуірінен 29 маусымы аралығында АТФ Банкте бизнесті дамытуға несие ресімдей отырып, несие, ағымдағы шот ашу бойынша жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесін және «Эквайринг» банктік қызметтеріне төмен тарифтер алуға болады.Аталған акция шеңберінде АТФ Банктің тұрақты клиенттері мен өзге банк клиенттері арасында бағдарламаларды тестілеу негізінде шағын және орта бизнес мұқтаждықтарын терең зерттеуді ескере отырып  әзірленген «Өз ісінің капитандарына» деген жалпы атаумен АТФ Банктен шағын және орта бизнесті неиелеудің 9 бағдарламасы ұсынылды. «Бизнес - даму»(1 000 – нан 10 000 АҚШ долларына дейінгі сомада несие беріледі).Бұл несиелендіру бағдарламасы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған. Несиелендіру мерзімі айналым қаражаттарын толықтыру үшін 3 жылға, инвестицияға 5 жылға дейінгі уақыт аралығына беріледі.Сыйақы мөлшері жылына теңгеде де, АҚШ долларында да 17%- дан,18,8%(60ай),19%(36 ай) – ға дейін беріледі.

«Бизнес - өсу» бағдарламасы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған несиелендіру мерзімі мен мақсатына байланысты төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер.Несие сомасы 10 001 АҚШ долларынан 200 000 АҚШ долларына дейін.Несиелендіру мерзімі айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында 3 айдан 12 айға дейін (17%,18%,19% пайыздық ставкаларымен), инвестицияға 12 айдан 120 айға дейін (19%, 20%, 21% пайыздық ставкаларымен), «Бизнес - бедел» бағдарламасы заңды және жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлерге арналған.Несие мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі уақыт аралығы.50 және 1 500 АҚШ доллары сомасын 21%, 22% сыйақы мөлшерлемесінде ала алады, «Ұшқыр несие» бағдарламасында несие табысты растама ай – ақ, қамсыздандыруға жылжымайтын мүлікті қоюға болады.Несие сомасы 5000 АҚШ долларынан 500 000 АҚШ долларына дейін беріледі. Несиелеу мерзімі 36 айдан 120 айға дейін, 19% (АҚШ долларында), 20% (теңгемен), пайыздық мөлшерлемесімен беріледі, «Ең әдемісі» атты несиелеу бағдарламалары бойынша айналым қаражатын немесе инвестицияларды толықтыруға несие алып, несие бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесімен 12 айдан 120 айға дейінгі мерзімде несие алуға болады.Несие бойынша ай сайынғы сомаға негізгі қарыз сомасы мен сыйақы сомасы кіреді. Сыйақы негізгі қарыз қалдығы сомасына байланысты есептеледі.Акция шеңберінде құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінде пайыздар төлеу есебі бүкіл несие мерзіміне оны бірқалыпты ұлғайта отырып, төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен есептеледі. Нәтижесінде клиент сыйақы мөлшерлемесі бойынша сома төлеуде үнемдейтін болып шығады. Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінен басқа, аталған акция шеңберінде АТФ Банк өз клиенттеріне ағымдағы банктік шотты тегін ашуды және банктік «Эквайринг» қызметтеріне жеңілдетілген тариф ұсынады.

«Табыс кепілі» бағдарламасы бойынша несие алушы клиент, оны қамсыздандыруға қарыз сомасынан 20% - дан кем емес сомаға салым немесе жылжымайтын мүлік ұсынады. Қалған 80%-ын кәсіпкерлер алған негізгі қаражатпен ШКДҚ жабады.

«Бизнес – Экспресс Плюс» атты несиелеу бағдарламасы жаңа қарызгерге 100 – ден 5 000 АҚШ долларына дейінгі сомада несие алуға мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы – несие ресімдеудің жылдамдатылған және жеңілдетілген сызбасы.

Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесе әзірлеген «Ерекше дақылдар» несиелеу бағдарламасы Қазақстандық фермерлері үшін арнайы дайындаған бағдарлама. Олнесие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 80% мемлекеттік бюджеттен төлеу есебінен, ауылшаруашылығы өңдеушілері үшін сыйақы мөлшерлемесін арзандатуды білдіреді.

Банктің несие портфелі – бұл берілген ссудалардың, нақты критерилер бойынша жіктелген, құрылымы мен сапасының сипаттамасы.

Осындай критерилердің бірі болып, шетелдік және отандық тәжірибеде қолданылатын несие тәуекелінің деңгейі табылады. Сондықтан критериде несие портфелінің сапасы анықталады. Несие портфелінің сапасын талдау мен бағалау, банк менеджерлеріне , оның ссудалық ссудалық операцияларын басқаруға мүмкіндік береді. Несие портфелін басқарудың бірнеше этаптары бар:

-             жеке алынған ссуданың сапасын бағалау критериін таңдау;

-             ссудалардың негізгі топтарын, олармен байланысты тәуекел пайызын көрсетуімен анықтау;

-             банктен берілген әр ссуданы бағалау;

-             топтастырылған ссудалар кескінінде несие портфелінің құрылымын анықтау;

-             несие портфелінің сапасын бүтіндей бағалау;

-             динамикадағы несие портфелі құрылымының өзгерісіне әсер ететін факторларды талдау;

-             банк несие портфелінің тәуекелге ортақ резервтік қор сомасын анықтау;

-             несие портфелінің сапасын жақсарту мақсатында шаралар ұйымдастыру.

«АТФ Банк» АҚ - ның 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жай – күйі бойынша несие портфелі (брутто) 2550,9 млрд.теңгені құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда (2151,9 млрд. теңге) 399 млн.теңгеге (18,54%) өскен [24].

            

5-кесте

«АТФ Банк» АҚ – ның несие портфелі

                                                                                                        

 

01.01.2009 жыл

 

01.01.2010жыл

 

                                                      млн.теңге    үлес, %     млн. теңге         үлес, %

Клиенттерге берілген ссудалар

2 486 149

97,7%

2 399 693

105,0%

Кері РЕПО келісімшарты бойынша берілген ссуда

20,549

0,8%

34 417

1,5%

Клиенттерге көрсетілген қорытынды ссудалар

2 506,698

98,5%

2 434 110

106,5%

Құнсыздануға резервтер

-140,363

-5,5%

-289 328

-12,7%

Клиентерге берілген ссудалар, нетто

2 366,335

93,0%

2 144 782

93,8%

Кепіл

94 582

3,7%

109 550

4,8%

Аккредитивтер

90 510

3,6%

37 570

1,6%

Кепіл мен акнесиеивтиер қорытындысы

185 092

7,3%

147 120

6,4%

Шартты міндетемелер бойынша құнсызданудың резервтері

-7 216

-0,3%

-6 271

-0,3%

Шартты міндеттеме, нетто

177 876

7,0%

140 849

6,2%

Несиелік портфельдің барлығы, нетто

2 544 211

100,0%

2 285 631

100%

Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары