Комерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59

Қорытынды....................................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

Комерциялық Банктердің несиелік операциялары.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.

Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп,ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар [7,179б.].

Біріншіден, коммерциялык несие тауар түрінде беріледі, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауар сатылуын қамтамасыз ету үшін беріледі. Банктік несие берушіден де, сатушыдан  да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

Екіншіден, коммерциялық несие мен  банктік несиенің бір-бірінен , субъектілері, яғни несие келісіміне қатысушылары бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші – банк, ал қарыз алушы - кәсіпкер.

Үшіншіден, коммерциялық несиенің шетеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.

Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы да біркелкі емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптік даму кезеңінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс көбееді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың банктен ақша қарыздарын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың капитал несиесін алғаны. Банктік несиені экономикалық кез келген салалары пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).

Қорытындылай келе, несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады.

 

 

1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және

олардың түрлері

 

Несие – ақша сияқты экономикалық дәреже болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады [8]. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және тағы басқа) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар – ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің обьективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А – Т - Ө - Т – А капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде – дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорындарда және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы –оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай - ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы болып табылады. Капитал түрлерінің аусуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады [9,53б.].

Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, айналым саласы үшін – тауарлы және ақшадай болуын талап етеді. Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорлардымодернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал – жабдықтарды ауыстыру және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып отырады.

Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар- жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және тағы басқа туындауы мүмкін.

Капитал айналымында және ауыспалы айналым процесінде ақшалай қаражаттың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былай көрсетуге болады.

Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы мен қайтуы болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.

Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық  ұйымдарда, сондай – ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және бәрі бірдей сәйкес келмейді. Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама - қайшылық шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаллыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі. Жеткіліксіз шамада несиенің обьективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие берушімен қарызға алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуыға материалдық жағынан кепілдік беретіндербес заңды субьектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары  керек. Ф.Энгельс «Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алғаш шығуы керек» деп жазды.

Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда несиелік қарым – қатынастар туындайды. Осылайша, экономикалық негізбен пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің обьективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді. Несие обьективті қажеттіліктен туындаған және қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушішер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым - қатынасты білдіреді. Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсету керек [6,31б.]:

- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер

бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін     жоғалтатынын білдіреді;

- несиенің мәнін талдауда несиенің құрлымын, қозғалыс сатыларын несиенің негізін қарастырған жөн.

Несие өзгермейтін, тұрақты болып қалатын - құрылым. Несие бір - бірімен өзара әрекет ететін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектілері, субьектілерге несие берушімен қарыға алушы жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды, оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады. Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алғаны болуы да мүмкін.

Қазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің берілу процесі  бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

-        несиенің мақсаттылығы;

-        несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;

-        несиенің ақылылығы;

-        несиенің қамтамасыз етілуі;

-        несиенің сыйақылылығы;

Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Мерзімділік – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындыланады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауар-ақша қатынастарының экономикалық категорияларынан ажыратылады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.

Несиенің мерзімділігі несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі - ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады [10,45б.]:

-              орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;

-              банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;

-              өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;

-              банктің несиелік ресурстарының құрылымы;

-              несиеге деген сұраныс;

-              несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;

-              еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Несиелеудің келесі бір қағидасы – берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық  категория ретінде шығуымен бірге келеді.

Бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады. 

Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші классты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.

Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:

1.           субъект;

2.           объект;

3.           қамтамасыздандыру.

Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.

Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары