Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.
Кіріспе..............................................................................................................................3
І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26
II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43
III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59
Қорытынды....................................................................................................................65
Негізінен, банктегі жоғарғы буын басшыларының бірін несиелік мониторинг үшін жауапты еткен жөн. Бұл функция, әсіресе кіші банктерде банктік қызметін басқа бағыттарының мониторингі қызметімен біріктірілуі мүмкін . АҚШ конгресі тұтынушылары пайыздық төлемдердің мөлшері және басқа да төлемдер туралы толық ақпараттандыруға қол жеткізу мақсатында несиелеу аясында дәйекті ақпарат туралы бірқатар заңдар қабылдаған. Сонымен қатар, несиені орналастырудағы мүмкін болатын теңсіздікті жою,
несиені өтеу кезіндегі қателерді түзеуді заңдастыруды енгізу үшін де заңдар қабылданған.
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы
Қазіргі кезде дүние жүзілік дағдарысқа қарамай елімізде банктік несиелеуге байланысты жақсы шарттар бар. Атап айтсақ, біріншіден, бұл – инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты ЖІӨ-нің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің профицитімен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйреніп, менталитеттің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады.
Елiмiзде несиелендiрудiң үш деңгейлi жүйесi дамып келедi. Қор рыногының, оның iшiнде iшкi институционалдық инвесторларды дамыту және инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды күшейту, корпоративтiк басқаруды жақсартуға арналған ынталандыруды көтеру жөнiндегi құқықтық негiздерi жетiлдiруде [10].
Бұл қызмет бағытындағы банк жүйесі үшін басты мәселе мерзімі өткен берешегі ең көп құрылыс, сауда және өндірістік емес қызмет өнеркәсіптерінен несиені қандай жолмен қайтарып алуында жатыр. Бұл бағытта жұмыс істейтің немесе істеген көптеген салыстырмалы ірі кәсіпкерлер өз қаржыларын өздеріне қауіпсіз оффшорлы аймақтарға шығарып алды деген болжам бар. Оның үстіне үлескерлер алдыңдағы міндеттемелер негізінен мемлекеттік қаржылық ресурстарды пайдаланумен бірге шешілген. Одан ұсақ кәсіпкерлер ірі жарғылық қорлар мен қаржылық активтерді пайдалана алмайды. Олар банкротқа ұшырауды қалауы мүмкін. Оның үстіне үшінші тұлғаға кәсіпорын рәсімдеу қиынға соқпайды.
ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде «қысқа мерзімді ақшалар» жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына 3 жыл және одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Сонымен қатар, ҚР-ның коммерциялық банктері беретін несиелерінің валюталық құрылымы мен мұнай бағалары арасындағы байланыстылықты көруге болады. Мұнай бағасы төмендегенде шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы өседі.
Осылайша, нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеу перспективасы коммерциялық банктерде ұзақ мерзімді несиелік ресурстардың болуына тікелей тәуелді. Сондықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының тұрақты өсуіне қарамастан, ҚР-сы ЕДБ-нің ресурстық базасы экономиканың нақты секторының сұранысын толық қанағатандыра алмайтынын атап өту керек.
Банктердің нақты секторды несиелеудегі қаупін түсіндіруге болады. Әрине, макроэкономикалық тұрақтылық, экономикалық өсудің жоғары қарқыны банктерде ұзақ мерзімді ресурстардың қалыптасуына әсер етті.
Алайда, бұл ресурстар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Себебі, банктердің меншікті капиталының үлесі дамыған нарықтық экономикада жұмыс істейтін банктердің меншікті капиталының мөлшеріне жетпейді.
Әлемнің көптеген елдерінде несие берушілер несиелік бюролар арқылы тұрақты негізде қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі жайлы хабар алысып тұрады. Мұның қажеттілігі көптеген экономистермен қаржылық-делдалдық қызмет аясындағы ақпараттардың ассиметриясы мәселесін зерттегенде дәлелденген болатын. Экономикалық әдебиеттерде ақпараттың ассиметриясы ретінде несиелік ресурстарды бөлуде тиімсіздікке әкелетін мәміле жасалған кезде серіктесі жайлы мәліметтердің жеткіліксіздігі танылады. Бұл жағдайда несие беруші қарыз алушы ссуда алған инвестициялық жобамен байланысты алдағы табыс пен тәуекелді болжай алмайды.
Сонымен қатар, несие берушілер ссуда алғаннан кейін қарыз алушылардың іс-әрекеттерін бақылай алмауы мүмкін. Қарыз алушы төлем қабілетсіздік тәуекелін арттыратын қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін немесе қарыздары бойынша төлемеу үшін өзінің инвестицияларынан алатын табысын жасыруы мүмкін. Осының нәтижесінде несиелердің көлемі азайып, жоғары пайыздық мөлшерлемелер қойылады. Бұл құбылыс ғылыми әдебиеттерде «жаман қылық» атауын алды. Көптеген кәсіпкерлер кездесетін проблемалардың бірі кепіл механизмнің жетілмегендігі болып табылады. Кепіл шартына сәйкес несие берушінің талаптары кепілге қойылған мүлік құнынан орындалады. Кепілді сатудан түскен сома банк алдындағы қарызды жабуға жетпесе, банк жетіспеген соманы қарыз алушының басқа мүлкінен алуға құқылы [17,55.].
Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен мынадай кезектілік қарастырылған: ең алдымен банкрот болған кәсіпорын мүлік арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді, содан кейін әлеуметтік орта (алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы, т.б.). Осылардан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда, банктер түксіз қалады.
Айтылғандардың бәрі кепіл құқының негізгі қағидаларының біріне қайшы келеді: кепіл талаптарының басқа несие берушілер алдында бірінші кезекте қамтамасыздандырылуы. Яғни, несиелік тәуекелдердің болу мүмкіндігін төмендету үшін, ең алдымен, кепіл механизмін жетілдіру қажет.
Жеке кәсіпкерлер мен шағын кісіпорындардың банктерге қойылатын басты кінәраттарға талдау жасай отырып, негізгілерінің бірі несиелердің кепілдікті қамтамасыз етуіне қойылатын қатаң талаптар болып табылады. Оның себебі, шағын және орта бизнес субъектілерінің көбісі ұсынатын кепілдің өтімділігі төмен болатындықтан, банктер үшін несиелік тәуекел жоғары болады, сонымен қатар, кепілмен қамтамасыз етілген мүлікті сақтау және өткізу банк үшін көп қаражаттардың жұмсалуына әкеледі. Кепілмен қамтамасыз етілмеген несиелер үшін резервтер көбінесе таза табыс есебінен құрылады. Соған байланысты банктер кепіл ретінде күмән келтірмейтін активтерді ұсынуды талап етеді.
Кепіл берушінің мүлігін бағалаумен байланысты тәуекел дәрежесі тағы да бір фактор болып табылады. Кепілдің нарық құнының ауытқуы үлкен болса немесе несие беруші кепіл құнына берілген бағасына сенімі аз болса, онда ол несие берушінің қызығушылығы да төмен болады. Яғни, өтімділік, жеделділік және тәуекел несие беруші үшін кепілдің түрлеріне қызығушылық деңгейін демек, компанияға қол жетерлік қаржыландыру сомасын да анықтайды.
Екінші деңгейлі банктер ипотекалық несиелерді бергендегі жылжымайтын мүлікті қолданылып жүрген бағалау әдістемесіне өзгерулерді енгізу арқылы, несиелендірумен байланысты банктік жүйенің тәуекелдерін төмендетуге болады. Қазақстанда жылжымайтын мүлік объектісін бағалаудың, қарапайым және қол жетерлік болатын нарықтық әдіс кеңінен таралған. Нарықтық әдісті қолданудың оң жағы болып, жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныс пен ұсыныс өзгеру серпініне көз жеткізу мүмкіндігі табылады. Сонымен қатар, бұл әдістің кемшілігі «көпіршіктің» дамуын ынталандыруы, себебі тәуелсіз бағалаушылар банктен үлкен несиені алу үшін тапсырыс берушінің талабы бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің құнын көтеріңкі боп қояды, ал ол бағалардың одан әрі дамуына әсерін тигізеді. Онда тұйық шеңбер пайда болады.
Берілген үрдісті жылжымайтын мүлікті бағалаудың талаптарын бекіту арқылы, аралас тәсілді қолдану арқылы өзгертуге болады. Берілген тәсіл өзіне жылжымайтын мүлікті үш әдіспен (нарықтық, табыс және шығын әдістерімен) бағалауды өткізуді және берілген әдістер бойынша алынған нәтижелерді математикалық өлшеуді өзіне қосады. Өлшеу коэффициенттері реттеуші органдармен бекітіледі. Берілген шара жылжымайтын мүлікті бағалаудың қатаң шекараларын орнатуға, сонымен бағалардың заңсыз өсуін және «көпіршіктің» одан әрі дамуына жол бермейді
Кепіл мүлігінің сапасы жақсы болғанымен, банктер несиені ұсынудан бастартуы мүмкін, егер кәсіпорынның күтілетін ақша қаражаттарының ағымы несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болатын болса. Сондықтан кәсіпорындағы жағдайды толық көрсететін, кәсіпорынның басқарудың маркетингтік және қаржы құжаттамасын дұрыс құрастыру ерекше мәнге ие болады. Қаржы ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндіктің, шағын кәсіпорындар үшін несиелерді кепілдендірудің мемлекеттік жүйенің болмауы, халықтың кәсіпкерлік белсеңділігін төмендетеді, шағын өнідірстің дамуын ынталандырмайды
Қаржылық емес секторда жалпы жағдайдың төмендеуі кезінде тәуекелді бағалау және қарыз алушыларды таңдау қиынға түседі, пайыздық мөлшерлемелер көтеріледі, бұл сенімді қарыз алушыларды нарықтан кетуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, қаржылық жағдайына байланысты сенімсіз қарыз алушылар жоғары пайыз мөлшерін төлеуге келіседі, себебі ссуданы қайтара алмауы мүмкін екенін біледі. Мұның нәтижесінде тәуекелдің несиелік саясат жүргізе отырып, несие берушінің өзінің қаржылық жағдайына қауіп төнеді немесе нарықта сенімді қарыз алушылар бар екендігіне қарамастан, берілетін несиелер көлемі шектеледі. Бұл қаржы нарығының да, нақты сектордың да жағдайына кері әсерін тигізеді .
Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Бұл жағдайда үш түрлі нәтиже байқалады.
Біріншіден, несиелік бюролар банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға мүмкіндік береді. Бұл несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, несиелік бюролар банктерге өздерінің клиенттері туралы ақпаратты іздеу бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілермен несиелік ресурстар үшін бәсекелік бағаларды қоюға әкеледі. Төмен пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, олардың қызметін ынталандырады.
Үшіншіден, несиелік бюролар қарыз алушылар үшін тәртіптілік механизмін құрады. Қарыз алушылар өздерінің міндеттемесін нақты орындамаса, оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарға жолын жабатындығын және несиелік ресурстар ол үшін қымбаттайтындығын біледі. Сонымен қатар, бұл механизм қарыз алушыны несиені уақытында қайтаруға ынталандырады .
Алайда, осының бәрі үлкен қиындыққа тірелді: кәсіпорындар мен ұйымдар – коммерциялық банк клиенттері өздері туралы мәлімет бергісі келмейді. Батыста мұндай ақпаратты беруден бас тарту берілген компанияны теріс жағынан көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Яғни, Қазақстанда жалпы ақпараттық желі болмайынша, несиелік тәуекелдер әлі жоғары болып табылады.
Отандық банк жүйесінде несиелік келісім-шарттардың жетілмегендігі мәселесін атап өту керек. Осы орайда несиелік келісім-шарттар негізгі қарыз және пайызды өтемеудің алдын алу шараларын қамтымайды. Ал, құқықтық жағынан келісім-шарттар берілген ссудалардың қайтарылуын қамтамасыздандырмайды. Көптеген келісім-шарттар заңи дұрыс құрылмаған, кейде оларға құзыреті жоқ адамдар қол қояды. Батыста несиелік келісім-шарт маңызды құжат болып саналады. Осыған байланысты несиелік келісім-шартты құрған кезде несиеленетін мәмілені терең зерттеп қана қоймай, сонымен қатар барлық мүмкін болатын тәуекелдерді есепке алып, оларды келісім-шартта көрсете білу керек.
Несиелеу мәселесінде кепіл механизмінің жетілмегендігін атап өту керек. Кепіл шартына сәйкес несие берушінің талаптары кепілге қойылған мүлік құнынан орындалады. Кепілді сатудан түскен сома банк алдындағы қарызды жабуға жетпесе, банк жетіспеген соманы қарыз алушының басқа мүлкінен алуға құқылы. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен келесідей кезектілік қарастырылған. Ең алдымен, банкрот болған кәсіпорын мүлкі арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді. Содан кейін әлеуметтік орта: алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы т.б. төленеді. Осыдан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда банктер түксіз қалады. Айтылғандардың бәрі кепіл құқының негізгі қағидаларының біріне қайшы келеді – кепілдік талаптардың басқа несие берушілер алдында бірінші кезекте қамтамасыздандырылуы. Яғни, несиелік тәуекелдердің болу мүмкіндігін төмендету үшін, ең алдымен, кепіл механизмін жетілдіру қажет .
Осы орайда заңды тұлғалардың ішінде, әсіресе, кіші және орта бизнес субъектілерінің несие алуға кепілі жетіспейтінін де айтып кету қажет. Яғни, дұрыс кепілінің жоқтығынан оларға несие алу қиынға соғады. Ал, әрбір елдің тәжірибесі көрсеткендей, нарық өздігінен кіші және орта бизнесті қаржыландыру мәселесін шеше алмайды.
Банктер шағын бизнесті тек жоғары мөлшерлемелермен және қамтамасыз етудің қатаң шарттары негізінде несиелеуге дайын. Алайда шағын кәсіпкерлердің көбісі үшін бұл қолайсыз, әсіресе, өз бизнесін жаңадан бастағандар үшін. Сондықтан, нарықтық экономикада шағын және орта бизнестің несиелерге сұранысы түрлі қаржыландыру көздері мен сызбаларын пайдалану арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру мен қолдаудың арнайы механизмін құрусыз елдің қаржы институттары тарапынан қанағаттандырыла алмайды .
Бір жағынан қандай да болмасын жобалардың құны әр түрлі болғанымен, оған кететін банк шығындары бірдей болып табылады. Яғни, жобаның құны қаншалықты көп болса, банктің оны қаржыландыруға кететін шығынының үлес салмағы соншалықты аз болады. Және, керісінше, жобаның бағасы қаншалықты аз болса, соншалықты оны қаржыландыруға кететін шығынның үлесі көп болады. Бұл ірі жобаларға несиелеу мөлшерлемесінің төмен болып, кіші жобаларға жоғары болатынына әсер етеді. Екінші жағынан, кіші және орта бизнестің тұрақсыздығына байланысты ірі жобаларға қарағанда кіші жобаларда банктердің тәуекелі де жоғары болады. Бұл банктердің кепілге байланысты кіші және орта бизнеске қоятын талаптарының қатаң болуына әкеледі.
Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары