Комерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59

Қорытынды....................................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

Комерциялық Банктердің несиелік операциялары.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Дерек көзі: «АТФ Банк»-тің жылдық есептік көрсеткішінен,www.atfbank.kz

 

Қазақстандағы ірі және орташа кәсіпорындарға және Қазақстанда жұмыс істейтін трансұлттық компанияларға қызмет көрсетеді,саудалық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, қысқа мерзімге несиелендіру, шағын және орта бизнесті несиелендіру сияқты бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істеп, қызмет көрсетеді. Мұнымен бірге банк,тұтыну және ипотекалық несиелендіруді, несиелік карталар бойынша несиелендіру, сонымен бірге шағын бизнесті дамыту бағдарламасының төңірегінде жеке кәсіпкерлерді несиелендіруді жүргізе отырып, жеке секторға да өз қызметін көрсетеді.

Жеке сектордағы ссудалар тұтынушылық несиелеу, құрылыс және жылжымайтын мүлікті сатып алуға біршіма төмендеді – 15,7% және олардың үлесі 18,8% құрады, 2010 жылдың басымен салыстырғанда 2009 басында  16,3%  төменедеген. Сауда компаниялардың ссудалар көрсеткіштері 19,7% төмендегеннің көрсетеді және банктің ссудалық портфеліндегі үлесі  15,2% төмендеп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 18,4% түсіп кеткен.

 

 

13-сурет. Экономика салалары бойынша несие портфелінің құрылымы

Дерек көзі: «АТФ Банк»-тің жылдық есептік балансынан

 

Жылжымайтын мүлікке байланысты ссудалар біршамаға көтерілді – 6,9%, және алдыңғы жылдармен салыстырғанда олардың үлесі 7,6% көтеріліп. Ал, қонақ үй бизнесінің үлесі 2,5% көтеріліп – 2008 жылы 144,1 млрд. теңге (брутто) 2007 жылда 140,6 млрд. теңге (брутто),  банктің ссудалық портфелінде 5,9%, 2008 жылда 5,6% болған. 2009 жылдың аяғында қаржы және инвестициялық секторларда РЕПО-мен қоса, несиелендіру көлемі 8,1% өсті және 138,8 млрд. теңге (брутто) құрады.Тасымалдау компаниялар мен байланыс кәсіпорындарында займдар керісінше 6,7% кеміді және 2009 жыл аяғына 104,7 млрд. теңгені (брутто) құрады, ал банктің  ссудалық портфеллінің үлесі 2008 жылы 4,5%-дан 4,3% төмендеген. Энергетикалық өндірісте ссудасы көрсеткіштеріне келсек, 2009 жылдың 31 желтоқсаныңда жылдың басымен салыстырғанда 78,6 млрд. теңгеге өскен, 2008 жылы 69,1 млрд. теңге (13,7% өскен), ссудалық портфельдің үлесі 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың аяғыда 2,8%-дан 3,2% артқан. Ауылшаруашылық компаниясының ссудалық көлемі 16,6% азайған, ал осы несиелеу банктің ссудалық портфелінің үлесі 2008 жылдың соңынан 2009 жылдың соңыда 2,3%-тдан 1,9%-ға құраған. Тамақ өнеркәсібінің үлестік салмағы  орта ссудалық портфельде 2008 жылдың соңынан 2009 жылдың соңында 2,7%-дан 2,5% түсті. 2009 жылдың жағдайына сәйкес машина жасау өнеркәсібінде банктік ссудалық портфель үлесі үлкен өзгеріске ұшырамаған, және 2009 жылы салыстырғанда 46,4 млрд. теңгеден 46,5 млрд. теңгеге өзгерген, оның деңгейі 2008 жылға сәйкес (1,9%) болды [19]. 

2009 жылдың соңында банктің ссудалық портфелін диверсификациялау келесі түрлерімен көрсетідген: ссуданың доллармен портфельдегі үлесі 62,5%-ды құраса, ал 2008 жылдың аяғында 57,9%-ды құрады. Теңгемен берілетін ссуданың көлемі 2009 жылы 2008 мен салыстырғанда 18,6%-ға төмендеді, жалпы портфельдегі үлесі 33,8%-ға қысқарды. Көп жағдайларда ссудаларды беру шарты бойынша банке пайыздық ставканы көтеруге немесе ұзақ мерзімді талаптарды жабуға теңге девальвациясы кезіңде құқық береді.

  

14-сурет. Банктің ссудалық портфелінің ақша бойынша иверсификациялау

Дерек көзі: «АТФ Банк»-тің жылдық есептік балансынан,www.atfbank.kz

 

Ссуда клиентерге жылжымайтың мүлікті, кепілдікті, тауарлық запастарды, құрал-жабдықтарды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, акцияны және депозиттерді кепіл ретінде береді.

Кепілзат консервативті түрде бағаланады, клиент банктің талаптарына  келіспеген жағдайда тәуелсіз баға беру компанияларының мамандарын шақырды. 2009 жылдың аяғындағы жағдайы бойынша қамтамасыз етілмеген ссудалық үлесі 2008 жылдың аяғынмен 5,8% болса, 2009 жылдың аяғында 4,5%-ға төмендеген. Қысқа мерзімді ссудалардың құрлымындағы қамтамасыз етілмеген ссудалардың басым бөлігін сенімді клиентерге тапсырады.

 

 

 

 

6-кесте Ссудалық портфелдің резерв берілгенше дейінгі резерві

 

 

12.12.              2008 жыл

 

12.12.2009 жыл

 

                                                    млн. теңге        үлес, %                млн. теңге      үлес, %

Қамтамасыз етілген ссудалар, резервтерді есептеуге дейін

2 200 355

87,8%

2 234 461

91,8%

Толтыру алдыңдағы ссуда кепілзаты, резервтерді есептеуге дейін

161 782

6,4%

89 902

3,7%

Қамтамасыз етімеген ссудалар, резервтерді есептеуге дейін

144 561

5,8%

109 747

4,5%

Ссуданың қорытындысы (брутто)

2 506 698

100,0%

2 434 110

100,0%

Дерек көзі: «АТФ Банк»-тің жылдық есептік балансынан

 

Қысқа мерзімді ссудалардың үлесі, 2008 жылдың соңына 5,3% бен 26,5%  болса, ал 2009 жылдың соңына 3,4% бен 28,3%-ды құрап,  1 айға дейін және 1 айдан 1 жылға дейін мерзіміндегі ссудалар берілді.                                                                                                     

       

15-сурет. Ссудалық портфельдің мерзім бойынша құрлымы

Дерек көзі: «АТФ Банк»-тің жылдық есептік балансынан

 

Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 31.03.1995 ж. және «Қазақстан Республикасындағы банктер жіне банктік қызметтер туралы» 30.08.1995 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, 11.02.1994 ж. «Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімде несиелеу ережесін», сондай-ақ  банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады [23].

Несиелеу процессі мынадай кезеңдерді қамтиды:

   несиеге деген өтінішті қарау;

Мысалы, «АТФ Банктің» несиелік операцияларына байланысты құжаттары. Яғни, мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.

Несие алуға өтініш қарау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Несие өтінімін қарауға Тұрғындармен жұмыс жөніндегі менеджерге Қарызгер  тұтынушылық несиесін алуға ұсынған сауалдама-өтінішнегіз болып табылады.
Қарызгер сауалдама-өтініште көрсеткен деректер негізінде  Тұрғындармен жұмыс жөніндегі менеджер Несиені төлеу қабілеттілігі мен төлемқабілеттілігін бағалау әдістемесімен Қарызгерге  несие  берілу мүмкіндігіне талдау жүргізеді.

Талдау оң нәтиже берген жағдайда, Қарызгер Тұрғындармен жұмыс жөніндегі менеджерге төмендегі құжаттарды тапсыруға міндетті:

1. Жеке куәлігі

2. СТН.

3. Соңғы айдың жалақысы және басқа табыстары туралы жұмыс орнынан анықтама (ЖК (ЧП) тіркелгені туралы куәлік бойынша коммерциялық қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді несиелеуде – бизнесінің экономикалық тиімділігіне есеп жүргізіледі)

5. Қарызгердің ол туралы несие бюросына ақпараттарды ұсынуға келісімі (белгіленген үлгіде);

6. Қарызгердің несие есебін (белгіленген үлгіде) беруге келісімі;

7. Көліктік құралдарының тіркелгені туралы куәлік;

8. Клиенттің несие алу сәтінде некеге тұрмағаны туралы нотариалды расталған өтініші;

9. Жұбайы/жолдасы бар қарызгерлер үшін:  

10. Жұбайының/жолдасының жеке куәлігі;

11. Неке туралы куәлігі;

12. Жұбайының/жолдасының мүлікті кепілдікке беруге келісімі (болған жағдайда).

13. Қамтамасыз ету бойынша  құқықтық иелегін анықтайтын құжаттар (меншігіндегі қымбат мүлкі, яғни пәтер, саяжай, үй, автомобиль, жер телімі және т.б.). Барлық құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі ұсынылады.

Талдау көрсеткендей ЕДБ-ң несиелік операциялары 2009 жылдан бастап даму жағдайы көрініс табады. Сонымен қатар, «АТФ Банк» АҚ-ы да осы үлестен қалыспайды.

III Тарау. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы

 

3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік

операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

Дамыған елдердің банктеріндегі несиелеу тәжірибесін қарастыра келе, еліміздегі банктік жүйенің несиелеудегі қызметінің төмен деңгейін көруімізге болады.

Дамыған елдердегі банктік несиелеу механизмін қарастырсақ, Францияда банк клиентке нақты ақша сомасын бере отырып несие береді немесе оны беруге сөз беру арқылы несие беруі мүмкін. Бірінші жағдайда толық мағынадағы несие болса (баланста көрсетілетін), екінші жағдайда банктік қолмен куәландырылған банк міндеттемесі ретінде болады (баланстан тыс есепке алынады). Толық мағынадағы несиелер үш түрлі тәсілмен берілуі мүмкін: коммерциялық құжаттарды есепке алу түрінде, қаржылық құжаттарды есепке алу және кассалық несие. Банктің қолымен куәландырылған несиеге банктік кепіл немесе акцепттерді, сондай-ақ несиенің қолданылмаған бөлігін жатқызады.

Францияда заңды тұлғаларды несиелеу кезінде белгілі-бір обьектімен байланысты несие (коммерциялық қарыздық міндеттемелер, сыртқы сауда операциялары, мемлекетті жабдықтау, қосалқы бөлшектер) түрлерін бөледі, ал обьектімен байланысты емес несиелер тек қосымша роль ойнайды [24].

Қарыздық міндеттемелерге берілетін несие вексельдерді есепке алу формасында берілуі мүмін. Бұл жағдайда банк екі кепілге ие болады: вексель бойынша қарыз адамның қолы түрінде және осы вексельді есеспке алуға берген несиелер түрінде. Ал, қосалқы бөлшектерге берілетін несие бойынша кәсіпорындағы дайын өнім қорлары өсіп кеткен жағдайда олардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру несиесі немесе маусымдық несие береді.

Германияда басқа елдерде сияқты несиелік операциялар негізгі орынды алады. Бұл елде сыртқы сауданың дамуымен рамбурстық несие кеңінен қолданылады. Ол шикізатты әкелу мен жартылай және дайын өнімдерді шығару кезінде қолданылып, коноссамент кепілі формасында жүреді. Кейде бұл несие сатып алушының тауарды еркін басқару құқын сақтап қалуы шартында беріледі. Ол, әрине, бірінші класты қарыз алушыларға беріледі. Сондай-ақ, Германия мемлекеттік қорларының, қалалық зайым облигациялары, темір жол акциялары мен облигацияларын кепілдікке ала отырып несие береді. Неғұрлым «тиімді» банктер қамтамасыздандырылғанмен бірге бланктік несие де береді. Өтелген және өтелмеген несиелер екі жақты берілуі мүмкін. Қарыз алушы не банктен ақша алады, не вексельді акцепттеуіне болады. Соңғысында қарыз алушы ақша алу үшін басқа банкте вексельді есепке алады. Мұндай несиенің ерекше түрі авальды несие болып табылады. Мемлекеттік жабдықтау, салық органдары алдында алымдарды кейінге қалдыру туралы сұрау кезінде заңды тұлғалар өз міндеттемелерін орындауға кепіл беруі керек.

АҚШ-та да халықаралық тәжірибедегі несиелер беріледі. Бұл елде коммерциялық банктер беретін ссудалардың ішінде мөлшері және мәні бойынша неғұрлым маңызды ссуда категориясы сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарына берілетін ссуда болып табылады. Ол барлық берілген ссудалардың үштен бірін құрайды. Коммерциялық және өнеркәсіптік ссудалардың көп бөлігі тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылады, ал олардың мерзімі 1 жыл және одан аз болып табылады. Сондай-ақ, олардың арасында он жылға дейінгі мерзімге берілетіндері де бар. Олар , әдетте, машина құрал-жабдықтарын сатып алуға арналған. Сауда-өнеркәсіптік ссудалар тауарлы-материалды запастармен, құрал-жабдықтармен, кәсіпорынның өзінің құнымен қамтамасыздандырылуы мүмкін.

Судаларды жиі қолданатын және ұқыпты төлеуші ретінде танылған фирма «несиелік линия» арқылы ссуда алуына болады. Бұл несие алуға керекті уақытты үнемдейді және банктерге несие қабылеттлігін талдауға уақыт жібермеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық статусын алған банктер заң бойынша банктің меншікті капиталының 15%-нан артық мөлшерде ссуда бере алмайды. Бұл кепілмен толық қамтамасыздандырылмаған ссудалар бойынша жүзеге асырылады. Ал, тез өтетін кепілмен толық қамтамасыздандырылған ссудалар бойынша 25%-ға дейін беруге болады.

Ауыл шаруашылығына берілетін ссудалар жалпы несие көлемінде аз мөлшерін алады. Мүмкіндік болса, фермерлер коммерциялық банктерден ссуда алғаннан ғөрі, Федералды жер банктері және кооперативтерге қызмет көрсететін Банктер сияқты федералды несиелік агентстволардан субсидияланатын пайыз мөлшерлемесі бойнша ссуда алады.

Сонымен қатар, банктік емес қаржылық мекемелерге де ссуда беріледі. Олар мұндай ссудаларды әрі қарай жеке тұлғаларға беру үшін немесе ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарларын сатып алуға ссуда беру үшін алады .

Көптеген кәсіпкерлер кездесетін проблемалардың бірі кепіл механизмнің жетілмегендігі болып табылады. Кепіл шартына сәйкес несие берушінің талаптары кепілге қойылған мүлік құнынан орындалады. Кепілді сатудан түскен сома банк алдындағы қарызды жабуға жетпесе, банк жетіспеген соманы қарыз алушының басқа мүлкінен алуға құқылы.

Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен мынадай кезектілік қарастырылған: ең алдымен банкрот болған кәсіпорын мүлік арбитражды соттың шығындарын жабуға кетеді, содан кейін әлеуметтік орта (алимент, мүгедектік жәрдемақы, жұмысшыларға берілмеген жалақы, т.б.). Осылардан кейін бюджет алдындағы міндеттемелер: салықтар бойынша қарыздар өтеледі. Соңында ғана несие берушілерге кезек беріледі. Көп жағдайларда банкрот кәсіпорынның бұған дейін мүлкінен түк қалмайды. Басқаша айтқанда, банктер түксіз қалады [25]. 

Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары