Комерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59

Қорытынды....................................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

Комерциялық Банктердің несиелік операциялары.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Несие қабілеттілігін қаншалықты нақты бағалап, несие беру туралы шешімі қаншалықты негізделіп қабылданғанымен, бір де бір банкир өзі берген ссуданың мерзімінде қайтарылмауын болжай алмайды. Несиенің қайтарылуына бақылау жасау кезінде несиелік қызметкер жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жағдайын тұрақты түрде талдап отыруы қажет. Әсіресе, талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Осы орайда, белгілі бір жобаны несиелеу кезінде болжанатын ақша түсімінің ағымына шамадан тыс тәуелді ссудалардан қауіптену керек. Баланста көрсетілген өтімсіз активтерді дисконттап, тек тез өтетін активтерді есепке алған жөн. Яғни, мониторинг үрдісінде кепілге алынатын затты аса мұқияттылықпен талдап, кейбір мүліктердің пайдаланылу аясы мен мерзіміне көңіл бөлген жөн. Негізінен, клиенттің несие қабілеттілігін талдау коэффициенттерінен бұрын баланс баптарына аса көңіл бөлген жөн. Бұл жерде ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер баптарына ерекше қарау керек. Себебі, олардың өзгерісі несиенің қайтарылуына тікелей әсер етеді. Клиенттің қаржылық жағдайын қарау кезіндегі тағы бір маңызды ақпарат көзі – төлейтін салығы туралы мәліметтер болып табылады. Яғни, несиелік қызметкер осы ақпарат көздерін бір бірімен салыстырып, несиенің мақсатты іске асырылуын бақылап, барлық несиелеу үрдісіне ұйытқы болып отырады.

Екінші деңгейлі банктердің беретін ұзақ мерзімді несиелерінің жалпы несиелік портфельдегі үлесінің аз екені белгілі. Осыған байланысты коммерциялық банк ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау мәселесін шешудің екі жолы бар: біріншіден, банктердің ресурстық базасының нақты өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес балансталуы; екіншіден, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеуді ынталандыру. Қазіргі кезде банк  жүйесінің  ресурстық  базасының  көбеюі  екі көзден тұрады: депозиттер және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері. Салыстырмалы түрде «арзан» және «ұзақ мерзімді» ақша көзі ретінде зейнетақы қорларының активтерін банк депозиттеріне тарту үшін олар қазіргі жағдайды сәтті пайдалануда (мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының шектелуі мен табыстылығының төмендеуі, корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамымағандығы).

Жалпы, банктердің ресурстық базасының балансталуына байланысты шаралардың келесі бағыттарын бөлуге болады. Біріншіден, банк банкрот болған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру Қоры тарапынан мерзімді салымдар бойынша толық компенсациялық неғұрлым жоғары соманы белгілеу. Екіншіден, ұлттық валютадағы шоттарға қарағанда шетел валютасындағы шоттар бойынша резервтік мөлшерлемені жоғарылату. Ал, мемлекет тарапынан кәсіпорындардың мерзімді депозиттен алатын пайызына салықтық мөлшерлемені төмендету, яғни олар талап етуге дейінгі депозиттерінен төмен болу керек. Қазіргі таңда кәсіпорындар депозиттен алған пайызының 15%-ын салық органдарына төлейді. Оны бір жылдан көп мерзімге салынған депозит болса 10%, екі жылдан жоғары мерзімге салынған депозит болса 5% қойған жөн. Сондай-ақ, қаржылық мекемелердің пайдасына салынатын салық бойынша қысқа мерзімді несиеден ұзақ мерзімді несиеге қарай дифференциалданған мөлшерлемелерді қою қажет. Бұл жерде ұзақ мерзімді несиеден алынған табыстарға салық мөлшерлемесі қысқа мерзімді несиеден алынған табыстарға қарағанда аз болуы тиіс. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторындағы маңызды жобаларға ұзақ мерзімді несие беру кезінде мемлекет тарапынан кепілдік жүйесін дамыту да несиелеуді ынталандыруы шарт. Оны Қазақстан Даму банкі арқылы немесе несие алып отырған саланың табиғи ресурстарын кепілге ала отырып жүзеге асыруға болады.

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметінің жылдан жылға дамып келе жатқанына байланысты ең басты қызметі болып табылатын несиелеу операциялары да даму үстінде. Биылғы 2010 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштері бойынша экономикамыздағы банктердің несиелері бұл кезеңде 2.5%- ға өсіп, 7,6 трлн. теңгеге жетті. Банктердің несие портфелінің жоғары өсу қарқыны несиелер сапасына байланысты. Жылдың басымен салыстырғанда стандартты несиелер үлесі 17,5%-ға, күмәнді несиелер үлесі 0,9% төмендеген. Қазақстан банктерінің пайдасы резервтерге бөліп шығарғаннан бұрын 853 млн. долларды құрады.

Банктік займдар негізінен, айналым қаражаттарын толтыру мен негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған. Олардың мерзімі бойынша сыныпталуында оң өзгерістер бар. Сондай-ақ салалық құрылымы бойынша несиелердің көп үлесі өнеркәсіп және сауда саласына келеді. Ал, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалары берілген несиелердің ішінде аз үлес алады. Жалпы алғанда, қазіргі несиелеу жүйесінің әрі қарайғы дамуын ынталандыру үшін келесідей шараларды ұсынамыз:

-        несиелік ресурстардың көзі ретінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, соның ішінде зейнетақы қорларының салымдарын ынталандыру;

-        несиелік келісімшарттарда негізгі қарыз бен пайыздың қайтарылмауының алдын алу баптарына көңіл бөлу;

-        кепіл механизмін жетілдіру, соның ішінде банкрот болған кәсіпорынның мүлкін таратуда банктің талаптарын бірінші кезекте орындау;

-        кейбір салаларды, мысалы, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тәрізді салаларды несиелеу кезінде мемлекеттің қатысуы маңызды болып табылады. Атап айтсақ, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыруды жүзеге асырған жөн;

-        несиелік тәуекелді басқаруда маңызды рөл атқаратын провизияны құру кезінде шетел тәжірибесіне сүйену.

Банктің несиелік менеджерлері қарыз алушылардың жалпы қызметін және қаржылық жағдайын талдау кезінде несиелік меморандум толтырады. Онда қарыз алушының қызмет түрі, қызмет ету кезеңі, географиялық жағдайы, байланысты компаниялары, қызмет көрсететін банктермен қарым – қатынасы, несиелік тарихы, менеджменті көрсетіліп, қаржылық жағдайына: балансына, пайдасы мен зияны туралы есебіне толық зерттеу жүргізіледі де, соған байланысты коэффициенттері бағаланады. Сонымен қатар, несиелік қаражаттарды жұмсайтыны туралы жоба, тәуекелдер талданады, оң және теріс жақтары қарастырылады. Соңында мониторинг жоспары мен несиенің берілуі туралы оң шешім қабылданған жағдайда несиелеуді оптималды құрылымы көрсетіледі. Осы жерде, біздің ойымызша банктік несиелеу тәртібіне байланысты келесідей жетілдіру жолдарын енгізген жөн:

1.           Бөлшектелген талдауларды біріктіре келе несие қабілеттілігін рейтингтік бағалаудың бірегей сызбасы бойынша жұмыс жүргізу;

2.           Несие қабілеттілігін бағалау кезінде анықталатын коэффициенттердің белгілі бір түрін біріктіретін оптималды жүйесін енгізу;

3.           Несиені беру мүмкіндігінің баллдық бағасын қолдану;

4.           Ссуда берілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайна мониторинг жасау кезінде баланс баптарының, соның ішінде ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерінің өзгерісіне аса көңіл бөлген жөн;

5.           Ақша қаражаттарының қозғалысына толық талдау жүргізіп, өзгеру мүмкіндіктерін болжау;

6.           Қарыз алушыдан міндетті түрде жобаның іске асырылуына толық талдау жасалған бизнес – жоспарын талап ету;

7.           Потенциалды қарыз алушылар қызмет ететін аймақтағы нарық сегменттерін зерттеу бойынша жұмысты жақсарту.

Жалпы алғанда, банктік несиелеу процесін жетілдіруге Қазақстан Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктердің несиелік менеджерлерінің тарапынан жан-жақты ат салысу қажет.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына жолдауында Қазақстанды жан – жақты жаңартудың басты басымдықтары ретінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап өткен болатын. 30 бағыттың алтыншы бағыты  банктік секторға қатысты – ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы елбасының  ұсыныстары отандық банктердің ары қарай жетілуіне өз ықпалын тигізеді: Біріншіден, біздің банктеріміз жергілікті рыноктағы, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы тартысқа әзір болуы керек.

Екіншіден, Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.

Үшіншіден, екінші деңгейлі банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе энергетикалық, инфрақұрылымдық және «серпінді» жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет.

Төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады , мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін.

Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу қажет.

Алтыншыдан, электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру электрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ.          

Қорыта айтқанда, еліміздегі банктердің несиелік операцияларын жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асырған кезде әрі қарай жетілдіруге болады деген ойдамыз. Сонымен қатар, банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамсыз ету – жалпы экономика дамуының басты шарты. Мұндағы банктік несиені кеңейту, қолдау және халық сұранысын қамтамасыз ету экономикамыздың дамуына өз үлесін қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.           Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2008.-365б.

2.           Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – Москва-Санкт-Петербург, 1993. – 315б.

3.           Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией            Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 2005. – 293б.

4.           Хамитов Н.Н, Банк ісі, Алматы Экономика, 2006. – 284б.

5.           Нурсеит Н. Расширение банковского кредитования производства // АльПари. – 2006. – 336б.

6.           Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Алматы; Экономика 2000 – 328б.

7.           Хамитова К.Н. Современные проблемы и перспективы краткосрочного кредитования в Казахстане // Банки Казахстана. – 2002.- №2.

8.           Николаев С. Проблема в кредитовании//Финансы и кредиты №9 қыркүйек, 2006 ж.

9.           Құлпыбеков С, Мельников В.Д. Қаржы негіздері:Оқулық. – Алматы LEM, 2009. – 670 б.

10.       Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы, 2005. – 552 б.

11.       Баймуратов У.Б., Каирленов М.А. О ресурсной базе и стимулировании долгосрочного кредитования реального сектора экономики банками второго уровня РК // Банки Казахстана. – 2002.- №13.

12.                  Ақша, несие, банктер Ғ.С.Сейітқасымовтың жалпы ред – Алматы: Экономика, 2001-465 бет.

13.       ЕДБ-де тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық // Егемен Қазақстан. – 2004, 11-ақпан.

14.       ҚР президентінің 1995 жылдың 31-тамызындағы Қазақстан Республикасындағы « Банктер мен банк қызметі туралы» жарлығы

15.       Бобаканова Ж.О. Кредитные риски в банковской сфере и критерии рейтинга банков // Банки Казахстана. – 2005.- №7.

16.       Тұрғанбаев Қ.Д. Несие және лизингті бизнесті дамытудың жолдары// экономика. Тараз қаласы - 2007. – 260 б.

17.       Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. – Алматы:Жеті жарғы, 2009.-261 б.

18.       Е.Ф. Жуков. Банковское дело. 2-ое издание. – М: 2006.

19.       www.afn.kz.

20.       www.nationalbank.kz.

21.       Ақпараттық-сараптамалық қызметінің мәліметтері www.alashainasy.kz.

22.       Қазақстан Республикасының статистика агенттігі бойынша Business Resource аналитикалық қызметтер мәліметтері.

23.       www.atfbank.kz.

24.       27.10.1994ж. №26 «Қарыз алушының несиені өтеу жарамдылығын банктердің талдауы бойынша әдістемелік нұсқау» ережесі

25.       Стратегия индустриаьно-инновационного развития Республики Казахстан: проблемы и перспективы ее реализации: Материалы конференции / Под редакцией Елемесова Р.Е., Джумамбаева С.К. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 280б

26.       Жумалиев Д.//Как застраховать от банкротства//Банки Казахстана №5 (107) 2010 ж.

27.       Симановский А.Ю. Резервы на возможные потери по ссудам: международный опыт и некоторые вопросы методологии // Деньги и кредиты. – 2004.- 270 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары