Комерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59

Қорытынды....................................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

Комерциялық Банктердің несиелік операциялары.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Несиелеу объектісі, сондай-ақ, экспортты  және  импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың сатып алатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен рентабельділігі бар, тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі бір    аймақтың     әлеуметтік     және    экономикалық    қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін.

Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі-бір қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм  болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі [13,61б.].

Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің дербес несиелік саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады .

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен бөліп көрсетуге болмайды. Егер субъект ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып, қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?

Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.

Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді.

Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді, ал  несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.

Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалыға, ҚР Ұлттық Банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі – бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.

Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының  мазмұны  түбірімен  өзгерген.  Бұдан  бірнеше  жылдар    бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепілхат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.

Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.

 

 

 

 

1.3 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері

 

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады.Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” 31.03.1995 жылы және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтр туралы” 30.08.1995ж ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, №1-ші 11.02.1994ж. “Қазақстан Республикасының  экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін”,  сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі [14].

Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процес несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады. Жалпы несиелік үрдісін 4- суреттен көруге болады.

4-сурет.Банктердегі несиелік үрдіс

Дерек көзі: Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер: Оқу құралы Алматы; Алматы экономика және статистика институты, 2001. – 165б.

 

Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмнің элементтері несиелік

операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды [15,123б.]:

-            несиеге деген өтінішті қарау;

-            несиелік қабілетін талдау;

-            несиелік келісім-шарт жасау;

-            несие беру;

-            несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Бірінші кезеңде, банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

1.           соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған

қосымша беттер;

2.   несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;

3.   несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);

4.   басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме);

5.   несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады.Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш  жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы;  мекен айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

Екінші кезеңде, қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті  қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалау сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады [16,54б.]:

1.        Ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиіс;

2.        Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;

3.        Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлердің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар есептеледі.

Үшінші кезеңде, несиелік келісім-шарт жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субъектісімен қатынсқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.

Несиелік келісімшарт  екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

Несиелік келісім-шарттың мазмұнында несиелеу механизмі, оның негізгі элементтері (несие түрлері және объектілері, сомасы, несиенің бағасы, несиелеу әдістері және ссудалық шоттар түрлері, ссуданың қамтамасыз етілу және қайтарылу тәсілдері, банк бақылауы) және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады. Несиелеу тиімділігі осы элементтердің банктік жұмысына қалай іске асырылуына және өзара үйлесетіндігіне тікелей байланысты болып келеді.

Несие берудің төртінші кезеңінде ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Несие беруді құжаттау тәртібі ссудалық шот формаларына байланысты ажыратылады. Жай ссудалық шот ашылған қарыз алушы қорларының жинақтауына байланысты несиеге деген өзінің қажеттілігін өтінеді. Осы мақсатта банкке несиеленетін тауарлы-материалдық құндылықтардың төленген нормативтен жоғары қалдығы, олардың қозғалысы туралы мәліметтер беріп, банк соның негізінде ссудаға деген қажеттілік мерзімді міндеттемелер арқылы құжатталады. Арнайы ссудалық шот бойынша берілген ссуда әр алған сайын құжатталмайды, себебі, ол шот ашу барысында өтініш-міндеттемесі негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары