Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.
Кіріспе..............................................................................................................................3
І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26
II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43
III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59
Қорытынды....................................................................................................................65
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалыға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау бесінші кезең болып табылады. Бұл - несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасында, банк қаржаттарның пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылады. Ссуданы қайтару мерзімі беру уақытында мерзімді міндеттемелермен құжатталады: егер де ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бір ғана қайтарылатын болса,онда әр төлемге мерзімді міндеттеме толтырылады.
Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкелері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының төлем тапсырмасы уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.
Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
J= (1)
мұндағы:
I- сыйақы мөлшері;
P- қарыз қалдығы;
n- сыйақы есептелген кезеңдегі күндер саны;
J- ссуданың барлық мерзіміне есептелген жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелген күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:
J=P*
мұндағы:
I- сыйақы мөлшерлемесі;
P- несиенің бастапқы сомасы;
J- несиенің барлық мерзіміне есептеген сыйақы сомасы;
n-аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Банк несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады. [6,22б.]
Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысында тәуекел көзі болып табылады.
Несиелеу кезені ұйымдастыруына қорыта келгенде, банктердің әрбірі несиеберу кезеніңде несие беруге қайтарылымдылықтың 100%-дық кепілдікті алуға ұмтылады.
II Тарау. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп салалы экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрады.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. Өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі – Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876ж.), Қызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.), және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады [17,52б].
Қазақстанның несие нарығыда, оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді-қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Капиталдық жасампаздық теорияның әрі қарай монетаристер дамутуда. М.Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айнылымдағы ақша жиынының өзгерістері болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай – ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңындағы өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады. Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолдануда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып отыр [18,59б.].
Қазақстаннің несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптасты. Осы уақыт ішінде сызбада көрсетілген құрылым қалыптасты.
5- сурет. Қазақстанның несие жүйесінің құрылымы
Дерек көзі: Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер: Оқу құралы Алматы; Алматы экономика және статистика институты, 2001. – 165б
Әлемдік қаржы дағдарысының екі жылдық дамуы барысында елдегі қаржылық делдалдық қызметі көптеген өзгерістерге ұшырады.Бұл кездегі ресуртардың экономикаға қайта бөлінуі қаржылық институттардың белсенді мемлекеттік қолдауымен жүзеге асырылды.
Банк секторының ағымдағы өтімділік көрсеткіштерінің өсуін төмендегі кесте деректері дәлелдейді. 1-кестеден көрініп отырғандай екінші деңгейлі банктердің саны 2009 жылы 37 болса, 2008 жылы 38 банк болған. Осы банктердің 2009 жылы 5 филиалы азайып, олардың жалпы саны 374 филиалды құраған. Соған қоса екінші деңгейлі банктердің қосымша үй-жайларының саны да азайып 2009 жылы 2167 бірлік болса, 2010 жылы 1927 бірлікті құраған. Керісінше банктердің шетелдіктердегі өкілдіктердің саны 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бір банкке азайып, олардың саны 13 жеткен. Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны соншалықты өзгеріске ұшырамады. 2009 жылы 31 бірлік болса, ал 2010 жылы 32 бірлікті құрады.
1-кесте
Қазақстан Республикасының банк секторының құрылымы
Банк секторының құрлымы | 01.01.2009 | 01.01.2010 |
Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішіде: | 37 | 38 |
Жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер | 1 | 1 |
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны | 379 | 374 |
Екінші деңгейдегі банктердің қосымша үй-жайларының саны | 2 167 | 1 927 |
Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны | 14 | 13 |
Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны | 31 | 32 |
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы банктердің саны | 35 | 36 |
Кастодиан қызметін жүзеге асыруға, лицензиясы бар банктердің саны | 10 | 11 |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігінің деректері, www.afn.kz
2010 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банк секторы 38 екінші деңгейдегі банктермен ұсынылған. Жыл басынан бастап екінші деңгейдегі банктер активтері 187,9 млрд. теңгеге немесе 1,6%-ға көбейді, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 83,0 млрд. теңгеге немесе 0,9%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 51,7 млрд. теңгеге немесе 1,3% төмендеді [19].
Қазақстандағы банктерінің несиелік портфелінің сапасы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты экономиканың барлық саласынан да нашарлады. Нәтиже ретінде, банктердің несиелік белсенділіктері негізгі қозғаушы факторлар ағымдағы шығындар және ішкі борышкерлердің жоғарғы несиелік тәуекелдерінің сақтаушы бағалары болып табылатын объективті несиелік консерватизммен салыстырғанда төмен болып қалады. 2009 жылғы жағдай бойынша, Қазақстан банктерінің несиелік портфелінің ұлғайған көлемі жылдың басынан 9,7%-ға көбейіп 10 138,3 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, өткен жылғы ұқсас кезеңдегі өсім тек 2,5%-ды құрағанына қарамастан, осы жылғы өсімнің динамикасына негізгі әсерді қарыз портфеліндегі үлесі 2010 жылы 52-ден 60%-ға өскен теңге девальвациясы нәтижесіндегі шетелдік валютадағы қарыз портфелінің қайта бағалануы. Девальвация әсерінің есебісіз қарыз портфелінің өзгеруі жүзеге асырылмайды.
Республикасының экономикасына берілген несиелер дағдарыстың әсеріне қарамастан жылдан жылға бір қарқынмен көбейіп келеді. 2010 жылы берілген несиелер өткен жылдармен салыстырғанда біршама көп берілеген. Бірақ ұлттық валютада берілген несиелер 2009 жылы 4 071 807 млн. теңге болса, 2010 жылы 3 956 379 млн. теңге азайған. Оның себебі 2009 жылы болған девальвациядан кейінгі Қазақстан халқының ұлттық валютасына деген сенімділігінің азаюы. Және 2010 жылы ұзақ мерзімді несиелердің қысқа мерзімді несиелерден біршама артуы байқалады.
Ипотекалық Тұтынушы Құрылыс сектор
тұрғын займдар займдар займдар
Ипотекалық Тұтынушы Құрылыс сектор
тұрғын займдар займдар займдар
банк- агенттер бойынша пайыздық өзгеріс
басқар банктер бойынша пайыздық өзгеріс
Несиелеу көлемін өзгертудегі банк-агентерінің салымы
Несиелеу көлемін өзгертудегі басқа банктердің салымы
6-сурет. Ссудалық портфельдің 2008-2009 жж. сегмент бойынша өзгеруі
Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары