Комерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59

Қорытынды....................................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

Комерциялық Банктердің несиелік операциялары.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

1.                                    Қайта бөлу;

2.                                    Айналыс шығындарын үнемдеу;

3.                                    Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

4.                                    Капиталдың шоғырлануын жеделдету;

5.                                    Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Енді осы аталған қызметтерге жеке-жеке тоқталайық. Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектлеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар:  чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.

Несиенің капиталды шоғырландыру процесі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай мідеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет шаруашылықтағы маңызды болып саналатын және дамуды қажет ететін салаларға несие беру арқылы оларды қызмет етуге ынталандырады.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиындыққа түседі. Сондай-ақ несиенің өндірісте және жалпы экономикалық дамуда инновациялы өндірісті ынталандырушы да қызметінің маңызы жоғары.  

Несиенің нарықтық экономикадағы маңызы аса зор. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы несие нарығының дамуына себепші болады. Ссудалық капиталдың қозғалысы: ақша қаражаттары түрінде жинақталған капитал ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы экономика санаты ретінде түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты әлеуметтік–экономикалық қатынасты білдіреді.

Несие нарығы – бұл механизм, оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және  шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттар мен қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым–қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Несие нарығының мәнін онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды, дәлірек айтқанда банкир өз ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депозитке салынған капиталдың көмегімен жүргізеді ме – мұның еш мәнісі жоқ [3,123б.].

Оның қаржы нарығының құрастырушысы ретіндегі маңызды ролі ұсақ әрі бытыраңқы ақша қаражаты біріктіреді әрі нарықтың өндіріс пен капиталды шоғырландырып, орталықтандырылуына мүмкіндік береді.Ақша капиталы негізінен ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Осыған байланысты алатын болса, оқшау процесі ретінде жинақтаудың ешқандай маңызы жоқ, жинақтау ең алдымен өндірістің барысына ықпалын тигізіенде ғана маңызды болады. Ақша капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтау нақты жинақтаумен өзара тығыз байланысты болады. Ақша капиталы негізінен халықтың жинағының негізінен қалыптасатыны белгілі ал олардың мөлшері елдің жалпы ұлттық өнімдерінде капитал салымының үлесін қалыптастыруда үлкен роль ойнайды.

Несие нарығының мәні мен ролі оның функциясын да анықтап береді. Несие теориясында оның функциясы мен мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай көзқарастар жоқ. Алайда өзінің барлық формасында несие мәні қайта бөлу функциясында, несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек, Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:

- Несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;

- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту; 

- Ақша қорларын ссудалық капиталда тікелей шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;

- Мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ  аса қуатты қаржы-өнеркәсіп топтарының  қалыптасуына ықпал ету [4,178б.].

Несие нарығының құн қозғалысы мен оның ақшалай формасында, әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасуы мен және пайдалануымен органикалық тұрғыға байланысты болатыны белгілі. Оның деңгеиі қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оны тұтастай әлеуметтік–экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысымен, мөлшерімен және бағытымен өлшеніп, анықталады.

Несие нарығының негізгі қатысушылары – несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші (несиеор) несие мәмілесінің ссуда беретін жағы (тарап). Тауарлық өндірістің бұрынғы сатысында несие берушілердің ролін өсімқорлар орындаған. Оның дамуына қарай ақшалай несиені берушілердің орнын банк мекемелері басты. Ал тауарды ссудаға беруде несие беруші ретінде тауар өндірушілер алға шықты. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттың көздеріне оның (несие берушінің) өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат жатуы мүмкін. Осы заманғы нарықтық қатынастар жағдайына несие беруші банк ссуданы тек өз ресурстары есебінен емес, сонымен бірге, өз шотында сақтаулы жатқан тартылған ресурстардың есебінен, сондай-ақ, жұмылдырылған бағалы қағаздарды орналастыру арқылы беруі мүмкін.

Қарыз алушы – бұл несие қатынасында несие алатын әрі алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті тарап. Өсімқорлық кезеңінде несиені ұсақ шаруалар, қолөнерші-шеберлер, сондай-ақ, аса ірі жер иеленушілер немесе бай адамдар пайдаланады. Кейін банктердің пайда болуына қарай алушылардың шоғырлануы жүзеге асты. Бұл арада банк ұжымдық несие беруші ретінде алға шықты. Ссудалық мәміледе несие берушіге қарағанда қарыз алушының мынадай ерекшелігі болады [5,67б.].

- ол ссудалық қаражаттың иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі ғана бола алады әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс істейді;

- қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласында да, өндіріс саласында да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы өндіріске тікелей шықпай ауысу фазасында (в фазе обмена) береді.

- қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруасына пайдаланғаннан кейін қайтарады. Қарыз алшу ссуданы қайтаруы үшін ұдайы өндірістік процесті несие берушімен есеп айырысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп ұйымдастыруы керек;

- қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана пайдаланып қоймайды, сонымен бірге, оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада қарыз алушының өз шартын алға тартатын несие берушіге тәуелді болатынын естен шығармауымыз керек.

Несие қозғалысының заңдылығы несие нарығында пайда болатын несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қатынасты толығырақ ұғынуымызға мүмкіндік береді. Мұны сызба түрінде келесі 1-суреттен көруге болады.  

 

          

1- сурет. Несие қозғалысының сызбасы

Дерек көзі: Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. - Алматы: Издат.: Маркет, 2004. – 246б.

 

Несие беруші мен қарыз алушы несие қатынасына түсу арқылы өздерінің мақсаттары мен мүдделерінің біртұтас екенін көрсетеді. Олар несие қатынасы шеңберінде орындарын алмастыруы да мүмкін, егер орындарын алмастыратын болса, несие беруші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады.

Нарықтағы негізгі несие берушілерге коммерциялық банктер жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активті операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық несиені, қайта қаржыландырудың несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді қарызды ұйғаратын  РЕПО-ны ұсынады. Ұлттық банк қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемелерден төмен белгілей алмайды.

Несие нарығында реттеуші орган ретінде ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттігі алға шығады. Бұл орган, мәселен кастодиан-банктің, брокер банктің және т.б. банктердің негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.

Белгілі болғандай, коммерциялық банктер әмбебап коммерциялық банк және мамандандырылған коммерциялық банк болуы мүмкін. Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады. Дегенмен, соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады. Мәселен, «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ын айтуға болады. Оның негізгі бағыты  халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Қазақстан несие нарығының институтционалдық құрылымы

Дерек көзі: Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2000. – 328б.

 

2-суретте көріп тұрғандай, несиені тек коммерциялық банктер ғана емес, сондай-ақ ломбардтық, несиелік серіктестіктерде және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзіге және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.

Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымын 3-суреттен көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3- сурет. ҚР-на тән несие нарығының сегменттері

Дерек көзі: Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2004 – 246б.

 

Қазақстанда осы уақытқа дейін қысқа мерзімді несиелер негізінен аса ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға беріліп келгені байқалған, ал бүгінгі таңдаелімізде ұсынылатын несиелердің көптеген түрі пайда болып үлгереді. Оның үстіне, несие барушілердің қатарын мамандандырылған мекемелер толықтырады, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда басқа несие нарығына қарағанда тұтыну несиесінің нарығы қатты дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін беріледі. Сатып алынған тұрмыстық техниканың, машинаның және басқа да тауарлардың құнын біртіндеп бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен бүгінгі күнде ең қолайлы нұсқаға айналған.

Құрылыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрылыс жұмыстарының қарқын алуына қарай оған жұмсалатын қаражатқа қажеттілік артып келеді. Банктерде ссудалық пайыздардың кемуі, несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие нарығының ұлғаюына себепші болды.

Банк аралық несие нарығы – несие нарығының айрықша бөлігі. Басқа несие нарықтарында банктер өзгерісінің бәрі қарыз алушыға жатса, мұнда тек банктердің өздері ғана несие берушінің де, қарыз алушының да рөлінде болады. Халықтың баспана қажеттілігімен байланысты ипотекалық несие нарығы жыцлдам дамып келеді. Алайда, халықтың көп бөлігінде баспана алуға жеткілікті қаржы болмай тұр, сондықтан да жеке тұлғалар үшін ең қолайлысы тұрғын үй несиесін ипотекалық қамтамасыз етумен алу болып табылады [6,135б.].

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары