Комерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері..................................................................................................6
1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері..........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың мәні және олардың түрлері ...........................................................................................................................14
1.3 Коммерциялық банктерде екінші деңгейлі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері..................................26

II. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау («АТФ Банк» АҚ тәжірибесі негізінде)................................................................31
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін талдау...................................31
2.2 «АТФ Банк» АҚ несие беру тәртібі.....................................................................43

III. Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастыру және оның даму болашағы..........................................................52
3.1 Шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................52
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік операцияларын дамыту мәселелері мен болашағы........................................................................................................................59

Қорытынды....................................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

Комерциялық Банктердің несиелік операциялары.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................................68

Қосымшалар.................................................................................................................

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет әсер ететін ең маңызды құрал - қаржы жүйесі болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.

Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі банк жүйесі болып табылады.

ҚР банк жүйесі банк қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан банктерінің несилік портфелінің сапасы экономикалық белсенділігі жөнінен экономиканың барлық саласынан дерлік төмендеп кетті. 2009 жылғы жағдай бойынша Қазақстан банктерінің ұлғайған несиелік портфельдің көлемі, ағымдағы жылдың басынан бастап 9,7%-ға өсіп, 10 138,3 млрд. теңгені құрады. Қазақстан банктерінің пайдасы резервтерге бөліп шығарғаннан бұрын 853 млн. долларды құрады. Қазіргі кезде банк жүйесінде 38 банк 2380 банк бөлімшелері бар. Бір банкке келетін меншікті капиталдың көлемі 1298,9 млрд. теңгені құрайды («БТА БАНКІ» АҚ, «Альянс Банкі» АҚ қоспағанда). Банк жүйесінің  2010 жылдың банктердің жиынтық активтері шамамен 80 млрд. доллар болды.

Бүгінде банктер экономиканың нақты секторы ірі кәсіпорындарды несиелендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр.

Осы орайда экономикалық өсуді, дағдарыстан шығу көзі қаржыландырудың маңызды факторларының бірі банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.

Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.

Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты банктік несиелеу операцияларын жетілдіруін қарастыру – қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал бұл өз кезегінде экономикалық өсуге әсер етеді.

Жалпы алғанда, несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек. 

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен  тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субъектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда қарыз алушылардың қаржылық жағдайын талдаудың жалпыға ортақ әдістемелер жоқ, сондықтан әр банк клиенттердің несиелік қабілетін бағалаудың өз әдістемесін қолданады. Банктердің өтімділігі және табыстылығы клиенттердің қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан банктер несиелік операцияларының табыстылығын қамтамасыз ету үшін қарыз алушылардың несиелік қабілетін егжей-тегжейлі бағалауды жүзеге асыруға тиіс. Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауда Қазақстанның банктері қаржылық коэффициенттер әдісін қолданады, бұл әдіс бірқатар факторларды ескермейді. Ал шетел тәжірибесінде несиелік тәуекелдің алдын алу мақсатында несиелік қабілетті бағалаудың әлде қайда тиімді әдістері пайдаланылуда, осының салдарынан несие бойынша пайыздар төмендеп, жеке және заңды тұлғалардың несиеге сұранысы жеткілікті деңгейде қанағаттандырылады. Сол себептен  Қазақстан банктеріне шетел тәжірибесін ескере отырып, қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың әдістерін жетілдіру өте маңызды.

Диплом жұмысының мақсаты – екінші деңгейдегi банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздерін нақтылап, қаржылық дағдарыс жағдайында коммерциялық банктердің несиелік операцияларының жүргізілу жағдайын талдау, сонымен қатар олардың несие беру тәртібін жеңілдету әрі жетілдірудің жолдары мен даму бағыттарын айқындау және коммерциялық банктердің несие беру қызметін жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу барысында келесі міндеттер қарастырылады:    

-   Несиенің экономикалық мәні мен мазмұнын талдай отырып, олардың екінші деңгейдегі банктердің қызметіндей ролін қарастыру;

- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік операциялардың қазіргі жағдайы және несиелік портфельді талдау;

- Коммерциялық банктерде несие берілу тәртібі және оны қадағалайтын органдардың мәнін ашу;

- “АТФ Банктің” АҚ несиелік портфелін талдау және ағымдағы жағдайда туындаған мәселелерді шешу;

- Шетелдегі банк секторынында жүзеге асырылатын несиелік операциялардың қазіргі жағдайын талдау, ҚР банк секторынымен салыстыру;

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялары.

Зерттеу объектісіне – «АТФ Банк» Акционерлік қоғамының  несиелік процесі.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 15    сурет, 8 кестеден тұрады. Диплом құрылымы  зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген.

I Тарау. Коммерциялық банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Несиенің мәні, маңызы мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Несие – нарықтық  экономиканың тірегі ретінде экономиканың дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеуіміз керек. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды [1,91б.].

Құнның қозғалысы несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбінесе несиені ақша түрінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақша түрінде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретіндігін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие  бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартына уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы [2,45б.].

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар.

Несие бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудің әр түрлі формаларының болуын және, сондай-ақ, олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда  бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасқан өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу пәні сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден, мұндай элементке несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәмілелер бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі. Яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Информация о работе Комерциялық банктердің несиелік операциялары