Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
Елдегі адам ресурстарының сапасы. Сапасы жағынан бұл ресурстар ұлттық актив немесе пассив ретінде қарастырылуы мүмкін. Кейбір жоғары технологияларды инвестициялау бойынша инвестор өзінің шешімін бұл елдегі жұмысшылардың білім сапасына, біліктілігіне байланысты шығарады.
Ұлттық валюта тұрақтылығы. Бұл фактор компанияның пайдасын анықтайды. Егер компания өзінің пайдасын сол елдің валютасымен алса бұл валютаның тұрақтылығы өте маңызды орын алады. Өйткені ол өзінің құнын жоғалтса инвестордың пайдасы кемиді немесе тіпті нолге тең болуы мүмкін.
Елдегі өмір сүру жағдайлары. Көп жағдайларда ірі инвестициялық жобалардың іске асыру кезінде инвесторларға (кейде отбасымен бірге) инвесторларға сол елде белгілі бір уақыт аралығында өмір сүруге тура келеді. Бұл жағдайда егер елдің өмір сүру деңгейі төмен болса, онда инвестор бұл жобадан бас тартуы мүмкін.
Елдің халықаралық имиджі. Әртүрлі елдердің халықаралық деңгейдегі имиджі әртүрлі болады (елдегі қылмыс жасаудың деңгейі, қоршаған ортаны қорғау деңгейі және қауңпсіздік, т.б.). Осыған байланысты инвестор өз шешімін қабылдайды.
Мемлекетке деген сенім. Көптеген шетел инвесторлары өз инвестицияларын сенімді іс-әрекет жасай алу мүмкіндігі бар елдерге ғана салады.
2. Мемлекет реттемейтін факторлар.
Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстардың молдығы мен жол ашықтығы шетел инвесторларын қызығушылығына әсер етпей қоймайды. Ел үшін табиғи өз ресурстары жайлы нақты мәліметтер білу өте маңызды.
Жаңа рыноктарға деген қол жетерлік жаңа инвесторларды қызықтырады. Әдетте, елдің ішкі тұтыну нарықтары инвесторлар үшін өте маңызды фактор болып табылады.
Елдің технологиялық даму деңгейі. Шетел инвесторларын сонымен қатар, елдегі жоғары технологияның болуы, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық потенциал және ресурстар қызықтырады.
Жеке қорлардың деңгейі. Бұл қорлар тұрақты қаржыландыру көзі ретінде қызмет атқаруы мүмкін.
Кәсіпкерліктің дамуы. Кейде жеке сектордың дамуы нашар елдерде кәсіпкерлерге деген «тапшылық» тууы мүмкін. Бұл көрсеткіш те шетел инвесторын айнытуы мүмкін.
Мамандырылған кадрлардың бар болуы. Бұндай кадрларсыз күрделі инвестициялардың болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, жеткілікті менеджерлер санын дайындайтын кадрларды оқыту мен кәсіпкерлігін жоғарылату жүйені құру керек.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы. БАҚ-ы кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы климат құруда маңызды орын алады. Пресса мен телевидениенің жақсы жұмысы халықпен байланысты орнатып, оларға елдегі көптеген жағдайлар жайлы мәлімдейді.
Транспорттық қызмет көрсетудің дамуы. Көп жағдайларда инвестор транспорттық проблемалармен (жүк және өнім тасымалы) жиі кездеседі. Ал транспорт рыногындағы бәсекелестіктің болуы ол үшін бағалы факторлардың бірі.
Адам ресурстарының өнімділігі. Қазіргі таңда көптеген елдердегі жұмысшылардың өнімділігінің статистикалық көрсеткіштері берілген. Инвесторлардың көпшілігі осы көрсеткіштерді басшылыққа алады.
Кәсіподақтардың болуы және олардың өнеркәсіпке қатысуы. Кәсіподақтардың жағдайы – бұл инвесторлар үшін маңызды фактор. Инвесторды, әрине, кәсіподақтардың шетел инвестицияларына деген оң көзқарасы қызықтырады. Ал кәсіподақтардың өнеркәсіпте шешім қабылдаудағы, кіспорынды басқару процесіндегі тым белсенділігі инвестордың сақтығын туғызуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген факторлар инвестор қолданатын субъективті бағалау жүйесін көрсетеді.
Жалпы алғанда, бұл факторлар мамандар, эксперттер немесе маманданған институттар жасайтын елдегі инвестициялық климатты бағалауға негіз болады. Осы ретте, ең алдымен, елдегі экономикалық жағдайлар бағаланады.
Белгілі
инвестициялық аймақты
Инвестормен бағаланатын факторлардың 2 тобы бар: ішкі және сыртқы.
а) орналасуы;
ә) технологиялық процесс;
б) өнеркәсіптің технологиялық қуаты;
в) басқару/ кадрлар;
г) қаржыландыру;
д) шығындар мен табыстар құрылымы;
е) пайда әкелушілігі;
ж) қоршаған ортаға әсері.
а) елдегі жағдайлармен анықталатын тәуекелдің деңгейі:
ә)
серіктестің жағдайларымен
б)
нарық жағдайларымен
Қазақстанда саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлар жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуына оң әсер етеді. Көпұлтты Қазақстан Республикасында бұрынғы посткеңестік елдерге қарағанда, қоғамда саяси тұрақтылық орнаған, ұлтаралық даулар жоқ, Қазақстан Республикасы ұлттарының үлкен (Республикалық) және кіші (аймақтық) ассамблеялары құрылып, белсенді қызмет етуде. Жылдан-жылға Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық беделі жоғары қарқынмен өсіп келуде.
Жағымды инвестициялық климатқа әсер етуші экономикалық факторларға елдің табиғи байлығы – мұнай, газ, бағалы, түсті және қара металдары, агроөнеркәсіп секторының үлкен потенциалы, басқа да минералды-шикізаттық ресурстардың үлкен қорлары жатады.
Сонымен қатар, жағымды инвестициялық климат құруда ел экономикасын тұрақтандыру бойынша қабылданатын және жүргізілетін практикалық шаралар маңызды орын алады.
1996
жылдың өзінде-ақ еліміздің
- тұтынушы бағасының орташа индексі 1993 жылдағы 17,6 көрсеткішінен 1996 жылы 1,4-ке дейін қысқарды;
- экспорттың көлемі 2 еседей өсті (1,87);
- 1996 жылы сыртқы сауданың оң сальдосы 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады;
- 1996 жылы қалыптасқан ұлттық
- елдің кредиттік ресурстарының
спекулятивті қысқа мерзімдік
бағыттардан өнеркәсіпті
- құрылымдық қайта құруға
шетелдік және отандық
Қоғамдық
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, экономикадағы гигантизм өзін растамайды. Мысалы, ірі нарықты дамыған елдерді алсақ (өнеркәсіп құрылымындағы қатынас): Жапонияда – 99,3% - орта және кіші және тек 0,7% - индустриалды гиганттар; АҚШ-та, сәйкесінше 84% және 16%; Германияда солай; Италияда - 98% және 2%.
Инвестициялық климаттың
жақсаруы жайлы Президент және Үкіметпен
жасалған экономикалық тұрақтандыруға
бағытталған практикалық
1998
жылы шетел инвестицияларын
Антикризистік шаралар жүзінде инфляция деңгейі 1997 жылы 11,2% деңгейінде болды, ал бұл 1994 жылғы көрсеткіштерден 100 есе аз.
Бұл уақыттағы орташа жалақы деңгейі 48,2-ден 113,4 АҚШ долларына өсті (ТМД елдері бойынша Ресейден кейін екінші орында). Материалдық көмек көрсету мақсатында азқамтамасыздандырылған отбасыларына жеңілдетілген жағдайдағы микронесиелер беріледі.
Соңғы 4 жылда коммерциялық несиелердің проценттік сатвкалар он есе кемітілді (400-500% жылдық сыйақыдан 25-27%-ға дейін кеміді)
Жалпы алғанда, Қазақстандағы жағымды инвестициялық климат қалыптасқанын мына жайт да дәлелдейді: батыс эксперттерінің бағалауы бойынша, біздің ел жан басына шаққандағы тікелей шетел инвестициялары бойынша ТМД елдерінде бірінші және Шығыс Еуропа елдерінде екінші орын алады.
Қазақстанда жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жүйелі түрде ҚР-ның «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» жөніндегі Заңында қарастырылған. /1/
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 17-ші жылға аяқ басты. Бұл өткерген кезеңде мемлекетіміз әртүрлі асулардан өтіп, 2008 жылға да жеттік. Қазақстан 90-шы жылдар ортасындағы экономикалық дағдарыстан кейін экономикалық өсу басталды. Бұның барлығы ненің арқасында десек, бұл ең бірінші саяси тұрақтылық.
Қазақстан ТМД елдер арасында экономикалық өсу қарқыны жағынан топ жарып, алдыңғы орындардың бірінде келеміз. Мұндай жетістікке жетуде шетелдік инвестицияларды тартудың алатын орны орасан зор. 2000 жылдан бастап қаржы жағынан еңсесін көтерген отандық кәсіпорындар кейбір салалар бойынша қатаң бәсеке жолына түсті. Жоғарыда айтқандай, Қазақстан бұрын тек шикізатты экспорттаған ел болса, енді қазіргі кезде бұл қаржыны өңдеу сферасына жұмсауды жүзеге асыра бастады. Бірақ қазіргі таңда альтернативті жолдардың арқасында инвестицияны тартудағы бұрын көз жұмған жетіспеушіліктерге орын бермеу керек. Инвестициялық саясатты қатаң бақылауға, әкімшілік ақпаратты дұрыстауға, құқықтық режимді реттеуге ықыласымызды аударуымыз керек.
Қазақстандағы
қолайлы инвестициялық ахуалға
мынадай жолдармен қол
Осы курстық жұмысты жазу барысында оқыған, көрген, білгенімді қорытындылай келе, мынадай тұжырымға келдім.
Біздің
инвестициялық ахуалымыз
Ендеше қарап отырсақ, ел