Инвестициялық саясат

Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.

Работа содержит 1 файл

инвестициялық саясат.doc

— 437.00 Кб (Скачать)
  • Штатта сәйкес квалификацияланған мамандардың (сәйкес аттестаты бар) болуы;
  • Инвесторлар алдындағы материалды жауапкершілігін атқару үшінөзіндік капиталдың минималды көлемінің болуы;
  • Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды дәл және де нақты көрсететін есептеу мен есеп беру жүйесінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
 

    Бұл бөлімнің басында айтылғандай, инвестициялық институттарға инвестициялық жобаларды қаржыландыратын банктер де жатады. Бұлардың ірілерін халықаралық масштабта қарастыруға көшейік. Бұл инвестициялық институттарға жататындар:

    • Әлемдік Банк;
    • Халықаралық валюта қоры;
    • Еуропалық реконструкция және даму банкі;
    • Азиалық даму банкі;
 

    Әлемдік банк пен Халықаралық валюта қоры 1944 жылы американдық Беттон-Вудсе қаласында өткен БҰҰ-ның валюталық-қаржылық конференциясының шешімімен ұйымдастырылған болатын. Ал олардың қазіргі кездегі штаб-квартиралары Вашингтонда орналасқан. Олар, негізінен, мүшелері болып табылатын елдердің (олардың қатарында Қазақстан да бар) экономикасын кеңейту мен нығайту сұрақтарына көп көңіл бөледі.

    Әлемдік банкті құрудағы басты мақсат екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шеккен елдерге ұзақуақытты инвестициялардың халықаралық ағымын қамтамасыз ету арқылы көмек көрсету болатын. Алайда осыған байланысты инвестор ретінде халықаралық жеке капитал өз орныны ала бастады. Ал Әлемдік банк өзінің алғашқы рөлінен кетіп, дамушы елдерді инвестициялайтын дүниежүзіндегі бірінші банк болды.

    Қазіргі кезде Әлемдік банк халықаралық  қаржылық-кредиттік ұйым болып табылады және де инвестициялық институт ретінде елдердің экономикалық дамуына қолдау көрсетеді (соның ішінде Қазақстанға). Оған дәлел, банк 2005 жылдың маусымының санағы бойынша Қазақстан Республикасының экономикасына 1 миллиард 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестициялар бөлінген болатын.

    Әлемдік банктің негізгі құрылымдық бөлімдері:

  • Халықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ);
  • Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА). ХРДБ мен ХДА, өз алдына, заңды және қаржылық қатынаста дербес организациялар болып табылады (Вашингтонда орналасқан);
  • Қаржылық-заңды дербестігі бар, бірақ Әлемдік банк құрамына кіретін Халықаралық қаржылық корпорациясы дамушы елдердегі жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруын ұйымдастыруымен айналысады.
  • Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық;
  • Халықаралық инвестициялық кепілдендірілген агенттігі (ХИКА).

    Жалпы алғанда, Әлемдік банктің дүниежүзінде 40-тан астам бөлімшелері бар.

    Қазіргі кездегі өзінің іс-әрекетінде Әлемдік банк келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қаржылық-кредиттік ресурстары мен кеңесберушілік қызмет көрсетулері арқылы экономикалық артта қалған елдердің дамуына көмек көрсетеді;
  • Дамушы елдерге инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларына ұзақуақытты несие беру арқылы көмек көрсету;
  • Жан басына шаққандағы 1,2 млрд. АҚШ долларынан кем емес жалпы ұлттық өнімі (ЖҰӨ) бар елдерге арнайы қаржылық көмек көрсету.
 

    Әлемдік банктің инвестициялық  белсенділігі үшін ең приоритетті объектілер:

  • өндіріс саласындағы жобалар;
  • ауылшаруашылық саласындағы жобалар;
  • энергетика саласындағы жобалар;
  • көлік және коммуникация саласындағы жобалар;
  • қала шаруашылығы саласындағы жобалар;
  • сумен қамтамасыз ету саласындағы жобалар;
  • білім беру саласындағы жобалар;
  • денсаулық сақтау саласындағы жобалар.
 

    Техникалық  қызмет көрсету ретінде Әлемдік  банкпен келесі қызмет көрсету категориялары  қаржыландырылады:

  • инженерлік-кеңес берушілік, соның ішінде техникалық мүмкіншіліктерін және инвестициялық жобалардың экономикалық мақсаттылығын анализдеуге кеткен шығындарды;
  • қабылданған саясатты бағалау мен ұйымдастырушылық құрылымның анализін өзіне қосатын әкімшілік-ұйымдастырушылық көмек;
  • басқару аппаратының ұйымдастырылуын жетілдіруде және техникалық дайындықта қолдау көрсету.

    Әлемдік банктің техникалық көмегінің құрамына БҰҰ-ның даму бағдарламасын қолдау аясында іске асатын техникалық-экономикалық негіздеу де кіреді. Бұл жұмыстар инвестициялық жобалардың сәтті қабылдануымен аяқталады және оның қаржыландыруы Халықаралық реконструкция және даму банкінің және Халықаралық даму ассоциациясының қаржысы есебінен жүргізіледі.

    Әлемдік банк инвестициялық банк болып табылады да, инвестор мен инвестициялық қаржы  бөлінулерін алушы арасындағы делдалы рөлін атқарады. Банктің иелері банктегі 180 млрд. АҚШ долларынан артық акционерлік капиталы бар 170-тен астам елдер болып табылады. Қаржыландырудың негізгі формасы ұзақуақыттағы несие беру болып табылады. Несие 15-20 жылға ЛБПС-ға (лондондық банкаралық проценттік ставка) тең жылдық проценттік ставкасымен плюс 0,5%-пен және 7-8%-пен беріледі.

    1960 жылы құрылған Халықаралық даму ассоциациясыда (ХДА) Халықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ) атқаратын қызметтерді атқарады. Ал, бұған қоса, ХДА-ның көздеген мақсаты – нашар дамыған елдерге инвестицияларды тартуды жетілдіру. Бұл ассоциация басқа инвестициялық институттармен салыстырғанда, неғұрлым жеңілдетілген, сонымен қатар кейде процентсіз несиелер бөледі. Бұндай жеңілдетілген несие ала алатын елдердің жан басына шаққандағы жылдық жалпы ұлттық өнімнің көлемі 650 АҚШ долларынан кем болуы керек. Ал процентсіз несиелер ХДА мүшелері болып табылатын елдерге 35-40 жыл мерзіміне беріледі. Процентті несиелер берлсе де, олардың жылдық проценттік ставкасы 0,9% болады және оған банктің қызметін өтейтін 0,78% қосылады.

    Жоғарыда  айтылғандай, Халықаралық қаржылық корпорациясының (ХҚК), Әлемдік банктің құрамында бола тұрса да, заңды және қаржылық дербестігі бар. Ол 1956 жылы жеке меншік секторының экономикасының дамуына қолдай көрсету мақсатында құрылған. Бұл инвестициялық-қаржылық институт халықаралық банктік капиталды тарта отырып, халықаралық масштабтағы инветорлардың ең ірілерінің бірі болып табылады. Оның салымшылары – әлемнің 140-тан астам елдері.

    Кредиттік саясатта бұл корпорацияның өзінің ережелері бар. Мысалға, әдетте, несие  жаңа жобалардың жалпы құнының 25%-на дейін және реконострукциялық, кеңейтушілік, техникалық қайта жабдықтаушылық жобалардың жалпы құнының 40%-на дейін беріледі. Корпорацияның өзінің жеке капиталынан бір заемшіге бөлінетін инветициялардың минималды және максималды көлемдері 2 млн. АҚШ долларынан 70 млн. АҚШ долларына дейін өзгеріп отырады. Кредиттік ресурстарды сатып алу мен сатудағы маржа 0,5%-ды құрайды. Корпорация несие бөлгенде заемшіден мемлекеттік гарантияны міндет етпейді. Бірақ, болашақ өнімнің белгілі бір бөлігін қатты валютада жүзеге асырылуын талап етеді. Бұл тауардың немесе қызмет көрсетудің жоғары сапалылығын (бәсекеге қабілеттілігін) дәлелдейді.

    Сонымен қатар, ХҚК инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруда техникалық және кеңес  беру көмегін көрсетеді. Несиенің мақсатты және эффективті қолданылуын қадағалау  үшін ХҚК заемшілерден әр тоқсандық  есеп берулер мен жылдық қаржылық баланстардың көрсетуін міндетті түрде талап етеді, ал кейбір жағдайларда өз өкілдерін несиелендірілген объектінің басқаруы құрамына жібереді.

    1944 жылы валюталық-қаржылық корпорацияда құрылған және өзінің мәртебесі бойынша БҰҰ-ның ерекшеленген ұйымы болып келетін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 1947 жылдан бастап қазіргі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Оның құрамына 178 ел, соның ішінде Қазақстан да кіреді.

    ХҚК-ға кіретін елдер квота ретіндегі белгілі ақша мөлшерін кіру жарнасы есебінде қосулары қажет. Бұл жарналардың көлемі елдің экономикалық жағдайына және ықыласына байланысты болады. Сонымен қатар, бұл квоталар екі маңызды көрсеткіш бойынша белгілеуші рөл алады:

  1. ХҚК бөлетін несиенің мөлшерін тағайындау кезінде;
  2. Квоталардың көлемінен ХҚК іс-әрекетінің саясаты мен бағыт-бағдарын анықтаудадауыстар саны тәуелді.
 

    Осыған  орай, мысалы, АҚШ квотасының үлесі  жуықтап алғанда 20%-ды құрайды, яғни бұған байланысты бұл елдің осыншама мөлшерде дауыс көлемі бар, Жапонияның квоталық үлесі - 8%-ды, ГФР-дің - 5,8%-ды, Францияның - 5,3%-ды, Англияның - 5,2%-ды құрайды.

    Официалды ХВҚ-ның негізгі мақсаты – валюталық-қаржылық салада және бұл қордың мүшелері арасындағы валюталық қатынастарын реттеуде халықаралық ынтымақтастыққа қолдау көрсету.

    ХВҚ-ның негізгі функциялары:

  • Халықаралық валюталық жүйені бақылауды жүзеге асыру;
  • Мүше-елдердің ұлттық валюталарының тұрақты болуына қолдау көрсету;
  • Есептік баланстық жағдайы ауыр мүше-елдерге кредиттік ресурстар арқылы көмек көрсету;
  • Есептік баланстық жағдайы ауыр мүше-елдердің қорларын жоғарыда айтылған квоталардан алу арқылы толтыру.
 

    Өзінің  мүшелеріне қаржылық-кредиттік көмек көрсетумен қатар, ХВҚ оларға Вашингтон қаласындағы арнайы институт – ЭДИ-дің (экономикалық даму институты) бар болуымен де көмектеседі. Мұнда ХВҚ мүше-елдері техникалық және ағартушылық көмектің каналдары арқылы нарықтық экономикадағы орын алған жағдайлар жайлы кеңес пен консультациялар ала алады.

    Айтылған  бағыттар бойынша ХВҚ біздің еліміз – Қазақстанға да жан-жақты көмек көрсетуде. Еліміздегі нарықтақ қайта құрулардың алғашқы кезінен бастап ХВҚ-ның миссиясы ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және еліміздегі өтпелі кезеңіндегі жағдайларды зерттеумен, анализ жасаумен, ұсыныстар мен рекомендацияларды жүзеге асырумен, практикалық көмек көрсетумен айналысатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда жұмыс атқарды.

    Инвестициялық институттардың ішіндегі салыстырмалы жаңа институт – 1991 жылдың сәуір айынан бастап жұмысын бастаған Еуропалық реконструкция және даму банкі (ЕРДБ). Оның 10 млрд. экюден асатын капиталы бар. Басқару аппараты мен штаб-квартирасы Лондон қаласында орналасқан. Банктің көптеген әлем едеріндегі өкілдік мекемелері бар, ал 40-тан астам әлем елдері банктің мүшелері болып келеді.

    Устав бойынша бұл банк нарықтық экономика  жағдайларына көшу үрдісінде постсоциалистік кеңістіктегі елдерге несиелер және техникалық көмек арқылы қолдау көрсетеді. Банктің приоритетті бағыттары:

  • Үлестік инвестициялық салымдар;
  • Кеңес берушілік қызмет көрсету;
  • Демократиялық институттарының дамуы мен экономиканың нарықтық жағдайларға бағыт алуымен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру мен экономикадағы жеке меншік сектордың дамуы үшін несие бөлу.

    Бұл мақсатта банк приватизацияланған жеке меншік секторда, құрылымдық қайта құруда, энергетика, инфрақұрылым, қоршаған ортаны қорғау сияқты приоритетті салалардың объектілерін техникалық қайта жабдықтау мен реконструкциялауда инвестициялық процесті жандандыру үшін кредиттік саясат жүргізуде.

    ЕРДБ  біздің елімізде де нарықтық қайта  құруларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуде белсенді орын алады. Бұған дәлел, көзделіп отырған 40 млн. АҚШ доллары көлеміндегі ұзақуақытты несиелердің «Казкоммерц» коммерциялық банкі арқылы 20 млн. АҚШ доллары көлеміндегі алғашқы траншы бөлінді. Ал 1999 жылдың шілде айы бойынша есептегенде бұл банк Қазақстан экономикасына 800 млн-нан астам АҚШ долларын бөлген болатын. Банк өзінің кредиттік іс-әрекетінде қабылданған әлемдік практиканың стандарттарына сай икемді кредиттік саясат жүргізуде.

    Әдетте  5 млн. экюден аспайтын көлемде инвестициялық несиелерді бөлгенде банк мемлекеттік гарантияларды талап етпегенімен, міндетті түрде несиенің белгіленген мерзімде қайтарылуын талап етеді. Банк жобаның немесе инвестициялық бағдарламаның жүзеге асуына бөлетін инвестициялар көлемінің жоғары шегі олардың жалпы құнының 35%-нан аспауы қажет. Несиені беруді шешу кезінде ЕРДБ келесі критерийлерді басшылыққа алады:

  • Инвестициялық іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда заемшінің мықты серіктестерінің болуы;
  • Сенім келтіретін бизнес-планның немесе техника-экономикалық негіздерінің болуы.

    Сонымен қатар банк кадрларды дайыдауда және мамандардың нарықтық экономикаға сай квалификациясын көтеруде де зор көмек көрсетеді. Бұл мақсатта ЕРДБ ХВҚ, Әлемдік банктің, ЕО-тың қолдауымен Біріккен вен институты құрылды. Бұл институтта нарықтық экономика жағдайларына бағытталған бағдарлама бойынша постсоциалистік кеңістіктің елдері банктері мен шаруашылық субъектілерінің мамандары оқып, тәжірибеден өтеді.

Информация о работе Инвестициялық саясат