Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
ЕРДБ-нің кредиттік ресурстарының негізгі көздері:
ХРДБ-ның функцияларына ұқсас қызметтер атқаратын Азиялық даму банкі жұмыс істеуде. Бұл банк 1965 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда дамушы және нарықтық экономикасы бар 47 ел, соның ішінде Жапония, Австралия да бар. 90-шы жылдардан бастап банктің негізгі капиталы 10 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштің өсуін еске алу керек.
ЕРДБ сияқты Азиялық даму банкінде де негізінен мүше-елдердің өз еркімен салатын қаржы көздерінен және инвестициялық іс-әрекетінің табысынан алынатын қаржы көздерінен қалыптасатын арнайы қоры бар. Бұл қордың қаражаты төмен рентбельді, бірақ нашар дамыған елдердің экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының кешенді дамуына қажет объектілерге жеңілдетілген несиелендіруге арналады.
Банк өзінің ресурстарын облигациялар шығару арқылы әлемдік капитал нарығынан заемді қаражаттарды кең көлемде тарту есебінен қалыптастырады.
Азиялық даму банкі кредиттік ресурстардың 30%-дан астамынан 1,5-4,5%-дық жылдық процент ставкасымен 40 жыл мерзімге арнайы жеңілдетілген несиелерді бөледі. Несиелендірілетін негізгі объектілер:
ІІ тарау. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу барысындағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері.
2.1. Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері және қолдау.
Инвестициялық белсенділік экономиканың дамуының, құрылымдық қайта құруларды жүзеге асырудың, бәсекелестікті нығайтудың маңызды шарты болып табылады. өндірілген инвестициялардың көлемі елдің экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Алайда, кризис, стагфляция және қатаң қаржы-несиелік саясат кезінде инвестициялық белсенділіктің өсуі үшін бастама импульсті қалай құруға болады деген сұраққа жауап беру қиын.
Әрбір әлем ел инвестициялық кризистен өз жолымен шығады. Қалыптасқан инвестициялық саясат кезінде елдің нақты қаржылық-өндірістік потенциалын еске алу керек.
Сонымен қатар, кез-келген инвестициялық бағдарлама инвестициялық саясатты жүргізудің әртүрлі кезеңдерінде осы мүмкіншіліктерге байланысты инвестициялау құралдарының әртүрлі жиынтығын қарастыруы керек. Толық және де дамыған инвестициялық бағдарлама инвестициялау құралдарының барлығының жұмыс үстеуін қамтамасыз етуі қажет.
Инвестиция көздері мен экономикалық өсудің арасындағы байланыс.
Инвестициялардың көздерінің жалпы құрылымын қарастырайық.
Экономикалық теорияда инвестициялардың көздерін классификациялау оның негізіне салынған белгілерге байланысты. Осыған байланысты, инвестиция көздерінің негізгі мағынасынан шығатын болсақ, онда инвестициялық шығындарды келесідей бөлуге болады:
В.В. Бочаров инвестиция көздерін олардың орталықтану дәрежесіне қарай орталықтанған және орталықтанбаған инвестиция көздері деп бөледі. Алайда, бұндай классификация приватизацияланған нарықтық экономика жағдайында өзінің мағынасы мен өзектілігін жоғалтады.
Экономикалық әдебиеттерде инвестиция көздерін әртүрлі авторлар әртүрлі жіктейді.
Солардың ішіндегі Федоров – Ширшов – Бойколардың классияфикациясы маңызды орын алады. Олар инвестиция көздерін экономикалық және ұйымдастырушылық-қаржылық белгілері бойынша жіктеген.
Инвестициялардың экономикалық көздері:
Инвестициялардың ұйымдастырушылық – қаржылық белгілері бойынша көздері:
Жоғарыда аталған инвестиция көздерінен басқа да көздер бар. Мысалы, В. Куликов салықтық және салықтық емес (приватизациялаудан түскен табыстар және т.б.) инвестиция көздерін бөліп көрсетеді.
Инвестицияларды
қаржыландырудың көздері
Өндірістік инвестициялық ресурстарға несие ақшаларының эмиссиясы мен шетел капиталын қоспағандағы капитал салудың барлық экономикалық көздері жатады. Осы қаржылық ресурстар жиынтығының қалыптасуы өндірілген жалпы ішкі өнімге сәйкес экономикада бар ақша массаларын тұтыну қоры мен жинақтау қоры арасында бөлумен байланысты. Аталған көздер есебіндегі инвестициялау нарықтың ақшамен толығуына, өндірістің ескірген салалық және монопольді құрылымымен, отандық тауарлардың ұсынысының аздығымен, қаржы-несиелік жүйенің толық қалыптаспағандығымен, шетел валюталарының интервенциясымен қолдалатын инфляцияға да әсер етпейді.
Кейбір
авторлар инвестициялардың көздерін анализ
жасауды қиындататын
Алайда, барлық қарастырылған инвестиция көздері классификацияларының ішінде шетел капиталы негізгі де маңызды орны алады. Бұл оның көлемдері мен әлемдік экономикалық дамудағы алатын орнына байланысты.
Ұлттық экономиканың дамуында шетел капиталының қатысуы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу заңдылығымен және капиталдың әлемдік экономикалық кеңістіктегі еркін қозғалуымен қамтамасыз етіледі. Әлемдік экономиканың, әсіресе, дамушы елдердің экономикасының тәжірибесі көрсеткендей, көп жағдайда, капиталдың импорты экономикалық өсуде шешуші фактор болып табылады.
Шаруашылықтың
нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі
өтпелі кезеңде экономиканы
Әртүрлі каналдар мен қаржылық легі арқылы елге тартылатын шетел капиталы қолданылу аясы мен қамтамасыз етілу шарттары бойынша ажыратылады.
А тобына бір немесе бір топ объектілерімен байланысты тек экспорттаушы елдерден ғана тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шарттарымен бөлінген несие деп түсінілетін экспорттық несиелер жатады. Олар екі формада болады: инвестициялық және тауарлық несиелер. Инвестициялық несиелер үш жыл мерзімге технология мен құрал-жабдықтардың жеткізілуі мақсатында беріледі. Ал тауарлық несиелер үш жыл мерзімге дайын тұтыну өнімдерін, саймандар мен құрал-жабдықтарды жеткізу шартымен беріледі.
Әлемдік тәжірибеде экспорттық несиелер жоғары деңгейдегі банктердің кепілімен беріледі. Алайда, саяси және экономикалық тәуекелді өтпелі кезеңдегі экономикасы бар елдерде экспортерлер әдетте мемлекеттік кепілдікті талап етеді.
В тобын дамуға ресми көмек (ДРК) құрайды. ДРК мемлекетаралық деңгейдегі мемлекеттерге көрсетіледі. Оның да екі формасы бар: техникалық және қаржылық. Техникалық көмек әртүрлі салаларға көрсетіледі: білім беру, кеңес беру, құралдарды сатып алу салаларына. Бұндай техникалық көмек екі түрде көрсетіледі: грант – техникалық көмекті сол көмекті алатын елге қайтарымсыз көрсету, займ – техникалық көмекті қайтарылу шартымен көрсету. ДРК шеңберіндегі қаржылық көмек есеп айырысу балансын, дағдарысты тауар импортын қолдау үшін және инвестициялық жобаларға көрсетіледі.
Шетел
инвестицияларының әртүрлі
Шетел инвестициялардың барлық түрлерін тартуды дұрыс орындау экономиканың қайта құрылуында көмек көрсетуі мүмкін. Шетел инвестицияларын тарту кезінде олардың нормативтік-құқықтық регламентациясын, ұлттық экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында реттеу шараларын еске алған жөн.
Ұлттық экономиканың құрылу мен орнығу кезінде Қазақстан үшін ішкі инвестициялық ресурстар мен қаржылық мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты шетел инвестицияларын тарту өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан шетел инвестицияларын тарту көлемі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында. Ал 1999 жылы Қазақстан 4 орында болған. Бұл – елдегі жүргізіліп отырған инвестициялық саясаттың дұрыс бағытталғандығының, яғни еліміздің халықаралық аренада алатын орнының жоғарылауының бірден-бір дәлелді айғағы.
Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша 2005 жылы 110431 млн. теңге шетел қаржысы пайдаланылды. Бұл республиканың капитал құрылысына тікелей инвестициялар, коммерциялық кредиттер, халықаралық қаржы ұйымдарының займдері, бағалы қағаздар портфелі ретінде салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 41%-ын құрады (1995 жылы ол 1,5%-ды құраған).
Шетел компанияларының инвестициялық іс-әрекеті дамуының бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.