Инвестициялық саясат

Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.

Работа содержит 1 файл

инвестициялық саясат.doc

— 437.00 Кб (Скачать)

    Жекелеген аймақтар мен облыстардың инвестициялық потенциалды пайдалану тиімділігі нақты территорияның жалпы тізімдегі орнын сипаттайтын белгілі бір сандық көрсеткіштермен бағалануы мүмкін.

    Аймақтың  ұдайы өндірістік процесіне тартылған  инвестицияларды пайдалану тиімділігін  жалпы бағалау дегеніміз оларды нақты аймақ жағдайында пайдаланудан алынған әлеуметтік-экономикалық нәтижелерді анықтау. Жалпы кез-келген аймақтық жүйенің экономикалық дамуының ортақ сипаттамасы болып аймақта жасалған жалпы аймақтық өнім табылады (ЖАӨ). Жалпы аймақтық өнімді аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалаудың негізі ретінде алуға болады. Яғни, аймақтық деңгейде инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану өлшемдері ретінде:

  • Инвестицияларды пайдаланудың ақырғы нәтижесі ретінде бір адамға шаққандағы жалпы аймақтық өнім.

    Территорияның инвестициялық ресурстарын тиімді пайдалануын толығырақ сипаттау үшін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға болады:

  • өндіріс және алынған табыс көлемдерінің өсімі;
  • ел экономикасына салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі аймақ үлесі;
  • инвестициялар көлемінің өсу индексі;
  • инвестициялардың салалық, ұдайы өндірістік, технологиялық құрылымдарының динамикасы;
  • қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымы;
  • үй құрылысы, денсайлық сақтау, білім беру, мәдениетке бағытталған инвестициялар үлесі;
  • табиғи қорғау шараларына және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған инвестициялар үлесі.

    Инвестициялық потенциалды пайдаланудың тиімділігін  бағалау аймақтарды мемлекеттік  қолдау схемасын құру үшін өте маңызды. әлеуметтік және экономикалық жағынан әлсіз аймақтарды қолдаудың барлық мемлекеттік құралдары негізгі аймақ аралық сәйкессіздіктерді жою және өзінің табиғи, ресурстық, экономикалық, әлеуметтік потенциалдары бойынша әркелкі аймақтарда тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін бағытталуы тиіс. өлшенген аймақтық мемлекет саясаты және оны жүзеге асыру механизмімен  қамтамасыз етілетін аймақтар үшін тепе-теңдік шарттар келесіде көрініс табады:

  • әртүрлі аймақтардың ұқсас сегменттерінде қызмет ететін капитал бірдей табысқа ие болуға тиіс;
  • әр түрлі аймақ тұрғындары өмір сүрудің бірдей жағдайларына ие болуы және тепе-тең табысқа ие болуға тиіс;
  • аймақтық бюджеттер өз шығындарын қаржыландыру үшін ұқсас мүмкіндіктерге ие болуы тиіс;
 

    Аймақтың  инвестициялық потенциалын пайдалану тиімділігін бағалаудың жалпы әдістемелерінің ішінде нақты территорияда жеке инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау әдістемесі ерекше орын алады. Нарықтық жағдайда инвестицияларды қаржыландыру көзіне (ішкі және сыртқы) тәуелсіз оларды бөлудің негізгі өлшемі болып пайдалану тиімділігі табылады. Бұл өлшемнің міндеттлігі: инвестициялардың ішкі ресурстық базасының шектеулілігімен, қарыз қаражаттарын тарту және тиімді пайдаланудағы белгілі бір қиыншылықтармен, инвестициялық жобаларды адресті несиелеу қажеттілігінен туындап отыр. Мұның барлығы территорияны басқару органдарын инвестициялық жобаларды мақсаттылық, оларды жүзеге асырудың коммерциялық және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, өмір сүру қабілеттілігі, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі, салымдардың тәуекелін минимизациялау негізінде таңдау жүргізу қажеттілігін туындатады. /8/

    Қазақстан республикасының Үкіметі басты  назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Сонымен  қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды шарты болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы инвестициялық белсенділік көрсетіледі.

    Елімізде  минералды шикізаттар ресурстарына бай аймақтарда капиталды қажет  ететін кен өндіру, қайта өңдеу  кәсіпорындарына базисті ресурстар  жинайтын жаңа ережені енгізуде ыңғайлы  жағдайлар жасалды. Ресурс жинайтын технологияны өнеркәсіптік базалық саласына енгізу ғылымды қажет ететін өнеркәсіпті және қоғары технологияны инвестициялаудың сапалы негізін құрды.

    Инвестициялар өндірістік аппаратты жаңартып қайта  құрып, жаңа өндіріс пен кәсіпорындардың  құрылуын қамтамасыз етеді. Сол себепті шетел капиталын ынталандыру және қолдану қазіргі кезеңнің инвестициялық процестің заңды басымдылығы болып табылады.

    Нәтижесінде шетел инвестициясын мақсатты бағытталған  әсері Қазақстанда құрылымдық саясат экономикалық, энергетикалық және азық-түлік, көлік саясатын қамтамасыз етуге, сонымен қатар минералды шикізат ресурстарын пайдаланумен байланысты тау-кен өнеркәсібінің стратегиялық маңызды саласының жылдам дамуына бағытталды. Бай минералды шикізат ресурстарын қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарды.

    Қазіргі таңда өндіріс пен қызмет көрсетулер сфераларының дамуында және оларды инвестициялауда  әлі де көптеген кемшіліктер байқалады. Әрбір қызмет көрсету сфераларында, әрбір кәсіпорында инвестициялық  қиындықтарды жеңу құралдары мен жаңа жолдарды іздеу және қаржылай ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. Әлеуметтік-мәдени салаларда бұл мәселелерді шешу бюджет есебінен қаржыландыру үлесінің өсуімен және қайырымдылықпен байланысты./9/

 
 

    2.3 Инвестициялық климат, шетел капиталы  мен инвестицияларын тарту факторы ретінде.

 

    Елде  инвестициялық климатты құру шетел  инвестицияларын тартудың маңызды  факторы болып табылады.

    Инвестициялық климат дегеніміз – инвесторларды қызықтыратын немесе керісінше қызықтырмайтын елдегі қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және географиялық факторлардың жиынтығы.

    Айта  кететін бір жайт, қазіргі кезде экономикалық әдебиеттерде инвестициялық климатты құрайтын факторлардың толық классификациясы көрсетілмеген. Әртүрлі авторлар инвестициялық климаттың бағалық көрсеткіштерінің әртүрлі тізімін береді.

    Инвестициялық климаттың бағалық классификациясы  олардың негізіндегі сипаттамаларға байланысты. Әдетте олар бірдей критерийлерден тұрады. Әрине кез-келген шетел инвесторы  әртүрлі факторларды бағалап және салыстыра отырып оның жобасын іске асыруда маңызды болатындарын таңдайды.

    Кез-келген шетел инвнесторының инвестициялауға  шешім қабылдар алдындағы елдерді  бағалауын қарастырайық. Бұл бағалық  факторларды екі топқа бөлуге болады.

  1. Дамуын мемлекет арқылы реттеуге болатын факторлар.
  2. Мемлекет бақылауынан тәуелсіз факторлар.
 

Мемлекет  реттейтін факторлар.

    Жалпы алғанда мемлекет пен шетел инвесторының шешімі мен көзқарасына шешуші ықпал  жасайтын және көбінесе шетел инвестицияларының  бағдарламасының сәттілігі мемлекетпен айқындалады. Мемлекеттің инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысында оң және теріс әсерлерінің бірнеше іс-әрекетінің сан қатар аспектілері бар. Келесіде осы аспектілер қарастырылады.

    Шетел инвесторлары мен  инвестицияларына байланысты саясат. Инвестор шешім жасау кезінде мемлекеттің шетел инвестицияларына деген әс-әрекеті оң, теріс немесе бейтарап екендігін білгісі келеді.

    Шетел инвесторларының мемлекет саясатын зерттеудегі позициялары мемлекеттің  сөз жүзіндегі және іс жүзіндегі әрекеттердің сәйкестігіне негізделеді. Әрине шетел инвесторлары шетел невестцияларын тарту саясатын жүргізетін мемлекеттерді таңдайды.

    Жиі бұл мақсатта мемлекет келесідей  әрекеттер жасайды:

    а) өзінің шетел инвестицияларына ел ішінде қолдау көрсететін және де оларға деген 

        қызығушылын көрсететін көпшілік  алдындағы сөз сөйлеулер;

    б) шетел инвесторларын қызықтыратын іскер және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға

        бағытталған шаралар жасау;

    в) бұл шаралардың жүзеге асырылуын  қатаң қадағалау.

    Заңдық  негізін құру. Бұл фактор шетел инвесторының өз инвестицияларын салу орнын таңдаудағы ең маңызды тұсы болып табылады.

    Заңдық  аспектілердің маңыздыларының бірі мүлікке деген меншік пен активтер қатынасы болып табылады. Бұл жағдайда инвестор ағымдағы заң жүйесіне ғана емес, сонымен қатар заң жүйесінің эволюциясына сараптама жасайды. Егер ол мемлекет әрекетінде тайсалушылығын, тиянақсыздығын немесе тұрақсыздығын байқаса бұл жайттар оның күмәндануына әкеп соғады. Заң жүйесінің басқа аспектісі – бұл жұмыспен қамту мен еңбек жағдайлары. Кез-келген инвестор кейбір елдегі заң жүйесіне байланысты еңбек жағдайларының минималды жиынтығын құру керек екендігін біледі. Сонымен қатар батыс елдерінің көпшілігі жұмыскерлер заңмен шамадан тыс қорғалады деп санайды.

    Елдің салық жүйесі. Бұл сұрақ инвестициялық жобалардың көбісіне маңызды орын алады. Инвестор үшін салықтардың корпоративтік, табыстық, мүліктік түрлері және ҚҚС (НДС) өте маңызды.

    Инвестор  жеке табыс бойынша салық ставкаларын  зерттейді. Себебі еңбек ақының жоғары үлесіне үйренген инвесторлар еңбек ақыны пайда көлеміне үлкен әсер ететін фактор ретінде бағалайды. Егер салық ставкалары жоғары болса, онда жұмысшылар жоғары еңбек ақы мен окладтарды талап етеді. Ал бұл компанияның пайда табу көлеміне теріс әсер етеді.

    Мемлекеттік аппараттың бюрократизмі. Бұл мемлекеттегі бюрократизм деңгейі шетел инвесторларының инвестициялар салуда теріс әсер етеді. Ол келесідей екі аспектілерге байланысты:

    а) шектен тыс әкімшілік ету. Бұл  қағаздық жұмыстардың көп келемі арқылы көптеген іс қағаздарды толтыру арқылы, мемлекеттік органдар мен министрліктердің шешім

        қабылдаудағы шектен тыс қатысуы  арқылы сипатталады;

    б) шешім қабылдаудағы жылдамдық. Барлық қағаздық жұмыстар жеңілдетілсе де шенеуніктің  шешім қабылдау процесін созуға байланысты проблемалар тууы мүмкін.

          Ішкі  тікелей және шығын  деңгейлері.  Инвесторларды еңбек күшінің бағасы, энергияға кететін шығындар, транспорттық қызмет көрсету, байланыс, сонымен қатар ақша құны немесе банк процентінің ставкалары қызықтырады.

    Саяси тұрақтылық. Елдің саяси бағалануы бұқаралық ақпарат құралдарынан және телевидениядан құралады. Сондықтан да саясаткерлер сөз сөйлегенде оларды тек қана өз регионында немесе елінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем де есту мүмкіндігін естен шығармаулары керек.

    Дамыған инфраструктура. Мемлекет инфраструктураны дамытудың арзан жолын іздеу мақсатында бұл үшін кез-келген инвестицияларды қолдана береді. Мысалы, телекоммуникация саласындағы шетел инвесторларымен жасалатын контракттарда міндетті түрде «офсеттік» немесе компенсацияланатын механизмдер жағдайы көрсетіледі.

    Тәжірибе  көрсеткендей шетел инвесторларының  елдегі заманауи өндірістік райондар мен парктер, транспорттық жүйесі қызықтырады.

    Мемлекет  жоспарлары мен дамудың  экономикалық бағдарламалары. Шетел инвесторлары тек елдегі ағымдағы жағдайы ғана емес сонымен қатар жалпы экономикалық саясат, елдің экономикалық дамуының болжамдары қызықтырады. Әрине, мемлекет экономиканың жеке секторларының даму стратегиясын құру керек.

    Инвестицияларды қаржылық қамсыздандыру  мүмкіншіліктері. Бұл салада мемлекеттің рөлі өте зор. Инвесторларға қаржылық қолдау көрсету әдістері өте көп. Мысалы, кейбір жағдайларда несиелерін гаранты рөлін атқаруы мүмкін. Ал кейбір жағдайларда проценттік ставкаларын субсидиялау жайлы ұсыныс жасауы мүмкін. Мемлекет акционерлік капиталды инвестициялау сызбасын  ортақ қаржыландыру сыөбасы арқылы іске асыру мүмкін.

    Қаржылық  жеңілдіктер. Бұл салада мемлекет белгілі бір жағдайларға тәуелді, әсіресе дамытқысы келген саларды инвестициялау кезінде инвесторларға салық салу ставкаларына жеңілдік жасау мүмкін.

    Инвестицияларды сақтандыру. Сақтандыру саяси факторлардың тәуекеліне байланысты жүргізілінеді және ол коммерциялық іс-әрекетке байланысты тәуекелді сақтандырумен айналыспайды.

    Инвестицияларға қаржылық қолдау көрсету. Соңғы он жыл ішінде банктер мен басқа да қаржылық ұйымдар инвесторларға қаржылық ресурстар бөлуде көптеген сызбалар, механизмдер және әдістер ойлап тапты.

Информация о работе Инвестициялық саясат