Инвестициялық саясат

Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.

Работа содержит 1 файл

инвестициялық саясат.doc

— 437.00 Кб (Скачать)

    Бірінші кезеңде (1991-1993 жылдар) негізінен саудалық-делдалдық салада уставты капиталы аз біріккен кәсіпорындардың көптеп құрылуы жүріп жатты. Кіші және жаппай приватизациялау, экономикалық қайта құрулар шетел инвесторлары қатысуымен бірге көптеген кәсіпорындардың пайда болуына әсер етті. Мысалы, 1993 жылы «Филипп Моррис» компаниясының қатысуымен «Табако Компани» АҚ құрылды.

    Екінші  кезеңде (1993-1995 жылдар) экономиканың либерализациялануы нәтижесінде шетел инвесторлары Қазақстан экономикасының басты салаларына қол жеткізіп енді.

    Үшінші  кезеңде (1995-2000 жылдары) шетел капиталын тарту нәтижесінде ірі кәсіпорындарды индивидуалды жобалар бойынша приватизациялау, мемлекеттік акциялар пакетін шетел фирмаларына сату дами түсті.

    Төртінші  кезеңде (2000 жылдан қазірге дейін) шетел инвесторларының экономикадағы маңызы бар басқа да салаларға (білім беру, денсаулық сақтау, жарнама және т.б.) қаржылыры мен капиталын бөлу көрініс алған. Мемлекеттік реттеу мен қолдау саясаты жетілдіріліп, ұлттық мүддені қорғау мен стратегияда орнын нығайтуға бағытталған нормативтік-құқықтық заңдар шығарылды. /4/

    Қазақстанда тікелей шетел инвестициялары көбінесе ірі біруақыттағы капитал салымдарын керек етпейтін, тез қайтарымды болып, үлкен пайда әкеле алатын салаларға  тартылады.

    Яғни, Қазақстан экономикасында елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп келтірмейтін «жылдам» ақшалар тарту саясаты белең алған.

    Шетел инвестицияларының Қазақстан экономикасының өсуіне тигізетін әсерлерінің түрлерін айқындау мақсатында келесі график құрылған.

    Бұл график Қазақстан Республикасына тартылатын шетел инвестициялары қаражатынан  жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) байланыстылығын көрсетеді. Тренд көмегімен жасалған тікелей шетел инвестицияларының деңгейі мен экономикалық өсудің арасындағы байланысты көрсететін сызықты Қазақстанның соңғы онжылдық ішіндегі экономикалық өсуін көрсететін сызық деп атауға болады.

    Шетел инвестициялары шикізат байлығының көп салалық потенциалы бар біздің ел үшін екі есе маңызды болмақ. Сондықтан да мемлекеттік саясат деңгейінде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту шаралары жүргізіліп отыр.

    Шетел инвестициялары саласындағы заң жүйесінің дамуы бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезең (1990-1994 жылдар) 1990 жылы ҚазССР-дегі «Қазақ ССР-індегі шетел инвестициялары» жайлы бірінші Заңының қабылдануынан басталады. Екінші кезең (1994-1997 жылдар) 1997 жылы ҚР «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы Заңының қабылдануымен аяқталды. Үшінші кезең (1997-2002 жылдар) шетел инвестицияларының заңдық жүйесінің жаңаруы мен жетілуімен сипатталады. Төртінші кезең (2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін) инвестиция саласында ең соңғы нормативтік акттің қабылдану күнінен басталды.

    Бұларға қоса, Қазақстанда инвесторлармен туындайтын дауларды халықаралық арбитражды органдарда шешу мүмкіндігі қарастырылған: ИКСИД (Инвестициялық дауларды реттеу орталығы); ЮНСИТРАЛ (БҰҰ арбитражды органы); Стокгольм қаласы сауда палатасының арбитражды институты./5/

      Аталған заңдардың ішінде Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары жайлы» арнайы заңының алатын орны басым.

    Бұл заңда инвестициялық әрекеттің логикалық және функционалды ретімен Қазақстандағы шетел инвестицияларының қызмет ету, реттелу принциптері мен әдістері баяндалған. Олардың негізгілеріне тоқталайық. «шетел инвестицияларының объектілері» ұғымына келесідей түсіндірме берілген: «шетел инвестициялары ҚР заңды актілерімен тиым салынбаған кез-келген объектілер мен іс-әрекет түрлеріне салына алады».

    Көріп отырғанымыздай, қысқа да, бірақ  сиымды анықтама берілген. Ол шетел  капиталын Қазақстанның инвестициялық  кеңістігіне тартуда шектелмеген  еркіндік береді.

    Шетел инвестициялық іс-әрекетінің субъектілері келесілер бола алады:

  • шетел заңды тұлғалары (компания, фирма, ұйым, кәсіпорын, ассоциация және т.б.);
  • шетел азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар, шетелде тұрақты тұрғылықты орны бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • шетел мемлекеттері;
  • халықаралық ұйымдар;
 

    Бұл арқылы шетел субъектілеріне Қазақстанның инвестициялық саласында кең, шексіз мүмкіндіктер берілгенін көре аламыз.

    Осы заңда шетел инвесторларына қорғаушылық  шаралары мен мемлекет кепілдіктерінің  берілуі көрсетілген. Оған қоса:

  • қолайлы заңды режим;
  • ел экономикасының приоритетті аймақтарындағы қосымша экономикалық жеңілдіктер;
  • заңды және саяси жүйеде мүмкін болатын өзгерістерден шетел инвестицияларын қорғау кепілдіктері;
  •    шетел инвестициялық несиелердің мерзімді қайтарылуына Үкімет пен Қаржы Министрлігінің атынан берілетін кепілдіктер. Бұл жерде мынаны еске түсірейік: Қазақстан Республикасының кепілдіктері бойынша шетел инвестицияларын тартудың бастапқы кезеңінде үлкен қателіктер жіберіліп, ал бұл негативті салдарлар туғызды. Соған бір дәлелді мысал, мемлекеттік кепілдіктер бойынша бұрынғы Қазақстан Әлембанкі арқылы техникалық-экономикалық негіздерінің және заемщиктердің төлем қабілеттіктерінің жеткіліксіз анализінсіз шетелдік несие ресурстарының үлкен көлемі тартылған болатын. Бұл жағдай келесі нәтижелерге әкелді: заемщиктердің төлем қабілеттілігінің жоқтығынан шетел несиелерін мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен өтеп қайтаруға тура келді, ал бұл болса, негативті салдарлар туғызды. Қазірге дейін заемщиктермен соттық іс жүргізуге дейін барған қаржылық тартыстар жүріп жатыр.

      Жағымды климат құру мақсатында  елде басқа да жеңілдіктер  мен кепілдіктер бар:

  • Мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің заңсыз әрекетінен қорғау;
  • Шетел инвесторының кінәсінен тумаған залалдарды комписациялау мен орнын толтыру;
  • Өз табысын, өзінің валюталық қаражатын еркін қолдануына кепілдіктер және т.б.

    Одан  басқа, шетел инвестицияларын кеңінен  тартуға бағытталған бірнеше  шаралар жүргізілуде: ашық тендерлердің өткізілуі, инвестициялық жобалардың презентациясы, жан-жақты жарнама және т.б.

    Бұл заңда, сондай-ақ, келесі мәселелер қарастырылған:

  • Шетелдіктердің қатысуымен жүмыс істейтін кәсіпорындардың құрылу мен ликвидация тәртібі;
  • Тіркелу мен лицензиялау тәртібі;
  • Жеңілдетілген кедендік салықтар;
  • Бухгалтерлік есеп, еңбек қатынастары мен дауларды шешу сұрақтары.
 

    Құрылымдық-инвестициялық саясатты жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша мемлекеттік комитет (Госткоминвест) құрылды.

    Госткоминвесттің  негізгі міндеттері:

  • Республика экономикасының приоритетті секторларында жағымды инвестициялық климатты қалыптастыруда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • Отандық және шетелдік озық технологиялар мен ноу-хауды енгізуге қолдау көрсету;
  • Отандық тауар өндірушілерді қолдау мен ынталандыру;
  • Ішкі нарықтың жоғары сапалы тауарлармен, қызмет көрсетулермен параллельді толығуы мен экспортты бағдарланған және импортты ауыстырымды өндіріс дамуы;
  • Шикізат базасын кешенді және рационалды пайдаланылуы;
  • Менеджмент пен маркентингтің заманауи тәсілдерін енгізуге тікелей қатысу мен қолдау;
  • Инвестициялық салада кадрлардың үздіксіз оқуы, біліктілігін жоғарылатуы параллельді жүре алатын жаңа жұмыс орындарын құру.
 

    Айтылған  міндеттерді орындау барысында  Госткоминвест тікелей шетел  және отандық инвестицияларды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізеді, экономика мен елдің тікелей инвестицияларға қажеттілігі жайлы ақпараттық материалдарды дайындап, көпшілікке таратады, инвестицияны тартуды активтендіруге бағытталған конференцияларды, көрмелер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастырады.

    Негізгі функциялары:

  • Инвестициялық саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мен жүргізу жөніндегі ұсыныстарды қамтамасыз етеді;
  • Экономиканың маңызды секторлары бойынша инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды жасауға қатысады;
  • Инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды зерттеу мен эксперттелуін ұйымдастырады және оның іске асуы бойынша шаралар қабылдайды;
  • Инвестициялық климатты, тікелей инвестициялардың тартылуы мен тиімді пайдалануын жақсарту мақсатында ҚР заң жүйесіне ұсыныстар жасайды;
  • Қазақстан Республикасының орталық және аймақтық атқарушы органдарының, дипломаттық миссиялар мен шаруашылық субъектілерінің жұмысын үйлестіреді және т.б. /1/
 
 
    
    1.   Қазақстан Республикасының  инвестициялық саясатына  баға беру: артықшылықтары  мен кемшіліктері.
 

    Бұрынғы КСРО елдері, соның ішінде Қазақстан  да әлі де болса белгілі бір  экономикалық және әлеуметтік дағдарыс жағдайында.

    Бұл дағдарыстан әрбір ел өзінің арнайы бағдарламасы бойынша шығуы тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары технологияларды және ғылымды көп қажетсінетін өндірістің дамуын ынталандыратын мақсатты мемлекеттік ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясат жүргізбейінше экономиканы құрылымдық қайта құру мүмкін емес.

    Елдің инвестициялық саясаты дегеніміз инвестициялық процесті ұйымдастырып жүзеге асыратын стратегия мен тактикаларды іске асыруға бағытталған шаралардың жиынтығы.

    Құрылымдық  инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын ашпас бұрын Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің бастапқы кезеңін сипаттайын. КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік кеңістіктегі елдердің барлық экономикалық және әлеуметтік салаларында дағдарыс орын алды. Бірақ бәрінен бұрын инвестициялық сала зардап шекті. Бұл бұрын қолданылған кеңестік инвестициялар бойынша нормативтер, соның ішінде құрылысты қаржыландыру Ережелері, подрядтың келісімдері туралы Ережелері және де нұсқамалы-нормативті ұстанымдар моральді тозып, ал жаңаларының әлі болмауынан туындаған болатын. Хаос басталды –мемлекеттік капитал салымдарының тиімсіз пайдаланылуы, инвестициялық салаға бағытталған қаржылардың жанама және тікелей ұрлануы. Бұлардың барлығы онсыз да кең көлемді аяқталмаған құрылыстың өсуіне, өндірістік және әлеуметтік бағыттағы құрылыстар объектілерінің тоқталуына, қор қайтарымының күрт төмендеуіне және басқа да негативті салдарларға әкеліп соқтырды. Мемлекеттік деңгейдегі керекті шаралар жүргізу қажеттілігі туды. Олар 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесімен инвестициялық іс-әрекет жайлы екі заңның – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қайта құрылуының қоры жайлы» және «Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарымды жүйесі жайлы» Заңдарының қабылдануымен басталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті құрылысты қаржыландыру мен несиелендірудің жаңа қазақстандық Ережелерін қабылдады. Ал содан кейін жоғарыда айтылған заңдар мен құрылысты қаржыландыру мен несиелендіру Ережелерін іске асыру механизмі ретінде Ұлттық банкпен, Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы экономикасының Министрлігімен инвестициялық әрекетті ұйымдастыру мен жүргізу бойынша құрылымды-нормативті әрекеттер енгізілген болатын.

    Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының  қайта құрылуының қоры жайлы» Заңы өз күшін жоғалтып, жойылса да, өзінің өтпелі «көпір» ретіндегі рөлін атқарған болатын. Нарықтық шаруашылық кезінде реттеуші рөлін «сұраныс-ұсыныс» принципі атқарса да, өтпелі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен спецификасы бар. Әсіресе Қазақстан экономикасы үшін инвестициялық процесті қаржыландыру көзінің ішінде біршама маңызы бар көздер – бюджеттік ассигнациялар, бюджеттен тыс қор, Үкімет кепілімен сыртқы қарыз алу, инвестициялық процеске мемлекеттің араласуын керек етеді. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасы экономикасында, соның шінде инвестициялық салада белсенді құрылымдық қайта құрулар бойынша арнайы курс қабылданды. Капитал салудың үстінен келіп түсетін директивті-жоспарлы көрсеткіштердің орнына Қазақстан Республикасының Жарлығы деңгейінде тікелей отандық және шетел капиталын тарту үшін экономиканың приоритетті секторларының тізімі, ал республика Үкіметімен жыл сайын айқын инвестициялық объектілерінің тізімі тағайындалып отырады.

    Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған  инвестициялық саясат келесідей жүзеге асады:

  • Инвестициялық бағдарламаларға сай;
  • Мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік ассигнациялауды және бюджеттен тыс қорларды тікелей басқарумен;
  • Дифференциалданған проценттік ставкалар мен жеңілдіктердің енгізілуі арқылы;
  • Экономиканың шынайы жағдайына қарай (бұрынғыдай «жеті ағайынға жеті тұлпардан» деген принцип бойынша емес, себебі соның нәтижесінде аяқталмаған құрылыстың өсуі, капитал салудың тоқтауы белең алған) өлшенген қаржылық, бағалық және несиелік саясаттың жүргізілуімен;
  • Инвестициялық жобаларды анализдеумен.
 

    Мемлекетаралық  масштабтағы құрылымдық-инвестициялық  саясаттың негізгі бағыттары:

  • Экономиканың мемлекетаралық интеграциясы (Еуразиялық одаққа ену);
  • Инвестициялық саясатты жүргізу мен жетілдіруде әріптестікті ұйымдастыру;
  • Нарықтық шаруашылыққа бейімделген құрылымдық-инвестициялық қайта құру;
  • Көпшілікті қызықтыратын, перспективалық жобаларды іске асыратын өндірістік кооперация;
  • Инвесторларды тәуекелден қорғау (гарантиялар, сақтандыру, залог және т.б.);
  • Нарықтық экономикаға сай кадрларды дайындау жұмысының тиімділігін арттыру және т.б. /1/

Информация о работе Инвестициялық саясат