Инвестициялық
іс-әрекеттің субъектілері мыналар:
- инвесторлар;
- атқарушылар;
- инвестициялық
іс-әрекеттің объектілерін пайдаланушылар;
- қаржыландырушы
және несиелендіруші банктер;
- Қазақстанның
және сонымен қатар, шетелдердің жеке
және заңды тұлғалары;
Инвестициялық
іс-әрекеттің субъектілері инвестициялардың
практикалық реализациясы жүретін инвестициялық
сферада әлдеқайда айқын әрекет етеді.
Инвестициялық
сфераның құрамына мыналар кіреді:
- Капиталды
құрылыс сферасы;
- Ғылыми-техникалық
өнім мен интеллектуалды потенциал жүзеге
асатын инвестициялық сфера;
- Қаржы капитал
айналымының сферасы;
- Инвестициялық
іс-әрекеттің субъектілерінің мүліктік
құқығы жүзеге асатын сфера;
Инвестициялық
іс-әрекеттің барлық қатысушылары ішінен
негізгі үшеуін бөліп көрсетуге болады:
- Инвесторлар;
- Атқарушылар;
- Қаржыландырушы
және несиелендіруші банк;
Инвесторлар
мен атқарушылар арасындағы қарым-қатынас
екі жақ арасындағы жасалған келісім-шарт
негізінде жүреді. Осы келісім-шартта
жақтардың міндеттері айқындалады.
Келісім-шартта
көрсетілген шарттарды орындамау мүліктік
және басқа да міндеткерліктерді туғызады.
Банктер
мен инвестициялық іс-әрекетке қатысушылар
арасындағы қарым-қатынас екі жақты қалыптасады:
- Егер банк
кредитор болса, онда кредиттік келісім-шарт
негізінде;
- Егер банк
кредитор болмай, қызмет көрсету бойынша
агент болса, Қазақстан Республикасының
«Банктер және банктік іс-әрекет» Заңы
негізінде;
Мемлекеттік
секторда инвестициялық іс-әрекеттің
қатысушылары арасындағы қарым-қатынас
құрылысты қаржыландыру және несиелендіру
Ережелері және келісім-шарт Ережелері
арқылы реттеледі.
/3/
1.2.
Инвестициялардың жіктелуі.
Инвестициялардың
экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер
салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
- инвестициялардың
түрлері;
- ақша құралдарын
салу объектілері;
- инвестицияландыруға
қатысу сипаты;
- инвестицияландыру
кезеңі;
- меншік түрлері;
- инвестордың
қатысу түрлері;
- тәуекел дәрежесі;
- ұдайы өндіріс
түрлері.
- ақша құралдары,
салымдар, пайлар, акциялар және басқа
да құнды қағаздар;
- жылжымайтын
және жылжымалы мүлік;
- авторлық
құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- жерді, суды,
ресурстарды, үйлерді падалану құқығы
және басқа да мүліктік құқықтар;
- қандай да
бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау”
емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық
құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде
рәсімделген техникалық, технологиялық,
коммерциялық сауаттылық.
2.
Құралдардың салыну
объектілері бойынша
инвестициялар былайша
бөлінеді:
- нақты инвестициялар
немесе құралдардың материалды активтерге
салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның
негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын
материалды және материалды емес активтерге
салынатын салым. Материалды активтер
– ғимараттарға, станоктарға, қосымша
материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге
айналдырылған құралдар;
- материалды
емес активтер – лицензиялардың, патенттердің,
тауар белгісінің құны, жарнамаларға
және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық
инвестициялар немесе түрлі қаржылық
құралдарға ақша құралдарының салынуы
– депозиттер, құнды қағаздар, банктық
салынымдар.
3.
Инвестициялық процестерге
қатысу сипаты
бойынша инвестициялар
келесі түрлерге
бөлінеді:
- тікелей инвестициялар,
мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу объектісін таңдауда инвестордың
тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен
қатар инвестор инвестициялық циклдердің
барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде
алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулеге,
инвестицияландыру объектілерін жобалау
мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
- жанама, бұл
ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым
тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын
түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық
қорлар және компаниялар) жүзеге асады.
Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін
басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын
клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын
құнды қағаздарға салынатын салымдарды
портфельдік деп те атайды.
4.
Инвестицияландырудың
кезеңдері бойынша
инвестицияларды
мына түрлерге
бөледі:
- қысқа мерзімді,
ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
- ұзақ мерзімді,
бұның ұзақтығы бір жылдан көп.
5.
Меншік түрлері
бойынша инвестициялар
мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың,
мемлекеттік емес меншік нысанындағы
кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың
жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік,
ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен
мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
- қайта құрылып
жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу
немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың
бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына
үлестік қатынас);
- инвестор
толық иеленетін кәсіпорындарды құру
немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды
өз меншігіне алу;
- жылжымалы
немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар
арқылы немесе басқа да құнды қағаздар
түрінде алу;
- табиғат ресурстарын
пайдалануға, жерді пайдалану құқығына,
басқа да мүліктік құқықтарға концессия
алу.
- тәуекелсіз
инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде
қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға
салымдар салу қауіпсіз деп саналады,
ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз
қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым
инвестициялық тәуекел нүктесін санау
ретіндегі салымдарды бағалау ретінде
қолданылады;
- тәуекелді
инвестициялар. Инвестициялармен байланысты
тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі,
мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты
факторларға тәуелді. Инвестицияландыру
аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның
жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың
мерзіміне және жобаның масштабы мен оның
мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің
дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін
шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін
құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату
көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды
орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері
мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда
сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің
орын алуы мүмкін;
- жоба іске
асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы
есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі.
Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді
жоғалту мүмкіндігі және инвестордың
банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
- жаңа алаңдарда
және бастапқыда бекітілген жоба бойынша
іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе
кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
- шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі
- өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорныдардың
екінші және келесі кезектерін, қосымша
өндіріс кешендерін және өндірістерді,
жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет
етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
- шаруашылық
жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру
– моральды тұрып қалған және физикалық
жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру
арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін
өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе
жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба
бойынша жүзеге асыру;
- техникалық
қайта қамтамасыздандыру – жекелеген
цехтардың, өндірістердің, учаскелердің
өндірісінің техникалық-экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара
кешендерін жүргізу.
Инвестицияның
ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның
инвестициялық жобалау концепцияларын
толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан
процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.
/2/
1.3.
Инвестициялық институттар
мен шетел инвестицияларды
тарту ерекшеліктері.
Инвестициялық
институттар мен
олардың негізгі
функциялары.
Инвестициялық
жобаларды қаржыландыратын компаниялар,
фирмалар, корпорациялар, фондтар, банктар
мен басқа да субъектілер инвестициялық
институттар деп аталады.
Бұл
институттар құрамында салыстырмалы
шектелген объектілерге тура инвестициялар
салатын 3 топты ажыратып көрсетуге болады:
- Холдингтік
компаниялар типтес акционерлік қоғамдар;
- Қаржылық
топтар;
- Қаржылық
компаниялар.
Акционерлік
қоғам өз капитал есебінен басқа субъектілердің
акциялық пакетін олардың үстінен заңды
және экономикалық бостандықтарын сақтай
отырып бақылаушылық, қаржы-несиелік және
басқа функцияларды орнату мақсатында
сатып алады. Ол әдетте, кәсіпорындардың
реттеуші акция пакеттерін иеленген қаржылық
топтар үшін бас басқарушы ұйым болып
табылады және реттеушілік функциялар
бойынша маманданады.
Бұл
акционерлік қоғам ұзақ мерзімдегі
перспективада өзінің жағдайын тұрақтандыру
мақсатын көздей отырып, кейде тіпті
қысқамерзімдік пайдадан бас тарта
инвестициялауды іске асырады.
Қарастырылып
отырған АҚ жүйесі бір орталық басшылығына
стратегиялық шешім қабылдауды біріктіреді.
Біріктірудің
негізгі міндеттері бүкіл жүйе және жеке
салалар іс-әрекетін бағыттау, бақылау
және олардың пайдасын оптимизациялауға
жету, барлық деңгейлердегі басқару құрылымын
жетілдіру болып табылады. Бұлардың барлығы
бүкіл өндірістік цикл тиімділігін, соның
ішінде инвестициялық процестің үрдісін
жетілдіруге ықпал етеді.
Қаржылық
топ акционерлік қоғамнан оның бас ұйымының
болмауымен, ал қаржылық компаниялар өзі
қаржыландыратын корпорациялардың бақылаушы
акциялар пакетін иеленбеуімен ерекшеленеді.
Ал қалған функциялары бірдей деп айтуға
болады.
Аталған
үш инвестициялық институттардан басқа
инвестициялау объектілерінің қандай
да бір айқын (шектелген) жиынтығымен басшылық
етпейтін институттар да бар. Оларға өз
капиталын соңғы инвесторлар салымдары
негізінде құратын инвестициялық компанияларды,
инвестициялық зейнетақы, сақтандыру
және басқа да қорларды жатқызуға болады.
Жоғарыда
аталған инвестициялық компаниялар
инвестициялық іс-әрекетін өздерінің
қаржы көздері есебінен және бағалы қағазадар
шығару , сонымен қатар, оларды орналастыруына
кепілдік арқылы жүргізеді.
Инвестициялық
институттар ретінде аталған
қорлар инвесторлардың қаржылық құралдарының
мобилизациялауы, және олардың (қаржылардың)
қор атынан бағалы қағаздарға салым салынуы,
сонымен қатар, белгілі жағдайларға байлансты
банктерге инвестиция салынуы арқылы
әрекет етеді.
Бұл
қорлар өз алдарына халықтың құралдарымен
жұмыс істейді. Осылай олар акционерлік
қоғам формасын алады. Қорлардың уставында
келесілер көрсетілуі тиіс:
- Операциялардың
жасалу тәртібі;
- Мобилизацияланған
құралдар салымдарының нақты бағыттары;
- Қордың банктермен
қарым-қатынасы
- Басқару аппараты
мен әкімшіліктің қордың акционерлері
алдындағы жауапкершілік шарттары;
- Активтер
құнының есептеуінің бекітілген ережелері
және т.б.
Инвестициялық
институттар тек арнайы ицензия
алғаннан кейін және келесі талаптар орындалған
кезде ғана бағалы қағаздар нарығында
өмір сүре алады: