Инвестициялық саясат

Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.

Работа содержит 1 файл

инвестициялық саясат.doc

— 437.00 Кб (Скачать)

     

    Негізінен, ҚР Президенті халыққа жолдаған «Қазақстан 2030» Даму Стратегиясы ЖІӨ көлемінің өсу мақсатын және елімізге инвестициялардың тартылуын көздейді.

    «Кім  сақ болса, сол үстем болар» демекші, Қазақстанның болашағына болжамдық талдаулар жасағанда, оң және теріс жақтары таразыға қойып өлшенді. Бұл позиция алдыңғы жылдардағы болған тәжірибеге негізделеді: көптеген ғалымдарымыз Қазақстан экономикасының «тірілу» кезеңін 5-7 жылмен анықтаған, бірақ дағдарыс салдарынан осы кезеңнің ұзақтығы 10 жылға дейін созылды. Сонымен бірге, Үкімет өз бағдарламасында ұсынған процестеріне (жерді жеке меншікке беру, З. Какимжанов ұсынған бағалы қағаздар нарығы) халық наразылық білдірді.

    Өткен күн оралмас... Сондықтан да біз  аталған кемшіліктерді басшылыққа ала отырып, келесі позицияны ұсынуға болады.

    Өндіріс пен экономиканың тұрақсыз өсуі ҚЭЗИ ұсынған 3 жыл уақытында емес, 4-5 жыл шамасында созылуы керек. 4-5 жылдық кезеңді «2030ж. байланысты туындаған проблемамен» байланыстырылады..

 
 
 

    Бірінші жоспар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы

  2002 2006 2008 2010 2014 2016
Болжамдалатын ЖІӨ көлемі 2780,9 3268,8 3586,8 3954,5 4732,1 5392,5
2 еселік ЖІӨ көлемі, млрд. тг 5192 5192 5192 5192 5192 5192
 

    Екінші  жоспарды біз макродеңгейлік басқарумен, диверсификациялаудың күшеюімен, қорлардың өсуімен және инвестицияларды ұлғайтумен байланыстырылады. Осы жоспар алдыңғы жоспармен салыстырғанда тиімсіздеу. Алайда, мемлекетіміздің экономикасының дамуында мұндай жоспарды алып тастап, түрлі аспектілерін қарастырмауға болмайды. 2000ж. ЖІӨ өсу темптері 1999 жылмен салыстырғанда жақсырақ-9,6%. Сол кезеңде инвестициялар да өсіп, 30% мөлшерін көрсетті. Инвестициялық ресурстардың негізгі қоры ретінде халықтың  пайдаланатын және пайдаланылмайтын (кейбір бағалаулар бойынша $1,5 млрд. АҚШ долларын құрауда) қорларын айтуға болады. Мәселен, халықтың пайдаланылмайтын қорлары инвестицияның ішкі көлемін 20-30%-ке арттыра алады.

 

    Екінші  жоспар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы

  2000 2002 2004 2006 2008
Болжамдалатын ЖІӨ көлемі 2596 3118,4 3417,7 4105,4 5404,9
2 еселік ЖІӨ көлемі, млрд. тг 5192 5192 5192 5192 5192
 

    7-8% өсу кезеңіндегі сапалы өзгертулер Үкіметтің болжамдарымен сәйкес келеді. Объективті түрде қарағанда, осы кезеңде инвестициялар әлі де шикізатқа, әлемдік бағаға, Қазақстан экономикасындағы негізгі экспорттық тауарларына тәуелді болады. Диверсификациялауды күшейтудің салдарынан инвестициялардың көбеюі ендігі жерде ресурс қорларының өсуімен және ЖІӨ құрылымындағы шикізат секторы үлесінің азаюымен анықталады. Жаңа үлгідегі өндірістің дамуы мен қызмет көрсету салдарынан кеңейтілуі нарықтық инвестициялық кеңістікте қолайлы орта туғызады. Шетелдік инвестициялардың азаюы ішкі инвестициялық ресурстар көлемінің артуы нәтижесінде болады.

 

    Үшінші  жоспар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы

  2000 2002 2004 2006 2010
Болжамдалатын ЖІӨ көлемі 2596 2862,1 3246,3 3751,5 5295,5
2 еселік ЖІӨ көлемі, млрд. тг 5192 5192 5192 5192 5192
 

    Жоғарыда  келтірген үш жағдайдың ішінде ең оптимальдісі – үшінші вариант (10 жылдық жоспар). Осылайша, тұрақты бағалық коньюктура мен колоссальді инвестицияларға әкелуі мүмкін. Жоспардың үшінші вариантын орындау он жыл ішінде Қазақстан экономикасының әлемдік аренада тұрақтауына септігін тигізеді деген болжам бар. /7/

    Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудегі  маңызды тұстарының бірі – аймақтардың инвестициялық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау. Кез-келген аймақтық экономикалық жүйенің қызмет ету шарты болып ресурстық қамсыздандыру, оның ішінде табыс алуға және территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуына кепіл болатын инвестициялық салымдармен қамсыздандырылуы табылады. Аймақтық экономикалық жүйелердің тиімді қызмет етуі жеткілікті түрде ресурстармен қамсыздандырылуын ғана қарастырмайды, сонымен бірге аймақтың өндіріс күштерін тиімді орналастыру, қызмет салалары мен аяларын құрылымдық сәйкестендіру, салалық және аймақ аралық өндірістік қарым-қатынастарды, бюджет аралық қатынастарды, табиғи кешенді қолдануды жетілдіру арқасында оларды тиімді пайдалануды жетілдіру. Аталған шарттардың біреуінің ғана өзгерісі аймақтық жүйелер тиімділігінің өзгерісіне әкелуі мүмкін. Жоғарыда келтірілген алғышарттарды ескере отырып «аймақтық жүйелер тиімділігі» ұғымының келесідей анықтамасын беруге болады – бұл нақты жүйенің ең төмен ресурстар шығыны және белгілі бір талартар жағдайында ең көп экономикалық әсер өндіру қабілеті және осы қабілетті жүзеге асыра алуы.

    Аймақтық  экономикалық жүйенің қызмет етуінің  потенциалды мүмкін және нақты тиімділігі арасындағы ауытқушылықтар себептері  ретінде келесідей жағдайлар  қарастырылуы мүмкін:

  • Барлық ресурстарды тиімсіз бөлу және толықтай емес пайдаланылуы;
  • Тиімділігін бағалау арқылы нығайтылмаған басқару және инвестициялық шешімдердің жеткілікті дәрежеде негізделмеген таңдауы;
  • Макро және мезодеңгейлерде аймақтық әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудің экономикалық механизмінің жетілдірілмеуі.
 

    Осы себептердің кез-келген біреуін жеткілікті дәрежеде бағаламау барлық жүйе тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұл тұрғыда аймақтық жүйелердің және оның құрамдас бөліктерінің қызмет ету тиімділігін, оның ішінде аймақтың инвестициялық потенциалын қолдану тиімділігін бағалау өте маңызды болып табылады.

    Euromoney журналының бағалауымен 2001 жылы инвестициялық тартымдылығы Қазақстан дүниежүзінде 81 орынды ие болған, ал Ресей Федерациясы небәрі 95 орында.

    ЕДҚҚБ бағалауы бойынша 2001 жылы Қазақстан тартылған шетелдік инвестициялар көлемі (11 млрд. доллар) бойынша ТМД елдерінің ішінде бірінші және Шығыс Еуропа мен Балтия елдері ішінде (Польша мен Венгриядан кейінгі) үшінші орныды иеленді.

    Инвестициялық потенциалдары бойынша Қазақстан Республикасы аймақтарының рейтингін келесі кестеден көруге болады:

  1 әдістеме 2 әдістеме
Инвестициялық потенциал индексі Инвестициялық потенциалы бойынша аймақ рейтингі Инвестициялық потенциал индексі Инвестициялық потенциалы бойынша аймақ рейтингі
Ақмола 0,2610 11 3,70 12
Ақтөбе 0,2635 10 4,18 10
Алматы 0,1894 15 4,38 9
Атырау 0,6339 1 5,37 6
Шығыс Қазақстан 0,3172 8 11,61 3
Жамбыл 0,1590 16 3,99 11
Батыс Қазақстан 0,2900 9 2,94 15
Қарағанды 0,3684 5 12,68 2
Қызылорда 0,2319 13 2,30 16
Қостанай 0,3213 7 6,02 5
Маңғыстау 0,3781 4 3,18 14
Павлодар 0,3365 6 6,09 4
Солтүстік Қазақстан 0,2565 12 3,33 13
Оңтүстік  Қазақстан 0,2034 14 5,13 7
Астана  қаласы 0,4272 3 4,69 8
Алматы  қаласы 0,6272 2 20,40 1
 

    Қазақстанның  және Ресейдің тәуелсіз зерттеушілері жүргізген талдауларының нәтижелерінде айырмашылықтар бар. 1 әдістеме бойынша инвестициялық потенциалды пайдаланудың нақты деңгейі мен максималды мүмкін деңгейлерін салыстыруға негізделген. 2 әдістеме бойынша түпкі нәтиже потенциалды және нақты инвесторларға сұрақ-жауап жүргізу арқылы жеке потенциалдардың орташа қосындысы ретінде анықталған. Ресей әдістемесі негізінде Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары соңғы орындарға ие. Бірақ, аймақтардың потенциалды мүмкіндіктері жоғары инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ететін «Қашаған», «Құмкөл» мұнай кен орындарының ресурстық потенциалымен анықталады. Бұл әдістеменің осал жері болып сыртқы факторлардың (мысалы, мұнайдың дүниежүзілік бағасы, энергетикалық тәуелсіздік және т.б.) әсерін ескермеу табылады.

    Аймақтық  дамудың инвестициялық ресурстармен қамсыздандырылуын және оларды пайдалану  тиімділігін дәлірек бағалау  үшін аймақтық ұдайы өндіріс процесіне  тартылған инвестициялар және алынған  әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің қатынасына негізделген әдістеме ең қолайлырақ болып келеді.

    Инвестициялық потенциалды тиімді пайдалануды  қамтамасыз ету шарттарына келесілерді  жатқызуға болады:

  • Инвестицияларды қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін максималды пайдалану;
  • Территориялық шаруашылықтың перспективті дамуының инвестициялық стратегиясын және басым бағыттарын дұрыс таңдау;
  • Инвестициялық ағындардың үйлесімді құрылымы;
  • Тиімді қызмет ететін құю механизмдері (мемлекеттік және нарықтық) негізінде инвестициялық ресурстарды тиімді бөлінуін қамтамасыз ететін өлшенген аймақтық саясаттың болуы;
  • Территорияның ішкі және сыртқы қарыздарын басқару бойынша тиімді аймақтық менеджмент;
  • Инвестициялық ресурстарды мақсатсыз жұмсауға тосқауыл болатын сенімді құралдарды қолдану.
 

    Оған  қоса, аймақтың инвестициялық ресурстарын пайдалану тиімділігі территория экономикасының құрылымы және оның теңдестірілуімен, өндірістік инфрақұрылым және коммуникация жүйелерінің дамуымен, инвестициялық институттары бар нарықтық инфрақұрылымның боуымен, шетелдік инвестицияларды тарту және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда аймақтық билік органдарының белсенділігін арттырумен, инвестициялық белсенділік, кепілдер инвестицияларды қорғауды ынталандыру механизмінің даму дәрежесімен анықталады.

Информация о работе Инвестициялық саясат