Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Экономика және бизнес факультеті.
Экономикалық
теория кафедрасы.
Курстық жұмыс.
Алматы 2008
ЖОСПАР:
Кіріспе.......................
І тарау. Инвестициялық саясаттың жалпы сипаты………………….4-18
1.1.
Инвестициялардың жалпы
1.2. Инвестициялардың
жіктелуі......................
1.3.Инвестициялық
институттар мен шетел инвестицияларды
тарту ерекшеліктері……………………………………………
ІІ
тарау. Қазақстанның
нарықтық экономикаға
көшу барысындағы
құрылымдық-инвестициялық
саясаттың ерекшеліктері……………19
2.1. Инвестициялық
саясатты қаржыландыру көздері.......................
2.2.ҚР инвестициялық
саясатына баға беру: артықшылықтары мен
кемшіліктері..................
2.3. Инвестициялық
климат, шетел капиталы мен инвестицияларын
тарту факторы ретінде……………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған
әдебиеттер....................
КІРІСПЕ.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Қазіргі
таңда Қазақстан
Менің курстық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.Бірінші тарау үш тараушадан тұрады. Мұнда мен, негізінен, инвестицияның теориялық мағынасын ашып, оның негізгі түрлеріне және түрлі авторлардың инвестицияға беретін ұғымдарын, классификациясын дифференцияладым. Сонымен қатар инвестициялық іс-әрекетті орындаушы институттардың түрін және олардың негізгі функцияларына тоқталдым.Екінші бөлім де үш тараудан тұрады. Бұл тарауда Қазақстандағы инвестициялардың орнын, саясатының негізгі тұстарын аштым. Жекелегенде Қазақстандағы инвестициялардың қаржылық көздерін анықтап, соның ішінде зор мәнге ие шетел инвестицияларының елге тартылуының ерекшеліктері мен проблемаларын қарастырдым. Сонымен қатар, Қазақстандағы жүргізіліп отырған инвестициялық саясаттың басты тұстары мен мақсат-міндеттерін және аймақтардың инвестициялық потенциалын анықтаудың елдің стратегиясында алатын орнын, елде қалыптасқан инвестициялық климаттың жағдайы мен тигізетін әсерін сипаттадым.
І
тарау. Инвестициялық
саясаттың жалпы
сипаты.
1.1. Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.
«Инвестиция» термині экономикалық сөздіктерде жаңа термин болып саналады. Бұрынғы экономикалық ғылымда негізгі фондтар бойынша жұмсалған біруақыттағы шығындар болып саналған «капитал салымы» ұғымы кең қолданыс тапқан.
«Инвестиция» термині нарықтық экономикаға өту барысында пайда болды, алайда экономиалық әдебиеттерде бірыңғай ұғымын тапқан жоқ.
Инвестициялаудың бір көзі – шетел капиталы болғандықтан, оның түсінігін ашу үшін әртүрлі авторлардың берген анықтамаларына қысқаша тоқталған жөн.
Күнделікті өмірде кез келген салымдар инвестиция ретінде түсініліп келеді. «Приватизациялау және инвестициялаудың портфелі» атты жинақтың авторы былай деп жазады: «Инвестиция ұғымы қысқа немесе ұзақ уақытта пайда табу мақсатында қаржы ресурстарының әртүрлі активтерге салынумен байланысты құбылыстарға қолданылады. Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері болатын активтердің болмысына байланысты инвестициялардың материалды активтерге немесе реалды капитал және материалдық активтерге емес салынатын түрлері ажыратылады».
Шетел авторлары да бұндай нақты емес және жалпы анықтама береді: «Инвестициялар (салымдар) өте кең таралған – деп жазады Й. Ворет және П. Ревентшоу. – Тұрмыстық деңгейде инвестициялар жайлы акция немесе облигациялар сатып алған жағдайда айтылады. Ал кәсіпорындарда қаржы машиналар мен ҒТП-ке инвестицияланады».
«Шетел инвестициялары жайлы» отандық заңда былай делінген: «Инвестициялар – бұл барлық мүліктік игіліктер мен оларға деген құқық, сонымен қатар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілеріне инвесторлардың салатын интеллектуалды меншікке деген құқығы. Алайда, экономикалық көзқараста интеллектуалды меншікке деген құқық материалды байлықты көбейтумен тікелей байланысты емес. Бұл жерде меншікке деген заңды акт жайлы немесе меншіке құқығын беру жайлы сөз етіліп отыр.
Нақтырақ анықтама «Инвестициялық-қаржылық портфель» кітабында берілген: «Инвестициялар – капиталды қайта қалпына келтіруге (қолдауға, кеңейтуге) бағытталған қаржы көздерінің шығыны».
Кейнс инвестициялық процесті былай сипаттайды: «Инвестициялар – бұл белгілі бір уақыттағы өнеркәсіптік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын ағымдағы капитал құндылығының өсімшесі, немесе белгілі уақыттағы табыстың пайдаланылмаған бөлігі.
Фельзенбаумның айтуынша: «Инвестицияларды «капитал салымы» ұғымына жақын реалды инвестициялар деп және «қаржылық» (портфельді) инвестициялар, яғни акция, облигацияларға және де басқа құнды қағаздарға салынған салымдар, деп бөлуге болады».
М.Т. Оспанова мен Т.И. Мухамбетовтардың пікірінше, инвестиция ұғымының анықтамасын белгілеуде олардың тек құрылымдық жағына ғана емес, сонымен қатар, олардың мақсаттылық бағытына назар аудару қажет. Бұл көзқарас бойынша инвестициялар жалпы ұлттық өнімді өндіруге шығындалатын табыстың маңызды бөлігін құрайды және өнеркәсіп тиімділігін жаңа заманауи технологиялар мен материалдар енгізу арқылы кеңейту мен жаңартуға кететін шығындар арқылы сипатталады.
Бұндай көзқарасты В.В. Бочаров та ұстанады: «Инвестицияларды статика да емес, динамикада, яғни меншік формаларының ауысып олардың берілген бір уақыттағы инвестициялық іс-әрекеттің соңғы өніміне айналу процесінде қарастырған жөн». Басқа сөзбен айтқанда, инвестициялар – бұл берілген бір уақыттағы тұтынуға қолданылмайтын табыстың бөлігі. Осындай түсінікте инвестициялар салудан табыс алғанға дейінгі ауысу тізбегін көрсетеді.
Инвестицияларға жататындар:
Инвестициялаудың негізгі объектілері:
Инвестициялық іс-әрекет заңды және жеке тұлғалардың, ал мемлекет көлемінде инвестицяларды жүзеге асыру және инвестициялық процестің сәтті орындалуына бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Ресурстарды салу мен табыс немесе әлеуметтік эффект алу процестердің неғұрлым тиімді үйлесуі инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуі негізінде жүзеге асуы керек (бұл әсіресе нарықтық экономика жағдайында актуальді)
Нарықтық
экономикаға дейінгі әкімшіл-
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық сұраныстың 2 түрі ажыратылады:
Потенциалды сұраныс, кей кезде оны формальді деп атайды, инвестициондық потенциал, яғни болашақ инвестициялауға ниет болып табылады. Сұраныстың бұл түрі әдетте жеке және заңды тұлғалардың берілген бір уақыт мерзімдегі табысты иелене тұрғандағы оны қорлану мен көбеюге жұмсауға қызығушылығы тумаған жағдайларда пайда болады.
Инвестициялық сұраныстың екінші түрі, нақты сұраныс инвестициялық іс-әрекеттің субъектілерінің нақты реализациясын сипаттайды. Ол инвестициялық тауарлар нарығында капитал ұсынысы формасында әрекет етеді. Инвестициялық ұсынысқа жаңа негізгі фондтарды құру, оларды реконструкциялау, кеңейту және техникалық қайта жабдықтау , айналым көздері, бағалы қағаздар және басқа да меншік түрлері жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері нарықта капиталға деген сұранысты бейнелесе, ал субъектілері инвестициялық сұраныс пен ұсынысты бейнелейді.