Автор: d********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 18:39, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
Мемлекеттік инвестициялық саясат бірінші кезекте, дайындалуын неғұрлым жоғары дәрежедегі, импорттық тауарлармен бәсекеге түсуге және оларды ішкі рыноктан ығыстыруға қабілетті өнімдерді экспорттауға бағдарланған өндірісті дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.
Белсенді мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды қолдаудың арнаулы ұйымдастыру нысандарын құру қажет. Мемлекеттік инвестициялар жүйесін неғұрлым ұтымды құру үшін жұмыс істеп тұрған Ұлттық қормен қатар даму бюджеті, мемлекеттік қаржы институттарын дамыту талап етіледі
Мемлекеттік шығыстар ағымдағы және күрделі деп бөлінуге тиіс. Бұл үшін республикалық бюджетте дербес бөлім – инвестициялық жобаларды кредиттеуге, инвестициялауға және кепілдікті қамтамасыз етуге арналған даму бюджеті болуы қажет.
Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру қаржы ресурстарының жеткілікті болуына байланысты болғандықтан, инвестицияның қажетті көлемін қамтамасыз етуге бюджеттің мүмкіндігі туралы мәселе өткір қойылады.
Қалыптасып отырған жағдайда ашық емес және тиімді емес Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасынан бас тарту жолымен мемлекеттік инвестициялық саясатқа өзгерістер енгізу және даму бюджетін құра отырып, бюджетті ағымдағы және күрделі деп бөлуге көшу қажеттігі пісіп жетілді.
Даму бюджетін құру және оған мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыруға арналған барлық ьқтимал ресурстарды шоғырландыру мемлекеттік инвестициялаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Даму бюджетінің қаражаттары жеңілдікті сыртқы заемдардың, инвестициялық мақсаттар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен ішкі қарыз алудың, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен табыстардың, салықтық табыстардың бір бөлігі есебінен қалыптастырылуы мүмкін.
Мемлекеттік
бюджетті ағымдағы және инвестициялық
деп бөлу салықтардың бір бөлігін
инвестициялық мақсаттарға
Инвестициялық мақсаттарға арналған мемлекеттік бағалы қағаздар немесе мемлекеттік инвестицилық бағалы қағаздар жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, басқа да институционалдық инвесторлар арасында орналастырылатын болады, сондай-ақ почта-жинақтау жүйесінің қаражатын шоғырландырады. Аталған бағалы қағаздар капитал мен ол бойынша табыстарды жоғалтудың мейлінше төмен қатеріне байланысты ең тартымды қаржы құралдарының бірі бола алады. Бұдан басқа, жаңа қаржы құралдарының пайда болуы қайталама қаржы нарығын жандандырады. Мемлекеттік емес корпорациялық бағалы қағаздардың дамуына қарай мемлекеттік инвестициялық бағалы қағаздар айналысы қысқаратын болады.
Сыртқы берешектің өсу қарқыны жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан асып түсіп отырған ағымдағы сәтте инвестициялық саясатты жүргізген кезде бірінші кезекте қолда бар меншікті ресурстарға бағдар ұстаған және оларды отандық экономиканы инвестициялау үшін пайдаланған жөн.
Ішкі институционалдық инвесторлардан тартылған қаражат есебінен қалыптасатын даму бюджетінің тетігі халықтың ішкі жинақ ақшаларын нақты инвестициялық жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді.
Республикалық
мемлекеттік бюджеттің бір
Ұлттық қордың қызметі мемлекеттік негізгі шикізат ресурстарын әзірлеу, өндіру және экспорттау жөніндегі қызметінен түсетін үстеме табысын шоғырландырудан және оларды әлемдік қаржы нарықтарында одан әрі инвестициялаудан тұратын болады. Шикізат қорлдары таусылатын және орны толмайтын ресурстар болып табылатындықтан өны өндіруден, қайта өңдеу мен өткізуден түсетін болашақ қаржы ағындарына дұрыс иелік еткен маңызды. Ұлттық қорды құру артық валюта түсімдерін стерилизациялау, экономикады дағдарысты ахуалдар жағдайына резервті активтер құру, болашақ ұрпақ үшін қор қалыптастыру мақсатын көздейді.
Ұлттық қор қаражаты мемлекеттік бюджеттен алынатын трансфеттер жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономиканың шикізат секторындағы қызметінен төлейтін салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің бір бөлігінен қалыптастырылатын болады.
Сонымен
бірге даму бюджеті ішкі және сыртқы
нарықта жыл сайынғы қарыз
алу нәтижесінде бюджеттің
Ұлттық
қор қаражаты әлемдік қаржы нарықтарында
бағалы қағаздардың кең
Кәсіпорындарды инвестициялау мен кредиттеуді Мемлекеттік кредиттік дамыту ұйымдары (МКДҰ) тікелей жүзеге асыратын болады.
МКДҰ
– бұл мемлекеттік
Жаңадан құрылған Қазақстан Даму Банкін айрықша атап өту керек, ол мемлекеттік инвестициялық саясат жүргізушілердің негізгілерінің бірі болады.
МКДҰ-ның негізгі міндеті экономиканың басым секторларындағы қаржыландырылуға мұқтаж кәсіпорындарға кредит беру және құрылым түзетін өнеркәсіптік кәсіпорындарды экономикалық сауықтыру бағдарламасын жасау мен жүзеге асыру болады. Даму бюджеті қаражатын бөлу ашықтық, айқындық, қол жетімділік және тең құқықтық принципінде жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік инвестицияялық қоржын коммерциялық жағынан өтелімді жобаларды да, сондай-ақ өтелімділігі жанама нәтижелі жобаларды да, бірақ әлеуметтік және саяси мәні бар жобаларды қамтиды.
МКДҰ үкімет белгілеген шеңберде қосымша кредиттік ресурстарды тарту мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Кредиттік ұйымдарды құру белсенді және кәсіби басқарылған жағдайда ағымдағы өтімділік пен табыстылыққа қол жеткізе отырып ресурстарды шоғырландыру, тиісті біліктілік сараптамасымен бірге атаулы инвестицияларды басым салаларға бағыттау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
МКДҰ кәсіпорындар-заемшылармен тұрақты тығыз өзара іс-қимыл негізінде, белгіленген мерзімде өтелімді жобалар бойынша қаржының қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін берілген кредиттердің нысаналы пайдаланылуын бақылайтын болады. Кредиттерді берудің қатаң рәсімдері және олардың бұдан кейінгі тұрақты мониторингі экономиканың нақты секторында бар қатерлерді оалымды еңсеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігі мен қайтарымдылығын арттыру үшін жекеше банктер тарапынан жобаларды бірлесіп қаржыландыру мемлекеттік кредит ұйымдарының кредит беру шарты бола алады. МКДҰ инвестициялық және реттеуші функцияларын жүзеге асырудан тыс, оңалтушылық және лизингтік қызметтер де көрсете алған болар еді. /6/
Қазақстан Республикасының Үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды шарты болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы инвестициялық белсенділік көрсетіледі.
Негізгі капиталға инвестициялардың тартылу индексі (тұрақты бағалар бойынша)
өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық көрсеткіштермен
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Қазақстан | 110,6 | 116,6 | 123,1 | 134,1 | 111,1 |
Ресей | 103 | 112,5 | 112 | 111 | 114 |
Украина | 109 | 131 | 128 | 102 | 119 |
/10/
Осы
статистикалық көрсеткіштерге қарағанда
Қазақстанға инвестицияларды
Ал енді, негізгі капиталға салынған инвестициялардың экономикалық салалардың әр түрлеріне келетін деңгейіне талдау жасайық:
2004 | 2005 | 2006 | |
Миллион теңге | |||
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі | 1703684 | 2420976 | 2824523 |
Соның ішінде: | |||
Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шаруашылығы | 34617 | 39743 | 30676 |
Балық шаруашылығы, балық аулау | 173 | 165 | 215 |
Тау-кен өндірісі | 459565 | 540152 | 643924 |
Өңдеу өнеркәсібі | 200368 | 263078 | 299227 |
Электроэнергияны, газды бен суды өндіру және бөлу | 27842 | 35048 | 39912 |
Құрылыс | 151222 | 297888 | 355774 |
Автомобильді, тұрмыстық заттарды және жеке тұтыну заттарын сату, жөндеу | 89699 | 114140 | 124284 |
Қонақ үй және мейрамханалар | 9096 | 7493 | 9312 |
Көлік және байланыс | 194171 | 195531 | 235235 |
Қаржылық іс-әрекет | 16829 | 31153 | 43433 |
Жылжымайтын мүлік бойынша операциялар, қызмет көрсетуді ұсыну мен жалға беру | 302503 | 612300 | 660895 |
Мемлекеттік басқару | 190722 | 255471 | 338895 |
Білім беру | 7704 | 9979 | 12344 |
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетулер | 5001 | 5819 | 8456 |
Коммуналды, әлеуметтік және персоналды қызметтерді ұсыну | 14172 | 13016 | 21941 |
Проценттік нәтиже | |||
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
Соның ішінде: | |||
Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шаруашылығы | 2,0 | 1,7 | 1,1 |
Балық шаруашылығы, балық аулау | 0,0 | 0,0 | 0,0 |
Тау-кен өндірісі | 27,0 | 22,3 | 22,8 |
Өңдеу өнеркәсібі | 11,8 | 10,9 | 10,6 |
Электроэнергияны, газды бен суды өндіру және бөлу | 1,6 | 1,4 | 1,4 |
Құрылыс | 8,9 | 12,3 | 12,6 |
Автомобильді, тұрмыстық заттарды және жеке тұтыну заттарын сату, жөндеу | 5,2 | 4,7 | 4,4 |
Қонақ үй және мейрамханалар | 0,5 | 0,3 | 0,3 |
Көлік және байланыс | 11,4 | 8,1 | 8,3 |
Қаржылық іс-әрекет | 1,0 | 1,3 | 1,6 |
Жылжымайтын мүлік бойынша операциялар, қызмет көрсетуді ұсыну мен жалға беру | 17,8 | 25,3 | 23,4 |
Мемлекеттік басқару | 11,2 | 10,6 | 12,0 |
Білім беру | 0,5 | 0,4 | 0,4 |
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетулер | 0,3 | 0,2 | 0,3 |
Коммуналды, әлеуметтік және персоналды қызметтерді ұсыну | 0,8 | 0,5 | 0,8 |
/10/
Қарап отырсақ, жалпы инвестициялардың негізігі капиталға тартылуының көлемі өсіп келеді. 2004 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2005 жылы еліміздің негізгі капиталына инвестициялардың салынуы 717292 млн. теңгеге артып отыр. Бұл экономикадағы инвестициялық саясаттың тиімділігінің артқандығының белгісі. Ал, енді жеке экоомикалық секторлардың ішіндегі капитал тартымдылығы ең үлкен деңгейдегі, яғни приоритетті сала – тау-кен өндірісі. Бұл сала елге тартылған жалпы инвестициялардың 22,8%-ын алып отыр (2006 жылғы көрсеткіш бойынша). Жалпы тау-кен өндірісіне салынған инвестициялар барлық жылдарда да басқа салаларға қарағанда ең жоғары болған.
Айтып кеткендей инвестициялардың тартылуы елдегі макроэкономикалық көрсеткішке – жалпы ішкі өнімге – тигізетін әсері мол. Енді осы тұрғыдағы инвестицияларды тартудағы мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына тоқталайын.
Қазақстан экономикалық зерттеу институтының мәліметтеріне сүйенсек, «2015 ж. дейінгі ҚР дамуы» жөніндегі жоспары үш кезеңге топтастырылады:
Бірақ бұл болжамдық вариант 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясымен үндес келмейді. Осы жоспарға сәйкес, ЖІӨ көлемін 2 есеге көбейту мәселесі приоритетті мақсаттардың қатарына жатқызылады. өсудің максималды көрсеткіштерін алсақ (4,5% және 8%), ЖІӨ 2 есеге артуы жоспарын тек 2012-2013 жылдарында ғана аламыз. Дегенмен, бұл саяси тұрғыдан қарағанда тиімсіз болып табылады.
Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | |
ЖІӨ көлемі | 2808 | 2920 | 3066 | 3219 | 3380 | 3549 | 3727 | 4025 | 4347 | 4695 | 5070 | 5476 |
ЖІӨ 2-ші көлемі | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 | 5192 |