Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 09:11, курсовая работа
Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі ашып көрсетілген.
Бірінші бөлімде қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары, қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру және қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштері қарастырылған.
Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары, қаржы ресурстарының мәні және оны саралау және қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы ашып көрсетілген.
Нормативті сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
4
5
6
7
1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері, жүйесі мен көрсеткіштері
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 8
1.2 Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру 11
1.3 Қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 13
2. Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары
2.1 Кәсіпорынның қаржы стратегиясы
2.2 Қаржы ресурстарының мәні және оны саралау
2.3 Қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы 20
23
26
3. Қаржылық жоспар шеңберінде қаржы ресурстарын тарту жолдары
3.1 Қаржы ресурстарын тарту түрлері
3.2 Қаржы жоспарда коммерциялық несие тарту механизмдері
3.3 Қаржы ресурстары қажеттілігін есептеу 31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
кәсіпорынның абсолютті
- қалыпты орнықты қаржылық жағдайы (запастар мен шығындар көлемі меншікті айналмалы капиталымен және ұзақмерзімді несиеге алған көздермен қамтамасыз етіледі);
-
тұрақсыз қаржылық жағдайы (
-
дағдарыстық жағдайы (запастар
мен шығындар қаражат
1.3
Жоспарлауда қолданылатын қаржылық
көрсеткіштер
Теңдестік
өтімділігін талдау кәсіпорынның несиеқабілеттілігін,
яғни оның өз міндеттемелерін орындай
алатындығын бағалауға
ƒл=(ЕӨА
+ 0,5ЖІАА + 0,3БІАА)/(ҚМ + 0,5ҚМП + 0,3ҰМП) (1)
мұндағы: ЕӨА - едәуір өтімділікті активтер;
ЖІАА - жылдам іске асырылатын активтер;
БІАА - баяу іске асырылатын активтер ;
ҚМ - қауырт міндеттемелер;
ҚМП -қысқамерзімді пассивтер;
ҰМП
-ұзақмерзімді пассивтер.
Қаржы коэффициентін талдау кәсіпорын жағдайының орнықтылығы жайлы өзгерістерін зерттеу мақсатымен немесе бірнеше бәсекелес кәсіпорындарды салыстыру үшін жасалады. Табыстылық пен іскерлік белсенділіктің негізгі коэффициенттері 1 және 2- кестелерде келтірілген.
Кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау мына бағыттарда жүргізіледі [13]:
-пайда
көрсеткіші динамикасын
-пайданы бөлудің дәлелдігін талдау;
-пайданың өсу факторларын талдау;
-табыстылық
пен іскерлік белсенділікті бағалау.
1-кесте
Табыстылық
пен іскерлік белсенділіктің негізгі
коэффициенттері
Коэффициент
атауы |
Нормативтік
мәні |
Есептеу реті | Сипаттамасы |
Автономия | 0.5-тен
артық |
МК/А | Коэффициенттің
өсуі
кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі артқандығын көрсетеді. Міндеттемелерді орындау кепілін арттырады |
Меншікті және айналмалы қаражаттарының арақатынасы | Ең көп
мәні |
(МК-ҰН)/МАК |
Коэффициенттің өсуі қарыздық капиталдың оларды жабатын меншікті көздерден артықтығын көрсетеді |
Ептілігі | (МАК-А1)/МК | Коэффициент мәнінің жоғарылауы-- кәсіпорынның жақсы қаржылық жағдайын көрсетеді | |
Запастар мен шығындарды меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілуі | 1 | (МАК-А1)/МК | Коэффициент мәні
нормативтен төмен болуы |
Өтімділік | 0.8-1 | А3 / (П2-ҰН) | Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айрысқан жағдайда болжамдық төлемдерін көрсетеді |
Абсолютті өтімділік | Ең аз мәні 2 | ӨЖА / (П2-ҰН) | Кәсіпорынның жуық арада қандай қысқамерзімді қарыздарын өтей алатындығын көрсетеді |
Төлемқабілеттілік | Ең аз мәні 2
ІӨК>НӨК |
Іс жүзінде
(А2+А3)/(П2-ҰН), нормативтік(А2+А3-ҰН)/(П2-ҰН) |
Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айрысып, дайын өнімді табысты түрде сатылған жағдайымен қоса, қажет болса, өзге де айналмалы капитал элементтерінің сату кезіндегі төлемқабілетін сипаттайды |
Өндірістік маңызы бар мүліктің нақты құны | Ең аз мәні 0.5 | (НК+ӨЗ+АӨ)/А | Коэффициент кәсіпорынның өндірістік маңызы бар мүлікінің нақты құндық үлесін көрсетеді |
Белгілеулер:
А-кәсіпорын қаржылық теңдестіктің активі;
ҰН- ұзақмерзімді несиелер; НК- негізгі
капитал; ӨЖА- өтімділігі жоғары активтер;
ӨЗ- өндірістік запастар; АӨ-аяқталмаған
өндіріс; ІӨК- Іс жүзінде өтелу коэффициенті;
НӨК- нормативтік өтелу коэффициенті;
А-теңдестік активінің нәтижесі; А1-
несиелік және несиелік берешек; А2-
запастар; А3- дебиторлық қарыздар;
МК- мешікті капиталдың жалпы сомасы; МАК-
мешікті айналмалы капитапл; П2-
ұзақ, қысқамерзімді несиелік берешектер.
2-кесте
Негізгі
қаржы коэффициенттері
Көрсеткіш атауы | Есептеу реті | Сипаттамасы |
Капитал табыстылығы | П/А | Кәсіпорынның
бүкіл мүлкін пайдалану тиімділігін
көрсетеді. Төмендеуі сұраныстың азаюын,
активтердің артық |
Сатылым табыстылығы | П/С | Сатылған өнімнің әр бірлігіне қанша пайда тиесілі екендігін көрсетеді. Төмендеуі өнімге сұраныстың азайғанын білдіреді |
Негізгі капитал мен басқа да айналмалы активтер табыстылығы | П/МК | Меншікті капиталды
пайдалану тиімділігін |
Капиталдың жалпы айналымдылығы | С/А | Өсуі бүкіл капиталдың айналым жылдамдығын көрсетеді. Өсуі кәсіпорын қаражаттары айналымының үдегенін көрсетеді. |
Жұмылдырылған капиталдың айналымдылығы | С/(А2+ДБ) | Барлық жүмылдырылған капиталдың айналымын көрсетеді |
Дайын өнім мен материалдық айналмалы капитал айналымдылығы | С/А2 | Кәсіпорынның запастары мен шығындар айналым санын көрсетеді. Төмендеуі өндірістік запастар мен аяқталмаған өндірістің салыстырмалы артқанын немесе өнімге сұраныстың азайғанын білдіреді |
Дайын өнімнің айналымдылығы | С/ДӨ | Дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Өсуі- кәсіпорынның дайын өніміне деген сұраныстың артқанын, төмендеуі-артық тауар жинақталуын білдіреді |
Дебиторлық берешектің айналымдылығы | С/ДБ | Коэффициенттің өсуі кәсіпорынға берілген коммерциялық несиенің көбейгенін, төмендеуі- азайғанын білдіреді |
Дебиторлық қарыздың орташа айналу мерзімі | 365×ДБ/С | Дебиторлық қарызды өтеу мерзімін сипаттайды. Коэффициенттің төмендеуі –оң нәтижені береді |
Несиелік берешектің айналымдылығы | С/НБ | Кәсіпорынға берілген коммерциялық несиенің көбейгенін немесе азайғанын көрсетеді. Өсуі- кәсіпорынның қарызын өтеуді жеделдеткенін, төмендеуі-несиеге сатып алудың артқандығын көрсетеді. |
Несиелік берешектің орташа айналым мерзімі | 365×НБ/С | Кәсіпорынның коммерциялық несиені қайтаратын орташа мерзімін көрсетеді. |
Негізгі капитал мен өзге айналымнан тыс активтердің қорайналымдылығы | С/НК | Негізгі капитал
мен өзге айналымнан тыс активтерді
пайдалану тиімділігін |
Меншікті капиталдың айналымдылығы | С/МК | Меншікті капиталдың айналым жылдамдығын артқанын көрсетеді.Айтарлықтай төмендеуі меншікті айналым қаражаттарының бос тұруға беталысын көрсетеді |
Белгілеулер:П-пайда;
А-кәсіпорын қаржылық теңдестіктің
активі; С-сатудан түскен табыс; МК-меншікті
капитал; А2- запастар; ДБ-дебиторлық
берешек; НБ-несиелік берешек қарыз; ДӨ-дайын
өнім, НК- негізгі капитал.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциялық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың баламаларының шын көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның баламалары көрсетіледі. (Операциялық қызмет – заңды тұлғаның табыс табатын негізгі қызметі және инвестициялық пен қаржылық қызметтеріне қатысы жоқ басқадай қызметі; Инвестициялық қызмет – ұзак мерзімді активтерді алу және сату; Қаржылық қызмет – заңды тұлғаның меншікті капиталының және несие қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгерістері.)
№4 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциялық (табыс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен несие қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың келіп түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде басқа тура көрсететін тікелей әдісті пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түскен қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдісті пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай табыс қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза пайда мен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын табыстарына немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.
Операцилық, қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады [14-15].
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері анықталады. Мысалға, өнімді сатудан түскен табыснен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, көліктік-дайындау шығындарының төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен жұмсалудың нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыснен, алынған аванстан, пайыздан, дивидендтен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген еңбекақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығындарынан тұрады.
Жанама әдістер—бұл әдісте таза пайда немесе зиян ағымдағы өзгерген активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нэтижесі болып табылатын табыстар мен шығындарғаа түзету жасалады. Бұл әдісте теңдестік мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза пайда сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
3-кесте
Таза
пайданы (зиянды) түзету
Таза пайданы түзететін опера циялар | Түзетуді жүргізудің тәртібі |
Материалдық емес активтер мен негізгі капитал бойынша есептелген амортизациясы | Есептелген амортизация сомасы таза пайда сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының жұмсалуына әкелмейді |
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар (запастар), болашақ кезеңнің шығындары, басқа да ағымдағы активтер және т.б. | Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше азаятын болса, онда ақша қаражаттары өседі және олардың түскенін көрсетеді. |
Ағымдағы
міндеттемелердің
сомасының өзгерістері (қысқа мерзімін банк несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер |
Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағымының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса. онда ақша қаражаттары да азаяды, ал ол болса ақша қаражаттарының жұмсалғанын көрсетеді. |