Қаржылық жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 09:11, курсовая работа

Описание работы

Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі ашып көрсетілген.

Бірінші бөлімде қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары, қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру және қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштері қарастырылған.

Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары, қаржы ресурстарының мәні және оны саралау және қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы ашып көрсетілген.

Содержание

Нормативті сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе
4

5

6

7
1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері, жүйесі мен көрсеткіштері
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 8
1.2 Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру 11
1.3 Қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 13
2. Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары
2.1 Кәсіпорынның қаржы стратегиясы

2.2 Қаржы ресурстарының мәні және оны саралау

2.3 Қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы 20

23

26
3. Қаржылық жоспар шеңберінде қаржы ресурстарын тарту жолдары

3.1 Қаржы ресурстарын тарту түрлері

3.2 Қаржы жоспарда коммерциялық несие тарту механизмдері

3.3 Қаржы ресурстары қажеттілігін есептеу 31

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Каржылык жоспарлау.doc

— 303.00 Кб (Скачать)

   Ішкі  қаржы ресурстары. Таза пайда кәсіпорынның жалпы түскен табыс сомасынан шығындар мен міндетті төлемдерді (салықтар, алымдар, айыппұлдар, өсімақы, пайыздар және т.б. міндетті төлемдер) алып тастағанда қалатын табысын білдіреді. Таза пайда кәсіпорынның қарамағында және ол басқарушы органдарының шешімімен жұмсалады. Амортизация- кәсіпорынның негізгі және басқа да айналымсыз қорлары тозуының ақшалай көрінісі. Өз табиғатына қарап амортизация ешқашан да табыс түрінде болмайды, ал кәсіпорынның ішкі қаржы ресурстары құрамына мынадай екі себепке байланысты кіреді: 1) есептеліп жатқан амортизация кәсіпорынның қаражат құрамынан алынып тасталмайды; 2) амортизациялық төлем аударылып отырған жабдықтар немесе өзге де нысандардың қызмет ету мерзімі ішінде жинақталған амортизациялық аударымдар негізгі капитал істен шыққанға дейін уақытша бос ақшалай қаражат болып табылады.

   Сыртқы  қаржы ресурстары. Сыртқы қаржы ресурстары да екі топқа бөлінеді—тартылған және несиеге алынған. Бұлайша бөлу, ең алдымен осы кәсіпорынды дамытуға сырттан қатысушылардың салым капиталының түріне байланысты (кәсіпкерлік немесе несиелік капитал). Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымының нәтижесінде тартылған меншікті қаражаттары және несиелік капитал пайда болады.

   Кәсіпкерлік капитал – пайда алу және кәсіпорынды  басқару құқығын иемдену мақсатымен салынған (инвестицияланған) капитал. Несиелік капитал—бұл өсім түрінде ақы төлеп қайтару талабымен несиеге берілетін ақша капиталы. Оның кәсіпкерлік капиталдан ерекшелігі - несие капиталы кәсіпорынды дамыту үшін салым ретінде қаралмайды, ол пайыздық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беріледі. Бизнестің бұл түрімен арнайы кәсіби институттар шұғылданады (банктер, несиелік одақтар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т.б.). Нақты өмірде кәсіпкерлік немесе несиелік капитал өзара тығыз байланысқан. Қазіргі заманда нарықтық шаруашылық әртараптандырылған, яғни қызмет түріне қарай да, кеңістікте де бөліп жайғастырып ұйымдастырылған. Әртараптандыру қазіргі таңда нарықтық шаруашылықтың тұрақтылығы мен орнықтылығын (ең алдымен, оның қаржы жүйесін) қамтамасыз етудің ең маңызды факторларының бірі. Алайда, әртараптандыру- дың тереңдеп енуі қаржы ағындары мен капитал қозғалысы күрделене түсуіне, қаржылық тәжірибеде қолданылатын арнайы құрал-саймандар қатарын кеңейтуге әкеледі, ал мұның өзі, айналып келгенде, кәсіпорынның қаржылық жұмысын тым күрделендіріп жібереді.

   Тартылған қаржы ресурстары—кәсіпорын құрылған сәтінде жинақтылып, бүкіл қызмет ету барысында кәсіпорынның қарамағында  болатын қаржы ресурстарының  негізгі бір бөлігі. Оны кәсіпорынның жарғылық капиталы деп атау қабылданған. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық түріне қарай оның жарғылық капиталы акция жасап шығарып, оны сату есебінен (қарапайым, ерекше немесе аралас), жарғылық капиталға салынған пайлық, үлестік және т.б. салымдардан түзіледі. Кәсіпорынның жұмыс істеу уақыты ішінде жарғылық капитал бөлінуі, кемуі, артуы да мүмкін.

   Несиелік  қаржы ресурстары көбінесе мына түрлерде кездеседі:

   1) банктік несие мен басқа да  несиелер;

   2) кәсіпорын облигацияларын шығару және сату;

   3) нарықтың өзге банктік емес  субъектілерінен алынған қарыздар.

   Қаржыландыру  және инвестициялау. Осыған дейін сөз болған кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталы бір ғана ақша қаражаттарынан құралатын еді. Алайда, нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай түрде ұзақ уақыт тұра алмайды, себебі ол жаңадан табыс табуы тиіс. Ал кәсіпорын кассасында немесе оның банктегі есеп-шотында қалдық ақша түрінде тұрғанда ол кәсіпорынға пайда әкелмейді.

   Осыған  байланысты капиталдың ақшалай түрден табыс әкелетін қабілеті бар өндіруші түрге өзгерудің мәнін түсіну маңызды. Бұл өзгеру (яғни, метаморфоза) инвестициялау деп аталады. Бұл құбылысты қаржыландырумен шатастыруға болмайды.

   Халықаралық қаржы тәжірибесінде қаржыландырудың  екі түрін—сырттан және іштен  қаржыландыру деп ажыратады. Бұлайша бөлу кәсіпорын капиталы мен қаржы ресурсы түрлерінің қаржыландыру үдерісімен тығыз байланысуымен түсіндіріледі. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы төменде келтірілген (5-кесте).  

   5-кесте

   Қаржыландыру түрлерінің саралануы 

Қаржыландыру  түрлері Сырттан қаржыландыру Іштен қаржыландыру
 
Меншікті  капиталмен қаржыландыру
Салымдар мен  қатысу үлесі негізінде қаржыландыру (мысалы, облигациялар, акциялар шығару, жаңадан жарнашыларды тарту) Салық алынған  пайда есебінен қаржыландыру (жай мағынасында- өзін-өзі қаржыландыру)
 
Қарызға алынған капиталмен қаржыландыру
Несиелік қаржыландыру (мыс; несиелер, қарыздар, банктік несие, материалдармен жабдықтаушылардың несиесімен) Кәсіпорынның  табысынан құралған капитал резервтік  капитал арқылы қаржыландыру
 
Меншікті  және қарызға алынған капитал  негізінде аралас қаржыландыру
Акцияға айырбастау мүмкіндігі бар облигациялар шығару, опциялық қарыздар, пайдаға ортақтасу құқығын беру негізінде несие, артықшылығы бар акциялар  
 
Тұрақты пассивтер
 

   Кәсіпорынды қаржыландыру—бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарының статикада пайда  болу үдерісі (ақша қорлары түрінде) және динамикадағы ақша айналымына (ақша ағындары түрінде) қызмет көрсету үдерісі. Демек, қаржыландыру деп қаржы ресурстарын  түзуді, ал инвестициялау деп—оларды пайдалануды түсінеміз. «Инвестициялау» және «қаржыландыру» ұғымдары үнемі нақтылап отыруды қажет етеді. Оның себебі - қаржы ресурстарын кез-келген түрдегі пайдалануы инвестициялау болмайтынында, қаржы қаражаттарын пайдалану түрлерінің барлығын инвестициялау деп атай алмаймыз. Акциялар эмиссиясы көмегімен қаржыландыру да әрдайым ақша қаражаттарын алумен байланысты бола бермейді. Мысалы, акционерлік компания жаңа акциялар пакетін шығарды делік, ал сатып алушы ақша орнына компанияға жер телімін, машиналар мен жабдықтар және т.с.с. беруі мүмкін. Бұл жағдайда қаржыландыру және инвестициялау біруақытта, қатар жүріп жатыр. Жалпы алғанда кәсіпорынның айналымы - бұл инвестициялау және дезинвестициялау талассыз үдерісі, қаржы ресурстарын байланыстыратын және босататын үдеріс, үздіксіз қаржылық операциялар үдерісі.

   Кәсіпорын қайтарылмайтын облигациялар шығарған жағдайда ол несиелік капиталға негізделген  сырттан қаржыландыру түрін білдіреді. 

   2.3 Қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы 

   Тауар және қаржы ағындарының диалектикалық байланысы кәсіпорынның өзара байланысты ресурстар сипаты мен динамикасында көрініс табады. Кәсіпорынның байланысты ресурстары деп кәсіпорынның үздіксіз өзінің әрекет етуіне қажетті тұрақты қаржылық ресурстар көлемін айтамыз. Осы анықтамадан түсінгендей кәсіпорын байланысты ресурстар айналмалы және айналымсыз активтер арасындағы екіжақты байланысты білдіреді. Ол меншікті және қарызға алынған қаражаттарымен қаржыландыру арқылы кәсіпорынның толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажет. Кәсіпорын активтерін келесі топтарға бөлуге болады:

  1. кәсіпорынның өндіріс қуаттарына ағымдық қызмет көрсетумен байланысты активтер;
  2. бірінші топ активтерін тәуекелден қорғауға қажетті резервтік активтер;
  3. бизнес аясын кеңейтумен байланысты инвестициялық активтер;

   Бірінші топта өндірісте пайдалануға  үнемі дайын болатын айналымдағы  және айналымнан тыс активтер деп  бөлінеді. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, барлығы бірдей болған жағдайда бұл талаптың орындалуы бірінші топ активтерін кәсіпорынның өз меншігіндегі капиталмен немесе, тым болмаса, ұзақмерзімді алынған қаражаттар есебінен қаржыланғанда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайды орындауға жинақталған амортизация да қиындата түседі. Амортизация кәсіпорынның істен шыққан айналымнан тыс активтерін қаржыландыру көзі бола отырып, және көбінесе кәсіпорынның уақытша бос қаржы капиталы ретінде ағымдық шығындарды қаржыландыруға пайдаланылады. Бірақта бұл осы ретте екі жайтты айта кету керек:

   - жеделдетілген амортизация әдісімен  жинақталған амортизациялық төлемдердің уақытша болса да өз қызметінен өзге мақсатта пайдаланудың соңы қаржылық жазалау шараларына әкеп соғуы мүмкін;

   - кәсіпорынның істен шыққан жабдықты  алмастыруды қаржыландыратын қаржы  қаражаттары болуы тиіс және  ол қаржыландыру қандай көздерден  жүзеге асырылатындығы аса маңызды емес, бастысы - өзге мақсаттарға жұмсалған амортизация орнын толтыру. Жабдықтың кенеттен бұзылуы, шикізатты жеткізу мерзімі созылуынан, дебиторлық қарызды дер кезінде өтей алмау жағдайларынан бірде-бір кәсіпорын сақталмаған. Осы секілді жағымсыз жайттардан сақтандыруға арналған резервтер активті сақтандыруға арналған қаражаттан қаржыландырылуы керек.

   Үшінші  топта күрделі салымдар ерекше орын алады. Айта кетерлігі- күрделі салымдар кәсіпорынның ағымдық емес, келешектегі  өндіріс қуаттарына ықпал ететіндіктен, кәсіпорынның ағымдық қаржы тепе-теңдігі бұзылған жағдайда кәсіпорын одан бас тарта алады. Осыған байланысты, үшінші топ активтерін қаржыландырудың кем дегенде екі жолы бар:

   - егер күрделі салымдар кәсіпорында  жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын кеңейту мен қайта жаңғыртуға байланысты болса, онда ол сөзсіз бірінші топтағы активтерді қаржыландыру ережесімен жұмыс істеу керек. Егер инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпорынның шамасы келмесе, онда ол едәуір күрделі қаржы дағдарысына ұшырауы мүмкін;

   - егер ұзақмерзімді инвестициялар  кәсіпорында жұмыс істеп тұрған  өндіріс қуаттарын кеңейту мен қайта жаңғыртуға байланыссыз болса, онда қаржыландыру көзін таңдау қатаң шектеулерді қажет етпейді, яғни мұндай инвестицияларды қаржыландыруға кейбір қысқамерзімді қаражаттар да жарайды.

   Сонымен, өндіріспен байланысты активтер оңтайлы  мөлшерде болғанда ғана кәсіпорынның шаруалық қызметінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізуге болады. Оңтайлық көрсеткіші үш актив тобының анықтамаларында-ақ берілген. Бірақ іс жүзінде оңтайлық көрсеткішінен гөрі оларды қамтамасыз ету әдістері маңыздырақ. Айналмалы капиталдың оңтайлы көлемін қамтамасыз ету қаражаттарына қаржы мөлшерлері, нормативтері мен лимиттері жатады. Кәсіпорынның байланысты айналмалы капитал көлемін оңтайлау—қаржы қызметінің ең күрделі міндеттерінің бірі. Ол қызметкерден тек кәсіпорынның байланысты активтерінің оңтайлы мөлшерін жинақтап, оны ұстап тұруды ғана емес, соған қоса аталған кәсіпорында іске асырылып жатқан бизнес-үдерісінің мәнін тереңінен ұғынуды, әрбір кәсіпорындағы қаржылық пара-парлыққа ықпал ететін сыртқы ортаның қызмет ету заңдылықтарын білуді талап етеді.

   Қаржыландырудың «алтын ережесі»

   Кәсіпорынның  қаржы қызметі аясындағы тағы бір маңызды мәселе—байланысты  активтердің оңтайлы мөлшерін ұтымды қаржыландыруды ұйымдастыру. Кәсіпорынның байланыстағы активтерін қаржыландыру заңдылықтары іс жүзінде ережелер түрінде қалыптасып, жалпылама түрде олар қаржыландырудың «алтын ережесі» деп аталады. Экономика ғылымында аталған «алтын ереженің» бірнеше анықтамасы бар, дегенмен көбірек танылғаны келесі түсініктер:

   - инвестициялауға қажетті қаржы  ресурстары осы инвестицияның  нәтижесімен қаншалықты байланысты  болса, сонша уақыт кәсіпорын  қарамағында болуы керек;

   - кәсіпорынның несиелік берешектерін  ұтымды басқару дегеніміз—қалыптасқан іскерлік қатынастарға нұқсан келтірмей, қарызды өтеу мерзімін барынша кешіктіру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   3. Қаржылық жоспар шеңберінде қаржы  ресурстарын тарту жолдары

   3.1 Қаржы ресурстарын тарту түрлері 

   Қаржыландыру  көздерінің сипаттамасы. Қаржы ресурсысыз бизнес жасау мүмкін емес, бірақ қазір елімізде қаржы ресурсын тарту үлкен қиындықтар туғызып отыр. Кәсіпорынның қаржы менеджментінің басты мәселесі - қаржы ресурстарын тиімді түрде жұмылдыра білу. Қолайлы қаржыландыру тізбесін таңдау қандай қиын екендігін суреттеп беру үшін ең кең тараған қаржыландыру көздерінің артықшылығы мен кемшілігінің салыстырмалы талдау кестесін келтіріп отырмыз (6- кесте). 

   6-кесте

   Қаржыландыру  көздері 

Қаржыландыру  көздері Артықшылықтары Кемшіліктері
1 2 3
  1. Несиелерді тарту:
а) теңгелік банк несиелері 
 
 
 
 
 

ә) валюталық  несиелер

Акционерлік капитал  көп адамның қарамығында болмайды.

Пайыздар өзіндік  құнға жатқызылады, яғни салықтан қорғайды

Несиені алу  мен өтеудің қолайлылығы 
 
 

Акционерлік капиталдың құнсыздануы болмайды.

Пайыздар өзіндік  құнға жатқызылады, яғни салықтан қорғайды

Несиені алу  мен өтеудің қолайлылығы

Несиелік пайыздардың жоғары болуы.

Қысқамерзімді, әдетте қалпына келетін несиелік түрде беріледі.

Кепілдік талап  етіледі.

Өзге қаржыландыру түрлерін пайдалануға кедергі болуы  немесе оның құнын жоғарылатып жіберуі  мүмкін. 

Валюталық тәуекел  деңгейі өсіп кетпеуі үшін одан табыс  алынуы керек.

Кепілдік талап  етілуі.

Өзге қаржыландыру түрін пайдалануға кедергі болуы  немесе оның құнын жоғарылатып жіберуі мүмкін

2.Меншікті  капитал (таза пайда мен амортизация) Акционерлік капитал  көп адамның қарамығында болмайды. Меншік иелерімен  арада дау-жанжал тууы мүмкін.
3.Лизинг Акционерлік капитал  көп адамның қарамығында болмайды.

Мүлік құнын кейінге шегертіп төлеу

Лизингтік төлемдер өнімнің өзіндік құнына қосылады

Лизингтік құрал-жабдық келісім-шартқа кепілдік болады

Лизингтік төлемдердің  пайыздық мөлшерлемелері несиеліктен  төмен болады.

Лизингтік төлемдердің  өтелмеуі банкротқа ұшыратпайды.

Лизинг тұтынушы-кіші кәсіпорындардың лизинг келісім-шарты  бойынша төлемдері ҚҚС-тен босатылған.

Құрал-жабдықтың  құны өтелгенге дейін оның сапасын  тексеріп білу мүмкіндігі бар.

Лизингтұтынушының құрал-жабдық амортизациясы өнімнің  өзіндік құнына қосылмайды 

Өтімді емес жабдыққа қосымша жабдықтау қажет 

Лизинг келісім-шартында шектеулер көп(есеп-шоттағы қаржыны  келісімсіз төлеуге пайдалану және т.б.)

4.Акцияларды  жеке адамдар арасында тарату Қарыз көлемі өзгермейді

Акциялар бойынша  дивидендтер төлеу міндетті емес және банкротқа ұшырау қаупі жоқ 

Әрі қарай қосымша  қаржыландыру көздерін тарту мүмкіндігі бар

Акционерлік капитал  көп адамның қарамығында болады. 

Акцияны қосымша  шығару көп жағдайда шектеулермен байланысты (компаниянаң директорлар кеңесіне қатысу құқығы, бірнеше жылдан соң «компаниядан шығу» тізбесі және т.б.)

5.Акцияларды  көпшілік арасында тарату Акциялар бойынша  дивидендтер төлеу міндетті емес және банкротқа ұшырау қаупі жоқ. 

Акциялар өтімділігі артады.

Кәсіпорынның  беделі, рейтингі көтеріледі. 

Айтарлықтай инвестиция тартуды жеңілдетеді

Акционерлік капитал  көп адамның қарамағында болады.

Акцияларды қосымша  шығару жоғары трансакциялық шығындарды қажет етеді.

Ықтималды инвесторге қаржылық ақпарат беру жайлы талаптар жоғары болады.

Азаматтар мен ықтималды инвесторлар көпшілік арасында акция таратуға сақтықпен қарауы.

Акцияларды табысты  тарату үшін акционерлік капитал  көпшіліктің қолында болуы керек (бір қолда бақылау пакеті болмауы  кеерек).

 
6.Облигациялар  шығару
 
Акционерлік капитал көп адамның қарамығында болмайды.

Ұсақ инвесторлардың ақша капталын тарту мүмкіндігі болады.

Қосымша қаржыландыруға әрі қарай кедергі болуы мүмкін.

Қамтамасыз етілмеген  облигациялар шығару үшін қоғам кемінде  үш жыл жұмыс атқаруы керек.

 
Қайталама нарықтың өтімділігінің жоқтығы

Нарықтық пайыз  мөлшерлемесі тым жоғары

Корпоративтік облигациялардың пайызына пайда  салығы мөлшерінде салық салынады

7.Вексельдер  шығару Акционерлік капитал  көп қолда болмайды.

Пайыздар салық  салынатын пайдадан төленеді

Шығару рәсімдерінің қарапайымдылығы. Есеп айрысу және несиеге кепілдік ретінде пайдалану мүмкіндігі бар.

Қысқамерзімді қаржыландыру түрінде пайдаланады.

Айтарлықтай үлкен  сомалар тартудың шектелу болуы. 

Өтімділігі жоғары емес

8.Стратегиялық  инвестициялар Стратегиялық  инвестор қаржы қаражаттарымен қоса техникалық, басқарушылық көмек көрсетеді

Ауқымды инвестициялар  тарту едәуір жеңіл болады.

Шектеулі шарттар (компанияның директорлар кеңесінен  орын алу, көп акцияны немесе көп  уақытқа бақылау пакетін беру)

Информация о работе Қаржылық жоспарлау