Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 14:31, курс лекций
Қаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады.
1. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні
2. Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері
3. Кәсіпорындардың, экономиканың негізгі салаларының негізгі қаржылық көрсеткіштері
4. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Жоспар
1. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні
2. Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен
әдістері
3. Кәсіпорындардың, экономиканың негізгі
салаларының негізгі қаржылық көрсеткіштері
4. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің
негізгі бағыттары
Лекцияның
мақсаты: Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың
мәні, әдістері мен қағидалары; қаржылық
жоспарлар жүйесі. Кәсіпорынның негізгі
қаржылық көрсеткіштері.
Лекцияның мазмұны
1.
Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың
мәні
Қаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің
(тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық
және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас
болігі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың
үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы
қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік
дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық
ресурстар арасындағы және кәсіпорынның
табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді
қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік
түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың
басқа да салаларының салық төлегенге
дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған
табыстардың көлемінің арасындағы мақсатты
қатынастың қалыптасун айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне
ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы,
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады.
Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай
қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру
және пайдалану бойынша экономикалық
үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін
береді.
Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық
ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың
көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту,
аймақтар мен салалар арасында тиімді
бөлістіру мен резервті қаржы көздерін
қалыптастыру жатады.
Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық
субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік
пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады.
Қаржылық жоспарлау — бұл экономиканы
басқарудың маңызды функциясына жатады.
Ол мемлекеттің билік органдары арқылы
сонымен қатар шаруашылық субъектілер
арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика
жағдайында қаржылық жоспарлау көп жағдайда
болжамдау негізінде жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлау жағдайында қаржы
жүйесінің барлық органдарының қызметі
бірдей қамтылуы тиіс. Осыған байланысты
қаржы жүйесінің кейбір буындары әлсіз
болған жағдайда қаржылық жоспарлау жүйесін
даярлаудың қажеттілігі туындайды. Жоспарларды
құру келесі жағдайларға әсер етеді
• Ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың
әдістері мен нысандарына;
• Қаржылық ресурстарды салалық және
аймақтық қайта бөлістіруге;
Нақты ақша қорларының ақшалай қаражаттары
сәйкес қаржы жоспарларына сәйкес орналастырылады.
Қаржылық жоспарлау жүйесінде ерекше,
басты орын алатын бюджеттік жоспарлау
болып табылады. Бюджеттік жоспарлауда
бюджетттік қорлардың қозғалысы, қалыптасу
әдістері мен көздері, кірістері мен шығыстарының
құрылымы айқындалады. Бюджеттен тыс қорлардың
қозғалысы: зейнетақы қорының, әлеуметтік
сақтандыру қорының, мемлекеттік еңбекпен
қамту қорының қаржылық жоспарларының
кірістері мен шығыстарына ықпал етеді.
Бюджеттен тыс қорлардың қаржылық жоспарлауындағы
кіріс бөлігіне заңды және жеке тұлғалардың
ерікті және міндетті жарналары бейнеленеді.
Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға
қаржылары жетіспеген жағдайда бюджеттен
займдық қаражат түрінде қаржылар түсуі
мүмкін. Осыған сәйкес бюджеттен тыс қорлар
бюджеттік қормен және басқа да, бюджеттен
тыс қорлармен өзара тығыз байланыста
болады.
Қаржылық жоспарлаудың көрсеткіштеріне
мемлекеттің қаржылық жағдайын талдауға
қажетті бастапқы материалдар жатады.
Олар болашақты жоспарлаудың негізін
құрайды.
Болжамдау – бұл қандай да бір құбылыстың,
объектінің келешекте дамуын алдын -ала
көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау
– қаржылық қатынастардың жетілдірілуі.
Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін
болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре
білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін
негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар
орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге
(10 жылдан аса) дайындалады.
Жоспарлау бұл өзара байланысты қаржы
тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде
оларды орындау, белгіленген мақсаттарға
жетуге бағытталған процесс.
2.
Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары
Қаржылық жоспарлаудың негізгі ұстанатын
қағидаларына келесілер жатады:
- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
тәсілдердің үйлесуі. Бұл қағида орталықтандырылған
қаржылық жопарлау мен жергілікті қаржылық
жоспарлаудың үйлесуін сипаттайды. Бұл
қағида өз кезегінде мемлекетке біртекті
қаржы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.
- Бірлік қағидасы – қаржылық жоспарлаудың
экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен
өзара байланысы мен тәуелділігін сипаттайды.
Қаржы жоспарының негізінде экономикалық
және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының
көрсеткіштері жатыр.
- Үздіксіздік қағидасы келешектегі және
ағымдық жоспарлау арасындағы тығыз үйлесімділіктің
болуын сипаттайды. Қаржылық жоспарлауда
келесі әдістер қолданылады:
1.Экстрополяция әдісі. Келешектегі даму
көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің
динамикасы негізінде анықтау.
2.Сараптық бағалаулар әдісі – жоспарлауда
аса білікті мамандардың тәжірибесін
пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін
пайдалану.
3. Нормативтік әдіс – жоспарлы көрсеткіштері
бекітілген нормалар мен нормативтер
негізінде есептеліп шығарылады.
4.Баланстық әдіс – шығындардың олардың
жабу көздерімен үйлесуін қарастырады.
5.Қаржылық бағдарламалау– нақты мақсат
пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы
тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын
әдіс.
6.Экономико-математикалық әдістер – ең
тиімді процесс үлгісін құру және оны
қаржы саласына көшіру әдісі. Бұл әдіс
келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
Жоспарлаудың бірінші кезеңінде есептік
жылдағы қаржылық көрсеткіштердің орындалуына
экономикалық талдау жасалынады.
Екінші кезеңде жоспарланған кезеңдегі
кірістер мен шығыстардың нақты түрлеріне
есептеулер жүргізіледі.
Үшінші кезеңде жеке тапсырмалар мен баптар
бір арнаға келтіріліп, үйлестіріледі.
Егер қаржылық тапсырмалар мен шаралар
ақша ресурстарына сәйкес құрылмаса, кірістерді
ұлғайтудың көздері анықталып, оларды
тиімді пайдаланудың жолдары анықталады.
3.
Қаржылық жоспарлау жүйесі
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына-
қаржылық жоспар жатады.
Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, салалардың, аймақтардың
және жалпы мемлекеттің ақшалай қорларын
құрудың және пайдаланудың жоспары болып
табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың
көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық
жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық
жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың,
кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық
жоспарының сметасы кіреді. Жинақты қаржылық
жоспарларға жалпы мемлекеттік, аумақтық,
салалық жоспарлар кіреді. Жалпы мемлекеттік
жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы
балансы және мемлекеттік бюджет жатады.
Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің
кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық
өндіріс салаларының балансы, қоғамдық
ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді.
Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың
жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті
бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының
жоспарлары жатады.
Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау
жылдық, орта мерзімдік (үш -бес жылдық)
және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға
бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде
аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады.
Материалдық өндіріс аясында қаржылық
жоспарлар кірістер мен шығыстардың балансы
деп аталып, төрт бөлімнен тұрады:
1. Кірістер мен түсімдер
2. Шығындар мен ақшалай аударымдар
3. Бюджеттік төлемдер
4. Бюджеттік аударымдар
Баланстың бірінші бөліміне: таза кіріс,
амортизациялық аударымдар, банктердің
ұзақ мерзімдік несиелері, жинақ қорларының
қаржылары,өнімді өткізуден түскен түсім,
салықтық түсімдер, акциздік салықтар
көлемі, бағалы қағаздарды сатудан түскен
түсім, айналым қаржаттарының өсімі жатады.
«Бюджетке төленетін төлемдер» бөлімінде
салықтардың барлық түрлері бойынша түсімдер
жатады.
« Бюджеттен аудару» бөлімінде келесі
шаралар қарастырылады. Мемслекеттің
орталықтандырылған қаржылық салымдары,
үкімет пен жергілікті билік органдарының
шешімімен қаржыландырылатын жедел шығындар.
Аз көлемдегі айналым қаржылары бар шаруашылық
субъектлер екі бөлімді қаржылық жоспарды:
кірісті және шығысты дайындайды.
4.
Кәсіпорын деңгейіндегі маңызды қаржылық-экономикалық
көрсеткіштерге келесілер жатады:
- өнімді өндіруден түсетін түсім (қызмет,
жұмыс). Бұл көрсеткіш ақшалай қаражаттарды
пайдалну мен бөлістірудің негізгі мүмкіндіктерін
анықтайды.
-өндірілген өнімнің өзіндік құны;
- жалпы шығындарға шаққандағы жеке шығындар
элементтерінің үлес салмағы
- табыстардың немесе кірістердің көлемі;
- рентабельділік деңгейі (кірістің);
- амортизациялық аударымдардың көлемі
;
- жинақтаушы, резервтік, тұтыну қорларының
көлемі;
- кредиторлық және дебиторлық қарыздардың
жағдайы;
- жеке айналым қаржыларының болуы;
- негізгі және айналым қаржыларын пайдалану
көрсеткіштері (қор қайтарымы, қор сыйымдылығы,
айналым қаражтарының айналымдылық көрсеткіштері,
айналым ұзақтығы);
- акционерлік капиталдың көлемі
- кәсіпорын қаржаттарының өтімділік көрсеткіштері.
Кәсіпорынның қызметінде сонымен қатар
жалпы экономикалық көрсеткіштер де пайдаланылады:
- шығарылған өнімнің бір бірлігіне кететін
шығындар;
- капиталдық салымдардың көлемі (инвестициялардың
).
Салық салуда келесі арнайы көрсеткіштер
қолданылады:
- жиынтық жылдық кіріс
- жиынтық жылдық табыстан шегерімдер
көрсеткіші, ол жылдық жиынтық кірістен
алымдарды шегеру негізінде анықталады;
Жиынтық қаржылық көрсеткіштерге бюджеттің
кірістері мен шығыстары, сонымен қатар
олардың құрамдас бөліктері, үлес салмақтары
мен бюджет тапшылығының көлемі жатады.
Ұлттық шаруашылық деңгейінде қаржылық
көрсеткіштер мемлекеттің қаржылық көрсеткіштерінің
көлемін, құрылымын сипаттай отырып, мемлекеттік
бюджет арқылы аталған қаражаттардың
бөлістірілуін және халық шаруашылығының
әр түрлі салаларының тиімділігін сипаттайды.
5.Қаржылық
жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу
ең алдымен салықтық, бюджеттік, банктік,
кедендік және монополияға қарсы саясаттың
жүргізілуімен қамтамасыз етіледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі басты
ролді қаржылық жоспарлау оның ішінде
индикатвті жоспарлау алады. Индикативті
қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты-мемлекеттің
қызметін жүзеге асыруға бағытталған
қаржы ресурстарының көлемі мен бағыттарын
анықтау.
Индикативті қаржылық жоспарлау тек мемлекеттік
сектор үшін ғана міндетті болып, ал экономиканың
басқа секторлары үшін – ұсыныстар сипатында
болады.
Кәсіпкерлік буындар өзінің шаруашылық
–коммерциялық қызметінде жоспарлауда
биснес — жоспарды пайдаланылады.
Бизнес-жоспар- бұл кәсіпкерлік қызметтің
техникалық, экономикалық негізіне сәйкес
болатын құжат.
Бизнес жоспарлауда келесі құжаттар дайындалады:
- өнім көлемін болжау
- ақшалай кірістер мен шығыстардың балансы
- кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің
жиынтық балансы
-шығынсыздық нүктесіне жету графигі
Бақылау
сұрақтары:
1. Қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты
2. Қаржылық жоспарлау дегеніміз не?
3. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мен
міндеттерін атаңыз
4. Қаржылық божамдау дегеніміз не?
5. Қаржылық жоспарлаудың қандай қағидаларын
білесіз
6. Қәзіргі уақытта қаржылық жоспарлаудың
қандай әдістері жиі қолданылады.
7. Қаржылық жоспарлаудың әдістерін сипаттаңыз
8. Қаржылық жоспарлаудың негізгі кезеңдерін
сипаттаңыз
9. Қаржылық жоспар дегеніміз не?
10. Бастапқы қаржылық жоспарлау дегеніміз
не?
11. Жиынтық қаржылық жоспарлау дегеніміз
не?
12. Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне нелер
жатады
13. Аумақтық және салалық қаржылық жоспар
дегенді қалай түсінесіз
14. Не себепті бюджеттік жоспар- қаржылық
жоспарлау жүйесіндегі басты қаржылық
жоспар ретінде саналады
15. Кірістер мен шығыстардың балансын
сипаттаңыз
16. Қаржылық жоспарлаудың атқаратын ролі
қандай
17. Кәсіпорын деңгейінде негізгі қаржылық
–экономикалық көрсеткіштерді сипаттаңыз
18. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің
негізгі бағыттарына нелер жатады
СӨЖ
тапсырмасы
1. Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштеріне
талдау жасаңыз ( кез-келген кәсіпорынды
таңдау негізінде)
Әдебиеттер
тізімі
1.Финансы: учебное пособие – под ред. А.М.Ковалевой
– М.: Финансы и статистика, 1998 г.
2. Финансовый менеджмент: теория и практика:
Учебинк /под ред. Е.С.Стояновой. – М.: Изд-во
Перспектива, 2000
3. Финансы: учебник для вузов / под ред.
М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива»,
2000 г.
МАЗМҰНЫ - www.topreferat.com
Кіріспе-----------------------
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау
теориясы----4
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың
маңыздылығы -----------------------4
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
мақсаты -----------------8
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері----------------------
2 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық
жағдайын талдау ----16
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру
этаптары ---------------------------16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын
көрсеткіштер----------19
2.3 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық
жағдайын талдау-----------22
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің
даму жолдары---32
Қорытынды---------------------
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Пәні: Қаржы
Бет саны: -
Интервалы: -
------------------------------
http://www.topreferat.com/
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ
Мазмұны
Кіріспе-----------------------
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау
теориясы----4
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың
маңыздылығы -----------------------4
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері----------------------
2 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық
жағдайын талдау ----16
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру
этаптары ---------------------------16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын
көрсеткіштер----------19
2.3 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық
жағдайын талдау-----------22
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің
даму
Қорытынды---------------------
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------
Кіріспе
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық
нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз
тілегінен емес, өмірлік
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды.
Қазіргі
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық
қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық
талдау мәселесі аз зерттелген,
Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді
анықтадым:
-қарастырылып отырған мәселе бойынша
статистикалық және заңнамалық ма-териалдарды
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша
жетіспеушіліктерді анықтау және
Талдау объектісі ретінде « Хималайя Драг»
компаниясы алынды.Оның
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау
теориясы
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың
маңыздылығы
Қаржыны жоспарлау – бұл белгіленген
мақсаттарға жетуге бағытталған
Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы
саясатымен анықталады. Бұл
Жоспарлау мына арқылы сипатталады:
1. Экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси
және экономикалық құбылыстардың шеңберін
кеңінен
2. Интенсивтілігімен (озық техника мен
әдістерді қолдануды білдіреді)
3. Тиімділігімен (нәтижесінде қаржылық
басқару қоятын мақсаттарға жету
Қызмет салаларына қарай:
- өндірісті жоспарлау;
- кадрларды жоспарлау;
- қаржыны жоспарлау;
- ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
- дайындау мен өткізуді жоспарлау, т.б.
Қаржылық жоспарлауда мынадай жолдар
қолданылады:
a. Автоматтық (өткен жылдардың мәліметтері
келесі жылға ауысады.
b. Статистикалық (өткен жылдардың шығындардың
шығындары қосылып, өткен
c. Нөлдік база (барлық позициялар қайта
есептелу керек.
Практикада жоспарлаудың келесі әдістері
қолданылады:
• Экстрополяция: қаржылық көрсеткіштерде
оладың динамикасын шығару негізінде
• Нормативтік (белгілі нормалары бойынша);
• Математикалық модельдеу: үдеріс моделін
құру және оны
• Баланстық: қаржылық ресурстарды олардың
құрылу көздері мен
• Сараптамалық бағалардың негізінде.
Қаржы жоспары – субъектінің қаржылық
ортада қызмет ету
Қаржы жоспарының жүйесі қамтитын қатынастарының
ауқымына, демек ресурстардың
Бастапқы қаржы жоспарына материалдық
өндіріс саласындағы ШЖС-дің қаржы
Жиынтық қаржы жоспарына жалпы мемлекеттік,
салалық және аумақтық
Қаржы көрсеткіштері – ШЖС-де және жалпы
ұлттық шаруашылықта
Абсолютті қаржы көрсеткіштерге:
• өнім өткізуден түскен табыс
• өткізілген өнімнің өзіндік құны
• жалпы табыс
• кезең шығындары
• незізгі қызметтен табыс
• қосымша қызметтен табыс
• табыс салығының сомасы
• таза табыс
Салыстырмалы қаржы көрсеткіштеріне:
• табыс деңгейі
• акциялар бойынша табыстылық
• негізгі және айналым капиталын пайдаланудың
тиімділік көрсеткіштері
• өтімділік коэффициенттері
Корпарациялық қаржысын тиімді басқару
тек шаруашылық субьектісін барлық
Қаржылық жоспарлау келесідей кезеңдерден
тұрады:
Құрастыру
Қарау
Бекіту
Жүзеге асыру
Талдау
Қаржылық жоспарлау міндеттері:
Өндірістік, инвестициялық және қаржылық
қызметі қажетті ресурстармен қамтамасыз
Капитал салымының тиімді жолдар анықтау
және оның ұтымды
Ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалану
есебінен табысты жоғарлатудың ішкі
Бюджетпен,банктермен ұтымды қаржы қатынастарын
белгілеу,
Корпорацияның қаржы жағдайын, төлем қабілеттілігін,
несие қабілеттілігін бағалау,
Қаржылық жоспарлау бірнеше сатылардан
тұратын күрделі процесті қамтиды:
Өткен кезеңдегі қаржылық көрсеткіш бағаланады,
бұл ретте корпорацияның
Бухгалтерлік баланс табыстар мен шығыс
туралы есеп беру,
Ағымдық қаржы жоспарын жасау арқылы қаржылық
құжаттардың болжамды
Оперативті қаржылық жоспарлау жүзеге
асады.
Қаржылық жоспарлау процесі жоспарлардың
тәжірибесі негізделуі және олардың
Бизнес-жоспар ол коммерциялық істің техникалық,
экономикалық негзгі болып
Смета – ол жоспарлы есеп формасы,олалдағы
уақытта кәсіпорынның
Бизнес-жоспар бірінші (титулды) беттен
басталады,онда мыналар көрсетіледі: кәсіпорынның,жоба
Бизнес-жоспардың негізгі тараулары:
1. Кіріспе бөлім (фирманың мүмкіндігі,резюме
– атқарушылық
түйіні).Жобаның мәнін сипаттайды және
ол қысқа түрде беріледі.Онда
2. «Саладығы және тауарды өткізу рыногындағы
жағдайға талдау»тарауында
- инвестиция нысаны ретіндегі саланың
жағдайы және даму
- өндіріс көлемін болжау үшін бастапқы
ақпарат алу,
3. Маңызды тарауы «маркетинг жоспары»
болып табылады,ол сауда
4. «Өндірістік жоспар»тарауында келесі
мәселелер тиянақты баяндалады:
1. өндіріс бағдарламасы және кәсіпорынның
өндірістік қуаты.
2. өндіріс үдерісінің сипттамасы.
3. шикізат пен материал жеткізушілер және
олармен байланыс.
4. өндірістік шығыны.
5.«Ұйымдастыру жоспары және менеждмент»
тарауы бизнес-жоспардың негізгі бөлімі
- фирманың ұйымдық құрылымы;
- басқару жүйесі;
- еңбек ресурстарын басқару.
6.«Қаржылық жоспар және қаржы стратегиясы»
таруаы фирманы қаржымен
7.Қауіп-қатер және сақтандырудың мөлшерін
бағалау тарауында бизнес-жоспар жүзеге
8. Заңдылық аспектілері бөлімінде кәсіпорынның
құрылуы мен құқықтық
9. Жоспардың орындалуын бақылау және бағалау
бөлімінде бизнес-жоспардың
- қорды бақылау. Қор деңгейін бақылау
арқылы фирма
- өндірістік бақылау. Бұл – бақылаудың
жоспарда көрсетілген
- сапаны бақылау.Сапа бақылауы көп жағдайда
өнекәсіптің тұрпатына
- сатуды бақылау- сату көлемі туралы ақпарат,ол
сатып
- шығынды бақылау. Бұл әрбір жаңа кәсіпорын
үшін
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың маңызы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын,
Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша
анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық
С.А. Стуков өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: «Кәсіпорынның
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып
отырған ұғым мәнін жеткілікті
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік
кәсіпорын жұмысының үздіксізді-гін және
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып,
біз бұл ұғымды
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның
белгілі бір кезеңдегі
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
нені білдіреді? Бұл сұрақ
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды
келесідей
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл
тәуекелділіктің мүмкін бола-тын
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын
қалыптастыруда оның өз кон-трагенттерімен
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның
бәсекелестік қабілетін және оның
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті
дұрыс бағасын алудың ең
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта
қаржы ресурстарын қаншалықты
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен
және резервтермен
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс
істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық жағдайын
•активтер мен олардың қалыптасу көздері
арасындағы сәйкестікті, оларды
•айналым капиталының көлемін, оның өсуін
(кемуін) және ағымдағы
•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің
құрылымын зерттеу;
•ағымдағы активтердің айналымдылық
есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін,
сондай-ақ олардың дең-гейінің
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін
анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын
ұзақ және қысқа
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның,
шаруашылық қызметін талдау-дың
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың
жиынтығы коммерциялық, өндірістік
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру
және өткізу кәсіпорынның
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік
деңгейімен анықталады. Олардың
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының
өзіндік қаражаттарының көлемін
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты
болуы әсіресе өз кезеңіндегі
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық
тұрақтылықтан бастаған жөн және
• кәсіпорын активтерінің құрылымдық
және құрамдық динамикасын талдау;
• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
абсолюттік және салыстырмалы
• баланс өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
және
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық
қызметін біртұтас кешенді талдауды
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің
екі түрі бар:
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде
және кәсіпорынның
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің
бірі - онда
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау
кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық
есепті оқудың негізгі ережелерін
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің
әрбір позициясын
Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп
позициясының жалпы
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі
толықтырып отырады. Сондық-тан
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер
100% деп алынатын базистік
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика
жағдайындағы көбірек
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар
болып табылады, оларды есептеу кезінде
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді
талдаудың пайдалылы-ғы оларды
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау
кажет, өйткені тек бір
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың
да кажеті жоқ,
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол
жеткізілген деңгейдің қолайсыз
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер
негізінде жүргізудің ше-телдік тәжірибесін
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл
фирмалардың, еншілес фирма-лардың,
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың
(себептердің) қорытынды
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар,
қаржылық жағдайды талдауда эко-номикалық
Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған,
Беларусь Республикасының Мемлекттік
экономикалық
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың
соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.Шеремет
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және
есепті кезеңдегі оның
В.А.Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның
қаржы жағдайын бағалауға
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың
бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады
2 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық
жағдайдағы экономикалық талдау
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру
этаптары
Бизнес жоспарды дайындауда бірінші кезеңде
кәсіпорынның атауы қызметі,
Кәсіпорын бұл орайда мына мағыналарды
береді:
Нақты қамтамасыз ету үшін тауарды шығару;
Әлеуметтік мекеме, мұндағы жұмыскерлер
өз қабілеттіліктерін көрсетіп, мұхтаждықтарын
Басқа сол бір тауар шығарушыларға бәсекелестік;
Қоғамның мұхтаждықтарын өтей алатын
әлеуметтік бірлік;
Көпбағыттағы нарық экономиканығ бір
бөлігі;
Бизнес жоспардың екінші кезеңі жоспарлаудың
мақсатын табу.
Мақсат – бұл кәсіпорынның алдығы кезеңде
қол жеткізетін
Бинес жүйесінде мақсатты 5 функцияны
орындайды:
- шешімді абылдау критерийлері – алтернативтерді
таңдау және
- жүргізу құралдары – бизнесе бағыттайтын
Координация – арнайы бөлімшелердің жұмыс
істеуінің біркелігі, шешімді
- бақылау-
Орындалу бағытынан тыс мақсатты кәсіпорынның
бұдан басқа бір
Кесте 1-Кәсіпорынның орындалу бұйырығы
мен мақсатының
айырмашылығы
Көрсеткіштер Орындалу бұйрығы Мақсаты
1. Уақытша критерий Келешекке бағытталған,
бірақ оның уақыт
2.Ақпараттың бағыттауы
Сыртқы ортаға, тұтынушыларға, қоғамға,
олардың қызығушылығы мен күтімдері
3. Біріктірулідің басты мақсаты Жалпы
терминдерде қоданылатын, кәсіпорын
4.Өнімділігі Сапалы негіздемеге ие Көбінесе
санаулы, кейде
Үшінші кезеңде, мақсатты мен орындалуы
бұйрығы жасалынғаннан соң,
Тиитулдық бет
Құпиялылық туралы меморнадум
Түйіндеме
Жұмыс бағытының қысқаша мазмұны
Кәсіпорынның мінездемесі
Жұмыс істеу бағыты (тауар ата, атқаратын
қызметі, жұмысы)
Шаруашылық жоспар
Кәсіпорынның жұмысының сызбасы
Қаржылық жоспар және кәсіпорынның бюджеті
Тәуекелділікті талдау
Ұйымдастырушылық жоспар
Қосымша
Әрине бизнес жоспарды жасағанда оның
бөліктерін түрлендіріп не
Қандай жағдай болмасын бүкіл жоспарды
әр түрлі бөлімдерге
Бизнес жоспардың төртініші кезеңі әр
бір бөлікке
Келесі жоспарлаудың бесінші деңгейі
- әр бір бөлімшелерді
5 Сызбанұсқа Нарықтық ортадағы кәсіпорынның
атқаратын қызметі
Кәсіпорынның жұмыс істеуінің басты түсінігі
Кәсіпорынның жұмыскерлерінің жұмыс істеу
тиімділігі
Кәсіпорынның аудандық және қоршаған
ортадағы әлеуметтік жағдайларды шешудегі
Жоспарлы өзгерістердің жалпы ұсынысы
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын
көрсеткіштер
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау
: оның негізгі көрсеткіштері.
Кәсіпорынның активтерінің құны. Мақсаты
– кәсіпорынның қызмет ауқымы
Есептеу формуласы : Баланс активінің
екі
Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті.
Мақсаты – кәсіпорынның өндірістік
Есептеу формуласы : Негізгі құралдар
+ өндірістік
Кәсіпорын активтерінің қозғалыс коэффициенттері.
Мақсаты – қарызды өтеудегі
Есептеу формуласы : Ағымдық активтер
/ баланс валютасы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс
активінің құрылу көздерін
Активтердің қорлану көздерін талдау
кезінде меншікті және қатыстырылған
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап
қоймай, сонымен бірге
Ктс = Мк:Ак
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы
жиыны, яғни
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның
қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің
неғұрлым жоғары деңгейде болғаны
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы,
банктер, несие берушілер сыртқы
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның
қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің
Баланс өтімділігін талдау мәселесін
қарастырар алдында, жалпы активтер-дің,
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі.
Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік:
Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде
баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан
Баланс өтімділігін талдаудың мәні –
активтегі өтімділік дәрежесі
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына
айналу жылдамдығына байланысты
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде
бұларға кәсіпорынның
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға
қысқа мерзімді дебиторлық
А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға
тауарлы-материалдық қорлар жатады.
А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың
құрамында ұзақ мерзімді
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу
уақытының мерзіміне байланысты
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер.
Бұларға уақытында
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа
мерзімді несиелер
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ
мерзімді несиелер
П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті
капитал жатқызылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив
пен пассив бойынша
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы
үш теңсіздіктің орындалуы төртін-ші
Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен
анықталады:
К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,
Кәсіпорынның табыстылығын талдау.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында
қызмет етуінің экономика-лық пайдалылығы
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші
өнімді (жұмыс, қызмет) өт-кізуден
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есептің осы бабы бойын-ша
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты
өнімдер мен
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына
қоймадағы өтпеген бұйымдар
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен
табыс жоспарланған тауар өндірісінен
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші
- жалпы табыс. Ол
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор
өндірістік өзіндік
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды
баптар бойынша талдаумен айналы-сатын,
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық
жағдайында жалпы табыс-тың өсуінің
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші
– таза табыс. Ол
Д= Д- Р
Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған
табыс;
Д- жалпы табыс;
Р- кезең шығындары.
2.3 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық
жағдайын талдау
«Хималайя Драг.» компаниясы 2000 жылы құрылған.
Оның негізгі
Компанияның орталық офисі Индияда орналасқан.
Жұмысшылар саны 80мың адамды құрайды.
Кәсіпорынның әлемнің 30мемлекетінде бөлімшелері
бар,солардың қатарында Қазақстан да
Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд.
АҚШ долларды
Соңғы 8жылда «ХималайяДраг» компаниясы
Нижневартовскте,Тюменьде, Ақтөбеде,Атырадау,Актауда,
Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай
және газ
Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering
and Construction Group
«Хималайя Драг.»компаниясы Қазақстанда«Казахойл
Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен»
«Хималайя Драг.» компаниясының басқарушылық
құрылымы төмендегі
1- суреттетен көруге болады.
Сурет 1- «Хималайя Драг.» компаниясының
басқарушылық құрылымы.
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау.
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау –
Қаржылық есептің маңызды элементі болып
саналатын активтерді, талдау
Баланс мәліметтері бойынша активтердің
құрамы мен олардың таратылуына
Кесте 1 - «Хималайя Драг.» компаниясының
баланс активтерінің
Активтер Сомасы, мың тг. Құрылымы, % Өзгеріс
(+
Жыл басында Жыл соңында Жыл басында Жыл
соңында
Ұзақ мерзімді активтер
Негізгі құралдар 147 795 210 260 40,03 58.44
Аяқталмаған өндіріс 45 300 17 280 12,27 4,80
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар 18 590 18
590
Алдағы кезең шығындары 395 655 0,11 0,18
Жиыны 212 080 246 785 57.44 68,60 +34
Қысқа мерзімді активтер
0,00 0,00 0 0,00
Тауарлы-материалдық қорлар 57 780 53 600 15,65
14,90
Дебиторлық борыш 91 595 47 525 24,81 13,21
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар 0 670
0,00 0,19
Ақша қаражаттары 1 505 5 470 0,41 1,52
Басқа да қысқа мерзімді активтер 6 290 5
Жиыны 157 170 112 980 42,56 31,40 -44
Барлығы 369 250 359 765 100,00 100,00 -9
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты
құнын көрсететін баланс валютасы-ның
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы
ағымдағы активтер үлесін
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда
бұл коэффициенттің деңгейі жыл
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы
негізгі құралдардың нақты құнының
Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы
негізгі құралдардың қал-дық
Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы
мен құрылымын талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның
қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің
Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен
анықталады:
К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,3;
жыл соңында – 1,07;
Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып
табылады.
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеу
Баланстың топтастырылған баптарын 2-кесте
түрінде көрсету орынды болады.
Кесте 2 - «Хималайя Драг» компаниясының
мәліметтері негізінде
Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып
үш көрсеткіш саналады: абсолюттік
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін
анықтау анықтау үшін кә-сіпорын
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
-абсолютті өтімділік коэффициенті;
-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша
қаражаттары мен тез өткізілетін
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе
жақын мезгілде ағымдағы
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі
түрде болады:
Ка.ө 0,2 0,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай
бөлігі жедел өтелуі
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 0,02;
жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін
(немесе оның басқа
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты
төменгі шегін бағалау былайша
Кар.ө 1
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,5;
жыл соңында – 0,98;
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы
өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар
жедел және қысқа
Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу
көздерінің құрылымын зерттеу
Кесте 3 - «Хималайя Драг.» компаниясының
авансталынған капиталының
Көрсеткіштер Сомасы, мың тг. Құрылымы,
% Өзгеріс (+;-)
Жыл басында Жыл соңында Жыл басында Жыл
соңында
Меншікті капитал
Жарғылық капитал 13 395 13 395 3,63 3,72
1 2 3 4 5 6 7
Қосымша капитал 223 375 223 375 60,49 62,09
Резервтік капитал 3 225 3 225 0,87 0,90
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) 60 480
59 415
Жиыны 300 475 299 410 81,37 83,22 -1
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 0 0 0,00 0,00 0
Қысқы мерзімді міндеттемелер
Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт
5 325 3
Кредитолық борыш 44 325 41 835 12,00 11,63
Алдағы кезең кірістері 3560 3 570 0,96 0,99
Баса да несиелік борыштар 15 565 11 775
Жиыны 68 775 60 355 18,63 16,78 -8
Барлығы 369 250 359 765 100,00 100,00 -9
3-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы
активтерінің қалыптасу көзі
Кт = Қк:АК немесе Кт = 1
Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы,
жиыны);
Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың
жалпы
үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның
сыртқы каржыландыру
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің
кері көрсеткіші кеңінен қолданылады,
Кқ/м = Қк:Мк
Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар
қатынасының
Қк - қатыстырылған капитал;
Мк-меншікті капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне
салынған меншікті қаражаттың әр-бір
жыл басында - 0,23;
жыл аяғында - 0,2.
Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің
басында активтерге
Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының
коэффициенті салалы ерекшеліктерге,
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік)
дәрежесін сипаттайтын ең бір маңыз-ды
Кқт=( Мк + ҰМ ) / Ак
Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы,
жиыны);
Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің
қалыпты мәні 0,9-ға тең
жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);
жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).
Кесте 4 - «Хималайя Драг.» компаниясы қызметінің
нәтижесін
Көрсеткіштер Жыл соңы жжжжжжжжылжыл
Жыл басы Өзгеріс
Сатудан түскен түсім 377 085 364 805 +12
Өзіндік құн 376 690 356 350 +20 340
Жалпы табыс 395 8 455 -8 060
Таза табыс (шығын) -1 065 -2 025 +960
Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен
салыстарғанда 3,4%-ға, яғни
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін
талдау.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
қаржылық
Барлық активтердің тиімділік деңгейі
(авансталған, жиынтық капитал) мына
Д = Таза табыс / Барлық активтер
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі
жыл басында – -0,005
Осылайша жалпы активтердің табыстылық
деңгейі (авансталған капитал) кә-сіпорынның
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы
деп аталатын көрсеткіш кеңінен
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі
жыл басында – -0,012
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық
деңгейі мына формула
Д = Д / З
Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д - Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі
жыл басында – -0,04
Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп
отырғанымыздай кәсіпорын қыз-меті шығынды
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің
даму
Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
логикалық жалғасы кәсіпорын қызметінің
Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты
кәсіпорын жағдайын же-тілдіруге қажетті
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың
ішкі механизмдері ең алдымен
Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының
жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа
Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу
жолдарының бірі ол –
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың
маңызды көзі – факторинг,
Кәсіпорынның материалдық техникалық
базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының
Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді
жобаларды іске асыру
Меншікті капиталдың жетіспеушілігін
азайтудың бір жолы ол
Меншікті қаржы ресурстарынының көлемін
арттыру жолдары:
-тұрақты шығындар сомасын азайту
-айнымалы шығындар сомасын азайту
-жедел амортизацияны пайдалану
-пайдаланылмайтын мүліктерді сату
-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа
бағдарламалардан бас
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі
бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын
Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына
әсер ететін негізгі үш
-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни
ақша қаражаттарының жетіспеушілігі.
Бұған
-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау.
Бұған меншік иелері
-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық
тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде
қаржылық
Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі
мен рентабельділігін талдау кезін-де
ұзақ
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын
жақсартудың бірнеше жолда-рын атап
Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын
капитал салымдарын
Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа
дейін қысқарту пайда
Жоғарыда айтылғандарға қосымша кәсіпорынның
өндірістік қуаттылығына талдау жасау,
Қорытынды
Бұл қурстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
нәтижелері бойынша кәсіпорын-
да қалыптасқан жағымды және жағымсыз
құбылыстар туралы, кәсіпорын
дықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар
және тағы басқалар) де қызығушылық
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын
қаржылық жағдайын талдаудың маңызы
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық
есепті оқудың негізгі ережеле-рін
ды:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
«Хималайя Драг.» компаниясының қаржылық
жағдайына талдау жүргізілді. Яғни
Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз,
яғни ол жыл соңына
Кәсіпорынның негізгі проблемаларының
бірі - төменгі төлем қабілеттілік
Қаржылық тұрақтығы жағынан кәсіпорын
сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз.
Кәсіпорынның тағы бір негізгі проблемаларының
бірі – оның
дігі. Ағымдағы жылы сатудан түскен түсім
артқанына қарамастан
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева
Ж.Г. Кәсіпорынның
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового
анализа.
3.Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый
анализ -М.: «ПРИОР»,
4. . Ковалев В.В. «Практикум по анализу
и
Москва, Финансы и статистика, 2006.
5 Шеремет А.Д. «Теория экономического
анализа». - Москва,
6.Финансовый менеджмент./ Под. ред. Стояновой
Е.С. - М.:
7 Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф.
«Управление
состоянием предприятия».//Финансовый
менеджмент. - 2004. - №1.
8. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое
положение предприятия
9. Сүндеұлы Ж., Көмекбаева Ж. «Әлеуметтік
– экономикалық
10. Кубышкин И. «Использование финансового
анализа для управления
11. Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной
деятельности предприятия». -
12. Горемыкина В.А.,Богомолов А.Ю.«Бизнес
план» Москва ось-89
13. WWW.GOOGLE.KZ
14. Савитская Е.В. Экономический словарь
15. Черняк В.З. «Планирования Бизнес план»Москва
2003
24
Цех бастығы
Сбыт
Жабдықтау
Бухгалтерия
Бас инженер
Сауда төрағасы
Бас бухгалтер
Бас директор
Басты мақсаты мен шектеулері
Тактикалық
Оперативті мақсаты
Кәсіпорынның бағыты
Кәсіпорын деңгейі
Кәсіпорынның номалары
Кәсіпорынның
мәдениеті
Кәсіпорынсыртқы көрінісі
Бастапқы принціптер
Кәсіпорын
этикасы
Кәсіпорынның қызметі
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау курстық жұмыс