Қаржылық жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 09:11, курсовая работа

Описание работы

Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі ашып көрсетілген.

Бірінші бөлімде қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары, қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру және қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштері қарастырылған.

Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары, қаржы ресурстарының мәні және оны саралау және қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы ашып көрсетілген.

Содержание

Нормативті сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе
4

5

6

7
1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері, жүйесі мен көрсеткіштері
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 8
1.2 Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру 11
1.3 Қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 13
2. Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары
2.1 Кәсіпорынның қаржы стратегиясы

2.2 Қаржы ресурстарының мәні және оны саралау

2.3 Қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы 20

23

26
3. Қаржылық жоспар шеңберінде қаржы ресурстарын тарту жолдары

3.1 Қаржы ресурстарын тарту түрлері

3.2 Қаржы жоспарда коммерциялық несие тарту механизмдері

3.3 Қаржы ресурстары қажеттілігін есептеу 31

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Каржылык жоспарлау.doc

— 303.00 Кб (Скачать)

   Аннотация 

   Курстық жұмыс кіріспеден, нормативті сілтемелер, анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, үш бөлімнен, қорытындыдан және 22 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 6 кесте бар, 39 беттен тұрады.

   Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі ашып көрсетілген.

   Бірінші бөлімде қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары, қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру және қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштері қарастырылған.

   Екінші  бөлімде кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары, қаржы ресурстарының мәні және оны саралау және қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы ашып көрсетілген.

   Үшінші  бөлімде қаржылық жоспар шеңберінде қаржы ресурстарын тарту жолдары  және қаржы ресурстарын тарту түрлері ұсынылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Мазмұны 

   Нормативті  сілтемелер

   Анықтамалар

   Белгілер  мен қысқартулар 

   Кіріспе

   
4

5

6 

7

   1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері, жүйесі мен көрсеткіштері  
   1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері  мен қағидаттары 8
   1.2 Қаржылық талдау және кәсіпорынның  қаржысын үйлестіру 11
   1.3 Қаржылық жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 13
   2. Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары  
   2.1 Кәсіпорынның қаржы стратегиясы

   2.2 Қаржы ресурстарының мәні және оны саралау

   2.3 Қаржы  ресурстары мен активтердің өзара  байланысы

20

23

26

   3. Қаржылық жоспар шеңберінде қаржы  ресурстарын тарту жолдары

   3.1 Қаржы  ресурстарын тарту түрлері

 
29
   3.2 Қаржы жоспарда коммерциялық  несие тарту механизмдері

   3.3 Қаржы  ресурстары қажеттілігін есептеу

31

33

   Қорытынды 

   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

   
 
37
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Нормативтік сілтемелер 

   Берілген  курстық жұмыста келесі нормативтік  сілтемелер қолданылған:

  1. Назарбаев Н.Ә. - Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Егемен Қазақстан, 1 қазан, 1997 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Алматы, Қазақстан, 2008 жыл
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, Жеті жарғы, 2008 ж.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2010 жыл. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
  5. Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2011ж.28.01.) Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
  6. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы
  7. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Анықтамалар 

   Берілген  курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:

   жоспарлау — бұл кез-келген іс-әрекеттің маңызды және міндетті сатысы, себебі, ол үрдістің даму басымдықтарын анықтайды;

   акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға;

   акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз;

   акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;

   акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді);

   аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;

   дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді;

   дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;

   жарияланған акциялар - шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;

   корпоративтік веб-сайт - Интернет желісіндегі, қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Белгілер  мен қысқартулар 

   Берілген  курстық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылған:

   ҚР  – Қазақстан Республикасы

   ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы

   ж. – жыл

   ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

   АҚ  – акционерлік қоғам

   ОҒИК  – оқу-ғылыми инновациялық кешенге

   ҒБӨК  – ғылыми білім беру-өндірістік кешені

   б. – бет

   АҚШ – Америка құрама штаттары 
 
 
 
 
 
 
 

 

    Кіріспе 

   Нарықтық  экономика жағдайында жоспарлау  басқарудың құпиясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніп белгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

   Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен  қызметгерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды [1].

   Қаржылық  жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған жөне орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

   Қаржылық  жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды  функциясы болып табылады. Оны  мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың  жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

   Шаруашылықты  жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

   Қаржылық  болжау — мемлекеттің мүмкін болатын  қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

   Шаруашылық  жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен  бірге иңдикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық -үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді.  
 
 

   
  1. Қаржылық  жоспарлаудың мәні, әдістері,жүйесі мен  көрсеткіштері
 

       1.1 Қаржылық  жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 

   Нарықтық  экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды  орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп  оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру мен пайдалану жүйесін  айтамыз.

   Кәсіпорынның  шаруашылық іс-әрекеті барысында  қаржылық қарым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан құралады:

   - өзге кәсіпорын және ұйымдармен;

   - өзінен жоғары тұратын және  бірлесіп жұмыс атқаратын серіктестермен  түзілетін кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынас;

   - қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас.

   Өзге  кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін  қарым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, құрылыс-құру және көлік мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындар және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп ақша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезінде шаруашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға қажетті материалдық құндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты қажетті ақша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпоран іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді.

   Кәсіпорынішілік қаржылық қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.

   Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып  келеді. Ең алдымен, бұл- әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс  қорлар мен несие беру мекемелерімен  болатын қарым-қатынас [2].

   Қазақстанның  салық жүйесінің кемшілік тұстары  баршылық және ол кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызбайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорынның іскерлік және инвестициялық белсендігін дамыту үшін өндірісті қолдау мен тиімді инвестициялық тетік құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Көптеген елдерде өндірісті дамытуға бағытталған барлық қаржы қаражаттары немесе оның бір бөлігі салықтан босатылады.

   Салықтың  ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастырулың басты  да маңызды міндеті—бюджетке төленетін  салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау және салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды қамтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.

Информация о работе Қаржылық жоспарлау