Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 18:46, доклад
Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері қағидаттары және әдістері. Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері қағидаттары және әдістері. Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудың объекті шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:
1. қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;
2. орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;
3. ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық жағдайларында шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам - арнайы ғылыми зерттелім негізінде болашақта қандайда бір жай-күй туралы ықтималдық жорамалдау. Болжау - қандайда бір құбылыс объекті, үдеріс дамуының нақтылы перспективалары туралы болжам әзірлеу. Қаржыларға қатысты болжаудағы құбылыс дамуы - бұл қаржылық қатынастарды мүмкіндігінше жетілдіру, объект - қаржылық ресурстар, үдеріс - ақшалай қаражат қорларының қозғалысы.
Жоспар - іс-әрекеттерді немесе іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мезгілдерін және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың бірыңғай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау - тегінде жоспарды әзірлеуде, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын үдеріс.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық- үйлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді.
Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржылық саясаттың тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржылық ресурстардың шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржылық саясатты іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық үдерістерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық моделдерді жасау;
корреляциялық-регрессиялық талдау;
тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіздік.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
5. Бағдарламалық мақсатты әдіс әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар негізіндегі қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау әдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар мен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтату.
6. Экономикалық математикалық әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты.[1]