Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Кәсіби қатысушының  ҚР-ның заңнамасын бұзу фактісі табылған жағдайда немесе қойылған талаптарға нарықтағы қызметі сәйкес келмесе ӨӨРҰ оны мүшелікке қабылдамауға құқы бар.

Қазақстанда 1999 жылға дейін жалғыз толыққанда заңды ӨӨРҰ KASE қор биржасы болды. Активтерді басқаратын және Қазақстандық тізілімді ұстаушылардың қауымдастықтары (ҚРҰҚ) 1999 жылдың 4 тоқсанында БҚН-ның кәсіби қатысушыларына алғаш рет 2 лицензия берді.

1999 жылдың 13 қарашасында  Ұлттық директораттың қаулысымен  Активтерді басқару қауымдастығына  зейнетақы активтерін басқаратын  компанияның қызметін тиімді қамтамасыз ету және қызмет көрсету нарығында ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар еркін бәсекелестікті дамыту мақсатында №482 ӨӨРҰ ретінде қызметін жүргізетін лицензия берілді, сонымен қатар, қауымдастығының мүшесі болып табылатын зейнетақы активтерін басқаратын компанияның стандарттық қызметімен және кәсіби этикасымен заң жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қалыптастыру керек болды.

ҚР заңнамасымен, Актвитерді басқару қауымдастығымен  бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақсатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдастық өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен-жайымен фирманың аты, қауымдастықтың өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, БҚН-ның кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.

Қауымдастық мүшелеріне бағалы қағаздарға байланысты мәміленің құнына айла-шарғы жасауға, сондай-ақ, қауымдастық-мүше клиенттерінің көзқарасын бұрмалау мақсатында өзара сқз байласу т.б. мүмкін шараларды жүзеге асыру және бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс жағдайы жөнінде БҚН-ның басқа қатысушыларына айла-шарғы жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар қауымдастық мүшелері тоқсан сайын барлық ақпарат құралдарына жариялану мерзімі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ӨӨРҰ-ға мыналарды беруі қажет:

- жеке және зейнетақы активтерінің жағдайы туралы мәліметтер;

- бухгалтерлік баланс, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметнінің нәтижелері туралы есеп берулер;

- ақша қаражатының қозғалысы туралы;

- таза зейнетақы активтері және ондағы өзгерістер туралы.

Қаржылық  жыл аяқталғанда қауымдастық  мүшелері қаржылық есеп беруді тексергендігі  туралы аудиторлық қорытынды мен жылдық қаржылық есеп беруді тапсырады.

Бүгінгі таңда  Қазақстанда толыққанда 3 ӨӨРҰ бар. Олардың бірі – қор биржасы. Қалған екеуі бағалы қағаздар нарығының  кәсіби қатысушылары қауымдастығы –  ҚРҰҚ және Активтерді басқару қауымдастығы болып табылады. Нарықтық базаның жеткілікті болуына қарамастан ӨӨРҰ-да нақты өкілеттіліктер жоқ. Дегенмен, олардың дамуына орай, Ұлттық банкпен оларға берілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін бақылау функциялары әлі де кеңейтілуде.

 

24-тақырып: Халықаралық  бағалы  қағаздар  нарығы

 

1.Халықаралық  бағалы  қағаздар  айналысы  және  эмиссиясының  әлемдік  орталықтары.

2.Халықаралық  бағалы  қағаздардың  негізгі   түрлері.

 

Қазіргі  халықаралық  бағалы  қағаздар  нарығы  алғашқы  орналастыру  ретінде  ғана  жұмыс  істеуде. Екінші  нарық  қажетті  дамуын  әлі  алған жоқ. Сондықтан да халықаралық бағалы қағаздар дегенде евровалютада  шығарылған  соңғы  эмиссияларды  айтамыз  және  қандай да  бір  эмиссияның  ұлттық  реттеу  шеңберінде  жүзеге  асырылмайды. Халықаралық  бағалы  қағаздар нарығы кең мағынада халықаралық эмиссия және шетелдік эмиссия  жиынтығы ретінде қарастырамыз. Яғни шетелдік эмитенттермен басқа  мемлекеттердің ұлттық нарықтарында бағалы қағаздарын шығаруы.

    Қазіргі таңда борыштық бағалы қағаздардың әлемдік нарығында  қаржылық құралдардың көптеген түрлері айналыста жүреді. Соның ішінде  басқа қаржылық құралдардың ішінде жоғарғы көлемін алатын шетелдік  облигацияларда бар.

   Халықаралық облигациялардың эмиссиясы 60-шы жылдардың ортасында  басталған және құндылық көлемі бойынша халықаралық акция эмиссиясынан  9-10  есе артатын еді.

  70-ші жылдардың басына дейін шетелдік облигациялардың шығарылуы АҚШ, ФРГ, Швейцария және Жапонияның Ұлттық нарықтарында сөзсіз  жоғары болды. Алайда кейін келе жағдай  өзгеріп шетелдік  облигациялардың эмиссиясының көбеюі Европа және Жапония нарықтарында жүзеге  асырылды. Америка нарығының әлемде көлемі жағынан ең  жоғары  болуына  қарамастан  оның  халықаралық  операцияларға  қатысуы  жоғары  орынды  алмайды. АҚШ-та шетелдік облигациялардың эмиссиясы соңғы он жылдың  көлемінде  ұлттық  коперативтік облигациялардың эмиссиясының  805 пайыз  ғана  құрайды.

    Егер  ірі  мемлекеттер  кескінінде  бағалы  қағаздар  нарығының  дамуын  қарастыратын болсақ онда АҚШ әлемде ең үлкен нарыққа ие  болады. Акциялар  өзінің  мынадай  ерекшеліктеріне  ие: яғни  қарапайым  акциялардың  номиналды құны жоқ, ал оның  ұстаушылары, компания  қосымша  эмиссиясын  жасаған  жағдайда  ерекше  құқық  алмайды. Компаниялар  ашық  нарыққа  акциялар  шығаруы  үшін  алдымен  олар  АҚШ-ның  бағалы  қағаздар  бойынша  комиссиясына  және  биржаларға  ақпарат  беру  бойынша  қатаң  міндеттемелерді  орындауы  қажет.

   Тағы  бір  шетелдік  облигациялар  эмиссиясының  ірі  орталығы  Германия  болып  табылады.Олардың  бірінші  эмиссиясы  1959 жылы  батыс  германия  маркасының  еркін  айналымы  берілуінен  басталды.

   Ұлыбританияның  бағалы  қағаздар  нарығы - әлемде  ең  көне  нарықтардың  бірі. XIX ғасырдың  көптеген  жылдарында  және XX ғасырдың  басында ол ірі  және  әрі  дамыған  болып  табылатын. Британия  империясының әлемдік экономикада алатын  орнын да  көрсететін. Лондонда  1773 жылы  әлемде ең бірінші маманданған қор биржасы пайда  болды. Ұлыбританияда  жай  акциялар  кез  келген  номиналдарда  эмиссиялайды. Онда акциялар негізінен атаулы  болды. Жай  акция иелері акцияның жаңадан  шығарылу кезінде  бірінші болып сатып алу құқығына ие болды.

     Облигация нарығына келетін болсақ, онда қамтамасыз етілген  облигациялардың негізгі екі типі, яғни белгілі активтермен қамтамасыз етілген  және компанияның барлық активтерімен қамтамасыз етілген облигациялардың  нарығы болды. Алайда, Ұлыбритания нарығында қамтамасыз етілмеген, еркін  айналатын және кепілдендірілген облигациялар айналысы да орын алды. Швейцария,Франция,Жапония. 

       1963 жылдан  бастап Евробондз нарығы пайда болды. Ол көптеген  елдердің корпорацияларының  қаржылық ресурстарды тарту көзі болып  табылды. Шетелдік облигацияларға қарағанда еврооблигациялар ұлттық  эмитенттермен шетел валюталарының бірінде шығарылып бірнеше  мемлекеттерде бірден орналастырылуы мүмкін еді. Мұндай эмиссиялар  глобальдық деп аталды. Облигациялардың ішінен займның валютасы ретінде АҚШ  доллары  жетекші  рөлде  екендігі  ерекше  көрінуде. Европа, Азия, АҚШ   бірден орналастырылған облигациялардың түрлері көп және оларды тіркелген  ноттар деп те  атайды. Шетелдік облигацияларға қарағанда евробондтар  ұсынушыға бағалы қағаздар болып табылады және айналысы 3 жылдан 30 жылға дейін  жүрді.

     Әлемдік тәжірибеде эмитентке байланысты евро облигациялардың  келесі  түрлері  белгілі:

  • мемлекттік  және  тәуелсіз;
  • муниципалдық  және  аймақтық;
  • корпоративтік;  

Корпоративтік  эмитенттер  ретінде  мемлекттердің  коммерциялық  банктері  жүреді.

     Соңғы  онжылдықта  әлемдік  бағалы  қағаздар  нарығының  евроноталар  кеңінен  тараған. Еврооблигацияларға  қарағанда  бұл  бағалы  қағаздар  атаулы  және «қысқа» болып  табылады. Олар пайыздық ставкасына ие және  номиналдық құнынан төмен бағада ұсынылады.

   Соңғы кездерде ең кеңінен тараған қаржылық құралдардың бірі болып  еврокоммерциялық қағаздар болып табылады. Еврооблигациялар және  евроноталарға қарағанда олар ақша нарығында 1 жылға  дейін  айналыс  мерзімі  бар құрал болып табылады. Еврокоммерциялық бағалы қағаздар мүлікпен  қамтамасыз етілмеген. Бірақ оларды жеткілікті жоғары несиелік рейтингке ие  ірі және атақты компаниялар эмиссиялайды. Сонымен қатар бұл қағазды  бірінші класты қарыз алушыларда шығаруы мүмкін. Бірақ олар 1 жылдық  мерзімге аккредитив ашуға құқылы сенімді банктермен кепілдендірілген болуы  қажет.

   Әлемдік бағалы қағаздар нарығында XX ғасырдың басында еркін  айналатын еврооблигациялар пайда болды. Олардың эмитенттері алдын  Америка компаниялары, және  Жапондық компаниялар да болды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Оқулықтар, оқу құралдары  және ғылыми басылымдар

  1. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқу құралы, А-2008ж.
  2. Мақыш С.Б.  Банк ісі, А-2009 ж.
  3. Ілясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. А.-2005 ж.
  4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. А.-2004 ж.
  5. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие банктер. А. 2001 ж.
  6. Лаврушин О.И. Банковское дело, М: «Финансы и статистика»,  2000.
  7. Шахов В.В. Введение в страхование: Учебное пособие. – 2-е издание – М.: «Финансы и статистика», 2000.
  8. Лизелотт Сурен «Валютные операции», М.: «Дело», 1998.
  9. Питер С.Роуз.  Банковский менеджмент, М.: «Дело», 1997.
  10. Қаржы-қаражат, Банки Казахстана журналдары

Қосымша оқулықтар 

  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы және ерекше бөлімдері)
  3. Шарауашылық серіктестіктер туралы
  4. Акционерлік қоғамдар туралы
  5. Бағалы қағаздар нарығы туралы
  6. Вексель айналысы туралы
  7. Инвестициялық қорлар туралы
  8. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы
  9. Банктер және банктік қызмет туралы
  10. Қазақстанның даму банкі туралы
  11. Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі туралы
  12. Төлемдер және ақшалай аударымдар туралы
  13. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы: Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды әлеуметтік қорғау.
  14. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы
  15. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы
  16. Сақтандыру қызметі туралы
  17. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
  18. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы.
  19. ҚҚА интернет сайты: www.afn.kz
  20. ҚР Ұлттық Банкінің сайты: www.nationalbank.kz

 




Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері