Жылжымайтын мүлікті бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:07, дипломная работа

Описание работы

Осыдан туған проблема – ол бүгінгі нарықтық қатынастар шеңберінде және сәйкес нарықтық экономика категориясында зияткерлікті бағалау. Ғылыми ашулар мен әдебиет шығармаларын тағы басқаларын қалай ақшаға айналдыру мүмкін. Осы тақырыпты алып, талдағым келді. Себебі ол біздің бүгінгі өмірімізге, экономикамызға, қоғамымызға тигізетін септігі мол деп есептедім.

Содержание

Кiрiспе

9
1 Интелектуалды меншік объектісінің теориялық және құқықтық негіздері

1.1 Интелектуалды меншік объектісінің мәні мен түсінігі

11
1.2 Зияткерлі меншік объектісінің құқықтық қорғауды реттеуі

18
Зияткерлі меншікті бағалауда қолданылатын экономикалық көрсеткіштер мен құн түрлері

22
2 Интелектуалды меншік объектісін бағалаудағы тәсілдері

2.1 Зияткерлі меншікті бағалау технологиясы

25
2.2 Шығын тәсілі

26
3 Интелектуалды меншік объектісінің құнын анықтау

3.1 Бағалау обьектісін сипаттау

37
3.2 Құнын есептеу

44
3.3 Табыс әдісімен құнын есептеу

46
Қорытынды

50
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

52

Работа содержит 1 файл

Диплом меншик.doc

— 751.00 Кб (Скачать)

       Талдау  кезінде осы әдіс көмегімен  еркін ақша ағымдары бастапқы 5 жылға есептелінеді. Ал қалған  жылға (ол шексіздікке дейін)  бірегей соманы алады, ол «терминалды  құны» деп аталады немесе сол моменттегі кәсіпорын құны болып табылады. Керегі кейінгі жылдарға  бөлшекті есеп жасалынбаған кезенде кәсіпорын жұмысы, өсу темпі, капиталды салымдар т.б көрсеткіштер тұрақты болуы қажет. Тек осы жағдайда соңғы құн есебінің қатесі және бір дисконт ставкасы минималды болады.

       Табыс  тәсілі шеңберінде зияткерлік  меншік объектісінің құнын есептеу  ақша ағымдарын дисконттау әдісімен  орындалды.

       Ақша ағымдарын дисконттау әдісі. Зияткерлік меншік объектісін табыс тәсілі арқылы құнын анықтаған кезде келесі процедуралар орындалды:

       - алдын  ала патент мәліметтеріне сәйкес  қондырғының экономикалық пайдалану  мерзімі алдын ала анықталды;

       - дисконтталған  ақша қаражатының ағымдары есептелінді;

       - дисконттау  ставкасында бейнеленген ЖШС-ң ішкі және сыртқы тәуекелдері есепке алынды;

       - бар  болжамды периодқа кумулятивті  таза табыс ағымының келтірілген  құны анықталды.

       Барлық  технико-экономикалық көрсеткіштер , пайдалану шығындарын қоса есептегенде,  алынған несие көлемі мен төленген проценттер, капиталды салымдар көлемі ЖШС бизнес жоспары мәліметтер негізінде алынып, бағалаудың ақша ағымдарын дисконттау әдісінің спецификасы есебімен келтірілді.

       Сонымен  технико - экономикалық көрсеткіштерді  толтырған кезде келесі бағдарланған көрсеткіштер алынды:

       - болжамды  кезең - 5 жыл, алдын ала патент  мерзімі есебімен;

       - жалпы  сомасы 3 710 340 мың тенгеге тең несиені тарту;

       - заң  күші бар салықты заңнамаға  сәйкес салықтар мен төлемдер;

       - шығындарды  болжаған кездегі ескерілмеген басқа да төлемдер мен алымдар, бірақ жобаны іске асырған кезде таза табыстан 15% көлемінде болуы мүмкін;

       - 19% дисконттау ставкасын қолдануы  арқылы есептеулер жүргізілді.

       Дисконттау ставкасын есептеу. Сәйкес дисконттау ставкасын шығарған кезде ескеруі қажет, экономикамыздағы бар анықталмағандық таратылымға ассиметриялы болады және әр түрлі қызығушылығы бар топтар тарапынан қозғалмалы қысым аумағы «төлеу қабілеттілігі бар» инвестиция құрылымын және кәсіпорын құнын  бұрмалайды. Нарықты  процеттік ставкалар нақты инвестиция пайдалылығын бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар моралді тәуекел мен инвестиициялық жобаны таңдау әдісін де көрсетеді. Инвестициялар мен ақшалай активтер.

       Сала  мен аудан немесе фирманың  қызмет етуін ескере отырып, дисконттау ставкасын нақтылау екі жолмен жүргізіледі.:

       - аудандық  байланысы бар, бір салаға жататын  фирмалар тобын  қайта   ұсыну  таңдамасын статистикалық өңдеуден  өткізу, қалыптасқан және болжамданған  табыс нормасын негіздеу мақсатымен;

       - немесе  дисконттау нормасын есептеудің  аналитикалық әдісін қолдану.

       Бірінші  жолда, Қазақстан Республикасы  жағдайында және ТМД мемлекеттері  жағдайында іске асырылуы қиынға  түседі. Себебі, өндіріс инвестициялардың  статистикалық жолдардың қысқа болуы және оларды қайтару, мәлімет сенімділігінің жетіспеушілігі, ал көп жағдайда олардың мүлдем болмауы. Бұл жолмен статистикалық материал жиналған кеде ғана қолдануымыз мүмкін.

       Шет  ел практикасында көп тараған  және негізгілері болып табылатын аналитикалық әдістерге келесілер болып табылады:

       - капиталды  активтерді бағалау негізіндегі  модель (Capital Asset Pricing              Model- CAMP)

       - кумулятивті  құрылым әдісі

       Осы  дипломдық жұмысымда дисконттау  ставкасы кумулятивті құрылым әдісімен, яғни тәуекелсіз табыс ставкасына кәсіпорынды инвестициялау тәуекеліне байланысты қосымша төлемдердің қосылуы арқылы, объект спецификасының қызметіне байланысты, тәуекел факторының сандық және сапалық факторларының іс-қимылына түзетулер енгізілуі арқылы анықтадым.

Мемлекеттік тәуекел, тәуекелсіз табыс ставкасында есептелінеді.

       Табыс  тәсілінің бір кемшілігі, ол  күтілетін келешек табыстарға  байланысты кәсіпорынға 100% басқарылым  бар кезде ғана құнын анықтауға  болады (тек бір басшының болған кездегі). Бақа кемшілік, ол осы әдіс арқылы бағалаған кезде келешекте күтілетін табыстарды алмау тәуекелі.

       Қосымшада  табыс тәсілі шеңберінде зияткерлік  меншік объектісін бағалаған  кезде стандартты болып, ақша  ағымдарын дисконттау әдісі болып табылады. Яғни кәсіпорынның бар параметрлерін бір сандық көрсеткішке енгізеді NVP (таза дисконтты құны), оны зияткерлік меншік объектісінің құны деп есептеуге болады.

       Ақша  ағымдарын дисконттау әдісі арқылы  анықталған зияткерлік меншік  объектісінің инвестициялық құны құрайды: 42 850 871 (қырық екі миллион сегіз жүз елу мың сегіз жүз жетпіс бір) тенге.

 

       Кесте  3.6 – кумулятивті ставкасын анықтау

Тәуекел түрі

Бағалау интервалы, %

Тәуекел параметрі

Мәні, %

Ескерту

Тәуекелсіз ставкасы

   

7

ҚРҰБ  қайта қаржыландыру ставкасы

Негізгі фигура, басқарудың тереңдігі  мен сапасы

0 - 5

Бір негізгі фигурадан тәуелсіздік(тәуелділік); басқару резервінің бар болуы (болмауы)

3

Бар басқару құрылымы кәсіпорында  тік басқаруды (вертикальін) құрастырудың стандартты тәсілін бейнелейді. Кәсіпорын бір тұлғадан тәуелсіз болады, анықталған басқару резерві бар.   

Кәсіпорын көлемі

0 - 5

Ірі (орта, ұсақ) кәсіпорын; ұсыныс позициясынан компанияның қызмет етудің нарық түрі: монополия немесе бәсекелес нарық.

2

ТОО "ХХХ" ірі компания болып табылмайды, себебі үлкен тәуекелге ұшырауы мүмкін.

Қаржылық құрылым (компанияны қаржыландыру көздері )

0 – 5

Компанияның жиынтық капиталындағы  нормаға сәйкес (жоғарлатылған) қарыздардың  қайнар көзінің үлесі. Норма ретінде  ортасалалы деңгей қабылдануы мүмкін 

2

Жобаны іске асырған кезде қарыз  қаражатының үлесі мәнді жоспарланады

Зияткерлік меншік объектісін қолданудан күтілетін табыстарды ала алмау  тәуекелі

0 - 5

Болжауға керекті соңғы 3-5 жылға  компания қызметі туралы ақпараттың болуы(болмауы)

3

Бағалау объектісіне қатысты шын  мәнінде компания қызметінің нәтижелері зияткерлі меншік объектісін қолданудан жоспарланған нәтижеден басқа нәтиже алу тәуекелі

Басқа да тәуекелдер

0-5

 

2

Басшылықтан басқа ешкімге  белгісіз активтер сапасы мен нақты тәуекел деңгейі, ол бизнес табиғатынан шығады.

Қорытынды

   

19

 

 

      Ескерту: пайдаланған мәліметтер көзі: автормен құрастырылды.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Экономикамыздың  дамуына, жаңа технология мен  ғылыми сиымды өнімді өндіруіне  байланысты, зияткерлі меншік және материалды емес активтер кәсіпорын активтерінің негізгі құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Көп жағдайда материалды емес активтер құны, материалды активтер құнынан асып түседі және бәсекелес нарықта компания ресурстарының негізгі болып саналады. Бұл қағида ең бірінші тұрақты беделге, белгілі тауарлы белгілерге ие, ғылыми сиымды өнім нарығында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін іске асады. Материалды емес активтер мен зияткерлі меншікті бағалау жоғары технология саласындағы кәсіпорындар үшін маңызды.

       Зияткерлі  меншікті бағалау – материалды  емес активтер тиімділігінің  потенциалына негізделген, технологиялық  және өндіргіш жаңашылдықты сипаттайды. Мәні бойынша, бұл бағалау объектінің  тұтыну құны болып есептеледі  және қосымша пайда әкелуге мүмкіндігі бар.

       Материалды  емес активтерді бағалаудың негізгі  қиыншылығы (берілген объектінің  бәсекеге қабілеттілігін болжау, өміршендік циклін моделдеу) сәйкес  нарық сегментінің жағдайы туралы  объективті ақпараттың жетіспеушілігі. Себебі барлық есептеулерді нақты ақпарат пен жоспар негізінде жасау керек.

       Материалды  емес активтерді бағалау, пайда  ағымын анықтау мақсатымен мәліметтерді  толық зерттеуді қажет етеді.  Олар: бағаланатын активтер, активтердің  өміршендік қызмет ету мерзімін, қолданылатын бағалау методикасын идентификациялау, нақты құнды бейнелеу.

       Зияткерлі меншікті бағалау мамандырылған бағалау қызметінің аз зерттелген тармағы болып келеді және одан ары терең зерттеледі деген ойда. Мамандырылған бағалау негізінде бағаланатын меншік құнына диалектикалық көзқарас жатыр. Кез-келген объектіге құқық, нарықта айналым объектісі болып табылады. Нарықты экономика жағдайында бағалау объектісі өз иесіне пайда әкелетін көзі болып қарастырылады. Мамандырылған бағалау методологиясы шығын, табыс, салыстырмалы (нарықтық) деген атқа ие.

       Берілген  жұмыстың мақсаты – зияткерлі  меншіктің қазіргі кездегі теориялық  және практикалық өлшемдерге  толық сипаттама беру, оған қоса  мамандырылған зияткерлі меншік  пен материалды емес активтерді  бағалау, білімге негізделген бағалау тәсілдерін үйрену және құнын анықтау.

       Дипломдық  жұмыста бағалау объектісі болып  табылатын, құрылғының теникалық  жағдайы, оның жұмыс істеу технологиясы  таныстырылды. Және оған берілетін  құқықты қалай бағалауға болатының, ол қандай заңдар мен ережелерге негізделетіні туралы мәліметтер берілді.

       Қорытындылай  келе, бірінші бөлімдегі, теориялық,  құқықтық аспектісін толық зерттеу  дұрыс және қажетті. Яғни, әр  бастаманың теориялық негізі  немесе фундаменті болуы керек.  Зияткерлі меншік және оған жататын материалдық емес активтердің түсініктерінің мәні терең болатыны, және оны дұрыс түсіне білу керек деген қорытынды жасауға болады. Теориясы толық сипатқа ие болды. Ал екінші бөлімге келетін болсақ, зияткерлі меншікті бағалау тәсілдерін талдай келе, оның салыстырмалы тәсілінің аз қолдланыста болуы, оған көп себептері бар. Шығын тәсілінде, құнды анықтаған кездегі мәнінің аз екендігі анықталынды. Негізгі тәсіл, ол табыс тәсілі болып табылады. Яғни басқа меншік түрі секілді, зияткерлі меншікті бағалаудың негізгі себебі, ол оның табыс әкелу мүмкіндігінің болуы. 

Бағалау қызметінің объектісіне  жататын зияткерлі меншік мәні толық  ашылды. Негізгі заңға, басқа да ақпарат  алу көздеріне сүйене отырып, бағалау  методологиясы келтірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. «Қазақстан Республикасының  бағалау қызметі» туралы заңы 30 қараша 2000 жыл № 109-11.

2. 1999 жылы 16 шілде Қазақстан  Республикасының Патент туралы  Заңы.

3. Андреев Г.И., Витчинка  В.В., Смирнов С.А. Практикум по оценке

теллектуальной собственности: Учеб. пособие. - Финансы и статистика 2003.

4. Козырев А.Н. Оценка  интеллектуальной собственности. - М.: Экспертное бюро, 1997.

5. Оценка интеллектуальной  собственности: Учеб. Пособие / Под  ред. Смирнова. - М.: Финансы и статистика, 2003.

6. Международные стандарты  оценки. - М.: РОО, 1995.

7.  Риполь- Сарагоси  Ф.Б. Основы оценочной деятельности: Учебное пособие.- М.: Книга-сервис, 2002.

  1. А. Полтарак, Пол Лернер. Основы интеллектуальной собственности - М., С-П., Киев: «Дилектика», 2004 г.
  2. С.А.Смирнов, Г.И.Андреев. Оценка интеллектуальной собственности - М.: Финансы и статистика, 2003 г
  3. Н.Ю. Пузыня. Оценка интеллектуальной собственности и нематериальных активов.— С.-П.: Питер, 2004 г.
  4. Закон РК «Об оценочной деятельности». Алматы, издательство «Данекер», 2001 г.
  5. Методика оценки интеллектуальной собственности. Утверждена Министерством юстиции и Министерством образования и науки РК от 06.04.2004  г.

13. Международные стандарты оценки. 2007 Артеменков А.Л., Г.И. Микерин

14. Брейли С., Майерс С. Принципы корпоративных финансов/Пер. С англ. – М.: ЗАО «Олимп – Бизнес»и, 1997.

            15. О принимаемых мерах по реализации Стратегии индустриально-инновационного развития на 2003-2015 годы с начала реализации / Министерство индустрии и торговли РК // http://www.mit.kz.

     16. Гражданский   кодекс   Республики   Казахстан// Казахстанская   npaвда, 1995, 31 января-4 февраля.

17.Закон РК «Об авторских и смежных правах»

18.Приказ министра Юстиции РК от 2.12.2002 г. «Об утверждении правил по применению субъектами  оценочной деятельности требований к методам оценки объектов интеллектуальной собственности».

19.Общая методика оценки стоимости объектов промышленной собственности. Утверждена Министерством науки и новых технологий РК от 25.01.1996 г.

20. Парижская Конвенция по охране промышленной собственности от 20.03.1983 г.

 




Информация о работе Жылжымайтын мүлікті бағалау