Жылжымайтын мүлікті бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:07, дипломная работа

Описание работы

Осыдан туған проблема – ол бүгінгі нарықтық қатынастар шеңберінде және сәйкес нарықтық экономика категориясында зияткерлікті бағалау. Ғылыми ашулар мен әдебиет шығармаларын тағы басқаларын қалай ақшаға айналдыру мүмкін. Осы тақырыпты алып, талдағым келді. Себебі ол біздің бүгінгі өмірімізге, экономикамызға, қоғамымызға тигізетін септігі мол деп есептедім.

Содержание

Кiрiспе

9
1 Интелектуалды меншік объектісінің теориялық және құқықтық негіздері

1.1 Интелектуалды меншік объектісінің мәні мен түсінігі

11
1.2 Зияткерлі меншік объектісінің құқықтық қорғауды реттеуі

18
Зияткерлі меншікті бағалауда қолданылатын экономикалық көрсеткіштер мен құн түрлері

22
2 Интелектуалды меншік объектісін бағалаудағы тәсілдері

2.1 Зияткерлі меншікті бағалау технологиясы

25
2.2 Шығын тәсілі

26
3 Интелектуалды меншік объектісінің құнын анықтау

3.1 Бағалау обьектісін сипаттау

37
3.2 Құнын есептеу

44
3.3 Табыс әдісімен құнын есептеу

46
Қорытынды

50
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

52

Работа содержит 1 файл

Диплом меншик.doc

— 751.00 Кб (Скачать)

       «Құпиялық»  термині шектелген мағынада емес, әр жеке компоненті лицензиар бизнесінен басқасынан толық белгісіз болуы қажет. Бұл термин ноу-хау құрастырылған массив ретінде және оның компоненттеріне жеңіл, қол жететіндік болмауы керек. Оның құндылығы, лицензиатпен ұтқан уақыт болып табылады.

       Бизнестің  көзқарасы бойынша, ноу-хаудың 3 негізгі түрін айыруға болады: 1) нақты жеке тұлғадан бөлінбеген, 2) фирмадан бөлінбеген, 3) жек тұлғадан және фирмадан бөлінген. Үшінші типіне ғана, құқықтық қорғау таралады және тек мұндай ноу-хауды фирма активтері деп санауға болады.

       Сонымен  ноу-хау пайдалы болуы керек,  лицензиаттың бәсекеге қабілеттілік  позициясының жақсаруы, мысалы оның  жаңа нарыққа ене алуы.

Идентификациялануы үшін, ноу-хау лицензиялық келісімде  белгіленуі керек.

       Ақпарат  ресурстары - заттық құқықтар объектілері. Белгілі жағдайда ақпарат комплекстері мен мәлімет базасын ақпарат ресурстары деп есептеу ыңғайлы, конструкциялық құжаттарға жатады.

       Құжат  массивін құндылық деп, есептеу  әбден мүмкін және ақпарат  ресурсы болып табылады. Оған  заттық құқық нормасын қолданады.

       Ақпаратты  қамтамасыз етуді қарастырған  кезде ұқсастықтар болады. ЕЕМ  үшін ақпараттың кейбіреуін және  мәлімет базасын ақпарат ресурсы  ретінде қарастыруымыз керек.  Бірінші кезекте ол бір экземплярда  бірнеше жылда пайда болған  бағдарламаларға тиісті. Негізгі құндылығы болып, қолданыста бар белгілі жүйе, яғни ақпарат экземпляры. 

       Заңды тұлғаның іскерлік беделі және goodwill. Іскерлік бедел терминін көбінесе жеке немесе заңды тұлғаның оңтайлы бағасы деп түсінеді.

Бизнесті бағалайтын бағалаушылармен қолданатын «Goodwill» термині өткен ғасырдың 80 жылдарға байланысты кәсіпорын құны оның таза активтер құнынан айырықша болған жоқ. Мәміле бағасы 1-5%-ке таза активтер құнынан көп болды, осы айырмашылықты ерекше актив деп, сатып алушының балансына кіргізілді де, гудвилл деп аталынды.

       Бағалау  және қаржы облысындағы мамандар, гудвиллді клиенттерді берілген  кәсіпорынның қызмет көрсетуімен  ары қарай қолдануына итермелейтін  бизнес элементтерінің жиынтығы  ретінде анықтайды. Бұл жиынтық барлық активтер мен барлық материалды емес активтер әкелетін табыстан жоғары табыс әкеледі және идентификацияланып, бөлек бағаланады. Гудвилл бөлек бағалана алады, бірақ кәсіпорыннан бөлек сатылмайды. Бұл ережеден шығатыны, гудвилл және басқа материалды емес активтер ретінде сипатталатын активтер жиынтығын 3 категорияға бөлуге болады. Олар: 1) кәсіпорыннан бөлінбейтін, 2) жеке тұлғадан бөлінбейтін, 3) жалпы жағдайда, кәсіпорыннан бөлінетін. Бірінші екі категорияны кәсіпорынның (бизнестің) гудвиллі және персоналды гудвилл деп белгілеуге болады. Кәсіпорынның гудвиллі өзіне қосады:

       - орналасудың артықшылығы;

       - бастапқыда өткен қиыншылықтар;

        - үйретілген персоналдың болуы;

      - басқару жүйесі (менеджмент);

        - тұрақты клиентураның болуы;

        - тұрақты жабдықтаушылардың болуы;

      - имидж (тауарларға, қызмет көрсетуге бағаның деңгейі, өнім мен қызмет көрсетудің сапасы, бәсекеге қабілеттілік).

       Персоналды гудвилл өзіне қосады:

       - клиенттер ішіндегі жұмысшылардың (басқарушы) жеке беделі;

       - жеке мамандырылған сапасы (квалификация, дайындық деңгейі, коллективте клиенттермен ара қатынас).

       Үшінші категорияға, материалды емес активтердің ішінен: мәміле мен контракт, ресурстарға құқық, лицензия, франшиз, зияткерлі меншікке құқық, фирмалық белгі, тауарлы марка, “ноу-хау”, патент, ғылыми техникалық өнім, авторлық құқық.

       Тауарлы белгі. Тауарлы белгі - бір өндіруші өндіретін қызмет түрін немесе тауар түрін басқа өндірушіден біртектес қызмет немесе тауар түрін айыратын еске сақталатын символ, белгі.

       Тауарлы  белгі бір қайнардан шығатын  өнімді, қызмет түрін сәйкестендіреді,  жиі ол коммерциялық мекеме  болады. Тауарлы белгінің құндылығы  мен құны, беделмен байланысты  болады. Басқаша айтқанда тауарлы белгі - іскерлік беделдің таңбасы. Қолдануға байланысты бұл байланыстың (тауарлы белгі беделмен қоса есептегенде) құны күннен күнге өсуде.

       Тауарлы  белгіге және қызмет көрсету  белгісіне берілген ерекше құқықтың  құндылығы оның иесіне бизнесте анықталған, мәнді артықшылықтар береді.

       Бренд. Тауарлы белгіге қарағанда, кең мағынаға ие. Егер тауарлы белгімен мемлекет органымен тіркелген нақты тауар белгіленсе, ал бренд тауарлы белгіні көруі арқылы тұтынушы сана сезімінде пайда болатын бейне. Яғни нақты тауар немесе қызмет түрі арқылы тұтынушы санасында ассоцияцияланатын белгілі марка. 

       Тауарлы  белгі – бәсекелестіктегі күшті  құрал болып табылады. Брендинг  арқылы тауар, нарықта үлкен  сұранысқа ие болады да, анықталған  тұтынушы тобын құрайды. Тауарлы белгіні (бренд) бағалау, оның жалпы нарықтық құнына және сол арқылы серіктестер мен инвесторлар қызығушылығына ықпал етеді. Бренд құнының өзгерісі маркетингтік стратегия тиімділігінің көрінісі болып табылады, ал брендті бағалау мониторингтің құралы болады.

       Тауарлы  белгіні, тауарлы марканы, фирмалық  атауды бағалау бизнесті бағалаумен  тығыз байланысты, берілген компания  өндірісінің толық циклі мен  тауарлар мен қызметтің өткізіміне  талдау негізінде жүргізіледі.  Тауарлы белгіні бағалау процессінде, компания табыс көлемі мен тауар өткізімінің берілген ерекше белгінің  ықпал ету дәрежесін анықтау арқылы нарықтық құны есептелінеді. Бағалау кезінде, ол тұтынушылық құнды құрамайды. Бірақ тауарлы белгінің жарнамасы өнімнің тұтынушылық қасиеттерін белгілеп, сұраныс пен бағасының өсуіне ықпал тигізеді.

       Тауарлы  белгіні бағалау – оның репутациясын  бағалау. Ерекше жағдай, егер тауарлы  белгі тіркелмесе, ол лицензиялау  объектісі ретінде бағаланады  және оны рұсатсыз қолдану  ерекше құқықтың бұзылуы ретінде қарастырылады. Мұндай тауарлы белгінің бағасы оған құқықиеленуге қатысты құқықты бұзған компенсация көлемі арқылы анықталады. Тауарлы белгіні бағалау кезінде, оның объектісі болып оған қатысты құқық болып табылады (немесе «тауарлы белгіні қолдануға берілген ерекше құқығы»).

       Зияткерлі капитал. «Зияткерлі капитал» түсінігі материалды емес активтерді және персоналды басқарудағы менеджерлермен қолданады. Оның мақсаты – бизнесті бағалау кезінде білімге негізделген, инвестицияны тарту. Оның мағынасы материалды емес активтер мен зияткерлі меншікке қарағанда кең болып келеді. Зияткерлі кпитал құрамына 3 негізгі компоненттерді белгілейді: 1) адам капиталы; 2) құрылымдық капитал, оған зияткерлі меншік және ақпарат ресурстары кіреді; 3) клиенттік («брендтік») капитал.

       Адамдық капитал. «Адамдық капитал» термині ғылымға 1962 жылы енгізілді. Адамдық капитал – ол бірге жинақталған жұмысшы күші ғана емес, ол сонымен қатар бизнеске қатынасы бар, мамандарға ие персонал және жақсы менджмент. Адамдық капиталды жақсы басқару үшін, келесі параметрлер жиынтығын тексеру қажет: білім, профессионалды квалификация, жұмыспен байланысты білім, психометрикалық сипаттамалар.

       Адамдық капитал фирма активтер құрамында болмайды, себебі ол фирмаға бағынбайды. Заңды техника бар, ол бағалы деген мамандарды міндеттемелер мен сыйақы арқылы байланыстырып, оны мәмілеге қосады. Бірақ мұндай техника барлық мамандарға қолданылмайды. Ең ыңғайлы әдіс – ол жұмысшыларды акционерлер санына және фирма басшылығына қосуы. Пайда болатын проблема, алынған нәтижелерді есептеу мен адамдық капиталға салынған инвестицияларды анықтау.

       Персоналдың квалификациясын жоғарлату  үшін қаржы есебінің ережесіне  сәйкес оқытуды инвестицияларға  емес, шығындарға жатқызу керек,  бірақ басқару есебінің көзқарасы бойынша, оларды инвестицияларға жатқызу тиімді деп есептелінеді. Осындай инвестициялардың нәтижелерін бағалау үшін, қиын есеп жүйесі құрастырылады, олар негізінен сапалық көрсеткіштерден құралады.

       Құрылымдық капитал. Құрылымдық капитал – зияткерлі капиталдың бір тараған түрі. Оларға зияткерлі капиталдың құқығы, ақпарат ресурстары, жұмыс методикасы, фирма ұйымдастырудың жүйесі кіреді. Құрылымдық капитал материалды емес активтерге сәйкес келеді. Құрылымдық капиталға сонымен қатар, жүйеленген білімдер, жеке тұлғадан және фирмадан бөлінген ноу-хау жатқызылады. Сонымен, ноу-хау адамдық капиталының бөлігі ретінде және құрылымдық капиталының бөлігі болып саналады. 

       Нарықтық (клиенттік) капитал. Нарықтық капиталға жатқызылатындар: тауарлы белгілер, фирмалық атаулар, іскерлік бедел, ұйымдарда өз жеке адамдарының (insiders) болуы, тұрақты сатып алушыларының болуы, қайталанатын контрактарының болуы. Жазылып кеткендерінің ішінен тек жартысын біз активтер деп атай аламыз. Мысалы, адамдарды біз активтерге жатқыза алмаймыз. Бірақ, бизнестің гүлденуін қамтамасыз ететін негізгі активтер болып саналады. «Клиенттік капитал» түсінігін 1993 жылы  Herbert St. Onge енгізген болатын.  Зияткерлі меншік массасынан бұл құрастырушының бөлінуі үлкен жетістік болып табылады.

       Нарықтық капиталды бір сандық  көрсеткіштермен өлшеудің мәні  жоқ. Сонымен бірге оның құндық  бағасы зияткерлі капиталдан  бөлек болады, бірақ нарықтық  капиталдың бөлек бөлімдерін  сандық өлшеуге болады. Фирмалардың  көбісі өздерінің өнімдерін сатып алатын тұрақты сатып алушылар көлемін көрсетеді, мысалы, ақпарат өнімінің тіркелген қолданушылар саны. Ақшалай түрде тауарлы белгілерді, брэндтерді бағалау бұрыннан бекітілген. Қазіргі кезде «тауарлы белгі», «брэнд», бедел түсініктері арасында біркелкі түсінік жоқ. Брэндті бағалау нарықтық капиталды толығымен бағалау болып табылады. Interbrand өз басылымдарында брэндтері бағаланатын фирмаларының накрықтық капитализациясын келтіреді, материалды емес активтер мен зияткерлі меншік бөлігіне келетін құнды алып тастайды. Одан кейін брэнд бағасы анықталады.

 

 

       1.2 Зияткерлі меншік объектісінің құқықтық қорғауды реттеуі

      

 

Жалпы жағадай. Зияткерлі меншік объектісімен байланысты құқықтық қатынастар, 1999 жылы 16 шілде айында қабылданған ҚР Патенттік заңымен реттеледі.

       Осы  Заңға сәйкес өнеркәсіптік меншік  объектілеріне өнертабыстар, пайдалы  моделдер мен өнеркәсіптік үлгілер  жатқызылады. 

       Қорғау құжаттары – ол алдын–ала патенттер, өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгілерге патенттер, пайдалы моделге патенттер.

Басқа зияткерлі меншік объектілері (селекционды жетістіктер, топологиялар, интегралды микросхемалар, тауарлы белгілер) басқа заңнамалық актілермен реттеледі.

       Уәкілетті  мемлекеттік орган, мемлекеттік  патенттік ұйым болып табылады (одан кейін – Казпатент). Бұл  ұйым Заңға сәйкес өнеркәсіптік  меншік объектілерді қорғау облысында  мемлекеттік монополиясын қамтамасыз  етеді.      Сонымен қатар, Казпатент келесі міндеттерді шешеді:

        - өнеркәсіптік меншік объектілеріне  берілген  өтінімдерді қарастыруға  алады;

       - сол  арқылы сараптама жүргізеді; 

       - қорғау құжаттарын  береді;

       - өнеркәсіп  объектілері туралы мәліметтерді бюллетенге басылымға шығарады;

       -  патенттік ведомстваның қызметтерін  іске асырады.

       Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патент қабілеттілігінің шарттары. Өнертабыстың патент қабілеттілігінің шарттары: өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа және өнертабыстылық деңгейіге ие және өнеркәсіпте қолданылатын болса.

       Өнертабыс жаңа деп есептелінеді егер, техника деңгейі мәліметтерінен белгісіз болса. Өнертабыс өнертабыстылық деңгейге ие, егер ол маман үшін техника деңгейі мәліметтерінен белгісіз болса.

       Техника  деңгейі туралы мәліметтер - өнертабыс  приоритеті күніне дейінгі әлемде бар мәліметтер.

       Өнертабыс  өнеркәсіптік қолданыста болады, егер ол нақты халық шаруашылық  саласында қолданылса (өнеркәсіпте,  ауыл-шаруашылығында).

       Өнертабыс  объектісі болып табылады:

        - қондырғылар, әдістер, заттар, микроорганизм, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының штаммдары;

       - бұрын  белгілі қондырғының, әдістің,  заттың жаңаша қолдану; 

       Өнертабыс  болып, есептелмейді:

       - ашулар, ғылыми теориялар мен математикалық  моделдер;

       - шаруашылықты  басқару мен ұымдастыру әдістері;

       - шартты  белгілер, күнтізбелер, ережелер,

       - ой  операцияларын орындау әдістері  мен ережелері;

       - ЕЕМ  бағдарламалар мен алгоритмдер; 

       - территория, ғимараттар мен имараттардың  жоспарлау схемалары мен жобалары;

       - бұйымдардың  сырт пішінің жақсарту ұсыныстары;

       - қоғамдық  қызығушылығы мен моралдарына  қарсы келетін ұсыныстар.

       Өнеркәсіптік  үлгінің және пайдалы моделдің  патент қабілеттілігінің шарттары. Пайдалы моделге тұтыну заттарының және оларды құрастырушыларының, өндіріс заттары жатады. Өнеркәсіптік үлгіге бұйымның сырт пішінің анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешімдер жатады. Өнеркәсіптік үлгіге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа, ерекше, өнеркәсәптік қолданыста болса. Өнеркәсіптік үлгі жаңа деп есептелінеді, егер оның белгілері мәліметтер көздерінен белгісіз болса. Өнеркәсіптік үлгі ерекше болып табылады, егер оның белгілері бұйымның ерекше сипаттағы көркемділігін сипаттайтын болса. Өнеркәсіптік үлгі болып табылмайды:

Информация о работе Жылжымайтын мүлікті бағалау