Жылжымайтын мүлікті бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:07, дипломная работа

Описание работы

Осыдан туған проблема – ол бүгінгі нарықтық қатынастар шеңберінде және сәйкес нарықтық экономика категориясында зияткерлікті бағалау. Ғылыми ашулар мен әдебиет шығармаларын тағы басқаларын қалай ақшаға айналдыру мүмкін. Осы тақырыпты алып, талдағым келді. Себебі ол біздің бүгінгі өмірімізге, экономикамызға, қоғамымызға тигізетін септігі мол деп есептедім.

Содержание

Кiрiспе

9
1 Интелектуалды меншік объектісінің теориялық және құқықтық негіздері

1.1 Интелектуалды меншік объектісінің мәні мен түсінігі

11
1.2 Зияткерлі меншік объектісінің құқықтық қорғауды реттеуі

18
Зияткерлі меншікті бағалауда қолданылатын экономикалық көрсеткіштер мен құн түрлері

22
2 Интелектуалды меншік объектісін бағалаудағы тәсілдері

2.1 Зияткерлі меншікті бағалау технологиясы

25
2.2 Шығын тәсілі

26
3 Интелектуалды меншік объектісінің құнын анықтау

3.1 Бағалау обьектісін сипаттау

37
3.2 Құнын есептеу

44
3.3 Табыс әдісімен құнын есептеу

46
Қорытынды

50
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

52

Работа содержит 1 файл

Диплом меншик.doc

— 751.00 Кб (Скачать)

       Өнертабыстың  міндеті болып, зиянды газтәріздес  және механикалық қоспалардан  газды тазарту құрылғысына қарапайым  конструкциясын әзірлеу.

       Дипломдық  жұмысымның мақсаты болып, зияткерлі меншіктің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеп, оны  іс-жүзінде қалай жүзеге асырылатының көрсету және өткізілу процессін зерттеу, құнын анықтау.

       Қойған мақсатқа жету бірқатар проблемаларды қарастыруды және келесі міндеттемелерді шешуді қажет етеді:

       - зияткерлі  меншіктің негізін ашу;

       - негізгі қадамдарын сипаттау;

       - жүргізудің негізгі құралдарын қарастыру;

       - қолданылатын  негізгі тәсілдерді сипаттау  мен қолдану.

       Дипломдық  жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен  және қорытындыдан құрылған. Соңында қосымшалар мен қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген. Бірінші бөлімде мен зияткерлі меншік және оған жататын объектілергі толық түсінік бердім, оның негізгі қағидалары мен негізгі құн түрлеріне, жалпы теориялық құқықтық проблемаларға тоқталдым. Экономикалық көрсеткіштер мен заңды жағынан зияткерлі меншіктің құқықтық проблемасы нашар әзірленген, сондықтан мен ғылыми-теориялық фундаментін қарстыруды негізге алдым. Екінші бөлімде зияткерлі меншікті бағалауда қолданылатын тәсілдер мен әдістер келтірілген. Тек олардың жалпы анықтамалары, қолданылатын формулалары мен ережелері сипатталды. Үшінші бөлімде бағалау объектісі өнертабысқа берілетін ерекше мүліктік құқық болып табылады. Яғни өнертабыс болып табылатын қондырғылардың сипаттамасына, техникалық жағдайына, жетістіктері мен жетіспеушіліктеріне толық сипаттама беріп, кеттім. Осы қондырғыға берілген ерекше құқық, негізгі екі тәсілмен бағаланды. Ол шығын және табыс тәсілі. Шығын тәсілінде мен осы өнертабысқа жұмсалған нақты шығындарды есептедім. Ал табыс тәсілінде ақша ағымдарын 5 жылға дисконттау арқылы, құнын анықтадым.

      Жұмысымның негізгі мәлімет көзі болып: «ҚР бағалау қызметі» туралы    заңы; Халық аралық бағалау стандарттары (МСО); қазақстандық, ресейлік және шет ел авторларының еңбектері; есептемелер; уақыт аралық басылымдар, семинар материалдары мен интернет жүйесі.

       Қорытындыда  жұмыстың нәтижесі мен алға  қойылған мақсаттарға жету жолдары  талданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1 Интелектуалды меншік объектісінің  теориялық  және         

            құқықтық негіздері

 

    1. Интелектуалды меншік объектісінің мәні мен түсінігі

 

 

       Зияткерлі меншік объектісі - зияткерлі қызмет нәтижесі болып табылады. Зияткерлі меншік объектілеріне жатқызуының негізгі критерийі, оны қорғайтын құқықты қорғау органының болуы. Бұл критерийді абсолютті деп есептеуге болмайды, себебі оған сәйкес заңдар дамуда, ал құқық қорғауға қабілетті объектілер шеңбері кеңеюде. Зияткерлі меншік объектілері азаматтық айналыс объектілері ретінде қарастырылуы мүмкін, сондықтан бағалау объектілері бола алады. Бірақ бизнес, бухгалтерлік есеп және тағы басқа мақсаттар үшін, объектінің өзі емес, оларға қатысты құқықтар бағаланады. Яғни зияткерлі меншік құқығын бағалау, қолдану мақсаты мен басқа факторларға байланысты болады.

       1967 жылы 14 шілде айында Стокгольм қаласында  болған зияткерлі меншіктің Ұлттық  ұйымының құрылтайының конвенциясына  сәйкес, зияткерлі меншік түсінігін  толығымен ашып, объектілеріне мыналарды  жатқызады:

       1) әдебиет,  өнер шығармалары мен ғылыми еңбектер (авторлық құқықпен қорғалады);

       2) әртістердің  орындалу қызметі, фонограмма  және радио бағдарламалар (аралас  авторлық құқықтармен қорғалады);

       3) өнертабыстар, пайдалы моделдер, өнеркәсіптік  үлгілер, тауарлы белгілер, қызмет  көрсету белгілері,фирмалық  атаулар, коммерциялық атаулар мен белгіленуі, сенімсіз бәсекенің қиылысуы (патентік құқықпен қорғалады және өнеркәсіптік меншік құқығымен қорғалады).

       4) ЕЕМ  бағдарламалары мен мәлімет базасы;

       5) интегралды  микросхемалардың топологиясы;

       6) ғылыми  шығармалар (ғылыми есептемелер), конструкторлы  және технологиялық құжаттар, ҚР  «Авторлық құқық пен аралас  құқық» заңымен қорғалатын техника  саласындағы басқа да авторлық  құқықтар объектілері;

       7) Селекционды  жетістіктер;

       8) «ноу-хау».

  Сонымен зияткерлі  меншік түсінігін қолдану облысы  ерекше құқықпен шектелмейді,  ал керісінше бар мүліктік  құқық жиынтығына, зияткерлік қызмет  нәтижесіне таралады.

       Ғылыми  зерттеулерді енгізу, сондай-ақ заңды  тұлғалардың жарғылық капиталына зияткерлі меншікті кіргізу, оның ішінде венчурлық өндірісті ұйымдастыру кезінде зияткерлі меншікті бағалау әдістерін қолдану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 2076 тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 184 бұйрығымен бекітілген Бағалау қызметінің субъектілерінің зияткерлі меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдану жөніндегі ережеге сәйкес әзірленеді. 

       Осы  Нұсқаулықта мынадай негізгі  түсініктер пайдалынады: 

       - бағалау әдісі – бағалау объектісінің нарықтық және басқа құнын орнатуындағы қолданылатын заңды, қаржылық-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-әрекет жиынтығы; 

       - бағалау объектісі – бағалау қызметінің орындалуына мүмкін азаматтық құқықтар объектілері;

       - бағалау объектісі құнының қорытынды мөлшері – бағалаушының бағалаудың түрлі тәсілдері мен әдістерін пайдалану кезінде бағалау объектісінің құнын есептеу нәтижелерін негіздеп жалпылау қорытындысы ретінде алынған бағалау объектісі құнының мөлшері;

       - бағалау функциясы – бұл нәтижелерінің қолдану сферасы;

       - бағалау мақсаты – бағалау объектісінің нарықтық құнын анықтау;

       - нарықтық құн -    ақщалай сома, маркетингтік зерттеу жүргізілгеннен кейінгі коммерциялық мәміле нәтижесінде қызығушылығы бар сатушы мен қызығушылығы бар сатып-алушының бағалау күніне жасалынған активтің сатылуы;

      - лицензиялық шарт - өнеркәсіптік меншік объектісіне айырықша құқықтар иесі (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншіктің тиісті объектісін уақытша белгілі бір жолмен пайдалану құқығын беру шарты;

       - лицензиялық сыйақы – лицецензиялық келісім нысаны болып табылатын лицензияны, ноу-хауды жәнебасқаларды пайдалануға берген үшін өтемақы төлеу.

       - паушалдық төлем – бір жолғы тәртіппен, сондай-ақ ұзартылған мерзімде төленуі мүмкін лицензиялық сыйақының белгіленген келісімде қатаң көрсетілген сомасы;

       - роялти – нақты тұрақты ставкалар ретінде белгіленетін және лицензиат нақты келісілген уақыт мерзімінен кейін тоөлеп тұратын тұрақты пайыздық жарналар;

       Сонымен қатар мынадай түсініктерге  анықтама беріп кетуді жөн  көрдім.

       Зияткерлі меншік объектісін бағалау – ақшалай түрдегі зиятекрлі меншік объектісінің құнын анықтау процессі.

       Лицензиялық мәміле - өнеркәсіптік меншік объектісіне берілетін ерекше құқық иесімен (лицензиар), басқа жақпен (лицензиат) уақытша қолдану құқығын беруі туралы жасалынған мәміле.

       Ақпараттық өнім – зияткерлі қызмет нәтижесі, ЕЕМ-ға арналған байланысқан ақпарат комплексі.

       ЕЕМ-ға арналған ақпарат – нәтиже алу мақсатымен, ЕЕМ мен басқа компютерлердің қызмет етуіне арналған, объективті мәліметтер жиынтығы. ЕЕМ-ға арналған ақпарат деп, әзірлеу кезіндегі алдын-ала дайындалып жатқан материалдар және сол арқылы пайда болған аудиовизуалды көріністер.

       Материалды емес активтер. Материалды емес активтер термині бухгалтерлі есепте немесе қаржы есебінде ғана емес, сонымен қатар басқаруда және бағалау қызметінде де қоланылады. Бағалаушылар мен басқарушылар бұл терминді кеңірек түсінеді, бухгалтерлерге қарағанда.

       Материалды  емес активтердің кең мағынасы  бойынша, спецификалық активтер  болып келеді және мынадай  сипатқа ие болады: 1) ұстай алу  формасының жоқ болуы, 2) ұзақмерзімді  қолдданыста болуы, 3) табыс әкелу  мүмкіндігінің болуы. Ұстай алу  формасының жоқ болуы, басқа ұзақ мерзімді активтерден айырмашылығы материалды емес активтердің негізгі спецификалық ерекшелігі болып келеді. Басқа спецификалық ерекшеліктері материалды емес активтердің жеке түрлеріне тән, бірақ барлығы үшін емес, яғни оларды айырықша сипат деп қарастырмау керек.

       Бухгалтерлік  есепте айыру керек: идентификацияланатын  материалды емес активтер, оған  зияткерлі меншік және басқа  да мүліктік құқықтар жатады, яғни ұзақ мерзім ішінде табыс  әкелу мүмкіндігі; идентификацияланбайтын материалды емес активтер, кей кезде гудвилл түріндегі активтер. Бірақ барлық материалды емес активтерді екі категорияға бөлу дұрыс емес. Себебі басқа активтерге жатқызуға келмейтіндерді біз материалды емес активтерге жатқызамыз.

       Бергі  уақыттан ғана, негізгі материалды емес актив болып гудвилл саналды, және бұл терминді бағалаушылармен түсінуі бухгалтерлі мәнге жақын болды. Бухгалтерлердің түсінуі бойынша, гудвилл фирманы сатып алғанда ғана пайда болады. Оның құны - фирманы сатып алғандағы баға мен таза активтер құнының айырмасы болып келеді. Мамандырылған бағалаушылар, фирманың нарықтық бағасы, оның таза активтер құны мен іскерлік беделінің (гудвилл) арасындағы айырмашылықты анықтайды, басқа материалды емес активтерді белгілемейді (гудвиллден басқа). Бұл көлем 1-2 % құраған кезде, түсіндіру керек емес болды. Бірақ 1996 жылы және одан кейінгі 10 жылда ол 90% құрады және бұл айырмашылықты гудвилге жатқызу мәнсіз болды. Осы жағдайда, зияткерлі меншікке жатқызылды. Сонымен қатар үлкен соманы, ерекше құқықтағы тауарлы белгімен байланыстыру болды.

       Сонымен  бухгалтерлік мағынадағы материалды  емес активтер ең алдымен идентификацияланатын  зияткерлі меншіктің мүліктік  құқығы. Бірақ зияткерлі меншік  түсінігі тек қана мүліктік  құқықты ғана емес, сонымен қатар материалды емес активтер құрамына жатпайтын жеке мүліктік емес құқықтарды да өзіне қосады.

       Компанияның  баланстық құны мен нарықтық  құны арасындағы қатынас құрмалас  болып келеді, егер берілген компанияның  нарықтық капитализациясы екі  есе баланстық құнынан үлкен болса.

       Компанияның  баланстық мен нарықтық құны  арасындағы үлкен диспропорциялар  мамандырылған бағалау облысында  ескерілетін проблемаларды тудырды.  Осыдан, материалды емес активтер  түсінігін одан әрі кеңейтілген  мағынасы пайда болды. Бұны біз TEGOVA 2000 бағалау стандартындағы 8 методикалық басқаруда көре аламыз. Осы стандарқа сәйкес бағалаушы баланста ескерілетін және ескерілмейтін барлық материалды емес активтерді есепке алуы қажет. Баланста ескерілмейтін активтерге «персоналды гудвилл» және «жиындалып үйретілген жұмыс күші» жатқызылады. Бұл «активтер» компания активтері бола алмайды және активтер болып саналмайды. Бірақ та, бизнес пен материалды емес активтер құның анықтаған кезде, бұл «активтерді» есепке алуымыз керек, себебі компания құнына олардың ықпалы зор болуы мүмкін. Жазылғандар негізінде батыс компанияға тиісті, бірақ қазіргі уақытта бұл тенденциялар біздің мемлекетімізде де елеулі болып келеді.

       Материалдық  емес активтерге жатады:

       - патентиеленушінің  өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы моделге ерекше    құқығы;

       - автордың  немесе басқа құқық иеленушінің  ЕЕМ-ге арналған бағдарламаны, мәлімет  базаны қолданудың ерекше құқығы;

       - автордың  немесе басқа құқық иеленушінің  интегралды микросхема топологиясын қолдануының ерекше құқығы;

       - тауарлы  белгіге, қызмет көрсету белгісіне,  тауарлардың атауы мен пайда  болу орнына, фирмалық атауына  ерекше құқығы;

       - селекционды  жетістіктерге патентиеленушінің  ерекше құқығы;

       - құпия  формула мен процесске, «ноу-хауға», өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге иемдену.

       Амортизацияланатын  материалды емес активтердің  бастапқы құны, оларды иемденуге  (құруға) кеткен (салықтарды есептемегендегі) шығындармен анықталады.

       Материалды емес активтерге жатпайды:

       - оң  нәтиже бермеген ғылыми-зерттеу,  технологиялық жұмыстар;

       - мекеме  жұмысшыларының интеллекті мен  іскелік сапасы, олардың

       квалификациясы мен жұмысқа қабілеттілігі.

       Ноу-хау мен ақпарат ресурстары. «Ноу-хау» терминін көптеген юристер жаргон деп есептейді. Контекстке байланысты бұл термин мағынасы әр-түрлі болуы мүмкін. Ол компания құнын арттыра алады, бірақ активтері бола алмайды және зияткерлі меншік объектісі болып есептелмейді.

       Егер техникалық  немесе технологиялық ноу-хау туралы сөз болса, бұл термин Европа инструкциясында толық және дәл анықталған: «ноу-хау» дегеніміз, құпия болып келетін техникалық ақпарат массивін білдіреді.

Информация о работе Жылжымайтын мүлікті бағалау