Жанама салықтардың теориялық аспектлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:07, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету барысында төмендегідей бағыттардағы сұрақтарды қарастыруды жөн көрдік:
- Жалпы жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны, қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектлері;
- Аталған салықтың Қазақстан Республикасы салық жүйесіне енгізіліуінің алғы шарттары;
- Жанама салықтардың салықтық заңдар шегіндегі қызмет ету механизмі;
- Республика бойынша жанама салықтардың бюджеттік түсімдердегі атқаратын ролі мен алатын орнына практикалық талдау;
- Зерттеу барысында туындаған салық салу мәселелеріне тоқталып және олар бойынша жетілдіру жолдарын қарастыру;

Содержание

Кіріспе..............................................................................................
1. Тарау.
Жанама салықтардың теориялық аспектлері.......................
1.1. Жанама салықтардың экономикалық мазмұны және атқаратын функциялары.................................................................
1.2. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың енгізілуінің алғы шарттары және дамуы............................................................
1.3. Жанама салықтардың қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі.......
22
2.Тарау. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың құрылу негізі және қызмет ету механизмі................................
2.1. Қазақстан Республикасындағы жанама салықтардың қызмет ету тәжірибесі..................................................................................
2.2. Жанама салықтардың бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орны және атқаратын рөлі...............
2.3. Жанама салықтардың бюджетке уақытылы және толықтай түсуіне бақылау (Алматы қаласы салық комитеті мысалында)
3. Тарау.
Жанама салықтардың кейбір мәселелері және оны жетілдіру жолдары........................................................................
Қорытынды ...................................................................................
68
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
71

Работа содержит 1 файл

Жанама салықтардың.doc

— 689.00 Кб (Скачать)
       Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының  сомасын түзету: 1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайданылмаған тауарлар бойынша;                                              

2)  негізгі құралдарды  қоса алғанда, тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда олар бойынша. 3) табиғи  монополиялар суъектісі нормативтен тыс шеккен  шығыстар бойынша; 4) осы белгіленген ережелер  сақталмаған жағдайда, есптен шығарылып тасталуға тиіс.

     Күмәнді  міндеттемелер бойынша  есепке  жатқызылған  қосылған құн салығының    сомасын түзету:

1. Тауарлар (жұмыстар, қызмет  көрсетулер) бойынша  күмәнді  міндеттеме соммасын  табысқа   енгізген  кезде  осындай тауарлар  (жұмыстар, қызмет көрсетулер)  бойынша  бұрын есепке  жатқызылған  қосылған құн салығының    соммасы,  ол  есепке  жатқызылған кезден  бастап  үш  жыл өткен соң,  есептен шығарылып тасталуы  тиіс.

Егер,  қосылған құн салығының    шығарып тасталғаннан  кейін ҚҚС төлеуші тауарлар (жұмыстар, қызметтер)  үшін  ақы төлеген жағдайда,  осы аталған тауарлар   бойынша салық соммасы сол ақы толенген  салық кезеңіндегі есепте  қалпына келтіруге тиіс.

2. Қосылған құн салығының      өнім беруші –төлеуші  банкрот  деп танылған  жағдайда ,  бұрын  есепке  жатқызылған  салық   сомаларын есептен шығарып тастау  банкрот деп танылған   қосылған құн салығын  өнім   беруші –төлеушіні  заңды тұлғалардың   мемлекеттік   тізілімінен алып  тастау  туралы  әділет  органдарының  шешімі  шығарылған  салық кезңінде  жүргізіледі.

     Салық   салынбайтын   өткізу  бойынша   айналымдар   болған  кезде есепке  жатқызу тәртібі       

Салық  салынбайтын айналымдар  мақсаттары   үшін  пайданылатын  тауарлар  ( жұмыстар ,  қызмет  көрсетулер )бойынша  өнім  берушіге  төленуге  тиіс  және   импорт   бойынша   салық  есепке  жатқызылмайды . 

Салық  салынатын   және  салық  салынбайтын   айналымдар  болған   кезде   салық   төлеушінің    таңдауы бойынша    барабарлық   немесе   бөлек  есептеу   әдісімен   анықталған   салық сомасы   есепке   жатқызылады. Есепке  жатқызылған  салық   сомасы   анықтаудың   таңдап   алынған   әдісі   салық жылы  ішінде   өзгертілмеуге   тиіс . Есепке  жатқызылмайтын    салық  салынатын  табысты  анықтау  кезінде   белгілеген  тәртіппен  шегерімге  жатқызылады .  

Барабарлық  әдіс кезінде есепке  жатқызылған  қосылған құн салығының   сомасы   барабарлық  әдіс   бойынша   салық салынатын   айналымның   жалпы   айналым   соммасындағы   үлес  салмағына  қарай   анықталады. 

Осы  мақсаттары  үшін  бағалы  қағаздармен жүргізілетін  операцияларды   жүзеге  асыру  кезінде   бағалы   қағаздарды  өткізу  кезінде  алынған  өсім   өткізу  бойынша   айналымға  құосылады.

Бөлек  есептеу  әдісі кезінде есепке  жатқызылған  қосылған құн салығының      сомасын анықтау кезінде төлеуші   алған,   салық салынатын және  салық салынбайтын    айналымдар  мақсаттары  үшін   падаланылатын тауарлар  бойынша шығыстар  мен ҚҚС сомалары  бойынша   бөлек   есеп  жүргізіледі.  Есепке  жатқызудың   барабарлық   әдісін   пайдаланатын   банктер  мен   банк  операцияларының    жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын   ұйымдардың   кепілдегі   мүлікті  (тауарды  алуға  және  өткізуге  байланысты   айналымдар   бойынша   салық сомаларын есепке  алу  бойынша   бөлек   есептеу әдісін  қолдануға   құқығы  бар .                      

Салық ставкасы 14% тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады. Өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады. Салық салынатын импорт бойынша салық ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 14 % тең болады.

Есепке жатқызылған  салық  сомасы салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайларда бюджетпен өзара  қатынас  

Есепке жатқызылған  салық сомасының салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасынан  асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылады.

Нөлдік ставка бойынша  салық салынатын айналымдар бойынша  аталған асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:

    • ҚҚС төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды  тұрақты өткізуді жүзеге асырып отырса;
    • қайтарып алуға өтініш берген айдың алдындағы тоқсан ішінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70% болса, ҚҚС төлеушіге белгіленген тәртіппен қайтарылады.
  • Айтылған шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома ҚҚС төлеушіге оның өткен салық кезеңдері үшін салық бойынша міндеттемелерін есепке ала отырып, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылады.
  • Қайтарылуға тиіс салық  сомасын анықтау кезінде салық төлеушінің ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсім түсірген тауарлардың экспорты есепке алынады. 
  • Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар салық төлеуші салық сомасын қайтару туралы салық органына өтініш жасамаса, онда асып кету сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінде салық бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылады.

Осы аталған жағдайлардан басқа мынадай жағдайларда:

  • грант қаражаттары есебінен алынатын тауарлар берушілерге төленген;
  • дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге ресми пайдалануға, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлеріне, олармен бірге тұратын отбасыларының мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар берушілерге төлеген ҚҚС 

    Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС қайтару

Нөлдік ставка бойынша  салық салынатын айналымдар бойынша  ҚҚС қайтару салық органы ҚҚС  төлеушінің уәкілетті мемлекеттік  орган белгілеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтінішін алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және салық кезеңі ішіндегі ҚҚС жөніндегі декларация; тауарлар экспортын растау үшін құжаттар; салық органы жүргізген салық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау негізінде жүргізіледі.

Салықты қайтару осы салықты төлеушінің басқа салықтар бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу; тауарлар импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу; қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. қосылған құн салығын қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына салықты қайтару оның басқа салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

Басқа салықтар бойынша  салық берешегі болған жағдайда, бюджеттен  қайтарылуға тиісті салық сомасы осы берешекті өтеуге жатқызылады.

Осы көрсетілген мерзім ішінде қосылған құн салығын төлеушінің берушілері қарсы салық тексеруін өткізу барысында анықталған бұзушылықтарды жоймаса, мұндай қосылған құн салығын төлеушілерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталмаған не бұзушылықтар жойылған сомалар шегінде жасалады.

Осыған сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған ҚҚС сомасы бұзылған қайтару мерзімінің әр бір күні үшін ҚР ҰБ белгілеген  қайта қаржыландыру ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

    Қайтаруға  ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын  растау үшін берушіге тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, мынадай жағдайларда:

1) бұл салық төлеушінің  ҚҚС қайтаруға өтініш беру  кезінің алдындағы он екі ай  кезеңі ішінде аталған салық  төлеушіге айына кемінде бір  рет тауарлар өткізуді жүзеге асырған өнім берушілерге, сондай –ақ электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін жеткізушілерге қарсытексеру жасалмайтыны;

2) ҚҚС бойынша миллион теңгеден астам сомаға көрсетіліп шот-фактура жазған берушілер міндетті тексеруге жататыны ескеріле отырып қабылданады.

Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар бойынша төленген ҚҚС  қайтару, грант қаражаттары есебінен алынатын тауарларды берушілерге төленген ҚҚС, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталса:

1) таурлар алынатын  грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері,  халықаралық  ұйымдар желісі бойынша берілсе;

2) тауарлар тек грант  мақсаттарын іске асыру үшін  ғана алынса;

3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету  грант алушымен не грант мақсаттарын  жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салық органдары отыз жұмыс күні ішінде қайтарады. 

2. Грант алушыларға  ҚҚС  қайтару көзделген тәртіппен,  ҚҚС гшрант қаражаттары есебінен  төленгенін  растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.

ҚҚС  грант қаражаттары  есебінен төленгенін растайтын құжаттардың  тізбесін уәкілетті мемлекеттік  орган белгілейді.

   ҚҚС   ҚР  тіркелген депломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге  қайтару халықаралық шарттарда мұндай қайтару көзделген жағдайда жүргізіледі.

2. ҚҚС сомаларын ҚР  тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізімдердің) және ҚҚС төленген фактосын растайтын құжаттардың (шот-факутралардың, чектердің және т.б) көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.

Уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда орындалып, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер тұтынуға салықтар (ҚҚС және акциз) бойынша жеңілдіктер беру кезінде өз ара түсіністік принципын сақтау жөніндегі ноталармен  алмасуды растау үшін  ҚР  сыртқы  істер министірлігіне табыс етеді расталғаннан кейін жиынтық ведомостар  уәкілетті мемлекеттік орган қайтару жүргізуді белгілейтін салық органына тапсыруға тиіс.

Егер  жиынтық ведомостарға (тізілімдерге) қоса тіркелетін құжаттарда ҚҚС  сомалары жеке жолмен бөлініп көрсетілмесе, салық бойынша қайтарымда алу құқығы тауарларды берушілерден олардың ҚҚС  шот-фактураға енгізуі  туралы растауы алынған кезде ғана мүмкін болады.

Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге салықты қайтаруды ҚР сыртқы істер министірлігінен жиынтық ведомостар     алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Бюджеттен қайтарылуға  тиіс салық сомаларын дипломатиялық  және оларға теңестірілген өкілдіктердің тиісті шотына аударылады.

      Акциз  салығын төлеушілер бұл ҚР  аумағында өндірілген және ҚР  аумағына импортталатын тауарларға  және ҚР салық заңдылығында  көрсетілген тауарлар тізбегіне  салынатын салық акциз салығы  болып аталады.

Акциз төлеушілері мыналар:

    • ҚР  аумағында акцизделетін тауарлар шығаратындар;
    • акцизделген тауарларды ҚР  кедендік аумағына импорттайтындар;
    • ҚР аумағында бензиннің (авияциялық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратындар;
    • ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай –ақ мүрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратындар;
    • ҚР аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілері болып табылады.
  • Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілері болып табылады.

       Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі:

    • спирттің барлық түрлері;
    • алкоголь өнімі;
    • темекі бұйымдары;
    • құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
    • бензин (авияциялық бензинді қоспағанда) дизель отыны;
    • жеңіл автомобильдер  (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
    • газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акцизделетін тауарлар болып табылады.

2. Қызметтің акцизделеттін  түрлері мыналар болып табылады:

    • ойын бизнесі;
    • лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.

     Акциз ставкаларын  ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада ( тұрлаулы ) белгіленеді .

Алкаголь өніміне акциздер ставкасы су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.

Спирттің барлық түрлеріне акциз  ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу  мақсаттарына қарай сараланады.

 Алкоголь өнімдерін өндіру  үшін өткізілетін спиртке акциз  ставкасы алкоголь өнімдерін  өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға  өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

Ойын бизнесі объектілеріне  акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін ҚР Үкіметі  бір жылға есептеп белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік –аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын  барлық салық төлеушілері үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді. 

Информация о работе Жанама салықтардың теориялық аспектлері