Жанама салықтардың теориялық аспектлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:07, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету барысында төмендегідей бағыттардағы сұрақтарды қарастыруды жөн көрдік:
- Жалпы жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны, қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектлері;
- Аталған салықтың Қазақстан Республикасы салық жүйесіне енгізіліуінің алғы шарттары;
- Жанама салықтардың салықтық заңдар шегіндегі қызмет ету механизмі;
- Республика бойынша жанама салықтардың бюджеттік түсімдердегі атқаратын ролі мен алатын орнына практикалық талдау;
- Зерттеу барысында туындаған салық салу мәселелеріне тоқталып және олар бойынша жетілдіру жолдарын қарастыру;

Содержание

Кіріспе..............................................................................................
1. Тарау.
Жанама салықтардың теориялық аспектлері.......................
1.1. Жанама салықтардың экономикалық мазмұны және атқаратын функциялары.................................................................
1.2. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың енгізілуінің алғы шарттары және дамуы............................................................
1.3. Жанама салықтардың қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі.......
22
2.Тарау. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың құрылу негізі және қызмет ету механизмі................................
2.1. Қазақстан Республикасындағы жанама салықтардың қызмет ету тәжірибесі..................................................................................
2.2. Жанама салықтардың бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орны және атқаратын рөлі...............
2.3. Жанама салықтардың бюджетке уақытылы және толықтай түсуіне бақылау (Алматы қаласы салық комитеті мысалында)
3. Тарау.
Жанама салықтардың кейбір мәселелері және оны жетілдіру жолдары........................................................................
Қорытынды ...................................................................................
68
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
71

Работа содержит 1 файл

Жанама салықтардың.doc

— 689.00 Кб (Скачать)

Өткізу бойынша айналымды анықтау  кезінде  салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай – ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі  көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген шамасын құрайды. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС салуға жататын тауарларды өткізуді жузеге асыратын немесе жүзеге жоспарлаған тұлға ҚҚС  бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады. Тұлға салық бойынша сол есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдын алғашқа күнінен бастап ҚҚС төлеушіге айналады.

Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы  бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған ҚҚС  бойынша есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.  Уәкілетті мемлекетік орган салық төлеушінің өтініші бойынша оның құрылымдылық бөлімшелерін қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде қарастыра алады. Құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығын дербес төлеушілер деп танылған ҚҚС төлеуші құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оалрды есепке қою туралы өтініш беруге(немесе өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма беруге) міндетті.

Тұлғаны қосылған құнға салық бойынша есептке қойған кезде, оның  есепке қойылған күндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда:

  • Тұлғаның атауы және оның деректемелері;
  • Салық төлеушіге берілетін салық төлеушінің тіркеу нөмері;
  • Тұлғаға  қосылған құн салығын төлеуші болған күні көрсетіледі.

       Егер  ҚҚС төлеушінің соңғы 12 айлық  кезеңдегі салық салынатын айналым  мөлшері салық салынатын ең  төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.

Салық салынатын импорт

ҚР- ның кеден заңдарына  сәйкес декларациялануға тиісті ҚР-ның  аумағына әкелетін немесе әкелінген  тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.      Салық салынатын айналым мөлшері    

 Трансферттік бағаларды қолдану  кезіндегі мемлекеттік бақылау  мәселелері бойынша ҚР-ның заңдарында  өзгеше көзделмесе, салық салынатын  айналым мөлшері, оған салық енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар(жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негізінде анықталады.

 Тауарлар тегін берілген кезде, сондай-ақ  салық салынатын айналым мөлшері, ҚҚС енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмау керек.

   Аталған тауарларды  өткізу күніне бухгалтерлік есепте  көрсетілген тауарлардың құны  осы тармақтың мақсаттары үшін  баланстық құн болып табылады. Кепіл беруші кепілдік мүлікті берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, осы мүлікті кепілге беруден алынған заем қаражатының сомасы негізге алына отырып анықталады. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері шарт талаптарымен көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып анықталады.

Үшінші тұлға үшін төлеуге байланысты қызметтер көрсетілген кезде  салық салынатын айналымның мөлшеріне  комиссиялық сыйақы қосылады.

 Салық салынатын  айналым мөлшеріне акцизделетін  тауарлар мен қызмет түрлері  бойынша акциз сомалары енгізіледі. Оларды сатып алған кезде ҚҚС бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен  бегіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:

  • қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған ұн салығының сомасы енгізілместен,   айналым күніне;
  • барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, оларға алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен ҚҚС сомасы енгізілместен,  айналым жасау күніне;
  • қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және оларға сыйақы мен ҚҚС сомасы енгізігместен, осы шарт бойынша өткізу жөніндегі айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде,  айналым жасау күніне белгіленеді.

     Өткізілген  тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны қандай да бір өзгеріске түскен жағжайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

   Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:

  • ішінара қайтарылған тауарлар;
  • мәміленің шарттары өзгерген,
  • өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін баға, өтем өзгерген;
  • өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;  
  • Өткізу жөніндегі айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағжайларда жүргізіледі.

      Салық салу айналымының мөлшерін түзету қосымша шот-фактураның немесе растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.      

    Күмәнді талаптар  бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету үшін, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленетін ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:

  • күмәнді талаптың туындауына байланысты ҚҚС ескерілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін үш жылдан соң;
  • банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттік тізімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде бюджетке жарна ретінде енгізілуге тиіс ҚҚС сомасын азайтуға құқығы бар.

      Салық  салынатын импорт мөлшері

Салық салынатын импорт мөлшеріне ҚР-ның кеден заңдарына  сәйекс белгіленетін импортталатын  тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ салықты қоспағанда, ҚР-на тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төлентін басқа да міндетті сомалары енгізіледі.

      Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар

       Тауарлар  экспорты. Тауарлар экспорты расталмаған жағдайда, аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға көрсетілген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.

      ҚҚС  босатылған айналымдар:

  • пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
  • акциздік алым маркаларын;
  • уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;
  • ҚР Ұлттық банкі өткізетін тауарлар (жұмыстар, қызметтерді );
  • адвокаттық қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;
  • ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беруді;
  • жарғылық капиталға жарналарды;
  • жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;
  • жерлеу бюроларының  әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерінің, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
  • оларды өткізу  жөніндегі қызмет  көрсетулерді қоспағанда, лотереяық билеттерді өткізу бойынша айналымды;
  • банк карталарымен операциялар бойынша есеп қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп қисаптарға қатысушылар  арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қантамасыз ету жөнінде  көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;
  • ҚР кеден аумағына «ҚР кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген  тауарларды ұқсату және жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
  • Халықаралық тасымалдау болып тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер , атап айтқанда : ҚР аумағынан экспортталатын, ҚР аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны тиеу, түсіру , қайта тиеу, жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер ; техникалық, аэроновигациялық, әуежай қызметін көрсету ; халықаралық тасымалдау рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша тңіз аймақтарында қызмет көрсету;
  • тұрғын үй қорын басқару, ұстау  мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету .

     Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

1. ҚҚС мынадай тауарлардың  импорты босатылады:

  • ұлттық валюта, шетел валютасы  (гумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;
  • жеке тұлғалардың ҚР Үкіметі бекіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;
  • акцизделетін тауарларды қоспағанда, ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;
  • акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша қайрымдылық мақсатында әкелінген тауарлар импорты, оның ішінде техникалық қызмет көрсету
  • шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік –техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және ҚР бекіткен  халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;
  • салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде ҚР кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті тауарлар импорты;
  • дәрі –дәрімектік заттардың, оның ішінде субстанция –дәрілер;
  • протездік –ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық техниканы қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдар; протздікортопедиялық  бұйымдарды және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрімек  және диабет заттарын өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы  бұйымдар импорты;
  • пошта маркаларынның (коллекциялық маркалардан басқа) импорты;
  • қағаз ақша белгілері өндірісі үшін ҚР  ҰБ  және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты 
  • мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерімен халықаралық ұйымдардың желісі  бойынша берілген гранттар  қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.
    Есепке  жатқызылатын  ҚҚС 

1.Егер тауарларды алушының  бюджет  жарнасына жатқызылуға  тиіс салық соммасын анықтау  кезінде, негізгі құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар  мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланатын болса, сондай-ақ, егер  мынадай шарттар орындалатын болса:

  • тауарларды алушы салық төлеуші болып табылса
  • тауар беруші ҚР аумағында өткізілген тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) шот-фактурасын немесе сәйкес берілетін басқа да құжат табыс еткен болса Егер тауар беруші  салықтың төлеушісі болып табылмаса, берілетін шот-фактура немесе басқа құжат «ҚҚС жоқ» белгісімен жазылады;
  • тауарлар импорты жағдайында - ҚҚС бюджетке төленген болса;
  • ҚҚС іс-жүзінде бюджетке енгізілген болса, олар үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

Лизинг берушінің қаржы лизингіне  беруге жататын мүлікті сатып  алуымен байланысты шығыстары салық  салынатын айналымның мақсаты үшін шеккен шығыстар ретінде қарастырылады.

  1. Мыналар:
    • ҚҚС бөліп көрсетілген шот-фактуралар бойынша өнім беруші төлеуге тиіс салық сомасы;
    • оларда қосылған құн салығымен бөліп көрсетіле отырып ұсынылған шот-фактуралар жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бірақ осы белгіленген ставкадан аспайтын салық сомасы;
    • жазылған шот-фактуралар бойынша төһлеуге жататын, лизинг берушінің айналым жасау күніне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспауға тиіс салық сомасы;
  • ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес ресімделіп, кедендік жүк декларациясында көрсетілген және белгіленген тәртіппен ҚР-ның бюджетіне төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жтпайтын салық сомасы;
    • ҚҚС төленгенін растайтын төлем құжатында көрсетілген салық сомасы;
    • темір жол немесе әуе көліктерінде берілетін жол жүру билеттерінде көрсетілген салық сомасы;
  • есеп айырысулары банктер арқылы жүргізілетін коммуналдық қызметтер көрсетуші қолдапнылатын құжаттарда көрсетілген салық сомасы;
  • ҚҚС бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тізімдемеде көрсетілген салық сомасы ;
  • тауарды ( жұмыстарды ,қызмет көрсетулерді ) қолма-қол  есеп   айырысу арқөылы сатып алған  жағдайда , бақылау –касса машинасының  чегінде  көрсетілген салық сомасы осы  есепке жатқызылған  ҚҚС  сомасы болып табылады.

 Халықаралық шартқа  сәйкес оларға қатысты тауарлардың   экспорты мен импортына салық салудың өзгеше тәртібі қолданылатын , Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды берушілерге төленуге тиіс ҚҚС Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке жатқызылыды.

ҚҚС сәйкес төленген жағдайда, төленген салық бюджетке салық нақты енгізілген салық кезеңінде есепке жатқызылады.

Егер  шот –фактураның  жазбасында  көрсетілген тауарларды өткізу бойынша  айналым жасау  күнінен кейін  жүзеге асырылса,  ҚҚС  шот-фактура жазу күнінің  сол салық кезеңінде есепке  жатқызылады.

   Есепке жатқызылмайтын ҚҚС егер:

    • ҚҚС төлеушінің  кәсіпкерлік  қызметіне  жатпайтын шаралар  өткізумен байланысты  тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді);  
    • қонақүй  ретінде  пайданылатын  ғимараттарды  қоспағанда, тұрғын үй  қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бір бөлігін);
    • негізгі құралдар  ретінде  сатып алынға жеңіл автомобильдерді;
  • жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға беруші өтеген және жөндеуді жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарлар мен қызметтерді;     
    • өтеусіз алынған мүлікті (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді),  осындай мүлік  Қазақстан  Республикасынан  тыс жерлерден әкелінген және осы мүлікті алушы импорт кезінде  салықты төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиіс болса,  есепке жатқызылмайды.

Информация о работе Жанама салықтардың теориялық аспектлері