Жанама салықтардың теориялық аспектлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:07, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету барысында төмендегідей бағыттардағы сұрақтарды қарастыруды жөн көрдік:
- Жалпы жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны, қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектлері;
- Аталған салықтың Қазақстан Республикасы салық жүйесіне енгізіліуінің алғы шарттары;
- Жанама салықтардың салықтық заңдар шегіндегі қызмет ету механизмі;
- Республика бойынша жанама салықтардың бюджеттік түсімдердегі атқаратын ролі мен алатын орнына практикалық талдау;
- Зерттеу барысында туындаған салық салу мәселелеріне тоқталып және олар бойынша жетілдіру жолдарын қарастыру;

Содержание

Кіріспе..............................................................................................
1. Тарау.
Жанама салықтардың теориялық аспектлері.......................
1.1. Жанама салықтардың экономикалық мазмұны және атқаратын функциялары.................................................................
1.2. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың енгізілуінің алғы шарттары және дамуы............................................................
1.3. Жанама салықтардың қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі.......
22
2.Тарау. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың құрылу негізі және қызмет ету механизмі................................
2.1. Қазақстан Республикасындағы жанама салықтардың қызмет ету тәжірибесі..................................................................................
2.2. Жанама салықтардың бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орны және атқаратын рөлі...............
2.3. Жанама салықтардың бюджетке уақытылы және толықтай түсуіне бақылау (Алматы қаласы салық комитеті мысалында)
3. Тарау.
Жанама салықтардың кейбір мәселелері және оны жетілдіру жолдары........................................................................
Қорытынды ...................................................................................
68
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
71

Работа содержит 1 файл

Жанама салықтардың.doc

— 689.00 Кб (Скачать)

     Қазіргі  кезде бюджет  кірісіне  түсетін  ақша қаражаттарының болжамдары, ең  негізгі  сұрақтардың бірі болып табылады. Барлық деңгейдегі қаржы органдары, маслихаттар, әкімшіліктер қатысу арқылы болжамды құрайды және жыл сайын  болжам жоғарлап барады. Осыған байланысты біз «салық органдарының болжам деректерінің анықтауына қатыспайтындығын  және түсіндірілмеген болжамның орындалуына жауапты» осы пікірмен келісеміз.

      Ең  бірінші   айта кететін жағдай, фискалды  органдардың жұмысы мемлекеттік   қазына  түсімін  жоғарлатуға  бағытталған, ал  өз  кезегінде   көп  шығынды  қажет етеді.

    1-кестедегі    деректерге  сәйкес бюджеттің  негізгі  табыс көздері   болып тутынуға салынатын салықтар  табылады, яғни  ҚҚС   пен акциз кейін корпоративтік табыс салығынан кейінгі орында және жалпы түсімнің 21,0 пайызын құрайды. Талдау  жасалған кезеңдердің нәтижесі бойынша 2003-2006  жылдары жанама салықтардың түсу қарқыны салыстырмалы түрде жоғарылап отыр, бірақ жалпы түсімдегі үлесінің соңғы екі жылда төмендегенін де байқауға болады.

 

Кесте 2

ҚР мемлекеттік бюджетінің жалпы табыстарындағы салықтық түсімінің құрылымы *

                                                                                                                  (млн.теңге)

Кіріс

түрлері

2003

2004

2005

2006

млн.

теңге

үлес  салмағы

%

млн.

теңге

үлес  салмағы

%

млн.

теңге

үлес  салмағы

%

млн.

теңге

үлес  салмағы

%

Мемлекет-тің жалпы түсімі

821153

100

1022256

100

1305124

100

2261614

100

Корп.

табыс салығы

207354

25,2

272632

26,6

382814

29,3

 

834332

 

36,8

Жеке табыс салығы

77381

9,4

93281

9,1

98535

7,54

122999

5,4

әлеуметтік салық

133852

16,3

157676

15,4

167995

12,87

197300

8,7

ҚҚС

175893

21,4

231338

22,6

242955

18,61

343926

15,2

Акциз

25443

3,1

26986

2,6

29913

2,3

33416

1,4

Салықтық  емес түсім

47574

5,7

44813

4,4

81500

6,2

53086

2,3


*ҚР ҚМ Статистикалық бюллетені №12 . желтоқсан.-2003-2006жж.

  

     Ал енді жанама салықтардың  мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін    құрудағы  атқаратын рөлін жан - жақты  қарастыратын болсақ, онда жыл сайынғы мемлекеттік бюджет  табыстарында  ҚҚС  мен акциз өсу тенденциясына ие.

 

Кесте 3            

Мемлекет  бюджетіндегі  ҚҚС  мен  акциздердің  атқарылуы.

2001-2006 жылдар  аралығында* 

                                                                                                               (млн.теңге)

Жалпы жанама салықтар, оның ішінде  

2003

2004

2005

2006

ҚҚС

175893

231338

242955

343926

Акциз

25443

26986

29913

33416


*ҚР ҚМ Статистикалық  бюллетені.2003 -2006жж. .№ 12 . желтоқсан

 

 

Жоғарыдағы  2- кесте мен 1- суретте көрсетілген талдау деректері бойынша 2003 жылдан бастап ҚҚС мен акциздер түсімдерінің өсуі байқалады. 2003 ж. ҚҚС бойынша республика бюджетіне 175893 млн. теңге түсті, ал акциздер бойынша 25443 млн.теңге құрады. Акциз түсімдерінің жалпы соммасының 40% бензин (авиа бензинді қоспағанда) және дизел отынын өткізуі құрайды. Ол 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салықтар және басқа да бюджетке төленетін төлемдер» туралы заңға сәйкес акциз төлеушілері болып бензин (авиа бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар қосылды.   

 

Сурет 1. Қосылған құнға салынатын салық пен акциздің бюджетке түсу қарқыны

ҚР ҚМ Статистикалық  бюллетені.2003 -2006жж. .№ 12 . желтоқсан

 

      Осы  жаңа енгізу бюджет табысының жоғарлауына  бензин (авиа бензинді қоспағанда) және дизель отынын өндіру және өткізу процессіндегі барлық

қатысушылар арасында акцизді  төлеу жауапкершілігін бөлуіне  өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар  мұнай өнімінің жасырын жолмен  өткізілуіне жол берілмейді, өйткені әр жанармай құю станциясында тіркейтін есепшоттар орнатылған  және станция арқылы ғана бюджетке акциз аударылады. Ал 2003 жылы ҚҚС бойынша 175893 млн. теңге түсті, ал  акциз бойынша жалпы түсім 25443 млн.теңгені құрады. Оның өсу себебі 2002  жылдың  1  қаңтарында «Салықтар және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдер» туралы  заңның нәтижесі  деп есептейміз. Ал, 2006  жылы  ҚҚС 343926 млн. тг. құрайтын болса,  2005 жылы түсім 242955 млн.теңгені құрап отыр, 2004 жылы 231338 млн. теңгені құрады, ол 2003 жылғы түсіммен  салыстырғанда 71425 млн.теңге және 15980 млн. теңге жоғары болып отыр. Акциздер  бойынша жалпы түсімдердің жоғарлағанын  2 кестеден және  1 суреттен көріп отырғандай өсу тенденциясы байқалып отыр . 2003 жылы акциз түсімі 26986 млн.теңге 2003 жылғы түсім 25443 млн. теңгені құрады, оны 2002  жылдың  салыстыратын  болсақ 5156 млн.теңге және 3613 млн. теңгеге өскенін байқап отырмыз, ал  2001  жылғы түсіммен салыстырсақ 7701 млн.теңгеге  өскен. Акциздер  республикалық  бюджет табыстарын құруда жыл сайынғы  жоғарлау тенденциясына ие  және сол арқылы  мемлекеттің бюджеттік дефицитінің минималды  болуын қамтамасыз етеді. Жанама салықтарға үнемі салықтық түсімдердің жоғарылап отыруы тән, өйткені жаңадан акцизделетін тауар енгізілген сайын салық салу базасы кеңейе түседі.         

     Ал, енді  жанама салықтардың  ҚР  бюджетінің табыстарындағы   үлес  салмағын  қарастыратын болсақ, оны жалпылама төмендегі кестеден көре аламыз(4-кесте).

 

Кесте 4

Жанама  cалықтардың  ҚР  бюджетінің табыстарындағы   үлес  салмағы   2000-2005 жылдар  аралығында*

                                                                                                                (млн.теңге)

 

2003

2004

2005

2006

ҚР бюджетінің жалпы түсімі

 

821153

 

1022256

 

1305124

 

2261614

Жанама 

салықтардың түсімі (оның ішінде ҚҚС және акциз)

 

201336

 

258324

 

272868

 

430428

үлес салмағы %

24,5

25,2

21,0

18,9


*ҚР ҚМ Статистикалық  бюллетені.2003 -2006жж. .№ 12 . желтоқсан

 

Жанама салықтардың   ҚР  салықтық түсімдерін  құрудағы үлес салмағын анықтап көретін болсақ, оны келесі суреттен байқауға болады.

 

Сурет 2. 2006 жылдағы жанама салықтардың жалпы түсімдегі үлесі.

*ҚР ҚМ Статистикалық  бюллетені. 2006ж. .№ 12 . желтоқсан

 

 

Жоғарыдағы кестелердегі және суреттердегі  деректерден көріп отырғандай  жанама салықтардың  ҚР салықтық  түсімдеріндегі үлес салмағы  2003  жылы  24,5 %  құрады, ал  2004 жылы  бұл көрсеткіш 25,2 %   өсіп отырғанын көріп отырмыз, яғни  2003 жылмен салыстырғанда 0,7 %   жоғарлады. Ал  2005  жылы жанама салықтардың үлесі  21,0 %  болды, ол 2003 жылмен  салыстырғанда  3,4%   төмендегенін  көріп отырмыз, ал  2006  жылы  18,9% болды, 2005 жылмен салыстырғанда  1,9 % төмендегенін байқауға болады. Бұл, біріншіден аталған салық бойынша салық ставкасының төмендеуімен, екіншіден жалпы бюджет түсімі деңгейінің көтерілуімен түсіндіріледі.

     Ал, енді  жергілікті деңгейдегі жанама салықтардың жағдайын қарастыратын болсақ, онда, Қарасай   ауданы бойынша түсетін табыстарды құрудағы  тұтынуға салынатын  салықтардың   рөлін   қарастырайық. Жанама салықтар  бойынша жылдан  жылға   өсу   тенденциясы  байқалып отыр. 

 

Кесте 5    

Қарасай ауданының  табыстарын құрудағы  жанама салықтардың үлес салмағы  2003-2005 жылдар аралығында *

                                                                                                             (мың.теңге)

 

2003ж

2004ж

2005ж

Қарасай ауданы бойынша бюджеттің жалпы кірісі

1547381,4

2202617,3

27299958,5

Тұтынуға салынатын

  салықтар

292159,3

579430,1

573796,5

үлес  салмағы  %

18,8

26,3

20,9


*Қарасай ауданы бойынша Салық Комитетінің  1-Н  есебінің деректері бойынша

 

 

Ал,  келесі  кезекте әр  салықтың    үлес  салмағын   жеке-жеке  қарастыратын болсақ, онда Қарасай ауданы бюджетінің кірісінде қосылған құнға салынатын салықтың үлесі 16-20 пайыздың аралығын құрайды екен. Мұнда да, мемлекеттік бюджетке ұқсастық табуға болады, жыл өткен сайын тұтынуға, оның ішінде қосылған құнға салынатын салықтың салықтардың үлесі төмендеп келеді.

 

Кесте 6

Қарасай   ауданының  бюджет түсіміндегі ҚҚС үлес салмағы

2003-2005 жылдар аралығында*

 

 

2002

2003

2004

Қарасай ауданының бюджет кірісі

154738,4

2202617,3

27299958,5

ҚҚС

194693,5

460368,8

449092

үлес  салмағы   %

12,6

20,9

16,4


*Қарасай  ауданы бойынша Салық Комитетінің 1-Н есебінің деректері бойынша .

 

Қарасай ауданы бойынша тұтынуға салынатын салықтық түсімдердің көпшілігі жалпы  республикадағы сияқты, өндірістік кәсіпорындардың айналымдарынан емес, керісінше сатып – алу сатумен немесе коммерциялық қызметпен айналысатын кәсіпорындардан түсетін түсімдерден құралады.

Акциз түсімдерінің қосылған құн салығымен салыстырғанда  төмен болуы және соңғы кездегі  оның түсімдерінің төмендеуі кейінгі жылдары енгізілген өзгерістерге байланысты болып келеді: біріншіден, салық ставкаларының салыстырмал түрде төмендеуінен, екіншіден, 2003 жылдыњ 29 қарашасында енгізілген өзгеріс бойынша акциздік тауарлар құрамынан қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдар алынып тасталынды, үшіншіден, 2004 жылы 13 желтоқсанда енгізілген салық зањнамасына енгізілген өзгеріске сәйкес қызыл балық уылдырығына салынатын және газ және дәрімен атылатын қаруға салынатын акциз алынып тасталынды. Бұл өзгерістердің бәрі аталған салық сомасының  толықтай түсуіне өзінің кері әсерін тигізбей қойған жоқ. 

 

2003 жылы

 

2004 жылы

2005 жылы

Сурет 3. Қарасай  ауданы бойынша түсетін ҚҚС-ның  бюджет кірісіндегі үлесі, (%) есебімен.

*Қарасай ауданы бойынша Салық Комитетінің 1-Н есебінің деректері бойынша .

 

 

Осы 5 кестедегі деректерді  көріп отырғандай  Қарасай ауданының түсімдеріндегі  жанама салықтардың сандық жағынан түсім  мөлшері 2004 жылды қоса алғанда өсу тенденциясына ие болып отыр. 2003 жылы  жанама салықтардың үлесі 18,8 % құраған, ал  2004 жылы  бұл көрсеткіш 26,3 % жоғарлап отырғанын көріп отырмыз, яғни 2002 жылғы үлесімен  салыстыратын болсақ 7,5 % өсуін көреміз. Ал 2005 жылғы үлес салмағы 20,9 % құрады, ол 2004 жылғы көрсеткіштен  5,4  % төмендеп кетті, ал 2003 жылғы көрсеткіштен 2,1 % жоғары болды. 2005 жылғы үлесінің  мөлшері 2004 жылғыдан төмен болу себебі, ол  бірнеше  ірі кәсіпорындар өз қызметін осы 2005  жылы  уақытша тоқтатуына байланысты болды.

      Ал  6 кестедегі және  3- суреттегі деректерге  қарайтын болсақ, онда  Қарасай  ауданының  табыстарын  құрудағы  ҚҚС   үлес салмағы  2002 жылы  12,6 %  болды, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 20,9 % құрады, яғни 2002 жылмен салыстыратын болсақ    8,3 % жоғарлап отыр. Ал   2004 жылғы үлес салмағының мөлшері 16,4 %  құрады, ол 2003 жылғы көрсеткіштен   4,5%  төмендегенін көреміз, ал 2002 жылғы үлесінен  3,8%   жоғары болып табылады.

          Ал акциздердің жағдайы  келесідей  қалыптасып отыр. Қарасай ауданы бюджетінің кіріс көзін құрудағы акциздердің үлес салмағын қарастырайық.

 

Кесте 7

Қарасай ауданының табыстарын құрудағы акциздердің  үлес салмағы

2003-2005 жылдар аралығында*

                                                                                                                       (мың.теңге)

 

2003

2004

2005

Қарасай ауданының табысы

1547381,4

2202617,3

27299958,5

Акциз

97465,8

119061,3

124704,5

үлес салмағы  %

6,2

5,4

4,5


*Қарасай ауданы бойынша  Салық Комитетінің 1-Н  есебінің  деректері бойынша .

 

Сурет 4. 2005 жылғы Қарасай ауданының табыстарын құрудағы акциздердің үлес салмағы*

Информация о работе Жанама салықтардың теориялық аспектлері