Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:07, дипломная работа
Аталған мақсатқа жету барысында төмендегідей бағыттардағы сұрақтарды қарастыруды жөн көрдік:
- Жалпы жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны, қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектлері;
- Аталған салықтың Қазақстан Республикасы салық жүйесіне енгізіліуінің алғы шарттары;
- Жанама салықтардың салықтық заңдар шегіндегі қызмет ету механизмі;
- Республика бойынша жанама салықтардың бюджеттік түсімдердегі атқаратын ролі мен алатын орнына практикалық талдау;
- Зерттеу барысында туындаған салық салу мәселелеріне тоқталып және олар бойынша жетілдіру жолдарын қарастыру;
Кіріспе..............................................................................................
1. Тарау.
Жанама салықтардың теориялық аспектлері.......................
1.1. Жанама салықтардың экономикалық мазмұны және атқаратын функциялары.................................................................
1.2. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың енгізілуінің алғы шарттары және дамуы............................................................
1.3. Жанама салықтардың қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі.......
22
2.Тарау. Қазақстан Республикасында жанама салықтардың құрылу негізі және қызмет ету механизмі................................
2.1. Қазақстан Республикасындағы жанама салықтардың қызмет ету тәжірибесі..................................................................................
2.2. Жанама салықтардың бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орны және атқаратын рөлі...............
2.3. Жанама салықтардың бюджетке уақытылы және толықтай түсуіне бақылау (Алматы қаласы салық комитеті мысалында)
3. Тарау.
Жанама салықтардың кейбір мәселелері және оны жетілдіру жолдары........................................................................
Қорытынды ...................................................................................
68
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
71
Кіріспе....................... |
3 | |
1. Тарау. |
Жанама салықтардың
теориялық аспектлері.................... |
6 |
1.1. |
Жанама салықтардың экономикалық
мазмұны және атқаратын функциялары................... |
6 |
1.2. |
Қазақстан Республикасында жанама салықтардың
енгізілуінің алғы шарттары және дамуы......................... |
15 |
1.3. |
Жанама салықтардың қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі....... |
22 |
2.Тарау. |
Қазақстан Республикасында жанама
салықтардың құрылу негізі және қызмет
ету механизмі..................... |
34 |
2.1. |
Қазақстан
Республикасындағы жанама салықтардың
қызмет ету тәжірибесі.................... |
34 |
2.2. |
Жанама салықтардың бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орны және атқаратын рөлі............... |
48 |
2.3. |
Жанама салықтардың бюджетке уақытылы және толықтай түсуіне бақылау (Алматы қаласы салық комитеті мысалында) |
|
3. Тарау. |
Жанама салықтардың
кейбір мәселелері және оны жетілдіру
жолдары....................... |
59 |
|
Қорытынды .............................. |
68 |
|
Пайдаланылған
әдебиеттер.................... |
71 |
Кіріспе
Жалпы салық салудың пайда болуы ең алдымен өзінің шығындарын қаржыландыру үшін фискалды механизмдерді ойластырып, пайдаланып отырған мемлекет пен мемлекеттік аппараттың қалыптасуымен тікелей байланысты. Бірақ, салықтар ең алдымен қаржылық-экономикалық категория болып табылады.
Мемлекет қанша жыл өмір сүріп келе жатса, салықтар да соншалықты уақыт мемлекетпен бірге жасасып келеді. Мемлекет үшін салықтарды бекіту мен оларды жинау - өмір қажеттілігі, өйткені мемлекеттің қаражатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан, салық салу проблемасы қоғамдық өндірісті жүргізудің әлемдік тәжірибесіндегі негізгі де маңызды, күрделі де қарама қайшылыққа тола мәселелердің бірі болып отыр.
Салық жүйесі шығын немесе табыс сияқты белгілі бір салық объектісіне байланысты, соларға негізделіп құрылады. Өнеркәсібі жан-жақты дамыған, мықты нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттер үшін салық салу объектісі ретінде артықшылықтары басым табысқа салық салу тән.
Ал, нарықтық экономиканың өтпелі кезеңдерін басынан кешіріп отырған, соған сәйкес ұйымдық-экономикалық мүмкіндігі төмен және осыдан туындайтын, экономиканың депрессивті жағдайындағы, инфляциялық процесстердің белең алуы жағдайында, салықтық базасының ауқымы тар Қазақстан сияқты елдер салық салу объектісі ретінде көбінесе шығындарды қолданып отыр. Егер, бірінші жағдайда тікелей салықтар белсенді түрде қолданылатын болса, екінші жағдайда жанама салықтар қолданылады.
Осылайша, жанама салықтар Қазақстанның бюджет жүйесінің негізгі кіріс көздерінің бірі болып табылады, өйткені, капиталдың ұйымдық құрылымы төмен, коммерциялық сферасы тез дамып отырған біздің экономикамыз үшін үздіксіз экономикалық дамуға мүмкіндік бере отырып, жанама салықтар бюджет үшін ең жақсы қаржылық нәтижелер береді.
Жанама салықтар, оның ішінде – қосылған құн салығы мен акциздер, олардың қызмет ету механизмі түрлі пікір таластар мен қызу әңгімелер тудыра отырып Қазақстанда өмір сүріп, қызмет атқаратын барлық қауымды бей-жай қалдыра алмайды.
Жанама салықтар Батыстың нарықтық экономикасы дамыған елдерде жемісті түрде қолданылып отырғаныдығына сүйенетін болсақ, онда олардың қайта өндіруді дағдарысқа әкелетін және әлсіз өндіріс түрлерін рыныктан ығыстыруға мүмкіндік беретін, өндірісті тежейтін бірден бір элемент ретінде табылатынын ұмытпауымыз қажет. Ал, біздің елімізде 1992 жылы ҚҚС енгізілгенде мұндай сұрақ туындады ма? Әрине, жоқ. Мұндай мақсат, бүгінгі күні де, одан он жылдан астам уақыт өткенде де қойылып отырған жоқ.
Осылайша, біздің республикадағы көпке таралған, жалпы салықтардың бірі, жанама салықтарды салу Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да, біздің ойымызша жанама салықтарды салу өзекті де негізгі мәселелердің бірі болмақ.
Салық жүйесі- нарықтық қатынастардың маңызды элементтерінің бірі, одан елдегі экономикалық қайта құрушылықтардың басым бөлігі байланысты болып келеді. Біздің елемізде, көптеген жылдар бойына салықтарға деген, оның ішінде жанама салықтарға деген жағымсыз көзқарастар қалыптасып келді. Сондықтан, аталған салыққа қатысты кез келген шешім мүмкіндігінше әлеуметтік және саяси салдарларды естен шығармауы тиіс.
Қазақстан Республикасында
нарықтық қатынастардың дамуы
түрлі меншік нысандарының
Барлық қаржылық саясат сияқты, басқарудың әміршіл - әкімшіл жүйесі кезінде айналымға салынатын салықтар реттеушілік сипатқа ие болған емес. Айналымға салынатын салықты қолдану базалық салаларды тежей отырып, тұтыну заттары бойынша өндірісі дамыған аумақтарға артықшылық беру арқылы, табыстардың аймақтар бойынша біркелкі түсуіне мүмкіндік жасамады.
Осылайша, айналымға салынатын салықтар аймақтар арасында қарама – қайшылықтар туғызып, аумақтық еркінділікке шектеу қойды.
Сондықтан, Қазақстанда қосылған құн салығы сияқты негізгі тұтынуға салынатын салықтың бірін енгізу объективті түрде мәжбүр болған қажеттілік, уақыт талабы. Сондай-ақ, бұл мелекеттің фискалды мүддесін сипаттайтын жанама салықтар жүйесін құру болып табылады. Бірақ, жанама салықтарды тиімді түрде қолдану арқала бағаның қалыптасуы мен тұтыну құрылымына прозитивті түрде әсер етуге болады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық төлеушілердің табысына тікелей салық салғаннан да, олардың шығындарына салық салу тиімдірек болып келеді екен.
Сөйтіп, мемлекет жанама салықтарды салық жүйесіне енгізу арқылы келесі мақсаттарға жетуды көздейді:
Жоғарыда атап өткеніміздей, жанама салықтарға фискалды қасиет тән болып келеді, сондықтан мемлекет аталған салықтарды салық жүйесіне енгізе отырып, мемлекеттік бюджетті сенімді де тұрақты табыс көзімен қамтамысыз етуді көздеген болатын. Сонымен қатар, жанама салықтарға тән нәрсе, олардың салықтық тәртіптің өздігінен реттеліп отыруы және өндірістік шығындардың автоматты түрде салықтан босап отыратындығында.
Бірақ, аталған салықтың экономикалық бейтараптылығын Қазақстанда жүзеге асыру мүмкін болмай отыр, сондықтан да кәсіпкерлер мен шаруашылық жүргізуші субъектлердің тарапынан салық төңірегінде түрлі пікіталастар туындатып отыр.
Оптимальды түрде салық салу кез келген мемлекет пен кез келген салық төлеушінің өзекті де өмірлік мәселесі болып келеді, сондықтан Қазақстан Республикасының салық жүйесінде үлкен роль атқаратын жанама салықтар да бұл мәселеден қалыс қалмаса керек.
«Қазақстанның салық жүйесіндегі жанама салықтар: құру негіздері, жұмыс істеу механизмі және жетілдіру проблемалары» тақырыбындағы диплом жұмысының мақсаты - мемлекеттің салық жүйесінің маңызды бөлігінің бірі ретіндегі жанама салықтардың қызмет ету тиімділігіне баға беру және жетілдіру мәселелерін қарастыру.
Аталған мақсатқа жету барысында төмендегідей бағыттардағы сұрақтарды қарастыруды жөн көрдік:
Жұмысты жазу барысында заңдық нормативтік актлер және отандық және шет елдік экономист – ғалымдардың оқу құралдары, оқулықтары және монографиялары мен мақалалары қолданылды.
1.Тарау. Жанама салықтардың теориялық аспектлері салықтардың теориялық аспектлері
1.1 Жанама салықтардың экономикалық мазмұны және атқаратын функциялары
Салықтардың тарихы мыңдаған жылдар болып табылады. Олар бұрыннан бері белгілі адамдар цивилизациясынан бастап басталады. Олардың пайда болуы қоғамдық қажеттілікпен байланысты.
Ең бірінші рет
салықтар натуралды формада
Жанама салықтардың даму тарихы ежелгі жанама алымдардан басталады, осы салықты саудагерлер мен купецтерден порттарға кірген кезде және қала есігінде, базарға кірген кезде әкелінген тауарларына және қызметтерінен, сауда келісім шарттары мен тауар айырбас болған кезде өндіріліп алынып отырды. Тікелей салықтармен салыстырғанда жанама салықтар ең басынан привилегированный алым болып табылды және төлеушісі болып ақшалы сатып алушы мен тұтынушы болып табылды.
Ежелгі әлемде
салық салуға қарама-
Рим империясында, Афинада соғыс жоқ кезде салықтар болмаған, сондықтанда олардың енгізілуі мен өндіріп алу себептері соғыс басталу кезеңдеріне байланысты.
Рим
империясында салықтар
Сенат « наместник» қызмет бабын артық пайдаланатынын білген және бірнеше рет заң жүзінде оларға шектеу жасады. Бірақта заңсыз алынған ақшаны қайтару өте қиын болды, өйткені арызданушы судья және соталушы сенаторлар мен жоғарғы қоғам адамдары болып табылды.
Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Рим мемлекетінде экономикалық дағдарыс болды. Өте күрделі жағдай туындады және тек қажетті салық реформасы арқылы ғана шешілуі мүмкін болды. Император Август өз қолындағы үлкен биліктің көмегімен өз алдында қойған салық реформасын қайта құруды мақсат етті. Барлық провинцияларда қаржылық мекеме түрінде ерекше «фиск» филиалдар құрылды. Осылардың міндеттері салық сомасын есептеуін және өндіріп алуды қадағалау болып табылды. Бірақ, «откупщиктермен» салықты өндіріп алу практикасы толығымен ауыстырылған жоқ. Қаржы басқармаларында аз ғана адамдар жұмыс істеді. Сондықтан, мемлекет «опкупщиктердің» қызметіне амалсыз көнуге тура келді, бірақ оларға қатаң бақылау жүргізіп отырды.
Император Август провинцияның салықтық мүмкіншілігін алдын-ала зертеп, салық ауыртпашылығын дұрыс бөлу арқылы салықтан көп қайтарымдылықты күтті. Азаматтардың мүлкін есептеу арқылы салық салу көлемін анықтады . Әр тұрғынға община басшыларына декларация тапсыру қажет болды .
Провинцияның қаржылық басқармасын басқаратын сенімді тұлғасымен «наместник» тығыз қарым-қтынаста болуы қажет болды .