Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа

Описание работы

Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып

Работа содержит 1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғаларға салық салу. (салыстыру)

2.8-кесте

«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да                                                                                                                                                                       міндетті төлемдер туралы»

Заң (қысқартылған салықтық режим).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Жоғарыдағы кестелер салық заңдылығында енгізілген өзгерістерді айқын бейнелейді. Салық Кодексімен қарастырылған АСР-дің басты ерекшелігі – салықты есептеу мен төлеу тәртібінің оңайлатылуы және шағын бизнес субъектілерін анықтаудың қарапайымдылығы. Сонымен қатар, шығындар есебін жүргізудің қажетсіздігі осы режимнің тағы бір артықшылығы болып табылады.

Енді, қарастырылып отырған «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларация негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібімен нақтырақ танысайық. Ол үшін, ең алдымен «Нил» ЖШС-нің шағын бизнес субъектісі ретіндегі статусын айқындайтын мәліметтерді қарастыру керек:

І-ден, «Нил» ЖШС-нің жұмысшылар саны 14 адам, яғни 15-тен аспайды .

ІІ-ден, қызмет түрі толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне АСР-ді қолдануға рұқсат етілетін лицензияланатын қызмет.

ІІІ-денғ тоқсандық табысы  4,5 млн. тг-ден аспайды.

Осы аталған мәліметтер негізінде «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларацияны пайдалану құқығына ие болады.  

«Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларацияны пайдалану тәртібін кәсіпкердің 2009 жылдың есепті үшінші тоқсаны бойынша бюджетпен есеп айырысуы негізінде қарастырайық:

2.9-кесте

2009 жылдың ІІІ тоқсандағы «Нил» ЖШС-нің жалпы табысы

 

2009 жыл

Тоқсандық табыстың І бөлігі (теңге)

Тоқсандық табыстың ІІ бөлігі (теңге)

Жалпы тоқсандық табыс

ІІІ тоқсан

1 200 000

(10 000*120 адам)

600 000

(10 000*60 адам)

1 800 000


 

 

                            Сонымен, «Нил» ЖШС-нің тоқсандық табысы  - 1 800 000 тг. Қысқартылған декларация шеңберінде анықталған табысқа шкала бойынша салық ставкасы қолданады. Сондықтан:

-         алғашқы 1 500 000 тг-ден – 60 000 тг. (1,5 млн*4%= 60 000)

-         1,5 млн-нан асқан соманың 7%-ы + 60 000 тг. = (300 000*7%) + 60 000 = 21 + 60 000 = 71 000 тг.

Есептелген салық сомасы – 71 000 тг.

Өзіміз білетіндей, АСР-де есеп жүргізетін салық төлеушілер үшін жұмысшылардың орташа санына байланысты салық ауыртпалығын төмендету бойынша 1,5%-ы жеңілдіктер әрекет етеді. Сондықтан «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларация бойынша есептелген салық сомасына келесідей шегерім жасалады:

71 000 тг. * 4 адам * 1,5%  4260 тг.

Осыған орай бюджетке төленетін салық сомасы:

71 000 тг. – 4260 тг. = 66 740 тг., бұл табыстың 3,7%-н құрайды. Осы анықталған сома бюджетке жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде тең бөлікте төленеді, яғни

33 370 тг. жеке табыс салығы,

33 370 тг. әлеуметтік салық түрінде.

 

 

 

 

 

 

 

3 «Нил» ЖШС-нің  салық салу тәртібі және оларды  жетілдіру жолдары

3.1. «Нил» ЖШС-нде қысқартылған декларацияға жатпайтын қызметтері бойынша бюджетпен есеп айырысу тәртібі

 

          Қазақстанда шағын  және орта бизнестің дамуына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының  «Салықтар және бюджетке төленуге тиісті басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде шағын және орта  кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу процедурасын оңайлатуға бағытталған біршама шаралар қарастырылған.

              Жекелеген салықтарды төлеу мен есептеудің ерекше тәртібін қолдану және олар бойынша салық есептілігін жүргізуге қатысты Салық Кодексінің негізгі ережелер 15 «Арнаулы салық режимдері» бөлімінің 63 «Жалпы ережелер» және 64 «Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі» тармақтарында біріктірілген.

              Сонымен қатар, бұл бөлімде арнаулы салық режиміді қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері – заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салық, ал жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша оңайлатылған қарастырылған.

              Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін  белгіленетін және жекелеген  салық түрлерін есептеумен  төлеудің  және жер участкелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудін, содай-ақ олар бойынша салық есептідігін берудің онайластылған тәртібін колдануды  көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар  бюджетпен есеп айырысуда шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық  режимінде жүзеге асыра алады.

Базарларда тауар сату бойынша  бюджетпен есеп айырысу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерінен басқа, біржолғы талон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.

Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын  тұлғаларға шағын бизнес субъектілеріне және шаруа қожалықтарына арналған ережелер колданылмайда.

Кәсіпкерлік қызметтін жекелеген түрлері бойынша айналысатын тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түріне арналған арнаулы салық режимінде ғана жүзеге асырады.

Арнаулы салық режимін  қолданылатындар, оның ішінде біржолғы талон, патент және оңайлатылған декларация негізіндегі  талаптарға сай келетін  жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар шағын бизнес субъектілері деп аталады

              ҚР-ның «Шағын кәсіпкерлікте мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері  болып заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлі іс-әрекетпен айналысатын жеке тұлғалар мен жұмысшыларының ортажылдық саны 50 адамнан аспайтын және жыл ішіндегі активтер құны

60 000 АЕК-нен аспайтын заңды тұлғалар табылады.

              Салық Кодексінде «Шағын бизнес субъектілері» термині қолданылады және осы терминге сәйкес табыс, жұмысшылар саны және іс-әрекет түрі бойынша шектеулер бекітіледі.

              Арнаулы салық режимі  шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен  ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпарациялық немесе жеке табыс салығын есептеумен төлеудің оңайлатынған тәртібін белгілейді.

Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін (жалдамалы жұмысшылар еңбекақысынан ұсталынатын табыс салығы мен салық ауыртпалығын төмендетуге бағытталған жеңілдік ставкалары және басқа механизмдерді есепке алмағанда) әлеуметтік салық және корпоративтік немесе жеке табыс салықтарын есептеу мен төлеудің және олар бойынша салық есептілігінің оңайлатылған тәртібін бекітеді.

Әлеуметтік салық және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің онайлатынған тәртібі салық салу объектісіне патент және оңайлатылған декларация негізіндегі ставкаларын қолдану жолымен жүргізіледі.

Төлем көзінен салық ұстағанын растайтың  құжаттар және біржолғы талон болған кезде, бұрын салық  салынған  табыстарды қоспағанда, Казақстан Республиканың аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынғане таьыстардың барлық түллерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс салық салу объектісң болып табылады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатан есептілік  бланктерді болып табылады  және  ақша  алынбай бермейді. Олары басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

Жеке кәсіпкердің мүлікті жалға беруден түскен табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстарды салық салу объектісі  болып табылмайды.

Арнаулы салық режимдері қолданатың тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін  орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары  жабдықталған аумақтық оқшауларын бөлімше танылады. Егер жұмыс орыны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

Арнаулы салық режимін қолданатын шағын  бизнес субъектілері  кәсіпкерлік қызметін қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтылғымен айқындалады.

Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайда.

Шағын бизнес субъектілері  салықтарды есептеумен төлеудін, сондай-ақ олар бойынша салық есептелігін тапсырудың төменде  аталған тәртіптерірінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

1.            жалпыға бірдей белгіленген  тәртіп;

2.            бiржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;

3.            патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

4.            оңайлатылған декларация  негізіндегі арнаулы салық режимі.

Бұл талап базарларда  тауарлар өткізетін адамдарға қолданылмайды.

              Салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп екі жыл  қолданылғаннан кейін ғана  арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар:

1.            шағын бизнес субъектiлерiне;

2.            шаруа (фермер) қожалықтарына;

3.            ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;

4.            кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi. 

Келесідей қызмет түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер шағын бизнес субъектілері болып табылмайды және арнаулы салық режимды қолдану құқығына ие бола алмайды:

1)     акциздік тауар өндірісі;

2)     кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер;

3)     мұнай өнімдерін сату;

4)     шыны ыдыстарын жинау және қабылдау;

5)     жер қойнауын пайдалану;

6)     лицензияланатын қызметтер, мыналардан басқа:

      медициналық, дәрігерлік мал дәрігерлік қызмет;

      тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен

      жабдықтау жөніндегі өндіру, жөңдеу және құрылыс жұмыстары;

      күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

      өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтардыжәне өрттен қорғау құралдарын өндіруді және сатуды;

Информация о работе Салық жүйесі