Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа
Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып
Серіктестіктің ең жоғарғы органы қатысушылардың Жалпы жиналысы болады. Серіктестік қатысушыларының Жалпы жиналысының айрықша құзырына жатады:
1) Серіктестіктің жарғысын өзгерту, оның жарғылық капиталының мөлшерін, мекен-жайын және фирмалық атауын өзгертуді немесе Серіктестіктің жарғысын жаңа редакцияда бекітуді қоса;
2) Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын қысқарту, сондай-ақ Серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға атпсыру, сол тапсырудың шарттарын белгілеу;
3) жылдық қаржылық есеп беруді бекіту, таза түсімді бөлу;
4) ішкі ережелерді, оларды және Серіктестіктің ішкі жұмысын реттейтін басқа құжаттарды қабылдау процедурасын бекіту;
5) Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерде және коммерциялық емес ұйымдарда қатысуы туралы шешу;
6) Серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешу;
7) Таратушы комиссияны тағайындау, тарату баланстарын бекіту;
8) Серіктестік қатысушысының үлесін еріксіз түрде сатып алуды шешу;
9) Серіктестіктің барлық мүлкін кепілге беруді бірауыздан қабылдап шешу;
10) Серіктестіктің мүлкі қатарына қосымша жарналарды салу туралы шешім қабылдау.
Серіктестіктің жалпы жиналысы Серіктестіктің қызметіне байланысты кез-келген мәселені қарауға құқылы. Қатысушылардың Жалпы жиналысында есеп беретін және оның шешімдерін орындайтын алқалы атқару органына Директор атқарушы орган болып табылады. Директор Жалпы жиналыспен тағайындалады. Директорда құрылтайшылар тағайындаған жағдайда еңбек қарым-қатынастары еңбек туралы заңмен реттеледі. Серіктестік
Серіктестік Қазақстан Республикасында қолданылатын ережелер бойынша өзінің қызметінің нәтижелерін бухгалтерлік есептеуді, статистикалық және қаржылық есеп беруді атқарады. Есептеудің және есеп берудің сенімділігін және жүргізу тәртібін сақтамаған үшін Серіктестік заңдарға сәйкес жауапкершілікті атқарады. Тексерулерді өткізу үшін сырттан аудитор шақырылуы мүмкін.
Серіктестіктің бір жылдық жұмысының нәтижелерінен алынған таза табыс Серіктестік қатысушыларының қаржылық есеп беруді бекітуге арналған кезекті Жалпы жиналысының шешімімен бөлінеді. Жалпы жиналыс Серіктестік қатысушыларының арасында бөлуден таза табысты немесе оның бөлігін алып тастау туралы шешімді қабылдауға құқылы. Серіктестікте болуы мүмкін шығындар резервтік қор арқылы, егер ол Серіктестікте құрылса, ондажабылады. Резервтік қордың қаражаты жетпесе немесе резервтік қор құрылмаса, шығындарды жабатын кіріс көздері туралы шешім қатысушылардың Жалпы жиналысымен қабылданады. Серіктестіктің қай-бір қатысушысын таза табысты бөлуде қатысудан шеттететін келісімдер жарамсыз болады.
Директор жұмысшыларды жеке еңбек туралы шарттар бойынша жалдауға атқаруға құқылы. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қызметкерлеріне беруді кепілдейді. Әрбір қызметкердің жалақысы максималды мөлшермен шектелмейді және бекітілген ережелер бойынша оларға салық салынады. Мемлекеттік тарифтерді біліктілігі бірдей жұмыскерлер мен мамандардың еңбекақысының минималды төлемақы ретінде кепіл ете қарастыра отырып, Серіктестіктің өзі еңбекақыны төлеу үлгілерін және жүйесін белгілейді, жеке еңбек шарттарында тарифтік ставкалардың және жалақының мөлшерлерін көздейді. Серіктестіктің қызметкерлері міндетті түрдегі әдеуметтік сақтандыруға жатады. Серіктестік барлық қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді, денсаулықтарына және жұмыскерліктеріне әкелген залал үшін заңдармен белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілік атқарады.
Серіктестіктің қызметін тоқтату, оны тарату немесе қайта құру арқылы Жалпы жиналыстың немесе соттың шешімі бойынша атқарылады. Серіктестік өзінің қызметін келесі негіздемелер бойынша тоқтатады:
1) егер жарғылық капиталы кемуі нәтижесінде оның мөлшері ең төменгі көрсеткіштен азайса;
2) банкрот болып қалса;
3) Серіктестіктің құрылуы кезінде заңдарды өңделе алынбайтын бұзушылықтар орын алып, оның тіркелуі дұрыс емес деп табылса;
4) тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз), немесе заң актілерімен тыйым салынған, немесе заңдарды бірнеше рет немесе өрескел түрде бұзумен қызмет атқарылса;
5) қайта ұйымдастырылатын болса;
6) заң актілерімен көзделген басқа негіздемелер бойынша.
Серіктестікті қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, жағарту) заңдармен көзделген тәртіп бойынша жүргізіледі. Серіктестікті тарату қатысушымен немесе сотпен тағайындалған таратушы комиссия өткізеді. Таратушы комиссия тағайындалғаннан бастап оған Серіктестіктің істерін басқару бойынша өкілеттіктер тапсырылады. Тарату қолданылатын заңдармен көзделген тәртіп бойынша атқарылады. Тарату өткізілді, Серіктестік өз қызметін тоқтатты деп бұл туралы жазбаны заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне енгізгеннен бастап саналады.
Директордың өкілеттігі:
- іс-әрекеттерін Серіктестік атынан сенімхатсыз атқарады;
- Серіктестіктің мүддесін өкілдейтін сенімхаттарды береді, соның ішінде басқаға сенімдеу құқығы бар сенімхаттарды;
- Серіктестіктің жұмыскерлеріне қатынасты, оларды қызмет орындарына тағайындау, оларды басқа қызметке ауыстыру немесе жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы жүйесін белгілейді, жалақының, арнайы төленетін үстемақының мөлшерлерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазаларды белгілейді;
«Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Өндірістік техникалық бөлімнің негізгі қызметі өндірістік жоспар жасау болып табылады. Өндірістік жоспар (өндірістік бағдарлама) дегеніміз – ұйымдағы және оның бөлімшелеріндегі құрылыстық монтаждық жоспарлаудың негізгі, әрі маңызды түрі, яғни осының негізінде Серіктестіктің өндірістік техникалық дамуы, еңбек және еңбекақы, материалдық техникалық жабдықталуы, өзіңдік құны, табыс және ұйымның әлеуметтік дамуы көрінеді және құрылыстық монтаждық басқарудың өндірістік-экономикалық жоспары ретінде пайдаланады. Құрылыстық монтаждық басқарудың өндірістік жоспары талданғаннан кейін учаскелер және бригадалар қызметтерінің нақты көрсеткіштерінің мәні анықталады. Жоспарлауда әртүрлі масштабтағы өндіріс алатын, әртүрлі мерзімге есептелген жоспар жүйесі болады.
Бухгалтерия бөлімі белгіленген мерзімде, анықталған мөлшерде салық органдарына салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы ақпараттарды ашу жөніндегі құжаттарды тапсыру арқылы бюджетпен есеп айырысу қызметін орындайды.
Қаржы бөлімі.
Кәсіпорынның қаржы жұмысынның негізгі бөлімдері мыналар:
1.Қаржылық жоспарлау. Бұл жерде қаржылық жоспардың баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары, ақша қозғалысы жоспары сияқты құжаттары жасақталады.
2.Жабдықтаушылармен есеп айырысу. Бүл жерде жабдықтаушылармен келісім шарт жасалып, олармен есеп айырысуды жүргізу барысында қажетті құжаттар толтырылады.
3. Қаржы органдармен есептесу. Бұл жерде бюджетпен есеп айырысу бойынша, сақтандыру операциялары бойынша мәмілелер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
4.Айналым қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражатын пайдалану тиімділігі мен айналымдылығын көтеру бойынша шаралар жасалып жүргізіледі.
5.Несиелендіру. Мұнда несиені алу және қайтаруға байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
6.Кассалық операциялар. Кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына оның қаржылық жағдайына байланысты болады.
Сонымен қатар “ Нил ” ЖШС - нің жалпы экономикалық жағдайын қарастыратын болсақ, оны келесі кестеден көруге болады.
Бұл көрсеткіштер әр түрлі құжаттар негізінен алынды. Төмендегі кестеде кәсіпорынның қаржылық –экономикалық жағдайына әсер ететін факторлардың 2008-2010 жылдар аралығындағы қозғалысы көрсетілген.
2.1- кесте
«Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы көлемі
Көрсеткіштер | 2008жыл мың теңге | 2009жыл мың теңге | 2010жыл мың теңге
| 2010жылды 2008жылмен салыстырғандағы айырмашылық (+;-) |
Жалпы өнім көлемі | 125755,6 | 177500,5 | 157209,5 | +31453,9 |
Негізгі қорлардың құны,мың теңге | 25985,4 | 23664,0 | 21342,4 | - 4643 |
Шығын көлемі | 122536,0 | 174633,2 | 154087,0 | +31551 |
Жоғарыдағы кестеден кәсіпорынның 2008-2010 жыл ішіндегі жалпы түскен табысы мен қандай көлемде шығындар кеткенін көруге болады. 2010 жылы қызмет көрсетуден түскен табыс жыл сайын өсіп 2008 жылмен салыстырғанда 31453,9 мың теңгені құрады, негізгі қорлардың құны 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда -4643 мың теңгеге азайған, шығын көлемі табыстың өсуіне байланысты 31551 мың теңгеге өскен.Бұл өзгерістер негізінен қызметтің орындалу көлемінің өсуіне байланысты. Кәсіпорынның табысы жеке қызметтерінен түсетін кіріс есебінен қаматамасыз етіледі.
2.2 «Нил» ЖШС-нің қаржы жұмысын талдау
Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларымен тығыз байланысты. Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, олардың табыстарының және тұтынуға бөліп жұмсаумен байланысты.
Қаржы – бұл ақша қатынастары. Қаржы ақша түрінде көрінеді: бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын және пайдалануын, шаруашылық субъектісінің қорын, мемлекеттің өндірістен тыс сфера құрамының инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді.
Кәсіпорынның бастапқы капиталы құрылтайшылардың қаражаттары есебінен құрылады. Ал салымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын объектілер, өндірістік қорлар, бағалы қағаздар, мүліктік құқ, сонымен бірге белгілі бір сома ақша болуы қажет. Бастапқы капиталдың жасақталу әдісі коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқтық нысанына байланысты. Сонымен бастапқы капитал өндірісті қаржыландыруға жұмсалады. Өндіріс жағдайының қорытындысында белгілі бір жұмыс көлемі және қызметтер жасалады, белгілі мөлшерде құн жасақталады, ал ол сатылатын тауарлар бағасы арқылы көрініс береді. Сатудан, істелген жұмыстар мен қызметтерден түскен түсімдер кәсіпорынның банктегі есеп айырысу немесе валюта шотына түседі. Банкіге түскен ақша кәсіпорынның бережақтарына төленеді, белгіленген уақыт мерзіміне байланысты жалақы төлеуге, бюджет сыртындағы әлеуметтік қорларға, кейбір салықтарды төлеуге жұмсалады. Сонымен өнім өндіруге кеткен, оның өзіндік құнына шыққан шығындар қайтарылады. Түскен ақшалай түсімнен пайдаға салықтың авансы, қалған салықтар төленеді, өнімнің өзіндік құнына кірмейтін, бірақ қаржы жоспарында қаралған шығындар төленеді.
Қорытып айтқанда, сатудан түскен түсім – ол негізінен шыққан шығындарды қайтару. Егер түскен түсімнен шығындарды салықтық төлемдерді қайтарғанда қалатын ақша болса, ол таза пайда болады. Кәсіпкердің басты мақсаты пайда табу. Шаруашылық және инвестициялық істерге кәсіпорынның өзінің қаржы ресурстарын пайдалану. Таза пайда мен амортизациялық қайтарым – кәсіпорынның өзінің қаржы ресурсының көзі. Амортизациялық қайтарымдар – бұл негізгі қордың пайдаланылған, яғни тозған құны. Ол техника тозғанда орнына басқа техника алуға жұмсалуы керек. Ол ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді. Амортизациялық қайтарымдар жалпы ақша тасқынында болады, сондықтан оны жұмсап қою кәсіпорынның болашағына үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Амортизациялық қайтарымдар өнімнің өзіндік құнына кіреді, ол тауар сатылғанда қайтарылады және оған салық салынбайды, түгелдей кәсіпорынның есебінде қалады. Пайданың амортизациядан айырмашылығы оған салық салынады, салық төлемінен қалған пайда қор жинау – бұл кәсіпорынның мүлкін көбейту үшін, ал тұтыну – акционерлерге дивиденд төлеуге, облигацияның, қарыздардың пайызын төлеуге кетеді. Ішкі өз қаражаттарына қосымша жарналар, серіктестерге қатынасушылардың қосымша капиталы, қосымша акция шығарып сатудан түсетін түсімдер.