Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа

Описание работы

Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып

Работа содержит 1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать)

 

2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы кәсіпорынның шығындар көлемі 109883 мың теңгеге көп жұмсалған. Шығындар көлемінің жоғарылауы өндіріс көлемінің өсуімен байланысты.

Соған сәйкесті өндіріске кететін шығындары да көбейеді. 2008 – 2010 жылдары барлық шығындар  бойынша көп жұмсалған шығыны жанар май  шығындары оның себебі, кәсіпорынның негізгі қызметі авто қызмет көрсету. Базистік жылмен салыстырғанда есепті жылы транспортқа кеткен  шығындар 29864 мың теңгеге азайғанын көреміз. Бұл  кәсіпорында автокөлік санының азайуымен байланысты. Электроэнергия және жылу энергиясы бойынша шығындар 2010 жылы 2008жылмен салыстырғанда 3 355 мың теңгеге азайғанын көруге болады. Еңбекақы бойынша  шығындар 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 240 мың теңгеге азайған, оның себебі кәсіпорында  жұмысшылар санының азайуымен байланысты. Кәсіпорын өзінің жұмысын  уақытша жұмысшыларды жалдау арқылы жүргізеді.

2.6-кесте

«Нил» ЖШС-нің  2008-2010жылдардағы қаржылық іс- әрекет нәтижесі (мың теңге)

 

 

  Көрсеткіштер

                      Жылдар

2008-2010жыл

дардағы (+;-)

Айырма-шылық

 

   2008

 

    2009

 

   2010

1

2

3

4

5

6

1

Көрсетілген қызмет, өнім өндіруден кіріс, мың тг. 

 

 

225430,9

 

 

177500,5

 

 

157209,5

 

 

-68221,4

2

Сатылған өнімнің өзіндік құны, м.т.

228414,4

177327,8

156496,2

-71918,2

3

Жалпы табыс (зиян)

-2983,5

+172,7

+713,3

-2270,2

1

2

3

4

5

6

4

Кезең шығындары, барлығы, мың тг  

18,4

157,3

178,3

+159,9

5

Негізгі қызметтен кіріс немесе зиян

-2983,5

172,7

713,3

-2270,2

6

Негізгі емес қызметтен кіріс немесе зиян

-

-

-

-

7

Салық салуға дейінгі негізгі қызметтен табыс

-2983,5

172,7

713,3

-2270,2

8

Корпоративтік табыс салығы

-

51,2

213,9

213,9

9

Салық салудан кейінгі табыс(зиян)

2983,5

121,5

499,4

-2484,1

10

Тазатабыс (зиян)

-2983,5

121

499,4

-2484,1

 

Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекет нәтижесін кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы 2008- 2010 жылдары өнімді сатудан түскен түсім 68221,4 мың теңгеге азайып кеткен. Сондай-ақ серіктестіктің  2008 жылғы қортындысы бойынша  жұмсалған шығынның көлемінің жоғары болуына байланысты  зиян шеккен, яғни серіктестік табысына  сол себептен салық салынбаған. Ал 2010 жылы  түскен табыс көлемінің  өнімді өндіруге  кеткен  шығын көлемінен жоғары  болуына байланысты  салық салынуға дейінгі табыс көлемі 713,3 мың теңгені құрайды, сол себепті  Салық Кодексінде белгіленген тәртіп бойынша  салық сомасы төленген.Осыған байланысты 2010 жылға таза табыс көлемі 499 мың теңгені құрайды. Кесте бойынша 2008-2010 жылдары серіктестіктің қаржылық жағдайы тұрақсыз болған, ал 2010 жылға қарай қаржылық жағдайы өсіп келе жатырғаны байқалады.

     Ендігі жерде тұрған мәселе шығындардың деңгейін неғұлым төменгі деңгейге дейін жеткізе отырып, қызмет көлемін өсіріп, ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныс деңгейін жоғарылата отырып, жалпы табыс, пайда деңгейін жоғарлату, өндіріс көлемін өсіру болып табылады. Ол үшін өндіріс шаруашылық процесін нарық талаптарына сай етіп жоспарлау ұйымдастырып, бар ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалану қажет деп ойлаймыз.             

 

2.3 «Нил» ЖШС-нің салықты есептеп төлеу механизмі

 

«Нил» ЖШС-гі  бюджетпен есеп айырысудың оңайлатылған түрі – қысқартылған декларация негізіндегі  арнайы салық режимін (әрі қарай АСР) қолданады.

Қысқартылған декларация негізіндегі АСР шағын кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық ауыртпалығын төмендетуге бағытталған салықты есептеу мен төлеу тәртібін, жеңілдік ставкаларды және басқа да механизмдерді қамтиды.

Бюджетпен есеп айырысудың бұл тәсілі жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлерге арналған. Қысқартылған декларация негізіндегі АСР-ді төмендегі талаптарға жауап беретін шағын бизнес субъектілері қолданады.

1.Жеке кәсіпкер үшін:

а) орташа жұмысшылар саны кәсіпкердің өзін қосқанда 15 адам;

б) салық мерзіміндегі табыстың шегі 1 500 000 тг-ні құрайды.

2. Заңды тұлғалар үшін:

а) орташа жұмысшылар саны 25 адам;

б) салық мерзіміндегі табыстың шегі 9 млн. тг.

Салық салудың осы формасына көшу үшін салық төлеуші қызмет ету орны бойынша салық органына бекітілген формадағы арызды тапсырады. Егер кәсіпкер өз қызметін әртүрлі территориалды-әкімшіліктік аймақтарды жүргізетін болса, оған арыз беруге салық органын өз бетінше таңдау құқығы беріледі.

Қысқартылған декларация бойынша бюджетпен есеп айырысудың артықшылықтары:

-               біріншіден, салықтық міндеттемені есептеу нақты алынған табыс бойынша тоқсан соңында жүргізіледі;

-               екіншіден, қысқартылған декларация негізінде есептелетін салықтар біріңғай ставка бойынша, шығындарды есепке алмай анықталады.Яғни, корпоративтік немесе жеке табыс және әлеуметтік салықтарды есептеу үшін «шығындар есебін» жүргізу міндетті емес.

Тоқсан ішінде алынған жалпы табысқа салықты анықтауда ҚҚС сомасын азайтып, күрделі прогрессивті шкала қолданады: жеке кәсіпкерлерге – 3 деңгейлі, заңды тұлғаларға – 5 деңгейлі.

Қысқартылған декларация бойынша салықтарды есептеу салық төлеушімен тоқсан соңында есепті тоқсан ішінде алынған нақты табысына сәйкес ставкалар шкаласын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қысқартылған декларация бойынша салықтар ставкасының шкаласы табысқа байланысты жеке кәсіпкерлер үшін 4-тен 11% аралығында, заңды тұлғалар үшін 5-тен 13% аралығында ауытқиды. Салық ставкасы жұмысшылар табысынан табыс салығын алу принципі бойынша ұйымдастырылған.

Мысалы, заңды тұлғаның тоқсан ішіндегі табысы 3 500 000 тг-ні құраған кездегі салық сомасы:

-               бірінші 1 500 000 тг-ден – 60 000 тг. (1 500 000 тг. * 4% = 60 000 тг.)

-               екінші 1 500 000 тг-ден – 105 000 тг. (1 500 000 тг. * 7% = 105 000 тг.)

-               қалған сомадан 500 000 тг. – 55 000 тг. (500 000 тг. * 11% = 55 000 тг.)

Заңды тұлғаның табысы мен жалдамалық жұмысшылар саны өскен жағдайда, оны заңды тұлға ретінде қайта тіркелуге ынталандыру үшін, ставкалар шкаласының 3 деңгейінде заңды тұлғаларға салық салу ставкасы жеке кәсіпкермен салыстырғанда төмен болуы қарастырылған.

Мысалға, табыс 4 500 000 тг. болғанда ставкалар шкаласы бойынша анықталған салық сомасы:

-         жеке кәсіпкерлер үшін – 330 000тг.

-         заңды тұлғалар үшін – 315 000 тг.

Осы режимде есеп жүргізетін салық төлеушілерге салықты есептеудің оңайлатылған тәртібімен қатар жұмысшылардың орташа санына байланысты салықтарды төмендету бойынша 1,5 % көлемінде жеңілдіктер енгізілген.

Алайда, бұл шегерім есепті тоқсан қорытындысы бойынша жалдамалы жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 3 есе минималды айлық еңбекақы мөлшерінен кем болмаған жағдайда жүргізіледі.

Мысалы, заңды тұлғаның тоқсандық табысы 3 500,0 тг., шкала бойынша салық сомасы 220,0 тг. құрады. Жеке кәсіпкер 4 жұмысшылардың еңбегін пайдаланды және олардың орташа айлық еңбекақысы 3 есе минималды еңбекақыдан кем емес соманы құрады. Осы жағдайда шегерім сомасы келесідей: 220,0тг*4 адам*1,5%=13,2 мың тг.

Осыған орай бюджетке төленетін сома:

220,0тг. – 13,2 мың тг. =  206,8 мың тг., бұл табыстың 5,9%-ын құрайды. Есептелген сома бюджетке жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде тең бөлікте төленеді. Келтірілген мысал бойынша:

103,4 мың тг. жеке табыс салық түрінде

103,4 мың тг. әлеуметтік салық түрінде

Сонымен қатар, жеке табыс салық түріндегі 103,4 мың тг. жеке кәсіпкердің өзі үшін жеке табысқа салық сомасы болып табылады. Сондықтан да, жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшыларға есептелген еңбекақыдан жалпы белгіленген тәртіпте төлем көзінен жеке табысқа салықты ұстап қалуы тиіс.

Ал, әлеуметтік салық түріндегі 103,4 мың тг. жеке кәсіпкер мен оның жалдамалы жұмысшылары үшін әлеуметтік салық сомасы болып табылады.

Жұмысшылардың санына байланысты салықтық шегерімдер кәсіпкерлердің нақты табысы мен жұмысшылар санын легализациялауын ынталандыруға бағытталған. Өйткені, табыс пен жұмысшылар саны артқан сайын салықтарды төлегеннен кейінгі шағын бизнес субъектілерінің иелігінде қалатын сома да артады.

Мысалы:

-         табыс 1 500,0 мың тг. және жұмысшылардың орташа саны – 3 адам болғанда, шегерім сомасы – 2,7 мың тг. (60,0 мың тг.*3адам*1,5%)

-         табыс 4 500,0 мың тг. және жұмысшылардың орташа саны 15 адам болғанда, шегерім сомасы 74,3 мың тг. құрайды (330,0 мың тг.*15адам*1,5%).

Сонымен қатар, жұмысшылар санына байланысты  шегерімді есепке алғандағы салықтық ауыртпалықтың максималды деңгейі табысқа %-бен есептегенде жеке кәсіпкерлер үшін  - 5,7, заңды тұлғалар шағын бизнес субъектілері үшін - 6%.

Салық Кодексінде абыс және жұмысшылар саны  белгіленген шекті мөлшерден асып кеткен жағдайда салықтарды есептеудің тәртібін реттейтін нормалар қарастырылған. Бұл нормалар бойынша табыс және жұмысшылар саны шарттарға сәйкес келмесе, кәсіпкер салық салудың жалпы белгіленген тәртібіне көшуге міндетті.

Сонымен қатар оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеген кезде:

-         табыс шекті мөлшерден асып кеткен жағдайда, жұмысшылар санына байланысты шегерімге тек қана шекті мөлшерге сәйкес келетін табыс сомасы ғана жатқызылады. (жеке кәсіпкерлерде – 4,5 млн. тг., шағын бизнес субъектілері заңды тұлғаларға – 9,0 млн.тг.).

-         жұмысшылар саны шекті мөлшерден асып кеткенде, шегерім шағын бизнес субъектілерінің ұйымдық-құқықтық формаларына сәйкес, тек қана шекті 15 және 25 адам бойынша жүргізеді.

АСР-де салық есептілігі болып:

-         бюджетпен есеп айырысудың патенттік формасында – патент алуға өтініш;

-         бюджетпен есеп айырысудың қысқартылған декларация негізіндегі формасында – қысқартылған декларация табылады.

Салық төлеушілер салық есептілігін:

-         почта арқылы (заказным письмом с уведомлением)

-         электронды түрде.

Қысқартылған декларация әрбір тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей тапсырылады. Есептелген салық сомасы тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей бюджетке төленеді.

Патент алуға өтініш беру және патент бойынша салықтарды төлеу кәсіпкерлік іс-әрекет басталғанға дейін жүргізіледі.

Шағын бизнес субъектілері үшін АСР-ді қолданудың тағы бір ерекшелігі – кәсіпкердің ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге тұруын реттейтін Салық Кодексінің ережелерімен байланысты.

Салық Кодексіне сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде айналымы 10 000 АЕК-нен кем емес салық төлеушілер тіркелуге тиісті. Осыған байланысты ҚҚС бойынша есепке тұрудың еріктілік принципі әрекет етеді. Басқаша айтқанда, кәсіпкер ҚҚС төлеуші болу-болмауды өз еркімен шешеді. Шағын бизнес субъектілері үшін табыстың шекті көлеміне байланысты кәсіпкерлердің көп бөлігі ҚҚС төлеуші болып табылмайды.

Егер жеке кәсіпкер (акциздік тауарларды сатушылардан басқа) бюджетпен есеп айырысуды бір жолғы талон немесе патент негізінде жүргізетін болса, онда ол фискальды жады бар бақылау-кассалық машинаны қолданудан босатылады.

Сонымен қатар фискальды жады бар бақылау-кассалық машинаны қолданудан мемлекеттік тіркеуге тұрғаннан 6 ай уақыт өтпеген жеке кәсіпкерлер де босатылады.

Осы дипломдық жұмыста қарастырылып отырған «Нил» ЖШС-нің қызмет ету шарттары мен ұйымдық-құқықтық формасы бойынша шағын бизнес субъектісі болып табылады. Сондықтан да бұл заңды тұлға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысуын қысқартылған декларация негізінде жүзеге асырады. «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларацияны пайдалану тәртібімен танысу алдында тағы да Салық Кодексіндегі шағын бизнес субъектілері үшін АСР-дің бұрынғы салық заңдылығында қарастырылған қысқартылған салықтық режимнен негізгі айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атап өткен жөн болар еді.

Сонымен, жеке кәсіпкерлерге салық салу бойынша салыстыру.

2.7-кесте

«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да                                                                                                                                                                       міндетті төлемдер туралы»

Заң (қысқартылған салықтық режим).

 

 

             

 

 

 

Информация о работе Салық жүйесі