Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа

Описание работы

Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып

Работа содержит 1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать)

Кейбір дерек көздеріне қарағанда, шағын және орта бизнесті қоса есептегенде, экономикалық өсудің 25 тен 35 пайызға дейінгі активтері мен ресрстары астыртын айналымда жүрген көрінеді. Кәсіпкерліктің өткен форумында Елбасы осы мәселеге арнайы тоқталып, Үкіметке жыл соңына дейін шағын кәсіпорындар үшін меншікті жариялау туралы заң жобасын дайындауды тапсырып еді.

Әр нәрсені сылтау етіп, кәсіпкерлердің қаржы шаруашылық қызметін салық және құқық қорғау органдары жиі тексеретіні жасырын емес. Тіпті, тағы басқа мекемелердің қызметкерлері де мазалап, жұмысына кедергі келтіріп жатады. Кәсіпкерлер форумында Елбасы осыған байланысты биылғы жылдың басынан 9 ай мерзімге шағын бизнес нысандарының барлығына тексері жүргізуге мораторий жариялауды ұсынған болатын. Оның қорытындысы жақында жария етілді. Индустрия және сауда Министрлігі шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктен алынған мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері республиканың қадағалау және бақылау құқықтарына ие мемлекетттік органдар шағын кәсіпкерлік нысандарына тексерулер тағайындау туралы 84 мыңнан астам актіні тіркеген. Бұл өткен дылдың осы мерзімімен салыстырғанда 42 пайызға азайғанын көрсетеді. Әсіресе, Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында айтарлықтай төмендеп отыр.

Мораторий жарияланған 9 ай ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына тіркелмей, шағын кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізген органдардың да аз болмағанын қорытынды құжаттар дәлелдейді. Әсіресе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары мен Алматы қаласында заңсыздық орын алған. Сондай – ақ тексеру жүргізуге құқықтары бар мемлекеттік органдардың барлығы мораторийді бұрмалауға жол бергендері өкінішті. Олардың көш басында ішкі істер органдары мен мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органдары тұр.

Шағын кәсіпкерлік нысандарын тексеруге мораторий жариялау кәсіпкерлерге тиімді болатыны белгілі. Бірақ медальдың 2 жағы болатынын кәсіпкерлер де ұмытпауы керек. Өйткені, кәсіпкерлікпен айналысатындардың арасында “еркіндікті пайдаланып, заңсыз жолмен пайда тауып қалғысы келген жат пиғылдағы алақол жандар да кездесті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қаржы полициясы агенттігінің деректері бойынша, мораторий кезінде ішкі рынокта акциздік өнімдердің көлеңкелі айналымы едәуір артқан. Мұндай жағдай еліміздің барлық аймақтарында көрініс бергендігі шынымен – ақ ойландырады. Әсіресе, алкогольдік ішімдіктерге жасанды акциздік маркаларды жапсырып сату кең орын алған. Оған дәлел ретінде үстіміздегі жылдың І жартысында   272,8 мың дана қолдан жасалған маркалардың айналымнан алынғаны дәлел болады.

Сонымен қатар, аталған мерзім ішінде алкогольдік өнімдердің акцизінен бюджетке түскен қаржы мөлшері бұрынғыға қарағанда едәуір төмендегені байқалды. Мысалы, өткен жылдың 8 айында тек акциздік маркалардан бюджетке 4267,9 млн теңге түскен болса, биылғы жылдың 8 айында ол 3933,8 млн теңгені құраған. Мәселеге осы тұрғыдан қарасақ, шағын бизнес нысандарын тексеруге мораторий жариялаудың қажеті жоқ секілді. Ал оның орнына қолданыстағы заңнамаларды одан әрі жетілдіру жолдарын қарастырған әлдеқайда тиімді, өміршең болмақ.

Әлемнің өте қарқынды өзгерістер мен процестерде болғанын барша халық мойындайды. Қазақстан осы өзгерістерден тыс қалмауы үшін жаңашыл бетбұрыстарды тиімді қолдануы керек. Көп жылдардан кейін қол жеткізген тәуелсіздігін жоғары деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық негізге сай нығайтуы керек.

Өтпелі кезеңдегі және алдағы болатын қиындықтарды жеңіп өту, табысты және кедергісіз өтпелі кезең үшін жаңа саясат пен стратегияларды дамыту керек. Осы жаңа саясат пен стратегиялардың өзекті мәселесі ретінде шағын және орта кәсіпкерліктің кеңінен қолданылуы және дамытылу қарастырылады.

Қазіргі кезде барлық мекемелерде дерлік шағын кәсіпкерліктің жұмыс орындардағы, жалпы жұмыспен қамтудағы және өндірістегі алатын үлесімен қоса есептегенде оның экономикадағы орны қарқынды артуда.

Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролін, әсіресе, жұмыспен қамтуға қосқан үлесін төмендегі мысалдар арқылы нақты көрсетуге болады. Италияда жалпы жұмыспен қамту 80%; Англияда 76%; Жапонияда 73%; Францияда 69%; Германияда 64%: АҚШ – та 53% шағын кәсіпорындар тарапынан қамтамасыз етілуде.

Жоғарыда атап өткен бұл көрсеткіштер дамыған мемлекеттердегі жағдайларды білдіреді және бұл мәселенің маңызды екендігін көрсетеді. Дамыған мемлекеттерде бұл жағдай дамушы мемлекеттер үшін үлгі болуы тиіс және осы жолдағы іс - әрекеттерді арттыруы керек.

Бұл мақсат пен маңыздылықты Қазақстан да тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары түсіне бастады. Барлық қиыншылыққа қарамастан алға қойылғанмақсаттардың дұрыс таңдалуы және осының негізінде құқықтық инфрақұрылымның қалыптасуы маңызды бір қадам болған. Бірақ қазіргі кезде бұл жеткіліксіз. Құрылымдық әрі с жүзінде туындаған көптеген мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуына кедергі келтіруде.

Қазіргі кезде Қазақстандағы ШОК – тың дамуына кедергі болатын мәселелерді қарастыратын болсақ, құрылымдық құрылымдық мәселелерді және осыдан тыс іс – тәжірибелерге байланысты заңсыздық пен немқұрайлылықты көруге болады.

Осы мәселелерді қарастырғанда1998 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бағыттауымен Үздіксіз Даму Ұлттық Кеңесі - әлеуметтік – экономикалық мәлімет және болжау институты және Қоғамдық ой – пікірді зерттеу орталығының ынтымақтастығымен жүзеге асырылған зерттеудің нәтижелерін пайдалануға болады.

Мұндай зерттеуде Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 643 шағын кәсіпкерлердің, секторлардың жағдайларына қатысты бағалаулары қолға алынып, мәселелері анықталған.

Мұның ішінде қаржыландыру мәселесі маңызды орын алады. Аталмыш зерттеуде сіздің немесе таныс кәсіпкерлер үшін  қандай мәселелер маңызды? деген сұраққа берілген жауаптар ішінде несие табу қиындығы -  49,9% және несиенің қымбат болуы  55,1% мөлшері арқылы қаржыландыру мәселелерін нақты анықталды. Қазіргі қалыптасқан несие беру саясаты жағдайында шағын кәсіпкерлердің тиімді несиелер алуы қиындап отыр. Несие берілгеннің өзінде ол жоғары процентпен, қысқа мерзімге беріледі. Себебі, банктер шағын бизнес субъектілеріне сәтсіздік қаупі зор болғандықтан сенімсіздікпен қарайды.

Бұлардың ең маңыздысы – салық заңдарындағы ШОК – терді қолдауға бағытталған элементтердің болмауы және салық бақылауындағы заңсыздықтар.

Шағын кәсіпкерлікке кедергі келтіретін үшінші маңызды мәселе әртүрлі тиісті ұйымдар мен мекемелер тарапынан жасалған қиыншылықтар, қысымдар мен заңсыз тексерулер.

Бұл мәселе төңірегіндегі шағымдар кәсіпкердің әртүрлі тексерулерден алшақ өз қалаулары бойынша жұмыс істеуді қалайтындықтарын көрсетпеуде. Әрине, тексеру жұмыстары болады. Бірақ, басты мәселе бұл емес. Мұндағы бір кемшілік – кәсіпорындардың үздіксіз және бірін – бірі қайталайтын түрлі мекемелер тарапынан жасалған тексерулер. Негізгі мәселе – тексерудің ретке келтіруші әрекетінде емес, көбінесе заңсыз пайда табудың жолы ретінде көрінуі.

Жоғарыда айтылған тексеру жұмыстарында осындай заңсыз тексеру және пара алу, кәсіпорын ашуға және оны іске қосуға рұқсат алу туралы мәселелер, кәсіпкерлік тарапынан 64% мөлшерде маңызды мәселе ретінде көрсетілген.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын және ерекше түрде бағаландырылуы тиіс мәселелелердің келесісі кәсіпкерлердің білімдерінің жетіспеушілігі. Бұл кемшілік бір жағынан жұмыстарды жетілдіру тұрғысынан кедергі келтіруде, ал екінші жағынан құқтарын қорғау мәселеде өте әлсіз жағдайда қалуларына себеп болады.

Осыған қосымша ретінде кәсіпорын құру процедурасындағы маркетинг мәселелері, энергияның және инфрақұрылымның жетіспеушілігі сияқты мәселелер де ШОК – ң дамуына әсер етеді.

Аталған проблемалардың барлығы Қазақстанда ШОК-ң дамуына кедергі келтіретіні анық. Осы мәселелерді шешуде жасалуы тиіс нәрселер, яғни шешу жолдары келесідей:

-                              Ең алдымен, кәсіпкерлерге құқ қорғау сана – сезімін арттыру үшін қажетті білім беру;

-                              Салық заңдарында ШОК – ты қолдаушы элементтердің болуы;

-                              Тексерудің күрделілігі мен қайта жасалуын шектейтін реттеулердің жасалуы;

-                              Несие алу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі және оның кеңінен қолданылуы;

-                              Жұмыс орнын ашу және оны іске қосуға рұқсат алу процедурасының жеңілдетілуі және алым – салықтардың төмен болуы.

Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып, жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: несие алу мүмкіндігінің шектеулілігі, шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның шыңжаулығы. шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі, несиенің қысқа мерзімде ғана берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы, несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы, білікті кадрлардың жетіспеуі т.б.

     Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие бері ісіне жеке сектордың араласуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықытық актілерді жетілдіру, сақтандыру жүйесін ұйымдастыру.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үстінде деп сеніммен айтуға болады. Ал шағын кәсіпкерлік – Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомотивтің нақ өзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

«Ауылшаруашылық   тауар өндірушілерге салынатын  салықтың  ерекшеліктері» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе, келесідей тұжырым жасауға болады:

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік жүйесін қалыптастыру әлі жүріп жатыр. Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік көптеген қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғанына қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі қазірдің өзінде шағын кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында лайықты орын алады. Дипломдық жұмыстың объектісі болып отырған «Нил» ЖШС-гі. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға және мемлекеттік қолдауға бағытталған шаралардың бірі болып мемлекеттің салық саясаты табылады. Бәріміз білетіндей, 2001 жылдың 16 маусымында ҚР-ның жаңа Салық Кодексі қабылданды. Осы Кодекстегі ең басты жаңалық – бұл «Шағын бизнес субъектілері үшін АСР». АСР шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салық және корпоративтік немесе жеке табыс салықтарын есептеу мен төлеудің және олар бойынша салық есептілігінің оңайлатылған тәртібін бекітеді. Шағын бизнес субъекктілеріне арналған осы АСР бұрын әрекет еткен салық заңдылығымен салыстырғанда біршама тиімділігін көрсетті. Бұл «шығындар есебін» жүргізуден бас тарту, кәсіпкерлік қызметтің ашық дамуы мен жалдамалы еңбекті заңдастыруда кедергілердің болмауы, салық салу объектісін анықтау және салықтық міндеттемелерді есептеудегі қарапайымдылық.

              Алайда, монетаның екі жағы болатыны белгілі. Сол сияқты уақыт өтуімен бұл режимнің кемшіліктері де байқалып отыр. Кемшілік, атап айтқанда, бір жолғы талонға байланысты туындайтын түсініксіздіктер салдарынан болып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлер патент жүйесінің де іс-әрекет аясын тарылтып жібергеніне шағымданады. Сондықтан да кәсіпкерлерге салық салу жүйесі әлі де жетілмегендігі салдарынан, олардың «көлеңкеге» кетуі жанға бататын проблема болып отыр. Жеке кәсіпкерлер үшін мүлікке салықтың жоғары ставкасы да салық жүйесінің 1 кемшілігі болып табылады. Мүлікке салықтың жоғары ставкасы (1%) шағын бизнес субъектілерін шығынды азайту мақсатымен «көлеңкеге» кетуге, яғни мүлкін кәсіпкерлікпен айналыспайтын жеке тұлға ретінде көрсетуге итермелейді. Нәтижесінде компаниялар активтері азайып, көлеңкелі мүлік көлемі көбейе түседі.

              Жоғарыда аталған кемшіліктерді ескере отырып, шағын бизнес субъектілері үшін АСР мәселелері бойынша кейбір ұсыныстар жасағымыз келеді:

-               біріншіден, біз Салық Кодексіне бір жолғы талонның әрекет ету мерзімін шектемеу жөнінде өзгерістер енгізіп, әрбір аймақ үшін базардағы жиындар бойынша тиімді ставкаларды жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер қоғамдық бірліктермен келісе отырып қалыптастыруды, талондарды сату құқығын салық органдарына беруді ұсынамыз.

-               екіншіден, патенттің бюджетпен есеп айырысудағы өте қарапайымдылығын ескеріп, оны қолдану аясын кеңейтуді ұсынамыз. .

-               үшіншіден, жеке кәсіпкердің мүлкіне салықтың ставкасын төмендету арқылы (жеке тұлға ретінде) оның кәсіпкерлікпен айналысуына жеңілдік жасауды ұсынамыз.

Сонымен қатар қазіргі кездегі Қазақстандағы  шағын бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді қарастыратын болсақ, оларға несие табу қиындығы, несиенің қымбат болуы, салықтық бақылаудағы заңсыздықтар, кәсіпкерлер білімдерінің жетіспеушілігі, құқықтарын қорғау мәселелерінің өте әлсіз жағдайда қалулары жатады.

Аталған проблемалардың барлығы Қазақстанда шағын бизнестің дамуына кедергі келтіретіні анық. Осы мәселелерді шешуде жасалуы тиіс нәрселер, яғни шешу жолдары келесідей:

-   ең алдымен, кәсіпкерлерге құқық қорғау сана-сезімін арттыру үшін қажетті білім беру.

-   тексерудің күрделілігі мен қайта жасалуын шектейтін реттеулерді жасалуы.

-   несие алу мүмкіндігінің  қамтамасыз етілуі және оның кеңінен қолданылуы.

-   жұмыс орнын ашу және оны іске асыруға рұқсат алу процедурасының жеңілдетілуі.

-   шағын бизнес субъектілері үшін салық салу жүйесін жетілдіру.

Информация о работе Салық жүйесі