Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа
Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып
20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кәсіпкердi мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығы осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi
Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатапайды.
Күнтізбелік жыл - бірынғай жер салыгы бойынша салық кезеңі болып табылады.
Бірыңғай жер салығын телеу негізінде арнаулы салык режимін қолданатын шаруа қожалықтары (бірыңғай жер салығын төлеушілер) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай тұрлерін:
1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салықты;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Осыған сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бірыңғай жер салығын төлеушілер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркімен өтініш беруге құқылы.
Шаруа қожалықтары үшін арнаулы салық режимі колданылмайтын қызмет түрлерін жузеге асырған кезде бірыңғай жер салы-ғын төлеушілер кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соньң ішінде келік құралдарының) бөлек есебін жургізуге және жалпы белгіленген тәртіппен және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметтің осындай тұрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді, салық есептілігін тапсыру мен төлеуді жургізуге міндетгі.
Бұл төлем көзінен салык салынбайтын мүліктік табысты және басқа да табыстарды алған кезде де қолданылады.
Бірыңғай жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі.
Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады.
Жер учаскесін (жер пайдалану қуқығын) бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0,1 пайыз ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде:
1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн
мерзiмде төленедi;
2) бiрыңғай жер салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысу есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (салық жөнiндегi декларация есепке алына отырып) жүргiзiледi.
Төлеудiң бiрiншi мерзiмiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы төлемдi бұдан бұрынғы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларацияда есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлiгiнен кем емес мөлшерде төлейдi. 25 қазанға дейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған салық төлеушiлер - салық есептеудің базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеудi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiмен есептелген салық сомасының кемiнде 1/2 бөлiгi мөлшерiнде жүргiзедi. 25 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi жалпы салық сомасын енгiзедi.
Шаруа қожалықтары жер пайдалану кұқығындағы жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі үшін бірыңғай жер салығын (салық салу объектісінің өзгеруін есепке ала отырып) есептейді және төлейді.
Жер учаскелерін жалга берген (алган) кезде салық салу ерекшеліктері.
Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетiлген жер учаскесiнiң нақты пайдаланылу кезеңiн негiзге ала отырып есептейдi және төлейдi.
Жалға алушының пайдалану кезеңi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнг iайдан бастап белгiленедi.Бұл орайда жер учаскесiн жалға беруден алынған (алынуға тиiс) табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгіленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
Бірыңғай жер салығы бойынша салық есептілігі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер жыл сайын ағымдағы салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналасқан жердегі салық органдарына өткен салық кезеңі ушін бірыңғай жер салығы бойынша декларация тапсырады.
Бірыңғай жер салығын төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданған бірінші жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде (бірінші салық кезеңінде) мынадай құжаттарды:
1) ағымдағы салык кезеңі үшін бірыңғай жер салығы бойынша
ағымдағы төлем есебін;
2) нотариат немесе жергілікті атқарушы органдар куәландыр-
ған жер пайдалануға құқық беретін құжаттардың көшірмелері;
Жер пайдалану құқығына актісі болмаған жағдайда бірыңғай жер салығьш төлеушілер жергілікті атқарушы органның жер пай-далану құқығын беру туралы шешімін табыс етеді. Кейін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат алған кезде салық төлеуші оны алган кезден бастап отыз күн ішінде оның нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған көшірмесін салық комитетіне табыс етеді.
3) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган бер-
ген жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын
анықтайтын актінің нотариат немесе жергілікті атқарушы ор-
гандар куәландырған көшірмесін табыс етеді.
4) Акт болмаған жағдайда жер учаскелерін бағалау құны жер ресурста-
рын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген деректер бойынша 1 гектар
жердің аудан бойынша орташа бағалау құнын негізге ала отырып анықтала-
ды;
5) әлеуметтік салық сомаларын есептеу үшін қажетті деректер-
ді міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлерді алдағы салық
кезеңінде жалдау туралы мәліметгер табыс етеді.
Содан кейінгі салық кезендерінде бірыңғай жер салығын төлеуші бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етеді.
Осы арнаулы салық режимін таңдап алған жаңадан құрылған салық төлеушілер бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебі мен арнаулы салық режимін қолдану кұқығына өтініш бергеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде жоғарыда аталған құжаттарды табыс етеді.
Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салығын төлеуші кызметті тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтінішті салық органына бергеннен кейін он бес күн мер-зімде өткен салық кезеңі үшін декларация тапсыруға міндетгі.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеу ерекшеліктері.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа қожалығының бас-шысын және мұшелерін қоса алғанда, әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыздық ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығын есептеудегі ережеге сәйкес жүргізіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасьшың зейнетақы заңдарында белгіленген тәртіппен жұргізіледі. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақьшы есептеу осы төлемақыларды есептеуде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнің және жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген сомасын төлеу бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн көзделген мерзiмдерде мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қаңтардан 1 қазанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сома төленедi;
2) есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома төленедi.
Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша жүргiзiледі.
Салъқтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық есептілігін табыс ету.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер бірыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде:
1) төлем көзiнде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;
2) жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша және қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етедi
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларга арналган арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздепді және заңды тұлгалардың:
1) жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген осы өнiмдi ұқсату және өткiзу жөнiндегi;
2) толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның iшiнде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру жөнiндегi, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi ұқсату және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылады
Мына аталгандардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құңы жоқ:
1) еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды
тұлғалар;
2) заңды тұлғалардың филиалдары, екілдіктері мен өзге де
оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;
3) осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды
тұлғалардың аффилирлендірілген тұлғалары болып табылатын
занды тұлғалар.
Аффилирлендірілген тұлга болып шешімдерді тікелей және жанама айқындауға және көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішін-де шартқа және өзге мәмілеге сәйкес байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық ре-жимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.
Арнаулы салың режимі салық телеушілердің акцизделетін өнімді өндіру, ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.
Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыратын занды тұлғалар осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін дербес тандауға кұқылы.
Тандап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.
Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдары мен жер учаскелерінің) есебін бөлек жұргізуге жэне қызметтің мұндай түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жал-пы белгіленген тәртіппен және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
Күнтізбелік жыл патент құны есебіне енгізілген салықты есептеуге арналган салық кезеңі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;
толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
селолық тұтыну кооперативтерінің:
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді. Салықтық өтініш арнаулы салық режимін қолдануға арналған өтініште көрсетілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.