Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа
Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып
Қаржылық жұмыстың негізгі мақсаты – ұдайы өндірістің мүдделері үшін қажет қаржылық ресурстармен кәсіпорынды қамтамасыз ету, бюджет, банктер алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау.
Қаржылық жұмыс келесі негізгі бөлімдерден тұрады:
- қаржылық жоспарлау – бұл жерде тұтыну, кіріс түсіру жоспарын құру, оларды бөлу, қаржылық жоспардың нақты құрылуы (кварталдық, айлық), тапсырмалар және олардың орындалуын тексеру есебі сияқты құжаттарды жасақтау;
- жабдықтаушылармен есептесу – бұл жерде жабдықтаушылардың тұрған орны, кәсіпорынның банктегі құжатталуы (шот-фактура, накладнойлар және т.б.), қабылдау және жеткізу (көлік, жүк тиеу-түсіру құжаттары), төлеу (материалдық тапсырмаларды аккредитивтер және т.б.) және келісімшарттардың орындалуын тексеру, талап қою есебі мәлімдемелерді құрастыру құжаттары толтырылады;
- сатып алушылармен есептесу, соның ішінде өнімді өткізу бойынша құжаттың дайындалуы және сол үшін есептесуі, өткізілген өнімнің сапасын, бағасын, уақытылы төленуін, өткізу бойынша шығындардың орны толтырылуын және талап қоюын тексереді;
- қаржылық органдармен есептесу: салық, бюджеттік төлемдердің есебін құрастру;
- айналым құжаттары: меншікті айналым қаражат мөлшері есебі, жоспарлы қаржы бөлу және оларды жабу көздері есебі құрылады, айналым қаражатты тиімді пайдалану және айналымын түзету бойынша шаралар жасалады, оларды пайдалануды тексеру жүзеге асырылады;
- қорлардың, қаржылардың құрылуы және қолданылуы;
- кассалық операциялар – банктен ақшаны қолма-қол алу үшін мәлімдемені дайындау, қолма-қол ақшаның түсуі және беруі бойынша кассалық операцияларды дайындау, кассалық операциялардың сақталуын тексеру.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен тығыз байланыстырады, сонымен баланс шаруашылықтың жағдайын ақшалай бағалау ретінде береді.
Баланс-белгілі бір мерзімде жобаны іске асырып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдай қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді.
Баланс екі жақтан тұрады:
1) актив (сол бөлігі )
2) пассив (оң бөлігі)
Олардың қосынды мәндері үнемі өзара тең болуы тиіс.Активтер –бұл құндық бағасы бар, кәсіпорынның мүлкі, мүліктік құқығы болып табылады. Яғни кәсіпорынның меншігіндегіні көрсетеді.Пассивтер- басқа біреуге тиісті нәрсе, яғни кәсіпорынның қарызды дегенді білдіреді.
Актив пен пассивтің тең болуы баланстың маңызды сыртқы белгісі. Бухгалтерлік балансты тікелей меншіктегі әртүрлі мүліктік құралдар тобы (материалдық құндылықтар) және осы құндылыққа құқ, шаруашылық субъектілері еркімен құрылған капитал ретінде көрінеді. Баланстың пассиві – бұл, біріншіден, кәсіпорынның шаруашылық ісіне қандай мөлшерде құралдар салынғанын көрсетеді, екіншіден, кім қандай нысанда кәсіпорынның мүлкін жасақтауға қатынасқанын бейнелейді.
Баланс пассиві алынған байлық үшін міндеттеме ретінде немесе кәсіпорынның ресурстарды (активтерді) алғаны үшін міндеттеме ретінде анықталады.
Міндеттемелерді топтау екіге бөлінеді: бірі – шаруашылықтың меншік иелерінің алдындағы міндеттеме, басқалары – үшінші адамдар (кредиторлар, банктер т.б.) алдында. Бұл бөлінудің маңызы мынада: біріншісі тұрақты оны өтеудің керегі жоқ, ал қарызға алынған құралдар мерзімді уақытта қайтарылуы керек.
«Нил» ЖШС-гі өзінің есеп жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге негізгі нормативтік құжаттар ретінде бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға методикалық нұсқаулар, сонымен қоса кәсіпорынның жұмыс шоттары жасалған негізгі шоттар жоспары пайдаланады. Сонымен бірге «Нил» ЖШС-де қабылданған есеп саясаты қолданылады. Кәсіпорында журналды – ордерлі форма қолданылады. Оларға жазу алғашқы құжаттар, есеп регистрлерінен түсіріледі.
Төмендегі кестеден «Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы ақша құралдарының қозғалысын көре аламыз
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай өнімді сатудан түскен түсімдер 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 9985 мың теңгеге өскен.Осыған байланысты шығын көлемі де 26544,1 мың теңгеге өскен.Соның ішінде жабдықтаушыларға төлемдер 25866,7 мың теңгеге, еңбекақы төлемдері 216 мың теңгеге, Салықтық төлемдер 16,5 мың теңгеге, бюджетке басқалай төлемдер 558,9 мың теңгеге өскен.
2.2- кесте
«Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы ақша қаражаттарының қозғалысына сипаттама
№ | Көрсеткіштер | 2008жыл мың теңге | 2009жыл мың теңге | 2010жыл мың теңге | 2010-2008ж.ж. (+;-) айырмашылық |
1 | Өнімді сатудан түскен түсімдер барлығы,соның ішінде: -өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер; -басқалай түсімдер |
171249,3
171249,3 - |
247161,9
247161,9 - |
181234,3
181234,3 - |
+9985
+9985
|
2 | Ақшалай шығындар,барлығы соның ішінде: -жабдықтаушылар төлемдер; -төленген аванстар; -еңбекақы төлемдері; -Салықтық төлемдер; -бюджетке басқалай төлемдер; -басқалай төлемдер |
160730,3
159914,8
-
324,0
51,3
326,2
165,2 |
239513,8
238540,7
-
360,0
47,7
565,4 -
|
187274,4
185781,5
-
540,0
67,8
885,1 - |
+26544,1
+25866,7
-
+216
+16,5
+558,9 |
Төмендегі кестеден кәсіпорынның Ұзақ мерзімді активтерінің 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда -7,4 пайызға азайғанын көруге болады. Қысқа мерзімді активтері,соның ішінде: ақша құралдары 7,4 пайызға көбейіп отыр.
2.3- кесте
«Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы негізгі активтерінің көлемі
№ |
Көрсеткіштер | жылдар | |||||
2008 | 2009 | 2010 | |||||
Мың теңге | % құрылымы | Мың теңге | % құрылымы | Мың теңге | % құрылымы | ||
1 | Ұзақ мерзімді активтер | 25985,4 | 69,9 | 23664,0 | 55,7 | 21342,4 | 62,5 |
2 | Қысқа мерзімді активтер, соның ішінде: -ақша құралдары; -ағымдағы салықтық активтер; |
11156,8
11150,8
6020 |
30,0
30,0
16,2 |
18798,8
18798,8
- |
44,2
44,2
|
12758,7
12758,7
- |
37,4
37,4 |
3 | Барлығы | 37142,2 | 100 | 42462,8 | 100 | 34101,2 | 100 |
2.4- кесте
«Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы қызметінің өзіндік құны мен құрылымы
№ | Көрсеткіштер | 2008жыл | 2009жыл | 2010жыл | 2010-2008ж.ж. (+;-) айырма-шылық | ||||
мың теңге | % | мың теңге | % | мың теңге | % | ||||
1 | Өткізілген өнімдердің (қызметтер-дің) өзіндік құны | 228414,4 | 98,7 | 177327,8 | 98,3 | 156496,2 | 98,2 | -71918,2 | |
2 | Еңбекақы | 730,0 | 0,3 | 360,0 | 0,19 | 540,0 | 0,3 | -190 | |
3 | Негізгі құралдардың амортизациясы | 2245,4 | 0,9 | 2629,3 | 1,4 | 2321,5 | 1,4 | +76,1 | |
4 | Барлығы | 231389,8 | 100 | 180317,1 | 100 | 159357,7 | 100 | -72032,1 |
Кестеде көрініп отырғандай 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда қызметтердің өзіндік құны да жылма-жыл өсіп отыр.Өзіндік құнның айқын бөлігін Өткізілген өнімдердің(қызметтердің) өзіндік құны шығындары алып отыр. Ол 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 71918,2 мың теңгеге азайғанын көреміз. Еңбекақы шығындары -190 мың теңгеге азайған. Бұл жұмысшылардың санының азайуына байланысты. Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары да өсіп отыр. Ол негізгі құралдардың құны мен құрылымының өсуіне байланысты. Серіктестік кәсіпкерлік іс әрекетті жүргізу барысында ақшалай шығындарды жұмсайды
Материалдық шығындар-шикізат және материалдарды сатып алу шығындары, жартылай фабрикат, құрастыру жинақтау бұйымдары, отын және энергияның барлық түрлері, запас бөлшектермен бұйымдар, аз құнды тез тозатын бұйымдарды сатып алу шығындары, өндірістік сипатта қызмет көрсету шығындары .
Өндірістік сипатта қызмет көрсету шығындары корпорация қызметінің құрылымында маңызды орын алады.
Төмендегі кестеден серіктестіктің 2008-2010 жылдардағы шығын көлемін көруге болады:
2.5-кесте
«Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы шығындардың көлемі мен құрылымы
Көрсеткіштер | 2008жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | |||
мың теңге | үлесі, % | мың теңге | үлесі, % | мың тенге | үлесі, % | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Тауар, материал-дар,(жұмыс және қызмет) алынды соның ішінде: Шикізаттар, материалдар |
8 715,0 |
1,02 |
- |
|
10815,7 |
1,1 |
Өнім өндіруге арналған тауарлар | 3450,4 | 0,40 | 4270,2 | 0,45 | 541,9 | 0,05 |
Жанар май | 540 550 | 63,8 | 660 000 | 70,6 | 680 700 | 71,1 |
Электроэнергия және жылу энергия шығындары
| 81200 | 9,5 | 72000 | 7,7 | 77845 | 8,1 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Транспорттық шығындар | 156 455,0 | 18,4 | 169315,0 | 18,1 | 126591,0 | 13,2 |
Іс-сапар шығындары | 56 000 | 6,6 | 28 000 | 2,9 | 60 000 | 6,2 |
Еңбекақы бойынша шығындар | 780,0 | 0,09 | 360,0 | 0,03 | 540,0 | 0,05 |
Барлығы | 847150,4 | 100 | 933945,2 | 100 | 957033,6 | 100 |