Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа

Описание работы

Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып

Работа содержит 1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать)

Аталған мерзімде салықтық өтініштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі болып есептеледі.

Таңдап алынған салық салу режимі күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар салықтық өтінішпен бір мерзгілде нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін табыс етеді.

Аталған құжаттар олардағы деректер өзгерген кезде не басқа жер учаскелеріне құқықтар туындаған кезде жаңадан тапсырылады.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер арнаулы салық режимін қолдану үшін әділет органында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салықтық өтінішті табыс етеді.

Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті салық органына осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етеді.

Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші  салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы  жіберіледі.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

«Нил» ЖШС салық төлеуші ретінде қысқартылған декларацияға жатпайтын салықтардың келесі түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырады:

1)     мүлік салығы;

2)     көлік құралдарына салық;

3)     жер салығы.

   «Нил» ЖШС -ның осы салықтарды есептеуі және бюджетке төлену тәртібін ЖК-ның 2009 жылғы мәліметтері бойынша қарастырайық:

  «Нил» ЖШС ҚР-ның аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкер ретінде салық төлеуші болып табылады. ЖК-ның салық салу объектісі – оның негізгі қоры – ғимараты. Салық салу объектісінің орташа жылдық қалдық құны салық базасы болып табылады.   «Нил» ЖШС ғимаратының орташа жылдық қалдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлік салығын есептейді, яғни

                                 5621800 тг. * 1% = 56218 тг.

«Нил» ЖШС есептелген мүлік салығы сомасын өз бетінше анықтап, оны төлеуді орналасқан жері бойынша, яғни БҚО Салық Комитеті органында жүргізеді. Ағымдағы төлемдер сомасының есептелуін ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін тапсырады. Ағымдағы төлемнің сомалары тең бөлікте ағымдағы жылдың 20 ақпанына, 20 мамырына, 20 тамызына және 20 қарашаға дейін төленді. Декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырады.

«Нил» ЖШС -ның директоры Ешимов К.М. меншік құқығында көлік құралы бар жеке тұлға ретінде салық төлеуші болып табылады. Жеке тұлғаның салық салу объектісі – оның иелігіндегі көлік құралдары. Көлік құралына салық салу жылына 1 рет төленеді жәнебелгіленген көлемде АЕК-мен есептеледі. Сонымен, Ешимов К.М. меншігіндегі көлік құралдарына салық есептеу тәртібі:

1. ВАЗ-2106, шыққан жылы – 2000ж., двигатель көлемі – 1500 см3

              Салық сомасы = 6 АЕК = 6 * 823 = 4938 тг.

2. ВАЗ-2107, шыққан жылы – 2002ж., двигатель көлемі – 1500 см3

              Салық сомасы = 6 АЕК = 4938 тг.

3. ВАЗ-2109, шыққан жылы – 2001ж., двигатель көлемі – 1700 см3

     Салық сомасы = 7АЕК + 200*7тг. = 7161 тг.

4. ВАЗ-099, шыққан жылы - 2003ж., двигатель көлемі – 1800 см3

     Салық сомасы = 7 АЕК + 300*7тг. = 7861 тг.

5. Мазда, шыққан жылы–1995 ж., шетелдік көлік, двигатель көлемі-                      2000см3

     Салық сомасы = 7АЕК*0,5 = 2880,5 тг.

6. ЗИЛ-130, шыққан жылы - 1992ж., жүк көтерімділігі – 3т.    

7. ГАЗ-53, ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ – 1995 ж., жүк көтерімділігі – 5т.

      Салық сомасы  = 12АЕК * 0,5 = 4938 тг.

8. КАВЗ, шыққан жылы – 1991ж., отырғызу орны – 20 орын

      Салық сомасы = 14 АЕК = 11522  тг.

Салық төлеуші жеке тұлға Ешимов К.М. салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық сомасын дербес есептейді. «Нил» ЖШС директорының төлеуге жатқызылған салық сомасы – 49176,5 тг. Бұл соманың бюджетке төленуі БҚО Салық Комитеті органы бойынша салық кезеңінің 1 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

«Нил»ЖШС-ның бюджетке төленетін тағы бір  салық түрі – бұл жер салығы. Салық төлеуші болып иелігінде жер учаскесі бар «Нил» ЖШС директоры Ешимов К.М. табылады. Салық салу объектісі болып «Нил» ЖШС ғимараты тұрған 120 м2 жер учаскесі табылады. Салық базасы – осы жер учаскесі елді мекен жеріне жатады. Елді мекен жерінен салықтың базалық ставкасы – 1м2-ге белгілейді. Орал қаласы үшін елді мекен жеріне салықтың ставкасы – тұрғын үй қорынан басқа ғимараттар тұрған жерге – 1м2 үшін 5тг. 79 тиын. Сондықтан «Нил» ЖШС директоры жеке тұлға ретінде төлейтін жер салығы келесідей түрде есептеледі:

                      120м2 * 5тг. 79 тиын = 694 тг.80 тиын.

Бұндай есептеуді БҚО салық органы ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргізуі керек. Салықты төлеуді жеке тұлға ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жүргізуі керек.

Алайда, осымен «Нил» ЖШС-нің бюджетпен қарым-қатынасы аяқталған жоқ. сонымен қатар ол «салық агенті» болып табылады. Өйткені, қысқартылған декларацияға енгізілген жеке табыс салығы тек кәсіпкердің өзі үшін ғана төленген жеке табыс салығы сомасы болып табылады. Сондықтан кәсіпкер жалдамалы жұмысшыларға есептелген еңбекақыдан жалпы белгіленген тәртіпте төлем көзінен жеке табысқа салықты ұстап қалуы тиіс.

«Нил» ЖШС салық агенті ретінде:

-                     төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және уақытында есептеуге және бюджетке аударуға;

-                     салық төлеушіге төленген кірістің ұсталған және төленген салық сомасы есебін жүргізуге;

-                     салық органына салықтық есеп беруін тапсыруға міндетті.

«Нил» ЖШС салық агенті ретіндегі әрекетін 2009 жылдың ІІІ тоқсаны мәліметтері бойынша қарастырайық:

3.1-кесте

Айлық еңбекақы қоры

Жұмысшылар

Саны (адам)

Айлық еңбекақы (мың тг.)

1

Директор

1

55

2

Бухгалтер

1

35

3

Ветеренар дәрігер

2

25

4

Шаруашылық жүргізуші

4

20

5

Бақташылар

4

17

6

Техника қадағалаушы

1

17

7

Еден жуушы

1

15

Барлығы

14

303

 

 

   Жоғарыдағы кесте бойынша «Нил» ЖШС-ның жұмысшыларының орташа айлық есептелген еңбекақысы – 23 307 тг.

Әрбір жұмысшының салық салынатын табысынан ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде және 10% міндетті зейнетақы жарнасы мөлшерінде шегерім жасалады, яғни:

                            23307 – 2330– 12473= 8504*10%= 850 тг.

Сонымен, әрбір жұмысшының төлем көзінен салық салынатын айлық табысы – 8504 тг. Ал, барлық 13 жұмысшы үшін – 303 000 тг.бұдан есептелетін жеке табысқа салық сомасы (303 000 * 10%) – 30300 тг.       Сонымен, салық агенті «Нил» ЖШС-ның есептелген ЖТС сомасын есепті айдан кейінгі айдың 5-не дейін төлеуі керек. Ал, жеке табыс салығы бойынша есептеуді ІІІ тоқсан үшін қазан айының 15-нен кешіктірмей БҚО салық органына табыс етеді.

 

3.2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес субъектілерінің қалыптасып дамуы

 

 

Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі болып табылады. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік ең алдымен, нарықтың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта топты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндеттеріне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамдардың өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. 

Дамыған елдің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. Бұл елдерде шағын кәсіпкерлікті реттеу саясаты арнайы құрылған органдармен дайындалады және жүзеге асырылады. Мысалы, Жапонияда шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырушылық реттеу шағын кәсіпкерлігінің Мемлекеттік корпорациясымен жүзеге асырылады. Италияда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты саясатты жүзеге асыру жөнінен негізгі функцияларды өнеркәсіп коммерция, сауда және қолөнер Министрлігі іске асырады. Ал аймақтық деңгейлерде әр түрлі сәйкес мемлекеттік құрылымдар қызмет етеді. Францияда шағын кәсіпкерлікті реттеудің ұйымдастырушылық құрылымы шағын және орташа кәсіпкерлік Конференциясымен, Сауда және өнеркәсіптік палаталармен, бастаушы және дамушы кәсіпорындардың Ұлттық агенттігі мен техника өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтастық істері жөнінен Агенттігімен көрсетілген. АҚШ – та шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саясаты оның субъектілері арасында функционалды міндеттерді нақты бөлу принциптеріне негізделген. Көп сатылы ұйымдастырушылық құрылым арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімінің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікке жұмылдырылған, жалпы өнімінің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ – та шағын кәсіпкерлік ғылыми – зерттеу жұмыстарының  3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған 1 доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді  17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнертапқыштар жаңа технологияның 90 пайыздан астамын жасайды. Бұл деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі ролі мен маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Бірақ, мәселе сандық көрсеткіштерде ғана емес. Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен нарықтық экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынының тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұрасының өзгеруін жедел байқап, бәсекелесінің өрісін кеңейтуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.

Отандық шағын бизнесінің дамуы 1992 – 1993 жж басталды.

Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру әлі жүріп жатыр. 1990 жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамасы болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылады. Кейбіреулер 10 немесе одан да жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшы қамтыған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады. Шағын бизнеске жатқызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.

Бизнеске қатысына қарай, “шағын” деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай – ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, Ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.

Кәсіпкерлердің көпшілігінің жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады. Олардың жартысынан астамы өз білімін қанағат тұтады. Сондай – ақ мемлекет тарапынан болмаса да, шетелдік ұйымдар тарапынан техникалық көмек көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті деп саналды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69 пайызының жоғарғы білімі болған.

Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатырған бөлігі болып отыр. Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында лайықты орын алды. Ең бастысы, кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне қарағанда үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында шағын бизнес субъектілерінің жалпы саны 483,4 мыңды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға көп. Қазіргі кезде осы субъектілерде1,2 млн-нан астам адам еңбек етеді. Олар өз отбасыларын асырап отыр, сенімді салық төлеушілер болып табылады. Қазіргі кезде шағын бизнес қана ел бюджетінің 11 пайызын қалыптастырады, ал оның ІЖӨ-дегі үлесі 17 пайызды құрайды. Бір жыл ішінде шағын бизнеспен айналысатын адамдар саны  28,5 пайызға өсіп отыр. Шағын кәсіпкерлік иелерінің бюджет қоржынын молайтуға қосқан үлестері де қомақты. Мысалы, өткен жылдың І жартысында тек осы сала өкілдері  43909 млн теңге салық төлеген болса, үстіміздегі жылдың осы мерзімінде оның көлемін 52783 млн теңгеге жеткізген. Яғни, 1 жыл ішінде салық төлемдерін 20,2 пайызға арттырған. Көз қуантатын бұл деректер уақыт өткен сайын елімізде шағын кәсіпкерлік күш алып келе жатырғанын білдіреді. Бұған шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің күшейтілуі, сондай – ақ нормативтік – құқықтық актілердің жетілдірілуі оң ықпал еткені анық. Шағын бизнес иелерінің басым бөлігі бұрынғысынша, сауда, автокөлік жөндеу және тұрмыстық қызмет көрсету салаларында көптеп шоғырланған. Мәселен, белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың 49 пайызы жоғарыда аталған салаларда жұмыс істесе, 12,4 пайызы өнеркәсіп саласында, ал 12,6 пайызы жылжымайтын мүлік операцияларын жүргізу, делдалдық қызмет көрсету т.б салаларда жұмыс істейді. Бұл шағын бизнес иелерінің сауда – саттық пен делдалдық қызмет көрсетуден арғыға батыл қадам жасай алмай отырғандығын көрсетеді.

Информация о работе Салық жүйесі