Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 09:05, дипломная работа

Описание работы

Кіріспе
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Мемлекетті салық салу аясындағы қызметі салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі болып табылатын салықтық қызметтің өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып

Работа содержит 1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать)

Жаңа Салық Кодексін талқылау барысында бір сәт тәжірибелі кәсіпкердің көзқарасына да құлақ асқан дұрыс: “Елімізде жаңа Салық Кодексі өз күшіне енгені баршаға белгілі. Алайда, Үкіметтің салық заңдылықтарын өзгерту жөніндегі аталмыш қадамы кәсіпкерлер арасында біршама қобалжу туғызғандай болды. Өз қалтасынан салық төлейтін азамат ешқашан да мемлекеттің фискалдық саясатын бірқалыпты қабылдай алмасы анық. Дегенмен, жұмыс орнын көбейтіп отырған кәсіпкер және экономист маман ретінде Салық Кодексіндегі өзім байқаған мардымды өзгерістер жайында айта кетсем деп едім”,- дейді. “Мерей” ЖСШ директоры Серік Мәдиев мырза (Петропавл қаласы) – Заңды тұлғаларға бағытталған патентті режимнің қолайсыздығы салдарынан біздің  дүкеніміз бүгінге дейін көпке белгілі схема негізінде жұмыс істеп келді: яғни,  патенттің төлемдік құнын төмендету үшін кәсіпорындар жұмысшы санын азайтып, оларға кішкентай жалақы төлеуге мәжбүр болды. Бұрын қолданыста болған режимнің талабы осыған итермеледі. Өздеріңіз білесіздер, орта шағын бизнестегілер ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен 1,5-2 есеге төмен жалақы алады. Бұл жасырын емес. Айтайын дегенім, бұрын патент иесі- кәсіпкер өз кәсібін бастамай тұрып, салық төлеуі тиіс болды. Сондықтан да менің әріптестерім арасында патентке деген аса қызығушылық болған жоқ. Меніңше, тоқсандық есептік мерзімнің қолданылуы- бюджеттік түсімді реттеу қажеттігі мен кәсіпкердің « виртуалды» табысынан көк тиын жұмсамау принципі арасындағы мәміле, яғни компромисс. Мыс, бүгінгі күн ықшамдалған негізде табыстан шығынды ұстап қалмай-ақ салық есептеген жағдайдың өзінде, төлем жасайтын сома нақты төмендегенін байқадым. Өйткені, мен басқарып отырған дүкеннің потенциалды табысы 7-9% шамасында құбылып отырады. Ал, бізге бұрыннан белгілі патенттен схема бойынша бұл көрсеткіш 30%-тік ставкамен есептелетін. Сонымен қатар, қызметкерлер саны 18 адамнан жоғары болғанда берілетін жеңілдіктер штатты ұлғайтуға біршама экономия жасауға мүмкіндік береді. Салық  Кодексіндегі қолайлы жаңалықтарды тиімді пайдалана білейік, әріптестер!”[6]

Сонымен, жоғарыда аталған пікірлер жаңа Салық Кодексін қолданудың тиімділігін біршама деректермен нақтылап отыр. Алайда, салық заңдылығының әрекет етуі барысында оның жағымды жақтарымен қоса кемшіліктері де байқалып отыр. Салық заңдылығындағы кемшіліктер жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзінде айтты:

“Осы кезге дейін кәсіпкерлерге салық салу жүйесінің жетілмегендігі, олардың “көлеңкеге” кетуі жанға  бататын проблема болып отыр.

Маған, атап айтқанда, қолданыстағы Салық Кодексі бюджетпен есептесуде барынша қарапайымдылығымен ерекшеленетін патент жүйесінің іс - әрекет аясын тарылтып, дербес кәсіпкерлер үшін іс – жағдайын нашарлатып жібергеніне шағымданады. Ал, қажеті – патент құнын төле де, салық органдары тарапынан жаманшылық болады деп қорықпастан тыныш өмір сүр. Бұған қоса, іс барысы көрсетіп бергендей, жаңа жүйе өзін ақтамады. Үстіміздегі (2002) І жартысында бюджет түсімдерінің ұлғаюы іс жүзінде болған жоқ, дербес кәсіпкерлер санының өсу қарқыны бәсеңдеген, кәсіпкерлердің бір бөлігі “көлеңкеге” кеткен. Осыған байланысты Үкіметке тапсырма: кәсіпкерлерге “көлеңкеден” шағын кәсіпкерлерді барынша шығаратындай салық тәртібінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заңнамалық нормаларды талдап жасау керек”.

Сонымен қатар, жаңа Салық Кодексінің кейбір олқылықтары жөнінде Алматы қалалық акимат жанындағы шағын бизнес Департаментінің директоры С.А.Тұржанов мырза былай дейді:[7]“Қазақстанда кәсіпкерлердің бизнесті жүргізуге қажетті заңдылық база негізінен қалыптасты деп айтуға болады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген проблемаларды осы қабылданған заңдар мен нормативтік – құқықтық базаның жетілдірілмегендігінен туындап отыр. Мысалға, жаңа Салық Кодексін қолдану кейбір проблемаларды анықтады.

Ең алдымен бұл іс - әрекеті біржолғы талонмен байланысты кәсіпкерлерге қатысты. 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес шағын бизнес субъектілері кәсіпкершілік іс - әрекетін жүргізу үшін салықтарды есептеу мен төлеудің келесідей тәртіптерінің біреуін өз бетінше таңдайды:

1)                       Жалпы белгіленген тәртіп.

2)                       Біржолғы талон негізіндегі АСР.

3)                       Патент негізіндегі АСР.

4)                       Қысқартылған декларация негізіндегі АСР.

Бірақ та, жоғарыда аталған режимдерде әрекет етудің шарттарын ескере отырып, базарларда саудамен айналысатын кәсіпкерлер тек біржолғы талон негізінде әрекет етеді. Салық Кодексінің 373 бабына сәйкес біржолғы талондар қызметі маусымдық сипат алатын, яғни 90 күннен аспайтын, тұлғаларға беріледі. Базардағы саудагерлер талондарды сатып ала отырып, өз қызметін заңдастырдым деген ойда болады. Бірақ, 90 күннен кейін бұл адамдардың сауда жүргізуге құқығы жойылады. Басқаша айтқанда, біржолғы талоны бар адамдардың қызметі 90 күннен кейін жансыз болып есептеледі және оларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес айып салынады.

Осыған байланысты, Салық Кодексіне біржолғы талонның әрекет ету мерзімін шектемеу жөнінде өзгерістер енгізіп, әрбір аймақтар үшін базардағы жиындар бойынша тиімді ставкаларды жергілікті атқарушы органдар, маслихат өкілдері мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірліктерімен келісе отырып қалыптастыру қажет.

Сонымен қатар, біржолғы талондарды сату құқығы мемлекеттік өкілетті органға емес, базар әкімшіліктеріне берілген. Ал, бұл саудагерлерден қаржыны заңсыз жинауға алып келеді және базарларда жасырын жұмысбастылықты туындатады. Бүгінгі күнде 100000–дай базар саудагерлерінің 50% заңсыз қызмет етуде.

Сондықтан біз талондарды сатуды жүргізуді салық органдарына беруді ұсынамыз. Бүгінде базар басшылары шектеусіз билікке ие. Олар мемлекеттік немесе жергілікті бюджетті емес, өздерінің қалталарын толықтыратын, еш жерде тіркелмеген саудагерлер санының көбеюіне мүдделі болып отыр. Базар иегерлері сауда орындары мен құралдарын арендаға беруші ретінде ғана қызмет етіп, базар саудагерлерінің ұйымдық – техникалық қамтамасыздығымен айналысуы қажет. Осыған орай қабылданған шаралар бюджетке түсім көлемінде ұлғайтып, жасырын жұмысбастылықпен күресуге мүмкіндік берер еді».

Шағын бизнес субъектілері үшін АСР тақырыбын жалғастыра отырып, Алматы ауданы бойынша Салық Комитетінің салық инспекторы Тойғанбаев Е.Ж былай дейді:[8] «Соңғы кездері кәсіпкерлер мүлікке салықтың жоғары ставкасына көп шағымданады. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар мүлкіне салық салу тәртібін салыстырып көрейікші: Кәсіпкерлер үшін мүлікке салық жылдық ставкасы мүлік құнының 1%, ал жеке тұлға үшін - 0,1%. Мысалы, бірінші қабаттан пәтер сатып алған жеке тұлға  0,1% ставкасы бойынша мүлік салығын төлейді. Ал, егер де осындай тұлға өз бизнесін ұйымдастырып, қала экономикасына қаржы салып, жаңа жұмыс орындарын құрастырып, салықтар (жер салығы, ҚҚС, т.б) төлеген жағдайда, ол коммерциялық іс - әрекетпен айналысатын заңды тұлға ретінде1%-к ставкамен мүлік салығын төлеуге міндетті. Ал бұрын ол пәтер иесі ретінде 0,1% төлеген еді. Шынымен – ақ, бұл әділетсіздік!

Бұндай жағдайлар шағын бизнес субъектілерін шығынды азайту мақсатымен «көлеңкеге» кетуге, яғни өз мүлкін кәсіпкерлікпен айналыспайтын жеке тұлға ретінде көрсетуге итермелейді. Нәтижесінде компаниялар активтері азайып, көлеңкелі мүлік көлемі арта түседі».

Жаңа Салық Кодексіндегі кәсіпкерлерге байланысты ауыртпалықтар жөніндегі тағы бір маман пікіріне көз салсақ. Алматы қаласы бойынша Салық Комитеті төрағасының орынбасары А.Иманғожин:[9] «Кәсіпкерлер басындағы  тағы бір проблема пайдаға салықпен байланысты. Егер кәсіпкер алған табысы өндірісті дамытуға жұмсаған болса, бұл қаржыны салықтан босатқан дұрыс болар еді. Ал бүгінде барлық қажетті салықтарды төлеген кәсіпкердің өндірісті дамытуға ешқандай қаржы да, ынтасы да қалмайды. Жалпы алғанда, кәсіпкерлер үшін әлі де молшылық. Кәсіпкерлік мемлекет тұрақтылығының негізі болып қалыптасуы үшін бұл проблемаларды дұрыс шешу барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға жүктелері сөзсіз».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «Нил» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық  сипаттамасы және қаржы жұмысы

2.1 «Нил» ЖШС-нің  ұйымдық-экономикалық  құрылымы

 

    «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі  ЖШС) «Бірлік» Ашық акционерлік қоғамын қайта құру арқылы  құрылады. «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Нил» Ашық акционерлік қоғамының құқықтары мен  міндеттерін иеленуші болып табылады. «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлға болып табылады.

  Серіктестіктің атауы:

Мемлекеттік тілде - «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Орыс тілінде – Товарищество с ограниченной ответственностью «Нил».

  Серіктестіктің тұрған жері: Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы. Қызмет көрсету  мерзімі шектелмеген.

Серіктестік қызметінің  негізгі мақстаы  табыс және  оны  қатысушылардың сұранысына  сәйкес  өндірістегі  өркендету мен әлеуметтік мәселелерді  шешуге жұмсау.

Серіктестік қызметінің  мәні мынадай:

- Ешқандай меншік түріне қарамастан  шаруашылықтың барлық категорияларында  республикалық, облыстық   селекциялық мал тұқымын асылдандыру  жұмысының  бағдарламасына  сәйкес, мал өсірудің жетілген  әдістерін енгізу, соның негізінде ауылшаруашылық малдарының өнім беру қасиеті мен тұқымын жетілдіре түсу.

-  Асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарын және де басқа  мал тұқымын асылдандыратын бөлімшелер құру.

-   Асыл тұқымды малдарды әзірлеу, сатып алу, сатуға ұйымдастыру.

-  Асыл тұқымды малдардың өнімділігін  бақылаудың және баға берудің  жаңа тәсілдерін өндіріске енгізу.

-   Аталық малдардың тұқымдық қасиеті  жазылған каталогтар мен  мемлекеттік кітаптарды  баспаға беру, аталық малдарды бағалау, сұрыптау және  олардың есебін жүргізуді ұйымдастыру.

-   Мал шаруашылығын  асылдандыруға  байланысты  ғылыми жетістіктерді  өндіріске енгізу.

Жаңа тұқым, линия  типі басқа  ауылшаруашылығы   малдарының  буындарын  шығару және  жетілдіру жөнінде  ғылыми мекемелермен  бірлесе отырып  жұмыстану.

-   Асыл тұқымды малдардың байқауын, көрмесін  және көтерме саудасын ұйымдастыру.

-   Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын  қызметкерлердің  әзірлігімен  кәсіби мамандығын арттыру.

-   Сыртқы экономикалық,  коммерциялық  және  сауда делдалдық  қызмет.

   Серіктестік заңдармен тиым салынбаған (жарғыда көрсетілгендерден басқа) басқа да қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.

Арнайы рұқсат талап етілетін жекелеген  қызмет  түрлерімен  Серіктестік  заңдармен белгіленген тәртіпте берілген  рұқсаттың негізінде  айналысады.

              Лицензияны қолдану жағдайлары Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-техникалық келісімдерінің болуы мен сақталуы міндетті.

              Серіктестік мемлекеттік тіркеуді өткен сәттен бастап заңды тұлғаның құқықтарын иеленді. Серіктестіктің өзінде мөрі, дербес балансы, банкілерде есепшоттары, өз атауымен бланкілері бар. Қызметінің мақсатына жету үшін Серіктестік өзінің атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелікке алуға, жауапты болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдарын және өкілдіктерін ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (қоғамдарға) кіруге және өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы. Серіктестік өзінің міндеттемелрі бойынша өзінің қарауындағы барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет Серіктестіктің қарыздары үшін жауап бермейді. Серіктестік өзінің қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, қолданылатын заңдармен көзделген жағдайларды қоспағанда. Серіктестіктің қатысушылары Серіктестіктің міндеттемелері үшін жауап бермейді және Серіктестіктің қызметіне байланысты оның шығындарына өзінің қосқан салымдарының құны мөлшерінде тәуекел етеді. Серіктестік қолданылатын заңдарға сәйкес облигацияларды шығаруға құқылы.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болады. Ол Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрлерін атқара алады. Тізімі заң актілермен белгіленген кейбір қызмет түрлерімен Серіктестік лицензия негізінде шұғылдана алады.

Серіктестік қатысушылары төмендегідей құқықтарға иеленеді:

- осы жарғымен  және ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңымен белгіленген тәртіп бойынша Серіктестіктің істерін басқаруда қатысуға;

- Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның құжаттамаларымен танысуға;

- Серіктестіктің қызметінен табыс табуға;

- Серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын немесе Серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша мүлік бөлігінің құнын заң түрінде алуға;

- өзінің үлесін иесіздендіру арқылы Серіктестікте қатысуын тоқтатуға.

Серіктестіктің қатысушылары міндетті:

- құрылтай құжаттарының талаптарын орындауға;

- салымдарды құрылтай құжаттарында көрсетілген тәртіп, мөлшер, әдістер   бойынша және мерзімдерде салуға;

- Серіктестікпен коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді жария қылмауға.

Серіктестіктің қатысушылары заңдармен және құрылтай шартымен көзделген басқа да құқықтарды иелене алады.

Серіктестіктің қызметін  қамтамасыз ету  үшін мынадай  мөлшерде  жарғылық капитал  жаңадан толықтырылған  30 432400 (отыз  миллион  төрт жүз отыз екі мың  төрт жүз теңге). Жарғылық капиталы  21 620 улеске әрбірінің құны 1 407,60 теңгеден бөлінген Серіктестікті  қайта тірекеу сәтіне  жарғылық капитал толығымен  құралды. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану және интеллектуалды қызмет нәтижелерін пайдалану құқықтары және тағы да басқа мүлік жатады. Салымарды жеке мүліктік емес құқықтар және басқа заттық емес құндар түрінде салуға болмайды. Серіктестікті қайта тіркеу сәтіне жарғылық капитал толығымен құралды. Қатысушылардың Серіктестік мүлкіндегі үлесі жарғылық капиталға салған салымдары мөлшеріне пропорционалды болады және процент түрінде көрсетіледі. Серіктестіктің  мүлкі қатысушылардың  жарғылық капиталға салған алғашқы салымдарынан, қосымша салымдардан, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардан, сондай-ақ заемдық қаражат және белгіленген тәртіп бойынша Серіктестікпен иеленген немесе алынған басқа да мүліктен құралады. Қатысушылардың шешімі бойынша Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгере алынады. Серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі қатысушылардың пропорционалды салған қосымша салымдары арқылы, Серіктестіктің меншік капиталы, нақты құны баланс құнынан асатын таза активтерді қайта бағалау, басқа қатысушылардың келісімі бойынша бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарды салу, Серіктестіктің құрамына жаңадан қатысушыларды қабылдау арқылы атқарыла алынады. Серіктестіктің жарғылық капиталының кемуі Серіктестіктің барлық қатысушыларының  салымдары мөлшерінің пропорционалды түрде кемуі арқылы немесе кейбір қатысушылардың үлестерін толығымен немесе жартылай өтеу арқылы орын алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы заңмен белгіленген мемлекеттік тіркелуді өту үстіндегі минималды мөлшерден төмен бола алмайды.

Информация о работе Салық жүйесі