Сактандыру нарыгынын дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:41, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты қатаң бәсеке жағдайындағы қаржы ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдарын теориялық және әдістемелік негізде ұсыну болып табылады.
Көздеген мақсатқа жету үшін бір-бірімен өзара байланысты келесідей міндеттер қойылады:
● қаржы ұйымының тиімді қызмет етуінің экономикалық мәні мен маңызын зерттеу;
● экономикалық категория ретінде оның теориялық аспектілерін талдау және негізгі параметрлерін анықтау;
● Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын бағалау;
● сақтандыру компанияларының қызмет ету тиімділігіне салыстырмалы зерттеу жүргізу;
● келешекте экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының тиімді дамуының балама нұсқаларын жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Сақтандыру нарығының теориялық негіздері
1.2 Сақтандыру ұйымының экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктері
1.3 Сақтандыру компаниясының экономикалық тиімділікті құраушы факторы ретінде бәсекеге қабілеттілігі
1.4 Сақтандырудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда пайдалану жолдары
2 «АЛЬЯНС ПОЛИС» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму тенденциялары
2.2 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамына жалпы сипаттама
2.3 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы АҚ қызмет тиімділігін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды ұйымдастыру тиімділігін оңтайландыру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Работа содержит 1 файл

Диплом.docx

— 566.42 Кб (Скачать)

 

20-кесте. Қытайдағы сақтандыру саласының 2005-2010 жылдардағы табыстары. (млрд юань)1

 

Жыл

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Табыс

59,5

77,7

108,0

124,7

210,9

388,0


 

2006 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52 сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша - 22, өмірді сақтандыру бойынша - 26, қайта сақтандыру бойынша - 1, екі сақтандыру тобы және бір "саяси" сақтандыру компаниясы жүмыс істеді. 2004 жылдың ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.

   Елдің сақтандыру нарығында акционерлік және шетел компанияларының болғандығына карамастан, елдің сақтандыру нарығының едәуір үлесін бұрынғыдай мемлекеттік сақтандыру компаниялары бақылап отырады. Мысалы, өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының үлесіне елдегі өмірді сақтандыру көлемінің 52% келеді. Екінші орында "Пинань" компаниясы (24%) тұр. "Тайпинян" компаниясы 11%-ды, ал "Синьхуа" компаниясы 3,5%-ды бақылайды.

Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру компаниялары ғана Қытайдағы өмірді сақтандырудың 90%-н қолында шоғырландырған.

2000 жылдың басында Қытай Халық  Республикасында ресми түрде  13 ұлттық сақтандыру компаниясы (шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде 2 - бас сақ-тандыру компаниялары, 7 - мүлікті сактандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру компаниялары, 1- қайта сақтандыру компаниясы. Террито-риялық белгісі бойынша олар 8 жалпы мемлекеттік сақтандыру компания-ларына және 5 аймақтық сақтандыру компанияларына бөлінеді. Жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларының 10 мыңдай бөлімшелері мен операциялык пунктері бар. Қызметкерлерінің саны - 150 мың адам.

   Қытай сактандыру компаниялары 250 мыңнан астам сақтандыру агенттерінің қызметін пайдаланады. Қытай басшылығының елді сыртқы экономикалық қатынастарға ашық екендігін жариялануымен сақтандыру нарығына шетелдік сақтандырушылар ене бастады. Өкілеттіктердің ең көп санымен Австралия, Үлыбритания, Германия, Гонконг, Италия, Канада, Корея, Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Франция, Швейцария және Жапония сақтандыру компаниялары ерекшеленеді. АҚШтың, Канаданың, Жапония мен Ұлыбританияның 9 сақтандыру компаниясы Шанхайда және Гуанчжоуда 12 операциялық агенттіктердің негізін салды. Ал 17 елдің 113 сақтандыру компаниясы Қытай Халық Республикасында 202 өкілеттігін құрды. Сақтандыру саласының өсу қарқыны 2003 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқынынан 7%-ға артық болды. Сақтандыру саласы құрылымдық реформаны жүзеге асыра алды және есептеулер жүйесін жетілдіре алды.

2004 жылдың басындағы жағдай бойынша,  Қытай Халық Республикасында  шет елдің қатысуымен 37 сақтандыру  компаниясы және де 300-ге жуық  басқа шетелдің сақтандыру мекемелері (өкілеттіктер, агенттіктер және  тағы басқалар) бар.

Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы  сақтандыру нарығы мен бизнесі әлемде ең жақсы дамыған нарық болып  табылады.

   Америка Құрама Штаттарының монополиялары  дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру  нарығының 50%-дан астамын бақылап  отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жүмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң және сақтық бақылау органы жоқ.

   Әрине, әр штат өзінің жарғылық  капиталын, көрсетілетін сақтандыру  түрлерін бекітеді, өзіне қарасты  сақтандыру ұйымдарына бақылау  жүргізеді. сақтандыру қызметін  қадағалап, реттейді, брокерлерге,  агенттерге және сақтандыру компанияларына  лицензиялар береді.

   Америка Құрама Штаттарында сақтандыру  үйымдарының екі типі бар: акционерлік  қоғамдар және өзара сақтандыру  қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірак олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ.

Ел  ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан:

1) бенефиттер (өмір мен денсаулықты сақтандыру,зейнетақыны сақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақгандыру, медициналық сақтандыру жане т.б)

2)  жеке мүліктік (бұл жерге  құрылыстарды сақтандыру,автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);

3)  коммерциялық (сақтандырудың барлық  басқа түрлері).

   Қазіргі кезде АҚШтын барлық сақтандыру компанияларының активтері 2 трлн доллардай соманы құрайды немесе орта есеппен алғанда әр компанияға 200 млн доллардан келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.

   Брокерлік компаниялардың өздерінің  айрықшалыкты бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер баска компаниялардың қызметін талдайды, олардын қаржылық жағдайын, төлемдерін, сервистік қызмет көрсету денгейін, қызметіндегі икемділікті, қызметтер бағасын және тағы басқаларды зерттейді.

Сақтандырушының қызметінің тиімділігінің критериі болып жоғалтулар деңгейі, табыстар және инвестициялар бойынша пайда коэффицисігі. дебиторлық қарыз деңгейі саналады.

   Америка Құрама Штаттарында өмірді  сақтандыру бойынша ірі сақтандыру  компаниялары жоғары авторитетке  ие, сондықтан да олардың қызметіне

әртұрлі зеинетақы қорларына тиесілі  бірнеше миллиардтық ақша қаражаттарын капиталды одан әрі көбейту мақсатында береді. Бұл қаражаттарды басқарғаны үшін сақтандыру компаниялары комиссиондық сыйақы (шамамен 0,1%) алады.

   Америка Құрама Штаттарының сақтандырушылары  өндірістік корпорация-лармен тығыз  байланыста. Осылайша, өндірістік корпорациялардың  әрбір 100 директорлар кеңесінің  27-сінде сақтандырушылар отырады.

   Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық  негізін акционерлік қоғамдар  мен өзара сақтандыру қоғамдары  құрайды. Андеррайтерлер мен сақтандыру  брокерлерінің - сақтандыру агенттерінің  немесе тәуелсіз брокерлік фирмалардың  институты бар. Осылайша, өмірді сақтандыру бойынша "Пруденшл" ірі сақтандыру қоғамының 20 мыңнан астам сақтандыру брокерлері бар. Сондай-ақ, "Марш-Макленан", "Александр энд Александр", "Фрек Холл", "Фред С.Джеймс" жэне тағы басқа да брокерлік фирмаларды атап өтуге болады.

   Кейінгі уақытта Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттарында мөлшерлемелер (сақтандыру төлемдерінің) қозғалысына шектеу алынып тасталып, кейбір жағдайларда олар 40 пайызға дейін төмендеді. Бүл көптеген ұсақ сақтандыру компанияларының, әсіресе мүлікті сақтандырушы компаниялардың шығындалуына әкеліп соқтырды.

   Америка Құрама Штаттарының сақтандыру компаниялары қаржылық конгломераттар деп айтса да болады. Олар өздерінің еншілес компаниялары арқылы өздерінің негізгі кызметінен баска несиелер мен қарыздар беру, клиенттерге чектік қызмет көрсету, есептесуші несиелік карточкалар эмиссиялау, мүлікпен, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, клиенттің тапсырысы бойынша мүлікті және капиталды басқару сияқты кызметтер атқарады. Сақтандыру ісінің одан әрі интернационализациялануы жүруде. 70-жылдардағы халықаралық сақтандыру нарығындағы қатаң бәсекеден кейін Америка Құрама Штаттарының үлесі өскені айқындалуда.

   Жетекші сақтандыру компанияларына "Стейт фарм мьючуэл отомобил  иншуранс компани" трансұлттық  компаниясы жатады. Бүл компания 1922 жылы Иллинойс штатында негізі  қаланып, көлікті, мүлікті, жазатайым  уақиғалардан, авиацияны сақтандырумен  және қайта сақтандырумен айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде.

   Басқа ірі компаниялар болып  1868 жылы Нью-Йоркте құрылып, өзара  келісім негізінде өмірді сақтандыратын  "Метрополитен Лайф иншуранс  К°" компаниясы, жетекші диверсификацияланған  компаниялардың бірі болып саналатын, "Коннектикут дженерэл корпорейшн" және "ИНА корпорейшн" деген  екі ескі қоғамның бірігуі  нәтижесінде 1982 жылы қүрылған "Сигма"  компаниясы табылады. Бул "Сигма"  компаниясы мүлікті және жауапкершілікті сақтандырады.

   "Америкэн Интернешл групп  (АИГ)" - жетекші халықаралық диверсификацияланған  сақтандыру топтарының және Америка  Құрама Штаттарындағы саудалық  және өндірістік тәуекелдерді сақтандырушы ірі компаниялардың бірі. Кейіннен бұл компания холдингтік компанияға айналып, қазіргі кезде 130 елде 44 еншілес компаниясын басқарып отыр. Тек қызметкерлерінің саны 28 мыңнан астам адамды құрайды.

   Сондай-ақ, ірі сақтандыру компаниялары  болып:

    • 1853 жылы қүрылған "Континентал корпорейшн" компаниясы;
    • 1876 жылы құрылған "Пруденшл Иншуранс оф Америка" компаниясы;
    • 1913 жылы құрылған "Олстейт Иншуранс компани" компаниясы саналады.

Көріп отырғанымыздай, әрине бүл елдердің сактандыру нарығының даму деңгейі, олардың сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері біздің еліміздегі жағдайдан артық. Бірақ, жоғарыда көрсетілген еліміздің сақтандыру нарығының мэліметтерін ескере отырып, республикадғы сақтандыру компанияларының жагдайы бірер жылдан соң осындай елдердің компаниялары қатарына қосылады деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «Альянс полис» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН талдау

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру нарығының даму тенденциялары

 

Сақтық келісім  шарттарын жасауға және сақтық операцияларының  нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың  өзара іс-қимылы сақтық рыногында  жүргізіледі.

Сақтық рыногы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше  тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным  қалыптасады.

Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар  болып табылады: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар. [4,6,10]

Нарықтық  экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спктрін ұсынатын мемлекеттік  емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.

Елімізде  сақтандыруды дамытудың негізгі  мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс  істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

 

Кесте 1 – Сақтандыру саласының  негізгі көрсеткіштері

 

 

2011

2012

01.08.11

01.08.12

ЖІӨ, млрд теңге

10139

13315

12464

15046,7

Сақтандыру сыйақылардың ЖІӨ қатынасы, %-бен

0,79

0,95

0,82

0,61

Активтердің ЖІӨ қатынасы, %-бен

1,34

1,68

1,39

1,92

Адам басына шыққандағы сақтандыру сайақылары, теңге

8018

9489

5750

5885


 

Соңғы жылдары  сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2012 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі (іс жүзінде рыногының көлемі) 27,1 %-ға көбейтіп, 28,9 млрд. теңгені құрады. Міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйақыларының көлемі 136,4 %-ға (2,8 млрд. теңгеге) дейін өсті. Еріктік мүліктік сақтандыру бойынша ол 18,6 %-ға (23,3 млрр.теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 % -ға (4,2 млрд.теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 %-ға (1,3 млрд.теңгеге дейін) өсті.

Сақтық ұйымдарының  жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 %-ға (9 млрд.теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтерді 66,7 %-ға (4,5 млрд.теңгеге  дейін) өсті. Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2012 жылы Қазақстанда 65,6 %-ға көбейіп, 0,7 млрд.теңгені құрады.

Қазіргі кезде  Қазақстанда 44 сақтық ұйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6 – шетелдіктердің қатысуымен және екеуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құүралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша, лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлерінің, 30 актуарийлердің, 37 аудиторлық ұйымдарының  және 67 аудитордың сақтық қызметінің аудитін  жүзеге асыруға лицензиялары бар.

Информация о работе Сактандыру нарыгынын дамуы