Сактандыру нарыгынын дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 11:41, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты қатаң бәсеке жағдайындағы қаржы ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдарын теориялық және әдістемелік негізде ұсыну болып табылады.
Көздеген мақсатқа жету үшін бір-бірімен өзара байланысты келесідей міндеттер қойылады:
● қаржы ұйымының тиімді қызмет етуінің экономикалық мәні мен маңызын зерттеу;
● экономикалық категория ретінде оның теориялық аспектілерін талдау және негізгі параметрлерін анықтау;
● Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын бағалау;
● сақтандыру компанияларының қызмет ету тиімділігіне салыстырмалы зерттеу жүргізу;
● келешекте экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының тиімді дамуының балама нұсқаларын жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Сақтандыру нарығының теориялық негіздері
1.2 Сақтандыру ұйымының экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктері
1.3 Сақтандыру компаниясының экономикалық тиімділікті құраушы факторы ретінде бәсекеге қабілеттілігі
1.4 Сақтандырудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда пайдалану жолдары
2 «АЛЬЯНС ПОЛИС» САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму тенденциялары
2.2 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамына жалпы сипаттама
2.3 «Альянс полис» сақтандыру компаниясы АҚ қызмет тиімділігін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды ұйымдастыру тиімділігін оңтайландыру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Работа содержит 1 файл

Диплом.docx

— 566.42 Кб (Скачать)

Сақтанушының  немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан  және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың  салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан  немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша  шығыстарын тіркелген сомада не ішінара  немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру  бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған  шығыстарын ішінара немесе толық  өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты  сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

  Жүктерді  сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға,  оған билік етуге байланысты  адамдардың мүліктік мүдделеріне  оның зақымдануы немесе жойылуы,  соның ішінде жүктердің тасымалдану  өніміне қарамастан жоғалып кетуі  салдарынан келтірілген зиянды  ішінара немесе толық өтемі  мөлшерінде сақтық төлемдердің  жүзеге асыру көзделетін сақтандыру  түрлерінің жиынтығы болшып табылады.

Мүліктік  сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір  жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы  салдарынан келтірілген зиянды ішінара  немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып  табылады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына  туындайтын міндеттемелер бойынша  жауапты болу (келтірілген зияндар  үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

 

1.3 Сақтандыру компаниясының экономикалық тиімділікті құраушы факторы ретінде бәсекеге қабілеттілігі

 

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі бойынша мыналар  сақтандырудың нысандары болып  табылады:

  • Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
  • Сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік;
  • Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндетті  сақтандыру – заңнамалық актілер  талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың  әрбір түрлі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша қосымша  талаптар сақтандырудың осы сыныбын  реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі  – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын  жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру  үшін сақтандыру салаларына сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі «өмірді сақтандыру»  саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. 

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында  мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым  жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді  сақтандыру; көлік құралдары иелерінің  және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша  азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары  иелерінің және тасымалдаушының  азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).

Сақтандыру  түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың  бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі  болып табылады.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс  дүлей апат пен басқа төтенше  немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде  бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның  орнын ынтымақтастық негізде  сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.

Мүліктік  және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде  мүлігінің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының  немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан  және аурудан сақтандыру сақтандырылуының жазатайым жағдайдың немесе аурудың  салдарынан қайтыс болған еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан  немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша  шығыстарын тіркелген сомада не ішінара  немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған  шығыстарын ішінара немесе толық  өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты  сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді  сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің  тасымалдану өніміне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген  зиянды ішінара немесе толық өтемі  мөлшерінде сақтық төлемдердің жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болшып табылады.

Мүліктік  сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір  жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы  салдарынан келтірілген зиянды ішінара  немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып  табылады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына  туындайтын міндеттемелер бойынша  жауапты болу (келтірілген зияндар  үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

Зиян келтіргендігі  үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

Зиян келтіргендігі  үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы  мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін  сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.

Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы  оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан  жауапты болуға тиіс тарап болып  табылатын және бұл жағдайда пайда  алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің  сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының  өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соынң ішінде күтілген кірісті ала  алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның  пайдасына ғана сақтандыпылуы мүмкін.

Сақтанушы болып  табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік  тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына  жасалған шарт жарамсыз болады.

2005 жылдың  басынан бастап «Сақтық төлемақыларына  кепілдік беру қоры» өзінің  тікелей қызметін бастады. Қор  «Сақтық төлемақыларына кепілдік  беру қоры туралы» заңға сәйкес  жарғылық капиталында Ұлттық  банктің 100%-дық қатысу болатын  акционерлік қоғам нысанында  құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың  тек міндетті түрлеріне жүзеге  асыратын сақтық компаниялары  болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай  оншақты түрі бар (қабылданған  заңдарға сәйкес): әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және  тасымалдаушының жолаушылар алдындағы,  жекеше нотариустар мен аудиторлардың  азаматтық-құқықтық жауаптылығын  сақтандыру, турагенттер мен туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару  кезінде қызметкерлердің өмірі  мен денсаулығына зиян келтіргені  үшін жұмыс берушінің жауаптылығын  сақтандыру қызметі үшінші тұлғаға  (зауыттар, скважиналар, заправкалар  және т.с.с.) зиян келтіру қаупі  бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық  жауаптылығын, өсімдік шаруашылығында  сақтандыру, экологиялық және медициналық  сақтандыру.

Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды  және экспорттық кредиттерді төлемеу  тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық  инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандандырылған корпорацияны құру және оынң жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.

Экспорттық  кредиттер мен инвестицияларды  сақтандыру жөніндегі мемлекеттік  сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының  дамыту институттарының бірі болып  табылады, оның негізгі мақсаты – 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. Тенге  мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты – бұл сатып  алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, реттеуші тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды  сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді  және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды  жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға  экспорттық кредиттер мен инвестицияларды  сақтандырумен байланысты мәселелер  бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді  жоспарлайды.

Корпорация  жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: сатып  алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан  экспортшыға немесе инвесторға қатысты  дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне  айналдыру, тәркідеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.

Сақтық ұйымы  бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі  туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге  міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың  немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта  сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал  мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлуетін көбейту  мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы  уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші  халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта  сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.

Информация о работе Сактандыру нарыгынын дамуы